- •Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы фармацевттік өндірістің технологиясы кафедрасы дәрістер кешені
- •Шымкент 2016
- •1.1. Машиналар механикасы пәнінің мақсаты мен міндеттері.
- •1.2. Негізгі ұғымдары мен анықтамалары.
- •1.3. Машиналарды топтау
- •2.2. Кинематикалық жұптар және олардың классификациясы.
- •2 .Жазық жұдырықшалы - рычакты механизм.
|
ҚРДСӘДМ «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» ШЖҚ РМК Фармацевттік өндірістің технологиясы кафедрасы |
044- 31/15 УМК(1) (2015-16) 81-беттің
|
«Жобалау негіздері және өндірісті жабдықтау» пәні бойынша Дәрістер кешені
|
||
|
|
|
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы фармацевттік өндірістің технологиясы кафедрасы дәрістер кешені
Пән: «Машиналар мен механизмдер теориясы»
Пән коды: ММТ
Мамандық: 5В074800 – Фармацевтикалық өндіріс технологиясы
Оқу сағатының көлемі (кредит): 90 сағат /(2 кредит)
Оқытылатын курс пен семестр: 2курс, 4семестр
Дәріс көлемі: 10 сағат
Кафедраның мәжілісінде талқыланған
_________2016 ж.(хаттама №___)
Каф.меңг. фарм.ғ.к., проф.м.а.
____________ Торланова Б.О
Шымкент 2016
ДӘРІС 1
Тақырыбы: Кіріспе.
Мақсаты: Мамандар машиналар механикасы мен энергетикасын толық меңгеру
Дәріс тезистері:
машиналар механикасы
агрегаттар
механизм кинематикасы
Жалпы негіздемелері
Кіріспе.
Елімізде қабылданған үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасына сай халық шаруашылығының барлық саласында жаңа технология мен техниканы жетік меңгерген кәсіби мамандарға деген сұраныс өсуде. Ал ол мамандар машиналар механикасы мен энергетикасын толық меңгерулері қажет-ақ, яғни техника саласында кең тараған механизмдер және олардың құрылымдық, кинематикалық, күштік мәселелері туралы, машина агрегаттары мен олардың жұмыс істеу барысында туындайтын динамикалық процестерді білулері керек. Сондықтан болар «Машиналар механикасы» пәні жоғарғы оқу орындарында 5В090100 – «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру» мамандығы бойынша бакалавр дайындауда міндетті пән болып саналып, оқу жоспарына базалық пән ретінде енуі.
Машиналар механикасы машиналарда үнемі жүріп жататын процесстермен шұғылданатын ғылыми қолданбалы пән болып табылады. Оның негізін қалайтын құрылымдық, кинематикалық және динамикалық анализ бен синтез машиналар мен механизмдерді пайдалану барысында, әсіресе құрастыру кезінде қолданылады.
1.1. Машиналар механикасы пәнінің мақсаты мен міндеттері.
Машиналар механикасын оқып игеру машиналар немесе машина агрегаттары, ең соңында автоматты әрекет ететін механикалық жүйелер де механизмдер жиынтығынан тұратын болғандықтан, жекелеген механизмдердің сипаттамалары мен олардың түрлерін оқып игеруден, яғни механизмдер теориясынан басталады.
Механизмдер теориясында әртүрлі машиналарда, приборларда және құрылымдарда қолданылатын жекелеген типтік механизмдердің құрылу принциптері, кинематикасы, динамикасы оқып игерілсе, машиналар теориясында машиналар механизмдері мен тораптарының өзара байланысқан жиынтықтары қарастырылады. Ары қарата машиналар механикасында машиналар мен механизмдердің қозғалысын автоматты басқару және реттеу қарастырылады. Курс соңында механикалық және технологиялық мамандықтарының студенттеріне қажетті деңгейде машина-автоматтар және робот техника теориясы негіздері баяндалады.
Қорыта келгенде, машиналар механикасы курсы үшке бөлінеді екен:
1. Механиздмдердің құрылымдық және кинематикалық анализі мен синтезі.
2. Машиналар динамикасы және олардың күштік параметрлері.
3. Машина-автоматтар мен робот техника теориясы негіздері.
Машиналар механикасы пәнін оқытудағы мақсат – студенттердің алдағы уақытта арнайы мамандандырушы пәндерді оқып игеруге және өндіріске араласқанда инженер-механик және инженер-технолог қызметтерін атқаруға қажетті білім беру. Соңғы жаңа жүйемен оқытып, мамандар дайындауда білім беруге қойылып отырған талаптарға сай келесі міндеттер жүктеледі: жалпы инженерлік білім деңгейін көтере отырып, қолданыстағы механизмдер мен машиналар механикасы туралы түсініктерін молайту; әдебиеттер мен оқулықтарды пайдалана отырып, студенттердің техникалық мәселелерді шешу барысында механикалық әдістерді дұрыс таңдау және орынды қолдану; өз бетімен құрастыру және жобалау жұмыстарын орындауға бейімдеу.
Осы пәнді оқып-игеру үшін математика, физика, инженерлік және компьютерлік графика, теориялық механика пәндерінде оқып үйренгендерін қолданса, бұл пәнде алған мәліметтерін арнайы инженерлік және мамандандырушы пәндерде пайдаланылады.
