Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекция Физика 2.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5 Mб
Скачать

Магниттелу. Заттардағы магнит өрісі

Диэлектриктердің поляризациясының сандық сипатын беру үшін поляризациялану ендірілсе, ал магниттердің сандық сипатын беру үшін векторлық шама – магниттелу шамасы, яғни магнетиктің бірлік көлеміне келетін магнит моментімен сипатталатын шама ендіріледі.

Мұндағы – магнетиктің магнит моменті, жеке молекулалардың магниттік моменттерінің векторлық қосындысына тең. Өте күшті емес өрістерде магниттелу магниттеліну тудыратын өріс кернеулігіне пропорционал. Сондықтан, диэлектрлік қабылдағыштыққа ұқсас заттың магниттік қабылдағыштық χ ұғымын ендіруге болады:

,

χ – өлшемсіз шама.

Диамагнетиктер үшін χ теріс шама (молекулалық ток өрісі сыртқы өріске қарама-қарсы), ал парамагнетиктерде – оң шама (молекулалық ток өрісі сыртқы өріске бағыттас).

Диа- және парамагитиктер үшін магниттік қабылдағыштықтың абсалют шамасы өте аз 10-4-10-6 шамасындай.

Заттың магнит өрісі токтың вакуумдағы магниттелуінен туған сыртқы және заттың магниттелінуінен туған екі өрістің қосындысына тең:

,

м ұндағы .

Молекулалық ток тудыратын өрісті сипаттау үшін көлденең қимасының ауданы және ұзындығы l-ге тең, цилиндр осіне параллель, индукциясы біртекті сыртқы магнит өрісіне енгізілген дөңгелек цилиндр тәрізді магнетикті алайық. Егер цилиндрдің осіне перпендикуляр кез-келген қимасын қарастыратын болсақ, магнетик қимасының ішкі бөліктеріндегі көрші атомдардағы молекулалық токтар бір-біріне қарама-қарсы бағытталады да, өзара теңгеріледі. Тек қана цилиндрдің бет жағындағы молекулалық токтар өзара теңгерілмейді. Цилиндрдің бүйір бетіндегі ағатын тогының магнит индукциясын бір орамы бар соленоид үшін (N=1) есептесек (қарапайымдылық үшін =1):

Магнетик ішіндегі микротоктардың қосынды тогының магнит моменті , мұндағы - магнетиктің көлемі.

Магнетиктің магниттелінуінің анықтамасы бойынша , осыдан, . Өлшемсіз шама заттың магниттік өтімділігі деп аталады, осы шама қатынасы үшін бұрын қолданылған болатын.

Диамагнетиктер үшін , парамагнетиктер үшін .

Ферромагнетиктер. Магниттік гистерезис. Кюри температурасы. Екі ортаның шекарасындағы шекаралық шарттар. Заттағы магнит өрісі үшін толық ток заңы.

Заттағы магнит өрісі үшін толық ток заңы

Бұл заң вакуумдағы магнит өрісі үшін толық ток заңының жалпыланған түрі болып табылады.

Кез келген тұйық контур бойынша магнит индукциясы векторының циркуляциясы осы контурды қамтитын токтар мен молекулалық токтардың алгебралық қосындысын магнит тұрақтысына көбейткенге тең.

мұндағы, және – сәйкес кезкелген тұйық контурды қамтитын макрортоктар (өткізгіштік токтар) және микротоктар (молекулалық токтар).

Кез-келген тұйық контур бойынша магниттелу векторының циркуляциясы молекулалық токтардың алгебралық қосындысына тең, векторының циркуляциясы осы контурды қамтитын өткізгіштік токтардың қосындысына тең:

,

Соңғы өрнек векторының циркуляциясы туралы теореманы береді.

контурды қамтитын беттен өтетін ток күші осы бет арқылы өтетін ток тығыздығының векторлық ағыны болып табылады, . векторының циркуляциясы туралы теорема мына күйге келеді.