Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
test_2017.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
207.33 Кб
Скачать

1,5 Жасар Лаурада гиперестезия, монотонды жылау, тремор, бұлшық еттік гипотония, тырысулар байқалады, Хвостек синдромы оң. Дұрыс диагноз қойыңыз://

анемия//

+спазмофилия//

эпилепсия//

мешел//

жүйке – артритикалық диатез

***

Балада тремор, тырысулар, гиперестезия, бұлшық еттік гипотония, Хвостек синдром оң. Осы науқастың биохимиялық қан талдамасында қандай өзгерістер болады?//

гипогликемия//

+гипокальциемия//

гипомагниемия//

гиперкальциемия//

гипергликемия

***

Данияр 7 айлық. Дәрігер қарауы кезінде 2 дәрежелі мешел анықталған. Ем мақсатында 3000 ХБ/тәул мөлшерінде витамин «Д», кальций глицерофосфаты, цитратты қоспа тағайындалған. Динамикада бала әлсіз, температура 37,4С жоғарылады, салмақ қосуын тоқтатты. Зерттеу кезінде Сулкович реакциясы ++++. Анасының тағайындалған витамин «Д» мөлшерін сақтамағаны белгілі болды. Болжам диагнозы қандай?//

+гипервитаминоз «Д»//

спазмофилия//

дисбактериоз//

тағамдық улану//

ішектік инфекция

***

11 айлық балаға үйге шақырылу. Анасының айтуы бойынша, балада жиі мазасыздық ұстамалары кезінде болатын аяқ – қолдардың дірілдеуі байқалды. Қарау кезінде гиперестезия, монотонды жылау, тремор, бұлшық еттік гипотония байқалады, Хвостек, Труссо симптомдары оң. Болжам диагноз://

эпилепсия//

ми ісінуі//

ми ісігі//

+спазмофилия//

гипогликемия

***

11 айлық бала. Анасының айтуынша бала ұзақ уақыт бойы тырысуға қарсы ем, темір препараттарын қабылдаған. Соңғы уақытта жиі терлейді, мазасыз, ұйқысы нашар. Қараудан кейін дәрігер диагноз қойды: Мешел ІІ, жеделдеу ағымды, өшу кезеңі. Қай препаратты қолдану мешел дамуының қауіп факторы болып табылады?//

диазепам//

+фенобарбитал//

поливитаминдер//

кальций глюконаты//

темір препараттары

***

Сулкович сынамасын өткізген кезде балада әлсіз оң реакция анықталған. Нәтижені бағалаңыз://

+кальций деңгейі қалыпты, бала сау//

кальций деңгейі төмен, мешелдің қалдық белгілері//

мешел, өршу кезеңі//

мешел, реконвалесценция кезеңі//

гипервитаминоз Д

***

7 айлық бала, бір күн ішінде анасы 2 рет тырысу байқаған. Бала мешелге байланысты витамин Д қабылдайды. Көрсетілген симптомдардың қайсысы спазмофилияның дамуын растайды?//

+бұлшық еттік тонус пен сіңірлік рефлекстердің жоғарылауы//

бұлшық еттік тонустың бәсеңдеуі//

сіңірлік рефлекстердің бәсеңдеуі//

бұлшық еттік тонус пен сіңірлік рефлекстердің бәсеңдеуі//

баланың жасы

***

Бала гипокинетикалық типті өт жолдарының дискинезиясымен диспансерлік бақылауда тұр. Баланы денсаулық тобының қайсысына жатқызу керек?//

бірінші//

екінші А//

+екінші Б//

үшінші//

төртінші

***

Балада таралмалы, сыздайтын, локализациясы анық емес, қатты көкөністер жегенде, сүт ішкенде күшейетін іштегі ауырсыну сезімі. Ішектің әртүрлі бөлігіндегі құрылдау, ауырсыну мен спазмдар. Нәжісі шырышпен, полифекалия. Сіздің алдын-ала қойған диагнозыңыз://

+Гипертониялық түрі бойынша өт шығарушы жолдардың дискенезиясы//

Гипотониялық түрі бойынша өт шығарушы жолдардың дискенезиясы//

Созылмалы панкреотит//

Созылмалы энтероколит//

Созылмалы холицистит

***

Науқас Зәуре 12 жаста, соңғы жыл бойы таңертеңгі буын құрысуы, киінудің, төсектен тұрудың қиындауы байқалған. Қарау кезінде: қол саусақтарының фалангааралық буынының деформациясы, қозғалыс шектелуі. ЭТЖ 25-35 мм/сағ. Алдын-ала диагноз://

Ревматикалық қызба//

Рейтер синдромы//

Реактивті артрит//

+ЮРА//

Бруцеллез

***

Айғаным 4 айда. Анасы жалпы практика дәрігеріне аласының темперетурасының 39 градусқа көтеріліп, 3 күн бойы сақталып тұрғанына шағымданып келді. Қарау кезінде: тыныс алу жиілігі 70 рет / минутына, кеуде торы ішке тартылған, бала ұйқышыл, емшекті енжар сорады. Құсу мен тырысулар болмаған. Балалар жасындағы ауруларды ықпалды жүргізу бойынша баланың жағдайын қалай жіктейсіз?//

+Ауыр пневмония немесе өте ауыр ауру//

Пневмония//

Пневмония жоқ, жөтел немесе суық тию//

Пневмония жоқ, астмоидты тыныс//

Балалар жасындағы ауруларды ықпалды жүргізу бойынша жағдайды жіктеуге ақпарат жеткіліксіз

***

Данияр 7 ай, дене салмағы 8800 г., температурасы 38 градус. Динара анасы айтуынша балада 2 күн бойы жөтел, емшекті қуана сорады, құсу мен тырысулар болмаған. Қарау кезінде бала есі анық, қарауға айғаймен жауап береді, тыныс алу жиілігі 44 рет, кеуде торы ішке тартылмаған. Балалар жасындағы ауруларды ықпалды жүргізу бойынша баланың жағдайын қалай жіктейсіз?//

Ауыр пневмония немесе өте ауыр ауру//

Пневмония//

+Пневмония жоқ, жөтел немесе суық тию//

Пневмония жоқ, астмоидты тыныс//

Балалар жасындағы ауруларды ықпалды жүргізу бойынша жағдайды жіктеуге ақпарат жеткіліксіз

***

Бибигүл 2 жаста, атопиялық дерматит бойынша диспансерлік тіркеуде тұр. Қарау кезінде айқын экссудациясы мен орташа қышымасы бар көптеген зақымданған ошақтар анықталды. Өршу жиілігі жылына 3-4 рет, ремиссия ұзақтығы 2-3 ай. Осы баладағы клиникалық көрініс атопиялық дерматиттің қай ауырлық дәрежесіне сәйкес келеді?//

Жеңіл ағым//

+Орташа ауырлық дәрежесі//

Ауыр ағым//

Үзіліссіз – қайталанбалы//

Ауырлық дәрежесін анықтауға ақпарат жеткіліксіз

***

Ұл бала, Асхат, 2 айлық, жасанды тамақтандыруға стандартты бейімделген қоспаға көшірілген. Айқын бет гиперемиясы, қас үсті доғасында және бастың шашты бөлімінде гнейс, жиі құсулар байқалды. Алдын-ала диагноз://

Пилороспазм//

Пилоростеноз//

Тоқ ішек аномалиясы//

Есекжем //

+Атопиялық дерматит

***

Олжас 5 айлық. ЖДП дәрігермен қаралған. Мешелдің 2 дәрежесі анықталған. Емдік мақсатта «Д» витамині 3000 ХБ /тәулігіне мөлшерде, кальций глицеросульфаты, цитратты қоспа тағайындалған. Бала динамикасында бала енжар, дене температурасы 37,4 градусқа дейін көтерілген, салмақ қосылуы тоқтаған. Зерттеу кезінде Сулкович реакциясы ++++. Анасы «Д» витаминің дәрігер тағайындаған мөлшерде бермегені анықталды. Қандай алдын-ала диагноз анағұрлым ықтимал?//

+«Д» гипервитаминозы//

Спазмофилия//

Дисбактериоз//

Тағаммен улану//

Ішек инфекциясы

***

Учаскілік педиатор қабылдауында мамасымен 11 айлық қыз. Анасы айтуы бойынша балада жиі мазасыздану ұстамалары болады, ұстама кезінде аяқ-қолдың дірілдеуі байқалады. Қарау кезінде гиперестезия, монотонды жылау, тремор, бұлшықеттік гипотония, Хвостек, Труссо симптомдары оң болып анықталды. Алдын-ала диагноз қандай?//

Эпилепсия//

Ми ісінуі//

Ми қатерлі ісігі//

+ Спазмофилия//

Гипогликемия

***

Мешелмен ауыратын балаға Сулкович сынамасы жасалды, ол әлсіз оң нәтиже берді. Нәтижені бағалаңыздар.//

+ Кальций деңгейі қалыпты, бала дені сау//

Кальций деңгейі төмендеген, мешелің қалдықтық көрінісі//

Мешел, өршу кезеңі//

Мешел, реконвалесценция кезеңі//

Д гипервитаминозы

***

4 апталық сәбидің анасы емханаға баланың мазасыздығына шағымданып келді. Емізу арасы 3сағат, барлығы 8 рет тәулігіне емізеді. Әрбір емізуден кейін анасы емшектен 20-30 мл сүт сығып алады. Бала дүниеге келгендегі дене салмағы– 3400г, қарау кезіндегі салмағы- 4000г. Бақылау емізу кезінде нәресте 100 мл сүт емді. Бала анасының сүт жеткіліксіздігі гипогалактияның қай дәрежесіне сәйкес келеді?//

+сүт жеткіліксіздігі жоқ, емізу көлемі бала қажеттілігіне сәйкес//

I дәрежелі гипогалактия//

II дәрежелі гипогалактия//

III дәрежелі гипогалактия//

IV дәрежелі гипогалактия

***

Алина 27 күн, туған кезіндегі дене салмағы 3500, қазіргі салмағы 4000 г. Тамақтану тәртібі күніне 8 рет. Бақылау емізу кезінде 70 мл емді. Гипогалактияның дәрежесін көрсет://

сүт жеткіліксіздігі жоқ, емізу көлемі бала қажеттілігіне сәйкес//

I дәрежелі гипогалактия//

+II дәрежелі гипогалактия//

III дәрежелі гипогалактия//

IV дәрежелі гипогалактия

***

Айжас, бала, таралмалы, сыздайтын, локализациясы анық емес, қатты көкөністер жегенде, сүт ішкенде күшейетін іштегі ауырсыну сезіміне шағымданады. Ішектің әртүрлі бөлігіндегі құрылдау, ауырсыну мен спазмдар. Нәжісі шырышпен, полифекалия. Сіздің алдын-ала қойған диагнозыңыз://

+Гипертониялық түрі бойынша өт шығарушы жолдардың дискенезиясы//

Гипотониялық түрі бойынша өт шығарушы жолдардың дискенезиясы//

Созылмалы панкреотит//

Созылмалы энтероколит//

Созылмалы холицистит

***

Дәрігерге 5,5 жастағы бала мен анасы ісінуге шағымданып келді. Қарау кезінде АҚ 90/60мм.сын.бағ., саны мен бетінде ісіну, асцит. Несепте ақуыз 3,7 г/л, эритроциттер 5-6 к/а, лейкоциттер 2 к/а, дәнді гиалиндер 5-6 к/а, қанда жалпы ақуыз 50 г/л, холестерин 9 ммоль/л. Осы жағдайда қандай ауру туралы ойлау қажет?//

Пиелонефрит//

Несеп-тас ауруы//

Жіті гломерулонефрит нефриттік синдроммен//

+Жіті гломерулонефрит нефротикалық синдроммен//

Интерстициалды нефрит

***

Науқас, Евгений 6 жаста, дәрігерге баспамен ауырып болған соң 2 аптадан кейін шаршағыштыққа, тәбетінің нашарлауына, температураның 38,3 дейін көтерілуіне, көз астының ісінуіне, несеп шығарудың санының азаюына шағымданып келді. Бала жиі суық тигізіп ауырады, баспамен жылына 1-2 рет. Бала енжар, АҚ 125/80 мм.сын.бағ., асцит, бет, бел ісінуі, соңғы 6 сағат бойы дәретке барған жоқ. Несеп анализінде: ақуыз-16,5, лейкоциттер -3-5, эритроциттер-1-2, цилиндрлі гиалиндер-0-2. Алдын-ала диагноз қандай?//

Пиелонефрит//

+Гломерулонефрит//

Несеп шығару жолдарының инфекциясы//

Тұқымқуалаушы нефрит//

Нефротикалық синдром

***

Ұл бала ІІІ жүктілік, ІІ босанудан, кесерев кесуі арқылы 38 апта гестациялық мерзімінде туды. Туған кездегі жағдайы қанағаттанарлық, кеудеге босану залында салынды, анасымен бірге болды. Перзентханадан үйге 2 күні шығарылды. Сол күні кешке бала температурасы 38 градусқа дейін көтерілді, мазасыздана бастады. Емшектен бас тартпайды, белсенді емеді, тері беткейі қызғылт, диурез сақталған, нәжісі шығады. Сіздің алдын- ала диагнозыңыз://

Жатыр ішілік инфекция//

+Нәрестенің транзиторлы гипертермиясы//

Гиперпиретикалық реакция//

Бозғылт қызба//

Туа біткен пневмония

***

Нәрестеде 5 күн бойы тері беткейінің сарғаюы байқалады. 2 тәулік соңында сарғайды (Крамбер бойынша 3 зона боялуы). Көңіл-күйі зардап шекпеген, белсенді емеді, сіңіреді. Жалпы билирубин деңгейі 162 мкмоль/л. Клиникалық дені сау. Физиологиялық шығарымдары қалыпты. Сіздің алдын-ала диагнозыңыз://

Дені сау//

Нәрестенің гемолитикалық сарғаюы//

Нәрестенің механикалық (обтурациялық) сарғаюы//

Нәресренің паринхималық сарғаюы//

+Нәрестенің транзиторлы (гипербилирубинемия) сарғаюы

***

Салмағы аз болып туған нәрестеде туылғаннан кейін екі сағаттан соң белсенді емес ему байқалады. Емізу мәселесі ең алдымен негізделген://

+Сору және жұту рефлекстерінің толық дамымауымен//

Анасында піскен сүттің болмауымен//

Баланы тез зондты тамақтандыруға көшуімен//

Глюкозаны парентералды енгізумен//

Ішектің толық жетілмеуі және аномалиясымен

***

Жаңа туған нәрестеде бірінші апта соңында иық үстінде іші іріңді- серозды сұйықтыққа толы, солғын, көлемі 1 см болатын көпіршік пайда болды. Бала мазасыз, емшектен бас тартады, көп емес құсады. Дене температурасы қалыпты. Сіздің алдын-ала диагнозыңыз://

+Нәрестенің күлдіреуігі//

Дұрыс емес күтім фонындағы баздану//

Нәрестенің некрозданушы флегмонасы//

Риттер дерматиті//

Терінің тілмелік қабынуы

***

Көбінесе табиғи қатпарларда орналасқан, айналасындағы тері қызарған, негізі инфильтратталмаған көптеген іріңдіктер. Нәрестедегі осындай көрініс осыған тән://

Пемфигус//

+Везикуло-постулез//

Риттер дерматиті//

Нәресте флегмонасы//

Папуло-эрозивті стрептодермия

***

Жаңа туған нәрестені басын қарау кезінде төбе бөлігінде көлемі 3x3см болатын домбыққандық анықталды, жеңіл флюкутацияланады, бассүйек сүйектерімен шектелген. Сіздің алдан ала диагнозыңыз://

Босану ісігі//

Милық жарық//

+Кефалогематома//

Бастын шашты бөлігінің флегмонасы//

Подапоневротикалық қай құйылу

***

Нәрестенің өмірінің екінші күнінде несеп анализінде ақуыз 0,004г/л, лейкоциттер 8-9 к/а, эритроциттер 2-3 к/а, эпителиалды клеткалар 12 дейін к/а, шырыш + анықталды. Көңіл-күйі зардап шекпеді. Сіздің алдын-ала диагнозыңыз://

+Транзиторлы несеп-қышқыл инфаркт//

Жіті пиелонефрит//

Созылмалы пиелонефрит//

Гломерулонефрит//

Жіті бүйрек жеткіліксіздігі

***

Қыз нәрестеде туғаннан кейінгі 3 тәуліктегі қарау кезінде сүт безінің қатаюы, метроррагия, милия анықталды. Осы симптомдар ненің көрінісі болып келеді?//

Адреногениталды синдром//

Гипофизарлы жеткіліксіздік//

+Жыныстық криз//

Жыныс жүйесінің даму аномалиясы//

Нәрестенің қалыпты статусы

***

Нәресте үш апталық, туғанынан емшекпен емізуде. Қарау кезінде анасы баланың несеп шығарудың азаюына ( 4рет тәулігіне), несеп түсі қанық сары, қатты иіспен. 3апта ішінде салмақ қосуы 250 граммды құрады. Қандай жағдай туралы бірінші ойлау қажет://

+Анасындағы сүттің жеткіліксіз мөлшері//

Транзиторлы несеп-қышқыл инфаркт//

Несеп шығарушы жолдар инфекциясы//

Нормотрофия//

Олигоуриялық синдром

***

Баланы анасына жақын ұстау, «терінің теріге» контакты, сұрауы бойынша тамақтандыру, тамақтандыру кезінде емізіктерді, бөтелкелерді қолданудан аулақ болу ненің негізгі принциптеріне жатады://

Нәрестелерді кәдімгі күту//

+Гипогалактия кезіндегі емшекпен емізуді жаңғырту//

Ананың серозды маститін емдеу//

Ананың іріңді маститін емдеу//

Ананың лактостазын емдеу

***

Жаңа туған нәрестенің екінші потранажы кезінде дәрігер баланың сан қатпарлар аралығында терінің өзара бірігетін эрозиялармен суланған қызаруын байқайды. Көңіл-күйі зардап шекпейді. Емшекті белсенді сорады, кезенді мазасыз. Бала үнемі памперста, кезенді гигиеналық ванна қабылдайды. Сіздің алдын-ала диагнозыңыз://

Адипонекроз//

Тербөртпе//

+Баздану//

Пемфигус//

Везикулез

***

Стафилодермия кезінде жергілікті терапия ең алдымен осы ауру кезінде қолданылады://

+Везикулопостулез//

Фигнер псевдофурункулезі//

Некротикалық флегмона//

Күйген терінің стафилококты синдромы//

Нәресте маститі

***

Нәрестені қарау және күту кезіндегі ауырсыну синдромы, фиксацияланған қисық мойын, мойын шүйде бұлшықеттерінің кернеуленуі, мойын жұмсақ тіндерінің тығыздалуы мен қанталауы, зақымдалған аймақтағы тері құрғақтығы. Осы барлық симптомдары келесіге тән://

Перинаталды энцефалопатия//

Миға қан құйылу//

+Босану жарақаты//

Менингит //

Энцефалит

***

Нәрестені өмірінің 4 күнінде қарау кезінде дәрігер Моро рефлексі жоқтығын, нәресте шынтаққа дейін тартады, тірек және қадамдау рефлексін жаңғырта алмайды, арқа рефлестері ауырсынумен және төмендегенін байқады. Анасы нашар емуіне және несепті аз бөлуіне шағымданады. Сіздің алдын-ала диагнозыңыз://

Перинаталды энцефалопатия//

Церебралды ишемия//

+Босану травмасы//

Жаңы ғана туған нәресте симптомы//

Миға қан құйылу

***

Қыз бала 15 жаста. Құрғақ жөтелге, дене температурасының 37,5 болуына шағымданады. Ауырғанына үш күн. Қарау кезінде өкпеде везикулярлы тыныс, тыныс шығару ұзарған, құрғақ сырыл. Сіздің алдын-ала диагнозыңыз://

Бронхиалды астма//

Созылмалы бронхит//

+Жіті бронхит//

Құрғақ плеврит//

Пневмония

***

Дәрігер салмағы төмен нәрестені үйде қарау кезінде тері беткейінің айқын мәрмәрлығына көңіл аударды. Осындай реакция немен байланысты болуы мүмкін?//

+Нәрестені қарау кезінде бөлменің температура режимінің бұзылысы//

Науқас ауырлығын дұрыс бағаламағаннан//

Нәрестеде орталық термореттеу бұзылысы//

Қантамырлар даму ақауы бар болуымен//

Ваготонияға тұқымқуалаушылық бейімділік

***

Бала ювенилді ревматоидты артрит бойынша иммуносупрессивті терапия қабылдады. Терапия аяқталғаннан соң қанша уақыттан кейін тірі вакцинамен егу жүргізуге болады?//

Терапияны аяқтағаннан кейін бірден//

+Қабылдаған терапиядан 6 ай кейін//

Қабылдаған терапиядан 3 ай кейін//

Иммуносупрессивті терапияны қабылдауға көрсеткіш болған ауруы бойынша диспансерлік тіркеуден шыққаннан кейін//

Терапия аяқталған соң 1 жылдан кейін

***

Науқас, 9 жас, Маратта оң қабырға астындағы сыздайтын, қатты эмоция кезінде, емдәм тәртібін ұстамағанда күшейетін ауырсыну. Диспепсиялық көріністер. Спазмолитиктерді қабылдағанда жағдайы жақсармайды. Сіздің диагнозыңыз://

Гипертониялық түрі бойынша өт шығарушы жолдардың дискенезиясы//

+Гипотониялық түрі бойынша өт шығарушы жолдардың дискенезиясы//

Созылмалы панкреотит//

Созылмалы энтероколит//

Созылмалы холицистит

***

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]