Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Учебная практика Бадарламалау_каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
219.14 Кб
Скачать

Әзір және Дейін цикл операторлары

WHILE <шарт> DO <циклдің денесі>

ӘЗІРШЕ <шарт> ОРЫНДАУ <циклдің денесі>

WHILE, DO –түйінді сөздер.

Цикл денесін әрбір қайталау алдында <шарт> тексеріледі. Егер <шарт> TRUE (шындық) болған жағдайда <цикл денесі> орындалады және цикл қайталанады. Егер <шарт> алғаш тексерілгенде FALSE (жалған) болса, онда <цикл денесі> біррет те орындалмастан программа цикл соңына шығады.

REPEAT

<циклдің денесі>

UNTIL <шарт>;

ҚАЙТАЛАУ <циклдің денесі> ДЕЙІН <шарт>

<циклдің денесі> ең болмағанда бір рет орындалып, одан кейін <шарт> қойылады, егер мәні FALSE (жалған) болса, онда <цикл денесі> қайталанады, ал кері жағдайда цикл өз жұмысын тоқтатады.

Жұмысты орындау мысалы: Келесі алгоритмді іске асыратын программаны құру керек. Қосындыны есептеуді берілген  = 10-6 дәлдігімен есептеу программасын құрыңыз. Егер қосындының модулі дәлдіктен кіші болған жағдайда талап етілетін дәлдікке жеттік деп есептеңіз.

Келесі қосындыны есептеңіз:

Программа тексті:

PROGRAM PRSUM;

VAR X, S : REAL; K : INTEGER;

BEGIN

WRITELN(‘Ввод X и ’);

READ(X, );

S:=0; K:=1;

REPEAT

S:=S+(sqr(X)+1)/(sqr(sqr(K))+K*sqrt(abs(sqr(X)*X+1))+1);

K:=K+1;

UNTIL ABS(AK) < ;

WRITELN(‘S = ’, S:7:3)

END.

4 практикалық жұмысқа тапсырма

Алгоритмнің блок-схемасын құру керек және берілген n натурал саны мен х нақты саны үшін берілген есепке программа жазу керек. Есептеу үшін параметрлік цикл, әзір циклы және дейін циклы қолданылады.

Тапсырмалар варианттары:

1. 2.

3. 4.

5. 6.

7. 8.

9. 10. .

5 практикалық жұмыс

Бір өлшемді массив.

Жұмыстың мақсаты: Массив типіндегі мәліметтер құрылымын қолдана отырып программалауды үйрену.

Массив дегеніміз – бір типті шамалардың реттелген белгілі бір тобы.

Массив тұтасымен бір атпен аталады да, ал элементтерінің реті индекс арқылы көрсетіледі.

Жазылуы:

TYPE <типтің аты> ARRAY[<индекс типі1>, ...,<индекс типіN>]

OF<элементтің типі>

Индекстердің N өлшемі массивтің өлшемін білдіреді. Осыдан кейін массив айнымалылар бөлімінде сипатталады.

VAR A: ARRAY [1..N] OF REAL;

Бұл берілген практикалық жұмыста бір өлшемді массивтерді өңдеу есептері қарастырылады. Төменде массивтерді енгізу және шығару процедуралары көрсетілген.

FOR I:=1 TO N DO READ(A[I]);

Мұнда N – константа, массив элементтерінің санын білдіреді.

( N – программаның CONST тұрақтылар бөлімінде сипатталады).

Массивті келесі түрде шығарамыз:

FOR I:=1 TO N DO WRITE(A[I]);

Жұмысты орындау мысалы: А(10) массив элементтерін өсу реті бойынша реттеу программасын құрыңыз.

Программа тексті:

PROGRAM SORMASS;

CONST N=10;

VAR A: ARRAY[1..N] OF INTEGER;

I, L, C : INTEGER;

BEGIN

WRITELN(‘Массив элементтерін енгізіңіз’); { А массивін енгізу}

FOR I:=1 TO N DO READ(A[I]);

FOR I:=1 TO N-1 DO { А массивін реттеу }

FOR L:=I+1 TO N DO

IF A[I]>A[L] THEN

BEGIN

C:=A[I]; A[I]:=A[L]; A[L]:=C;

END;

FOR I:=1 TO N DO

WRITE(A[I]:3); { А массивін шығару}

END.

5 практикалық жұмысқа тапсырма

Бір өлшемді массивтерді өңдеуге арналған есептерді шешу үшін алгоритмнің блок-схемасын және программасын құру керек.

Төмендегі тапсырмаларды орындау барысында әртүрлі қайталау опреаторларын қолдану керек.

Тапсырма варианттары:

  1. А(10) бір өлшемді массиві берілген. Бірінші нөльдік элементтің алдындағы оң элементтердің қосындысы мен санын табу керек.

  2. А(10) бір өлшемді массиві берілген. Массивтің ең үлкен және ең кіші элементтерін және олардың реттік нөмірін табу керек.

  3. А(10) бір өлшемді массиві берілген. Массивтің тақ позициясында орналасқан элементтердің арасынан ең кішісін табу керек, сонымен бірге бірінші ең кіші элементтен кейінгі нөлдік емес элементтердің санын және көбейтіндісін табу керек.

  4. А(10) бір өлшемді массиві берілген. Массивтің ең кіші және ең үлкен элементтерінің арасында орналасқан оң элементтерінің қосындысын және санын табу керек.

  5. Егерде А(10) бір өлшемді массивінде В массивіне тең элемент болса, онда х айнымалысына реті бойынша осындай 1-ші элементтің алдындағы барлық оң жұп элементтерінің қосындысына тең мәнді меншіктеу керек, әйтпесе х-қа 0-ді меншіктеу керек.

  6. Егерде А(10) массивінде соңғы элементтің квадратына тең элемент бар болса, онда осы элементтең кейінгі барлық элементтерді квадраттау керек, егер жоқ болса онда массивті өзгеріссіз шығару керек.

  7. Егерде В(10) массивінің элементтері өспелі тізбек құратын болса, онда х айнымалысына 1-ді меншіктеу керек, кері жағдайда 0-ді меншіктеу керек.

  8. А(10) бір өлшемді массиві берілген. Массивтің ең үлкен элементін тауып, одан кейінгі элементтерді кему реті бойынша орналастыру керек.

  9. Берілген екі бір өлшемді массив бойынша алғашқысы 1-ші массивтің элементінен соңында 2-ші массивтің элементтерінен тұратын үшінші массивті құру керек.

  10. Берілген екі бір өлшемді массивтен максималді саннан тұратын үшінші массивті құру керек.

  11. В(20) және С(30) массив элементтерінен А(50) реттелген массивін құру керек. В(20) және С(30) массивтері алдын-ала реттелген.

  12. А(10) бір өлшемді массиві берілген. Массив элементтерін түсу реті бойынша реттеу.

  13. А(10) бір өлшемді массиві берілген. Жұп позицияда орналасқан теріс элементтер санын және тақ позицияда орналасқан оң элементтердің қосындысын табу керек.

  14. А(50) бір өлшемді массиві берілген. Массивтің әрбір 5-ші элементін 5-ші дәрежеге шығару керек.

  15. А(20) бір өлшемді массиві берілген. Массивтің ең кіші элементін табу керек, осы ең кіші элементке дейінгі орналасқан элементтерді түсу реті бойынша орналастыру керек.

  16. А(30) бір өлшемді массиві берілген. Егер массив элементтері арасында қандайда бір М санына тең болатын элемент бар болса, онда Х айнымалысына осы элементке дейін орналасқан ноль емес элементтердің көбейтіндісін меншіктеу керек, кері жағдайда Х айнымалысына 0-ді меншіктеу керек.

  17. А(20) бір өлшемді массиві берілген. Массивтің элементтерінің арасында бірінші ноль элементі кездескенге дейінгі элементтердің қосындысы мен оң элементтерінің санын табу керек.

  18. А(10) бір өлшемді массиві берілген. Массивтің элементтерінің арасында бірінші ноль элементі кездескеннен кейінгі элементтердің қосындысы мен тақ оң элементтердің санын табу керек.

  19. А(20) бір өлшемді массиві берілген. Массив элементтерінің арасында рет-ретімен орналасқан жұп оң элементтерінің ең үлкен санын табу керек.

6 практикалық жұмыс