Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Рзок курстык жумыс.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
94.94 Кб
Скачать

Алдын алуы

  • Жеке сақтану (жеке бас гигиенасы, презерватив және т.б.);

  • Баласына жұғу қауіптілігін азайту үшін жүктілік кезінде ауру ананы емдеу;

  • АИВ аурудың қаны жарақатталған терісі бар медицина қызметкеріне жұқса, онда алдын алу үшін ретровирмен емдеу керек.

  • Қарым-қатынаста өте жоғары қауіптілік болса, онда зидовудин+ламивудин+индинавирді қолданады. Алдын алу емі 4 апта бойы жүргізіледі. Емделгеннен кейін тексеріледі – 6 апта, 12 апта, 6 ай сайын жергілікті ауруханаларда немесе арнайы диагностикалық-лабораторияларда бақыланады.

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі №193-IV кодексі

19-тарау. Аитв инфекциясын жұқтырғандарға және житс-пен ауыратын  науқастарға медициналық-әлеуметтік көмек көрсету   112-бап. АИТВ инфекциясының және ЖИТС-тың профилактикасы, диагностикасы және оны емдеу мәселелеріндегі мемлекет кепілдіктері Мемлекет АИТВ инфекциясын жұқтырғандарға және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға: 1) тегін негізде ерікті түрде жасырын және (немесе) құпия медициналық зерттеп-қараудың қолжетімділігі мен сапасына, динамикалық байқауды қамтамасыз етуге, психологиялық-әлеуметтік, заңдық және медициналық консультациялар беруге; 2) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шегінде медициналық көмекке және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге; 3) әлеуметтік және құқықтық қорғауға; 4) ауруының сипатына байланысты қандай да бір кемсітушілік нысандарына жол бермеуіне; 5) АИТВ инфекциясының анадан ұрыққа берілу қаупін азайту жөніндегі профилактикалық іс-шараларды жүзеге асыруға кепілдік береді.   113-бап. АИТВ жұқтырған немесе ЖИТС-пен ауыратын адамдарды әлеуметтік қорғау 1. АИТВ жұқтырған немесе ЖИТС-пен ауыратын балалардың мектепте және басқа оқу орындарында оқуы қамтамасыз етіледі. 2. АИТВ жұқтырған немесе ЖИТС-пен ауыратын адамдарды жұмыстан шығаруға, жұмысқа, мектеп жасына дейінгі балалар мекемелеріне және оқу орындарына қабылдаудан бас тартуға, сондай-ақ олардың өзге де құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтіруге, сол сияқты олардың туыстары мен жақындарының тұрғын үй және өзге де құқықтарына нұқсан келтіруге жол берілмейді. 3. АИТВ жұқтыру немесе ЖИТС ауруы медицина қызметкерлерінің және тұрмыстық қызмет көрсету саласы қызметкерлерінің өз міндеттерін тиісінше орындамауы салдарынан болған адамдардың өз өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтетуге құқығы бар.   114-бап. АИТВ инфекциясының профилактикасы АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі іс-шаралар: 1) халықтың түрлі топтарына арналған нысаналы профилактикалық және білім беру бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру; 2) халықты бұқаралық ақпарат құралдары арқылы АИТВ инфекциясы бойынша эпидемия жағдайы туралы және профилактика шаралары туралы хабардар ету; 3) халықтың түрлі топтары үшін ақпараттық материалдар әзірлеу және тарату; 4) АИТВ инфекциясының жыныстық қатынас және қан арқылы жұғуынан қорғау жөніндегі бағдарламаларды іске асыру; 5) сенім, жасырын тестілеу, психологиялық, заңдық және медициналық консультациялар беру пункттерін құру; 6) тері қабаттары бүтіндігінің бұзылуына байланысты халыққа қызметтер көрсету кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолымен жүзеге асырылады.   115-бап. АИТВ-ға зерттеліп-қаралу 1. Қазақстан Республикасы азаматтарының және оралмандардың тегін негізде ерікті түрде жасырын және (немесе) құпия медициналық зерттеліп-қаралуға және АИТВ инфекциясы мәселелері бойынша консультациялар алуға құқығы бар. 2. АИТВ инфекциясының болуына міндетті құпия медициналық зерттеліп-қаралуға: 1) қанның, оның компоненттерінің, тіндердің және (немесе) ағзалардың (ағзалар бөліктерінің), жыныстық жасушалардың донорлары мен реципиенттері; 2) өздеріне қатысты денсаулық сақтау, прокуратура, тергеу және сот органдарының сұрау салуы негізінде АИТВ жұқтырғаны ықтимал деуге жеткілікті негіздер бар адамдар; 3) уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес клиникалық және эпидемиологиялық айғақтар бойынша адамдар жатады. 3. Қазақстан Республикасының аумағында тұрып жатқан шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар АИТВ-ның болуына зерттеліп-қаралудан жалтарған жағдайда Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге шығарып жіберіледі. Қазақстан Республикасының аумағында дипломатиялық артықшылықтар мен иммунитетті пайдаланатын шет мемлекеттердің дипломатиялық, өкілді және консулдық мекемелерінің қызметкерлері мен өзге де адамдары АИТВ-ның болуына зерттеліп-қаралудан тек өздерінің келісімдерімен ғана өтеді. Оларды зерттеп-қарау қажеттігі туралы ұсынысты уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігімен алдын ала келіседі. 4. Кәмелетке толмаған адамдар мен әрекетке қабілетсіз адамдарды куәландыру олардың заңды өкілдерінің келісімімен немесе олардың қалауы бойынша жүргізіледі. 5. Медициналық зерттеп-қарау кезінде АИТВ инфекциясын жұқтыру фактісін анықтаған денсаулық сақтау ұйымдары зерттеліп-қаралатын адамға алынған нәтиже туралы жазбаша түрде хабар беріп, өз денсаулығын және айналасындағылардың денсаулығын сақтауға бағытталған сақтық шараларын сақтау қажеттігі туралы ұғындырады, сондай-ақ емделуден жалтарғаны және басқа адамдарға жұқтырғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауаптылығы туралы ескертеді.

ЖИТС-пен ауырған не вирусын тасымалдаушы шет ел азаматтары Республика аумағынан шығарылып жіберіледі, ал еліміздің азаматтары емделуге, кешендік тексерістерден өтуге міндетті. Оларды қызметтен, жұмыстан, бизнестен, заңға қайшы келмейтін іс-әрекеттің қай түрінен болмасын шеттетуге болмайды. Тек медицина, фармацевтика, тұрмыстық қызмет көрсету саласы қызметкерлері (мысалы, шаштаразшы т. б.) жұмысын ауыстыруы қажет. Олар үшін ЖИТС-пен ауыру, вирус тасымалдаушы болу — кәсіби ауру болып табылады, сондықтан біраз жеңілдіктер жасау жайы қарастырылған. Мәселен, бір мерзімдік ақша төлеу тәрізді. Оның үстіне ЖИТС-пен сырқаттанушылармен, вирус тасымалдаушылармен тікелей жұмыс істейтін медицина және ғылыми қызметкерлер жұмыстының зияндылығы үшін қосымша, ақылы 24 күндік демалыс және негізгі жалақысының 60%-на дейін үстем ақы алуға құқылы

ЖИТС вирусын тасымалдаушылар қан (басқа да органдар мен тканьдер) беретін донор бола алмайды. Әдейі және біле тұра басқа азаматтарға ЖИТС вирусын жұқтырушы, клиникалық, лабораториялық тексерілуден қашқақтаушы, өз жұмысын салақ атқару нәтижесінде ЖИТС вирусымен сау адамдардың зарарлануына себепкер болушы, нақты кісінің ЖИТС-пен ауыратындығын не оның вирусын тасымалдаушы екендігін рұқсатсыз жариялаушы азаматтар мен мамандар заңға сәйкес жауапқа тартылады.

Қорыта айтқанда, әдепті өмір сүріп, отбасы бірлігі берік болса, арақ-шарап ішіп, наша тартудан, кездейсоқ жыныстық жақындасудан аулақ болса, әрбір адам өзін-өзі ЖИТС-тен қорғай алады.

Ретроспективтік талдау

Ретроспективтік талдау – эпидемияға қарсы шараларды алдағы жылға және болашаққа жоспарлау үшін керекті мәліметтерді алу мақсатында жүргізілетін диагностикалық (статистикалық және логикалық) тәсілдердің жиынтығы болып табылады. Ретроспективтік талдау жүргізу маңызды процесс.

Талдаудың мақсаты – эпидемияға қарсы шаралар келесі жылға және одан әрі қарай жоспарлау үшін барлық қажетті мәліметтерді алу.

Талдаудың міндеттері – инфекцияның әр нозологиялық түрі үшін «қауіп-қатер уақытын», «қауіп-қатер аймағын», «қауіп-қатер топтарын», «қауіп-қатер факторларын» анықтау; талданатын нозоформаның халыққа эпидемиологиялық, әлеуметтік, экономикалық маңызын анықтау; келер жылдарға эпидемиялық жағдайға болжау жасау.

Ретроспективтік талдаудың семиотикасы – бұл көп жылдық және жылдық динамикада эпидемия барысының кеңістіктегі (яғни әр түрлі аймақатрда аймақтарда және әр түрлі халық топтарында) көріністері.

Ретроспективті талдауды жүргізу кезеңдері мынадай:

1. Зерттеудің бағдарламасын құру. Бұл кезеңде зерттеудің бағдарламасын құрады. Зерттеу бірлігі анықталады, тіркеуге жататын қосымша белгілердің тізімі жасалады, алғашқы статистикалық құжаттың нұсқасы мен кестелер құрастырылады. Зерттеудің бағдарламасы әр түрлі жағдайларға тәуелді, оның ішінде маңыздылары:

• Қызмет ететін контингенттің өзгешелігі;

• Әр түрлі халық топтарындағы сырқаттанушылықты анықтайтын «қауіп-қатер факторларын» білудің бастапқы деңгейі;

• Қажетті ақпараттарды алудың мүмкіндігі.

Зерттеу бағдарламасы жасалғаннан кейін зерттеу жоспары құрылады. Жоспарды ұйымдастыру мәселелері қарастырылады, оларға мыналар жатады:

    • Зерттеу жүргізетін орынды және аймақты анықтау;

    • Жүргізу мерзімдерін анықтау;

    • Статистикалықө тәсілді және бақылау түрін анықтау;

    • Зерттеудің қандай күштер арқылы жүргізілетінін анықтау;

    • Зерттеудің кімнің әдістемелік және ұйымдастырушылық басқаруымен жүргізілетінін анықтау.

2. Ақпаратты жинау және алғашқы өңдеу. Бұл кезеңде талдау ақпараттық қамтамасыз етілуі керек. Оған жататындар:

    • Қызмет көрсетілетін халықтың сырқаттанушылығы туралы ақпаратты алу;

    • Демографиялық мәліметтер мен әр түрлі контингенттердің тұрмысы мен еңбегінің эпидемиялық маңызды жағдайлары жайында ақпаратты алу;

    • Алғашқы статистикалық өңдеу, яғни ақпараттың толық болуы мен дұрыстығын тексеру, алғашқы мәлімет және оны топтастыру.

3. Ақпараттарды сәйкес бағыттары бойынша зерттеу. Талдауды толық көлемде жүргізген кезде әр инфекция бойынша материалды тізбектеп өңдеу төрт бағытта жүргізіледі.:

    • Жиынтық халық сырқаттанушылығының көп жылдық динамикасын талдау;

    • Жиынтық адам сырқаттанушылығының жылдық динамикасын талдау;

    • Эпидемиологиялық белгілері бойынша бөлінген халық топтарын сырқаттанушылығын талдау.

    • Індетке қарсы шаралардың сапасын және тиімділігін талдау.

4. Эпидемиологиялық диагнозды қою. Бұл кезең жеке инфекциямен сырқаттанушылыққа ретроспективті талдау жүргізген кезде ақырғы кезең болып табылады. Бұл кезеңде барлық алынған мәліметтер соңғы рет біржолата сарапталады, ал эпидемиологтың диагноз қою жұмысының нәтижелері эпидемиологиялық диагноз түрінде дайындалады.

Сырқаттанушылықтың көп жылдық динамикасын талдау тәсілі:

1. Кестелер мен графиктер құру;

2. Көп жылдық даму бағытын бағалау;

3. Циклділігін бағалау;

4. Келер жылғы сырқаттанушылықты болжау;

5. Есеп беретін жылдағы сырқаттанушылық көрсеткішін бағалау.

2009-2016 жж аралығындағы Ақтөбе облысы бойынша АИТВ инфекциясына шалдыққан адамдардың аурушаңдық көрсеткіші

Жылдар

Халық саны ( N )

Аурудың абсолютті саны ( A )

100000 шаққандағы көрсеткіші (Іфакт)

2009

790800

92

11,634

2010

889100

98

11,022

2011

700300

98

13,994

2012

749011

90

12,016

2013

777102

87

11,195

2014

720277

89

12,356

2015

688808

89

12,921

2016

790810

74

9,357

  1. Іфакт =

Іфакт 2009 = 11,634

Іфакт 2010 = 11,022

Іфакт 2011 = 13,994

Іфакт 2012 = 12,016

Іфакт 2013 = 11,195

Іфакт 2014 = 12,356

Іфакт 2015 = 12,921

Іфакт 2016 = 9,357

Жылдар

Іфакт

х

Іфакт

Х2

Ітеорсред+В*х

Іфакттеор

2009

11,634

-7

-81,438

49

12,316

-0,682

2010

11,022

-5

-55,11

25

12,172

-1,15

2011

13,994

-3

-41,982

9

12,028

1,966

2012

12,016

-1

-12,016

1

11,884

0,132

2013

11,195

1

11,195

1

11,74

-0,545

2014

12,356

3

37,068

9

11,596

0,76

2015

12,921

5

64,605

25

11,452

1,469

2016

9,357

7

65,499

49

11,308

-1,951

n=8

∑Іфакт=94,495

∑ Іфакт *х = -12,176

∑Х2 = 168

∑∆+=4,327

∑∆-=4,328

  1. ∑ Ісред = ∑Iфакт / n = (11,634+11,022+13,994+12,016+11,195+12,356+12,921+9,357)/8=11,812

  1. В = ∑ Іфакт * х / ∑ Х2 = (11,634*(-7) + 11,022*(-5) + 13,994*(-3) + 12,016*(-1) + 11,195*1 +12,356*3 + 12,921*5 + 9,357*7) / ( (-7)2 + (-5)2 + (-3)2 + (-1)2 + 12 + 32 + 52 + 72) = -12,176 / 168 = - 0,072

  1. Ітеор = Ісред + В*Х = 10,834+(-0,072)*(-7) =

12,316

Ітеор = Ісред + В*Х = 11,812+(-0,072)*(-5) = 12,172

Ітеор = Ісред + В*Х = 11,812+(-0,072)*(-3) = 12,028

Ітеор = Ісред + В*Х = 11,812+(-0,072)*(-1) = 11,884

Ітеор = Ісред + В*Х = 11,812+(-0,072)*1 = 11,74Ітеор = Ісред + В*Х =11,812 +(-0,072)*3 = 11,596

Ітеор = Ісред + В*Х = 11,812+(-0,072)*5 = 11,452

Ітеор = Ісред + В*Х =11,812 +(-0,072)*7 = 11,308

  1. 2009ж = Іфакттеор = 11,634-12,316=-0,682

2010ж = Іфакттеор = 11,022-12,172=-1,15

2011ж = Іфакттеор = 13,994-12,028=1,966

2012ж = Іфакттеор = 12,015-11,884=0,132

2013ж = Іфакттеор = 11,195-11,74=-0,545

2014ж = Іфакттеор =12,356-11,596=0,76

2015ж = Іфакттеор = 12,920-11,452=1,469

2016ж = Іфакттеор =9,357-11,308=-1,951

  1. ∑∆+ = 1,966+0,132+0,76+1,469=4,327

∑∆- = (-0,682) + (-1,15) + (-0,545) + (-1,951) = -4,328

-орт = -4,328 / 4 = -1,082

+орт = 4,327 / 4 = 1,08175

  1. 2017ж Іболжам = Ісред + В*Х = 11,812+(-0,072)*9 = 11,164

Іmax/болж = 11,164+ 1,082 = 12,246

Іmin/болж = 11,164- 1,08175= 9.2535

  1. Торт/төмен = к*В / Ісред * 100%

Торт/төмен = 2*(-0,072) / 11,812 * 100% = 1,219%

  1. Ітөмен = Іn – І1

Ітөмен = 11,308-12,316=-1,008