Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
++Копия проф стандарт республиканский каз Айман Толеуовна.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
505.67 Кб
Скачать

47. Қолдағы тырнақтарды алу.

Мақсаты: қолдағы тырнақты алу.

Көрсеткіші: пациенттің жеке бас гигиенасын сақтау.

Жабдықтау: жылы суы бар ыдыс, сұйық сабын, резеңке қолғаптар, қолға арналған крем, қайшы, тырнақ алғыш, егеуіш, лоток, орамал, дезинфекциялық ерітіндісі бар ыдыс, қалдықтарға арналған контейнер.

Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Пациентке процедура барысы мен мақсатын түсіндіріңіз.

  2. Пациенттің алдына сұйық сабын құйылған жылы суды қойыңыз.

  3. Пациенттің қолын сұйық сабыны бар ыдысқа 5 минутқа салыңыз.

  4. Қолды гигиеналық деңгейде жуып, резеңке қолғапты киіңіз.

  5. Пациенттің қолын сабынмен жуыңыз.

  6. Пациенттің V саусағын судан алып сүртіңіз, тиянақтылықпен тырнақтың шетін 1-2мм (0,5см) теріден алып тастаңыз.

  7. Біртіндеп қалған саусақтарын судан шығарып орамалмен сүртіп, тиянақтылықпен тырнағын алып, суда 1 саусағы қалғанда екінші қолын суға салыңыз. Екінші қолға да осы процедураны жасаңыз.

  8. Тырнағын егеуішпен және тырнақ алғызпен өңдеу.

  9. Пациенттің қолына крем жағыңыз.

  10. Қолданылған заттарды дезерітіндісі бар ыдысқа салыңыз, орамалды жаймаларға арналған қапшыққа салыңыз, резеңке қолғапты қалдықтарға арналған контейнерге тастаңыз.

  11. Қолды жуып, құрғатыңыз.

48. Аяқтағы тырнақты алу.

Мақсаты: аяқтағы тырнақтарды алу.

Көрсеткіші: пациенттің жеке бас гигиенасын сақтау.

Жабдықтау: жылы суы бар ыдыс, сабын(сұйық), резеңке қолғаптар, аяққа арналған крем, қайшы, тырнақ алғыш, егеуіш, лоток, орамал, дезинфекциялык ерітіндісі бар ыдыс, қалдықтарға арналған контейнер.

Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Пациентке процедура барысы мен мақсатын түсіндіріңіз.

  2. Қолды гигиеналық деңгейде жуып, резеңке қолғапты киіңіз.

  3. Пациентті отырғызыңыз немесе жатқызыңыз.

  4. Пациенттің табанын 3-5 минутқа жылы суы бар ыдысқа жайғастырыңыз, оған аздап сұйық сабын қосыңыз.

  5. Пациенттің табанын кезекпен алыңыз. Оларды сүртіп, орамалға ораңыз, аяғындағы тырнағын тиянақтылықпен тырнақ алғыш немесе қайшымен алыңыз.

  6. Тырнағын егеуішпен немесе тырнақ алғышпен өңдеу.

  7. Пациенттің табанына крем жағыңыз.

  8. Қайшы, тырнақ алғышты,егеуішті дезерітіндісі бар ыдысқа салыңыз, орамалды жаймаларға арналған қапшыққа салыңыз, резеңке қолғапты қалдықтарға арналған контейнерге салыңыз.

  9. Қолды жуып, құрғатыңыз.

49. Пациентті қырындыру

Мақсаты: Пациенттің жеке бас гигиенасын сақтау.

Көрсеткіші: Пациенттің ауыр жағдайы.

Жабдықтау: Суы бар ыдыс, компреске арналған дәке, орамал, станок, қырынуға арналған жаққыш, қауіпсіз ұстара, крем, дезинфекциялық ерітіндісі бар ыдыс, қолғап, қалдыққа арналған контейнер.

Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Қолды гигиеналық деңгейде өңдеп, қолғап киіңіз.

  2. Пациентке Фаулер жағдайын жасаңыз.

  3. Үлкен дәкені ыстық суға салыңыз ( температурасы 40-450 ) сығыңыз және оны пациенттің бетіне 1 минут қойыңыз, сосын алып тастаңыз.

  4. Жаққыштың көмегімен пациенттің бетіне қырынуға арналған крем жағыңыз.

  5. Пациенттің бетін тартып тұрып қырындырыңыз, станоктың қозғалысына қарама – қарсы.

  6. Пациенттің бетін дымқыл дәкемен сүртіңіз, құрғақ дәкемен құрғатыңыз.

  7. Қырынуға арналған заттарды дезинфекциялық ерітіндіге салыңыз, қолғап, дәкелерді қалдыққа арналған контейнерге тастаңыз.

  8. Қолды жуып құрғатыңыз.