- •2. Тазарту және қазба жүргізу жұмыстары үшін машиналар кешені
- •3. Кенді көлік
- •4. Көтерме қондырғылар
- •5. Су төгетін қондырғылар
- •6. Желдетпе қондырғылар
- •7. Компрессорлы қондырғылар
- •8. Кен ошағын электр жабдықтау
- •9. Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы
- •10. Кен ошағының экономикалық көрсеткіштері
7. Компрессорлы қондырғылар
7.1 Компрессорлы шаруашылық. Компрессорлы қондырғылар 0,6 - 0,8 МПа қысымдағы сығылған ауа өңдеу үшін арналған. Сығылған ауада ұрғыш балғалар, перфораторлар, жүк тиейтін машиналар, қуаттандырғыштар, жүк арбалар, шығырлар және басқа да машиналар жұмыс істейді.
Компрессорлы қондырғыны таңдау үшін барлық іске қосылған жұмыс айналымындағы машиналар мен қондырғылардың ауа шығынын есептеу қажет. Телескопты перфоратордағы ауа шығыны:
ПТ 38 - 4,1 м3/мин, 4 дана үшін. ПТ 38 - 16,1 м3/мин;
ПТ 48 - 5,8 м3/мин, 4 дана үшін. ПТ 48 - 23,2 м3/мин.
Порционды қуаттандыру үшін ауа шығыны:
ЗП-2 0,02 м /с немесе 1,2 м3/мин, 2 дана үшін. ЗП-2 - 2,4 м3/мин.
8. Кен ошағын электр жабдықтау
Электр жабдықтау. Жобалаушы кен ошағын электр қуатымен қамтамасыз ету екі ЛЭП-75 кВ жүзеге асырылады. ГПП жеке-жеке жұмыс істейтін ТДН-10000/110 типтегі екі трансформатор қондырғысы қарастырылған. Кен ошағындағы электр қуатын тұтынушылар бірінші санатқа жатқызылады, сондықтан да автоматты резервті қосу (АРҚ) қарастырылған.
Электр қуатын тұтынушылар ұңғы айналасындағы аула ауданында орналасқан, осының негізінде шахта ұңғысы арқылы электр қуатын жеткізумен және осы ауданда НЛП орналасуымен деңгейжиектерді элект жабдықтаудың орталық сызбасын қабылдаймыз.
Аймақтық станцияларға элек қуаты ЛЭП-6 кв кабель желісі бойынша орталық станциядан беріледі.
Стандартты жарықтандырғыш тізбек 127 В болып қабылданған. Ұңғымадағы жарықтандырғыш тізбек – 36В кернеу.
9. Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы
9.1 Көлікті басқару және қауіпсіздік техникасы бойынша шаралар. Локомотивті көліктің жұмысын бақылау және басқару үшін диспетчерлік қызмет қарастырылады. Диспетчерлік қызметтің механикалық құралдары ретінде сигнал беру жабдығы, орталықтандыру және оқшаулау және автоматты жарықты сигнал беру жабдықтары болу қажет. Жай телефонды байланыстан басқа машинисттің диспетчермен жоғары жиілікті байланысы қарастырылады. Ұңғы айналасындағы аулада себетпен вагоншаларды түсіруде вагон аударғыш итергішпен теңдесу қажет және дистанционды басқару немесе НИГРИ автоматты кешенін қолданатын электровозды автоматты басқару болу керек.
Көлікті құрылғылар арасындағы саңылау 250 мм –ден кем болмау қажет, бекітпелер және басқа да құрылғылар арасындағы қашықтық 500мм-ден кем болмау қажет. Еңіс аймағы кезіндегі құрамның тежеу жолы жүк тасымалдауда 40м-ден, ал адамдарды тасымалдауда 20м-ден аспау қажет. Желідегі кернеуі 275В болатын жанасқан электровоздар үшін негізгі емес қазбаларды жанасқан сымды ілу биіктігі 1,8м-ден томен болмау қажет. Жанасқан сымды ілгіштің биіктігі рельс басынан 1,2м-ден төмен болмау қажет. Адамдарды отырғызу үшін орынның ені 1м-ден төмен болмау қажет.
10. Кен ошағының экономикалық көрсеткіштері
Негізгі экономикалық көрсеткіштерге амортизация, еңбек ақығ энергия және материалға деген шығынды жатқызады.
10.1кесте – Амортизация шығындары
Қондырғы атауы |
Мөлшері, дана |
Құны, |
Аморт. аударымының нормасы, % |
Аморт. аударымы, тенге |
|
|
|
1 дана үшін |
Барлығы |
|
|
Электровоз К14М |
7 |
1923840 |
13466880 |
18,6 |
2504839 |
Вагон ВГ-9А |
48 |
403200 |
19353600 |
32,1 |
6212505 |
Вагон ВГ-2,2 |
12 |
100800 |
1209600 |
32,1 |
388281 |
Арнайы тағ.вагон |
10 |
784000 |
7840000 |
32,1 |
251664 |
ВВ тасымалдау үшін вагон |
4 |
107800 |
431200 |
32,1 |
168415 |
Өртке қарсы поезд вагоны |
12 |
798000 |
798000 |
32,1 |
256158 |
Вагон аударғыш |
2 |
3268800 |
6537600 |
26,7 |
1745539 |
Ауырлық подстанция |
2 |
806400 |
1612800 |
9 |
1451520 |
СЦБ |
1 |
448000 |
448000 |
14,2 |
63616 |
Бағыттамалы аударылымдар |
72 |
72000 |
5184000 |
15 |
777600 |
ҚОРЫТЫНДЫ |
13790137 |
||||
Басқа қаондырғылар 10% |
1379013,7 2758027,4 |
||||
Барлығы |
17927178,1 |
||||
10.2 кесте – Еңбек ақы бойынша шығындар.
|
|
Жұмысшылар саны |
Мөлш. |
Тарифті |
Жыл. |
Догш. |
Барлығы, тенге |
|
Жұмысшылар мамандықтары |
Р |
|
Күніне сағат |
ставка |
фонд |
барлық түрлері |
|
|
|
|
күн |
см |
|
|
|
80% |
|
Электровоз машинисті |
5 |
15 |
17 |
4575 |
1802,8 |
8247810 |
6598248 |
14846058 |
Жол-сапарлы |
3 |
6 |
7 |
1830 |
1368 |
2503440 |
2002750 |
4506192 |
жұмысшы |
|
|
|
|
|
|
|
|
Электровозды жөндеу |
4 |
6 |
7 |
1830 |
1617,2 |
2959329 |
2367463 |
5326793 |
бойынша слесарь |
|
|
|
|
|
|
|
|
Вагоншаларды жөн. |
3 |
6 |
7 |
1830 |
1368 |
2002752 |
2503440 |
4506192 |
бойынша слесарь |
|
|
|
|
|
|
|
|
Желілерді жөндеу |
4 |
6 |
7 |
1830 |
1617,1 |
2367463 |
2959329 |
5326793 |
бойынша слесарь |
|
|
|
|
|
|
|
|
Жөндеу бойынша слесарь |
5 |
3 |
4 |
915 |
1802,8 |
1319708 |
1649635 |
2969343 |
Диспетчер |
6 |
3 |
4 |
915 |
2088,8 |
1529001 |
1911252 |
3440253 |
Қорытынды 40921624 |
||||||||
10.3 кесте –Электр қуаты құны.
Электр қабылдағыш атаулары |
Электр қабылдағыш саны |
Қуаттылығы, кВт |
Жылдық шығын, тенге |
Электровоздар |
6 |
92 |
444873 |
Вагон аударғыш қазғалтқышы |
2 |
54 |
206682 |
СЦБ |
1 |
5 |
32850 |
Желдеткіштер
Желдету қондырғысы шахта атмосферасын 20% кем емес оттегімен, 80% кем емес ылғалдылықпен, ауаның забойдағы қозғалу жылдамдығы 4м/с аспауын және ауаның шаңдылығы 10мг/м3 аспауын қамтамасыз етуі қажет.
Желдету қондырғылары тағайындалуы бойынша бөлінеді:
басты желдету – шахтаның немесе кеніштің барлық өндірулерін желдетуге арналған,
жергілікті желдету – тұйық забойларды желдетуге арналған,
көмекші желдету – шахталардың құрылысы уақытша қолданылады.
Басты желдету қондырғысы жер бетінде герметикалық жабылған оқпандардың аузында немесе ортадан желдету сұлбасында шахта ортасындағы ұңғыма аузында және диагональ сұлбада оның қанатында орналасады және шахта (кеніш) бойымен немесе оның қанатымен барлық ауаны өткізеді.
Желдету тәсілдері бойынша басты желдету қондырғылары 1) сору бойынша; 2) айдау бойынша; 3) құрамдастырылған сұлбалар бойынша жұмыс істейтін болып бөлінеді.
Сору (РК = РА > РН, мұндағы РК – соңғы қысым; РА – атмосфералық қысым, РН– бастапқы қысым;) бойынша желдету – жұмыс істеп тұрған желдеткіштің кіреберіс аузында ауа сиретіліп, соның арқасында ауа атмосфералық қысым арқылы шахта оқпанына кіреді, өндірулер арқылы өтіп желдеткішпен сыртқы атмосфераға шығарылады.
Сорғыш желдеткіштер, забойдан және тау-кен өндірулерінен зиянды қоспалары, шаң және газдары бар ауаны сорып, тау-кен өндірулерінде ауаны сиретеді. Газ немесе шаң бойынша қауіпті шахталарда сорғыш желдету қолдану қажет.
Айдау бойынша (РК > РА = РН) жұмыс істейтін желдеткіштер тау-кен өндірулерінде атмосфералық қысымнан артық қысым өндіреді. Айдау бойынша желдету тек газсыз шахталарда және бірінші категориялы газды терең емес шахталарда қолданылады.
Басты желдету қондырғыларына қойылатын талаптар.
ҚЕ сәйкес желдету қондырғылары өнімділігі бойынша 20% дан 45% дейін қоры болуы керек және ауа ағынын 10 минуттан кейін ғана кері қайтуын қамтамасыз етуі керек, сонымен қатар өнімділігі қалыптыдан 60% кем болмауы керек. Және де олар екі бір типтікөлшемді желдету агрегаттарынан тұруы керек, оның біреуі – резерв. Және де басты желдету қондырғылары реверсивті құрылғымен жабдықталуы керек, егер өрт шыққан жағдайда өндірулерге келіп тұрған ауа ағымының бағытын өзгертіп жібере алу үшін.
Жұмыс және резерв желдеткіштер шахта оқпанымен желдету каналдары жүйесі (беруші, сорғыш, айдағыш, бұрушы, диффузор шығаберіс бөлігімен) арқылы жалғанады. Бұл каналдар желдету агрегаты орналасатын ғимаратпен бірге сытынан бетон құйылып салынады.
Басты желдету желдеткіш қондырғысының құрамына: электрқозғалқышы және басқару, автоматтандыру және бақылау аппаратураларынан тұратын екі желдеткіш агрегаты; ауа ағынын қосуға және кері қайтаруға арналған қосымша жабдық; әр желдеткіштің тура және кері жұмысын қамтамасыз ететін желдету каналдарының жүйесі; дыбысты ақырындатқыш кіреді.
Қосымша жабдықтың құрамына: желдеткіш каналдарды жабатын лядтар; лядтарды ашатын және жабатын механизмдер; лядтарды нығыздайтын құрылғылар; каналдарға жол ашатын люктар кіреді.
Лядтар есігінің түріне қарай құлайтын типті немесе өздігінен жүретін тік болып орындалады. Жетегі ретінде арқандар жүйесімен (құлайтын лядтар) лебедкалар қолданылады, шынжырлы жетек бұрамдық редуктормен және бұрамалық жетек моторлы редуктормен өздігіненен жүретін тік лядтар үшін.
Желдеткіш қондырғысының құрастырылуы желдеткіш түрімен және оның құрылымдық ерекшеліктерімен: яғни осьтік немесе ортадантепкіш, бір немесе екіжақты сорумен, кері қайтымды немесе жоқ анықталады.
Басты осьтік желдеткіштер терең емес, ортақ шахталық депрессиясы 4000Па аспайтын шахталар мен кеніштерді желдетуге арналған.
Осьтік желдеткіш (сурет 2) қалақшалары 2 бар төлке түріндегі жұмыс дөңгелегінен 1, біліктен 3, коллекторлы 5 корпустан 4, алдыңғы ағымпаздан (коктан) 6, түзетүші аппараттан 7, шеңбер диффузордан 8 және мойынтіректерден тұрады.
Сурет 2 – Осьтік желдеткіштің принципиалды сұлбасы
Басты желдетудің ортадантепкіш желдеткіштерінің құрылымдық ерекшеліктері оның сору жақтарының санымен және жұмыс дөңгелегінің мойынтіректі тіректеріне қатысты орналасуымен (орналасуы консольді – кіші типтікөлшемді біржақты сору желдеткіштерінде және орталық – үлкен типтікөлшемді бір- және екіжақты сору желдеткіштерінде болуы мүмкін) белгіленген.
О
ртантепкіш
желдеткіш (сурет 3) білікте 3 бекітілген
қалақшалы 2 жұмыс дөңгелегінен 1, жеткізуші
құрылғыдан (подводящего устройства) 4,
спиральды улитка тәрізді бұрып жіберуші
құрылғыдан (отводящего устройства) 5
және диффузордан 6 тұрады.
Сурет 3 – Ортадантепкіш желдеткіштің принципиалды сұлбасы
Басты желдеткіш ВМ-20 бір жақты сорғыш желдеткіші қолданылады. ВМ тектес желдеткіштер шаң тозаң бәр түрлі газды қоспаларды сору үшін арналған қондырғы. ВМ желдеткішінің сипаттамасы: Желдеткіш қалақшалар саны 10-16 болады. Күрекшелері артқа қайырылған болып келеді. Айналу бағыты оңға және солға.
Техникалық сипаттамасы
Тип |
Қозғалтқыш түрі |
Қуаты, к/Вт |
Айналу жиілігі, Айн/мин |
Кернеу, В |
ВМ-15 |
5А315S4 |
160 |
1500 |
380/660 |
ВМ-17 |
АИР355М4 |
315 |
1500 |
380/660 |
ВМ-18 |
ДАЗО-400У-4 |
400-500 |
1500 |
6000 |
ВМ-20 |
ДАЗО4-560Х4Д |
500-1000 |
1500 |
10000 |
Техникалық сипаттамасы |
ВМ-20 |
Жұмыс дөңгелегінің диаметрі |
2000 |
Айналу жиілігі, айн/мин |
1500 |
Өнімділігі,
|
150 |
Қуаты, кВт |
653 |
Номинальды айналу жиілігі, айн/мин |
1480 |
ПӘК Номинальды толық қысымы, Па |
82% 1375 |
Ұзындығы, мм |
2598 |
Ені, мм |
3374 |
Биіктігі, мм |
2837 |
Электрқозғалтқышсыз массасы, т |
4,17 |
Қатты шаң тозаңды горизонттарды тазалау үшін жеке желдеткіштер қойылады. Олар GAL 3-15/15 тен GAL 14-1100/1100 қолданылады.
Конструкциясы екі қарама-қарсы бағытта айналатын жұмыс дөңгелегі, күрекшелер, болат қаңқа, тірек аяқтары болады. Жұмыс дөңгелектері силуминнен жасалған болып келеді.
Қолдану аймағы: горизонттар мен тоннельдерді газды ауалардан тазалау үшін.
Вентилятор мельнечный суреті
GAL 14-1100/1100
Тип |
|
Қысым,ПА |
GAL 3 – 15 / 15 |
1.0 – 1.4 |
1150 – 250 |
GAL 4 – 30 / 30 |
1.0 – 1.4 |
2250 – 300 |
GAL 5 – 55 / 55 |
2.0 – 3.1 |
3200 – 150 |
GAL 6 – 150 / 150 |
3.5 – 5.5 |
4300 – 200 |
GAL 7 – 300 / 300 |
5.5 – 9.0 |
5400 – 350 |
GAL 9 – 550 / 550 |
7.0 – 18.5 |
4700 – 500 |
GAL 14 – 1100 / 1100 |
30.0 – 50.0 |
5500 – 700 |
Жұмыс жүріп жатқан жерлерді желдетуге арналған желдеткіш ВМЭ-8.
Ауа
тығыздығы 1,3 кг/
,
температура -20 мен +35 С болғанда, шаң
тозаң тығыздығы 50мм/
,
ылғалдылық 95% болған кезде қолдынылады.
ВМЭ-8
Техникалық сипаттамасы |
ВМЭ-8 |
Жұмыс дөңгелегінің диаметрі |
708 |
Айналу жиілігі, айн/сек |
10 |
Номинальды толық қысымы, Па |
3200 |
Қуаты, кВт |
50 |
Номинальды айналу жиілігі, мин-1 |
3000 |
Ротордың айналу жиілігі, айн/сек |
82% |
Ұзындығы, мм |
1310 |
Ені, мм |
910 |
Биіктігі, мм |
1100 |
Массасы, кг |
750 |
Желдету есіктері
Желдету есіктері, қазбаның периметрі бойынша герметикалылығын қамтамасыз ететін, тереңдігі бойынша орналасатын қатпарларға орналастырылады.
Интенсивті тасымалды басты тасылым жолдарында желдету есіктері автоматты түрде ашылып,жабылады, немесе арнайы есікшелермен қызмет етіледі. Автоматты түрде жұмыс істейтін есіктерді бақылаушы адамдар күнделікті тексерістен өткізеді. Қажеттілігі жоғалғаннан кейін желдету есіктері мен қатпарларды алып тастайды.
Егер есіктің ашылуы нәтижесінде шахтаның қалыпты желдетілуі бұзылатын бола, екі немесе бірнеше есік, біреуінен көлік өткен кезде екіншісінің жабылуын қамтамасыз ететін қашықтықта орнатылады.
Ағындарды бөлетін есіктерді орналастыру кезінде желдету ағынның қысқа тұйықталуын болдырмау үшін келесі ережелер сақталуы тиіс:
есіктердің саны екіден кем болмай, есіктердің арасындағы қашықтық ваганеткалар оставының ең үлкен ұзындығынан артық болады;
есіктер ауа өткізбейтін болып, металдан, темір листімен қапталған ағаштан, немесе басқа жанбайтын материалдан жасалады;
қазбада темір жол болған жағдайда есіктің табалдырығынан ауаның кездейсоқ шығуын болдырмайтын шаралар жасалады.
Оқпандарды (ауа жіберетін және шығаратын) біріктіретін қазбаларда екі тас немесе бетон қатпарлар орналасады, олардың әрқайсысында әртүрлі жаққа қарай ашылатын екі есіктен болады.
Ауа ағындарын жалпышахталық қазбалар бойынша реттеу тек қана шаң-желдету қызметі басшының нұсқауымен, ал блоктар ішіндегі қазбаларда – шаң желдету қызметімен келісілген жағдайда телім бастығының нұсқауымен жүзеге асырылады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ƏДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Жерасты амалымен жұмыстар жүргізгендегі өнеркәсіптік қауіпсіздігі ережесі. – Астана, 2008ж
http://miningwiki.ru/wiki/Шахта_«Молодежня»
Искаков Б. Қожақан А. К. «Сутөкпе, желдетпе және пневматикалық қондырғылар» 2011ж
Қорытынды
Қортындылай келе мен Ақтөбе облысы Хромтау қаласында екі аптаға диплом алды практикаға барып келдім. Практикада біз диплом жазуға керекті мәліметтерді жинап келдік.Шахтада бар техналогиялық машиналарды көріп жұмыс істеу принциптерімен таныстық. Шахтадағы желдеткіш түрлерімен таныстым. Желдеткіштер істен шыққанда болатын ақауларды жөндеп көрдім. Желдеткіш бас желдетпе және көмекші желдетпе болып бөлінеді. Бас желдетпе ВМ-20а бүкіл шахтаны ауамен қамтамасыз етіп тұрады. Ал көмекші желдетпе АL-14, GAL-7, ВМЭ-8 т.б. қондырғылар жұмыс жүріп жатқан жерлерде аса қатты шаң тозаңдарды, улы газдарды желдетіп тұрады. Егер басқа горизонттарға ауа ағыны дұрыс бармай қалған кезде желдету есіктері қойылады. Олар ауа ағынын келесі горизонттарға жібреді.

/с