Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тренингтер сабатар.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
119.81 Кб
Скачать

V.Сабақты қорытындылау.

Тексеру тесті. «Сәттілікке қадам»

Балалар «иә» -десе қол соғады, «жоқ» десе қол соқпайды.

Қайырымды адам ол:

а/ Қыста құстарға жем шашады.

б/ Кімге көмек қажет екенін сезеді.

в/ Рогаткамен құстарды атады.

г/ Мамасына көмектеседі.

д/ Қиын кезде көмек беруге дайын.

е/ Кәрі адамдарға жол береді.

ж/ Үлкен адамдарға көмектеседі.

з/ Автобуста орын береді.

и/ Үлкендермен қарсыласады.

Сабаққа қатысқан балаларды мадақтау

Тақырыбы: Досы көпті жау алмас .

Сабақ мақсаты: Балалардың достық туралы түсініктерін нығайту; үлкендермен, құрбыларымен сыйластық, қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: әңгімелесу, түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын.

Сабақ барысы:

Амандасу рәсімі:

Тәрбиеші балаларды шеңбер бойына жинап амандасады. Балаларға гүл ұсынып, бір-біріне тілек, жылы сөздер айтуларын ұсынады. Тілек айтып болғаннан кейін, тәрбиеші : « Бұл жай гүл емес, бұл біздің достығымызды нығайтатын , ренішімізді басатын сиқырлы гүл екен» дейді.

Балалардың тілектері: Денің сау болсын! Ақылды бол! Досың көп болсын! Аспанымыз ашық болсын! Күніміз жарқырай берсін! Әр кезде қуанышпен қауышайық!

Достың іспен қасты да,

Жаңаріме сенемін.

Ақыл,сана, біліммен,

Өнеріме сенемін.

Көңіл күйді көтеру

Біз «Ертегілер еліне» саяхатқа шығамыз.

Бізді көгілдір аспан, мейірімді күн қарсы алады.Жеңіл және жай дем аламыз. Аспанда жеңіл, үлпілдек ақша бұлттар қалқып жүр. Біздің қолымызда сиқырлы қылқалам мен бояулар бар. Сендер қылқаламды жеңіл сілкіп қалсаңдар, ақша бұлттар әр түрлі түске: сары, қызыл,көгілдір, жасыл , күлгінге боялады. Олардың біреуінің түсін естеріңе сақтаңдар. Бұл сендердің көңіл-күйлеріңнің бұлттары. Қазір мен сиқырлы сөздер айтамын, сендер көздеріңді ашыңдар. 1-2-3

(Балалар бұлттарды таңдап алып , тақтаға орналастырады)

Сабақтың мазмұны:

Ойын:

  • Балалар, біз бүгін « Ренжістік, достастық» ойынының мазмұнымен танысып ойын ойнайық. Мүмкін нағыз достықтың құпиясын ашатын шығармыз. Менің өтінішім бойынша сендер бір-біріңе қарама-қарсы бұрылып, саусақтарыңызды безейсіңдер немесе қолдарыңды бұлғайсыңдар. « Тақта» дегенде бір –бірлеріңе арқаларыңмен бұрылыңдар. Ал « достасыңдар» дегенде қолдарыңды алып бір-біріңе жылы сөздер айтасыздар.

Пікір алысу:

  • Сендерге татуласу ұнады ма?

  • Не сездіңдер?(қуаныш, бақыт)

  • Сендерге ренжіскен ұнады ма?(уайым,қайғы)

  • Не сездіңдер? (уайым,қайғы)

Тәрбиеші балаларға « Тату боламыз» атты(саусақтар туралы)ертегіні оқып,талдады.

(Бес саусақты қолғаптан қуыршақ әзірлеу)

« Ерте заманда шағын үйде ағайынды бес саусақ өмір сүріпті» Үлкенін –Басбармақ, екінші ағасын- Балаң үйрек, үшіншісін-Ортан терек, төртіншісін- Шылдыр шүмек, ең кенжесін- Кішкене бөбек деп атапты. Олар бірігіп жұмыс жасапты, бақша екті, тамақ әзірледі. Басбармақ бақшаны қарады,Балан үйрек тамақ пісірді, Ортан терек үйде отырып кішкентайларға қарады.Шылдыр шүмек - өте сабырлы болған.Кіші інісіне ертегі оқып беруді жақсы көрген.Ал кішкентай бөбек- үлкен ағасына ұқсағысы келеді екен. Осылай бес ағайынды өмір сүреді. Бір күні орманнан аю шығып, бақшаны таптап , үйді бұзуға кірісіп жатқан кезде, бес ағайынды бірігіп жұдырыққа жұмылды. Бұл үлкен күш болды. Аю қорыққаннан қаша жөнелді; ағайындылар жауды жеңді, өйткені олар бірігіп күш жинап, мықтылық көрсетті.

  • Сендерге ертегі ұнады ма?

  • Ертегі неліктен « Тату балалар» деп аталған?

  • Ағайындыларды аюдан не құтқарды деп ойлайсыңдар?

  • Татулық деген сөзді қалай түсінесіңдер?

Міне, « Досы көпті жау алмас», « Жұмыла көтерген жүк жеңіл» – деген нақыл сөздер осыдан шықса керек.

Сергіту сәті:

Санайық жаңаша:

Бір, екі, үш

Желбіре жалауша(қолдарын жоғары көтеріп шайқайды)

Достықта- біздің күш! (екі алақанын бір-біріне түйістіру)

Тәрбиеші балаларға тақпақ оқып береді.

Достар бірге жүреміз,

Бірге ойнаймыз, күлеміз.

Міне, біздер қандаймыз.

Арайлап атқан таңдаймыз!

Орман, көлге, шыңға біз,

Саяхатқа шығамыз!

(балалар бәрі қайталап бірге айтады)

Әрқашан тілектес,

Досыңа көмектес.

Достарды қолдаймыз,

Қиын шақта қорғаймыз.

Тәрбиеші балалармен достық туралы пікір алысады, ақыл сөздерін оқып беріп мағынасын ашады.

  1. Өзгелерден өзіңе қандай қарым-қатынас қаласаңыз, сен де оларға сондай қарым-қатынас жаса.

  2. Жаман өле жейді,

Жақсы бөле жейді.

  1. Өзің жақсы болсаң, досыңа көп болады.

  2. Достарың көп болсын десең, өзің жақсы бол.

Үйге тапсырма 1- саусақтар баст.2-достарын салу.

Қоштасу рәсімі:

Қош сау болыңыздар! Қолдарын ұстап

Балдырған боламыз,

Қашан да, қайда да,

Достықпен бірге боламыз.