Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тренингтер сабатар.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
119.81 Кб
Скачать

Таңдалған түстің интерпретатциясы

КӨК—тыныштықты,қанағаттанушылықты,сүйіспеншілік, шыншылдықты,эстетикалық ойлауды білдіреді.Бұл түсті таңдағандар адамдар арасындағысенімділікті қажет етеді.

САРЫ—көңілділікті, жеңілділікті, ұстамдылықты білдіреді. Бұл түсті таңдағандар арманшыл, ауыр қиыншылықтардан бас тартады.

ҚЫЗЫЛ—энергиялы, қызығушылығы басым ,мақсатқа жетуге талпынысы мол , қызбалылар.

ЖАСЫЛ-өзіндік бағасы жоғары еркіндікті , мақсаттылықты қалайтындар.Бұл түсті таңдағандар сенімді және өздеріне көңіл аударғанды ұнатады.

КҮЛГІН ТҮС—эмоционалды өзгергіш, ойына алғыш, оның ойынша әлем сиқырлы.

ҚОҢЫР ТҮС—психологиялық қолайсыздықты білдіреді. Эмоциясы отбасындағы адамдардың жағдайларына байланысты сезімді білдіреді.

СҰРЫ—жауапкершіліктен бастартатын , адамдарды сырттай бақылап көп білгенді ұнататын қызғылықсыз адамға жұғымсыз адамдар.

ҚАРА—психологиялық қал-ахуалдың төмендігін , стресстік сезімді білдіреді.

АҚ—пәк сезім ,жазылмаған ақ парақ.

Тәрбиелік ықпал , бірлік пен өз ара ынтымақ жасауда

психологиялық жаттығулар ,психо-тренинг сабақтары баланың жеке тұлға болып қалыптасуында ерекше орын алады.

Психотренинг сабағы

Тақырыбы: «Кешіре білу,кешірімділік.»

Сабақтың мақсаты:

1)Кешірімділік туралы түсінік беру.

2)Осы қасиетті күнделікті өмірде қолдануын үйрету.

Сабақтың барысы:

Кіріспе:Күй сазында кешіре білу жайында әңгіме тыңдау.

Бір күні Саят деген бала футбол ойнап жүреді. Ойнап жүргенде оны Мәулен байқамай итеріп жіберіп, Саят құлап , аяғын жарақаттап алады. Мәулен одан бірден кешірім сұрайды. Саят қатты ауырғанымен оны кешіреді. Оны көрген жаттықтырушы оларды біреуін өз кінәсін мойындағаны үшін, ал екіншісін оны кешіре білгені үшін мадақтады. Жаттықтырушы әділетті еді.

Жаттықтырушы : кешіру-басқаның қатесін ұғыну,қателіктің себебін түсініп,бұрынғыдай жақсы қарым-қатынасты жалғастыру.

Негізгі бөлім: Кешірімді болу туралы сұхбат жүргізу.

А)Кешіру деген не?

Б)Не үшін кешіру қажет?

В)Кешірімділік неден байқалады?

Қателік жасамайтын адам болмайды. Кешіру –біреудің қателігін ұмыту және қате істеген адамды бұрынғыдай жақсы көру. Кешіре білу деген, сол жамандық істеген адамға сенетін күш-жігер таба білу, сол арқылы ол адамға өзгеруіне мүмкіндік беру. Адамды кешіре білу, сенің алдыңдағы адам кінәлі болса да, оған ішіңнен реніш, кек сақтамауың керек .

Ойын: « Бесінші артық»

(педагог төрт орындық қояды, ойынға бес бала қатысады.

Әуен тоқтағанда әрқайсысы орындыққа отыруы қажет.

Бір бала артық қалады, бірақ оған ренжімеуі керек)

Тексеру тесті: « Жетістікке жеткізетін қадамдар»

Адам кешірімшіл ме егер...?

Балалар « иә» «жоқ» деп жауап береді.

А)Реніштерін ұмыта білсе.

Б)Жие ренжиді; ренжіткен адамын кек тұтады

В)Қателік жасамайтын адам болмайтынын біледі.

Г) Өз қателігінен сабақ алады.

Сабақты қорытындылап « Достық» туралы өлең оқып беру.

Әнуарбек Дүйсенбиев

Ағайынбыз бәріміз

Жақсылыққа , бақытқа

Талпынған әр уақытта.

Бала біткен дос-бауыр,

Болмасын еш тосқауыл.

Ақпыз, қара, сарымыз,

Ағайынбыз бәріміз.

Ортақ болсын асқар тау,

Жеміс толы бақша-бау.

Болсын жер мен су да ортақ,

Болсын біздің ту да ортақ.

Ақпыз, қара, сарымыз.

Ағайынбыз бәріміз.

ТРЕНИНГ «Қайырымдылық"

Мақсаты: Балаларға қайырымдылық туралы түсінік беру. Қайырымдылық көрсетуді күнделікті өмірлерінде іске асыруға тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

Жай әуен ойналады.Балалар дөңгеленіп отырады.

Психолог:--Балалар мен сендерге «Қайырымды бала» деген әңгіме оқып беремін .

І. ӘҢГІМЕ: Жеті жасар Мұрат сабақтан шыққан.Күн қарлы жаңбыр жауып, қатты жел соғып суық-ақ. Мұрат жаурап, тоңып, қарны ашып үйге жеткенше асығып келеді. Күннің салқындығынан айналасына қарамастан, екі қолын қалтасына салып, басын көтерместен, аяғын тез-тез басып үйге жеткенше асық.

Бір жалынышты жануардың дыбысы естілгендей болды. Мұрат айналасына қарап , алға қарай жүре түсті. Дауыс бұрынғысынан да қатты шықты және өте аянышты. Мұрат еріксіз тоқтап айналасына назар аударды. Мысықтың мияулаған дыбысы естілді де, өзі көрінбеді. Мұрат дысқа қарай жүре түсті, қараса тасада отырған кіп-кішкентай бала мысық екен. Өзі аппақ, сондай сүйкімді, әбден жаурап қалыпты. Мұратқа жалынышты көзімен қарап көмек сұрағандай шырай білдірді.

Мұрат мысықты аяп кетті, жерден көтеріп алып, бауырына қыса түсті. Мысық өз ризашылығын білдіргендей Мұратқа жылы шыраймен қарап «рахмет» айтқандай сезім білдірді. Мұрат мысықтың жылы сезімін сезіп, оны бауырына басып, денесін қолымен сипап,- «мен сені түсіндім» дегендей болды.

Күннің суығына шыдамай, Мұрат мысықты бауырына басқан күйінде үйге қарай бет алды. Үйге келісімен пальтосының ілгектерін ашып, мысықты шығарды. Мамасы таң қалып, «Бұл мысықты қайдан тауып алдың?» -деп сұрады. Мұрат болған жағдайдың бәрін мамасына баяндап берді. Анасы баласына сондай риза болды.

--Сенің жүрегіңнен айналайын, әр қашанда осындай қайырымды бол! Сенің қайырымды ісің үшін рахмет. Әрқашанда осындай қайырымды ісіңмен мені қуанта бер.

Мұрат өз ісіне риза болып:-- Мен әрқашанда адамдарға, жануарларға қайырымды боламын,--деп анасына сөз берді.

ІІ. –Балалар әңгіме не туралы болды?

-Мұрат қандай бала?

- Қайырымдылық не үшін қажет?

- Қайырымды болу үшін сендер не істеген болар едіңдер?

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ-адамдардың бір-біріне көмектесуі.

Қайырымды болу жер бетінде тіршілік етіп жатқан жануарларға, адамдарға жәрдемдесу, көмегін көрсету. Табиғатты қорғау.

ІІІ. «Құпия байланыстылық»

Барлық бала дөңгеленіп тұрып, қолдарын алға созады. Психолог кішкентай ойыншықты алақанына салып, әуен ырғағымен айналып жүреді де, бір баланың алақанына ойыншықты салып кетеді. Әуен тоқтағанда балалар кімнің алақанына ойыншық түскенін тауып алу керек. Тауып алса, баланы ортаға шығарып

--Асқар қайырымды- деп хормен айтады.

ІV. Балалар біз бүгін қайырымдылық туралы айттық, енді өткен сабаққа шолу жүргізейік.

-Есімізге қалай сақтайды екенбіз тексерейік

Ойын: «Қара есіңе сақта»

«Тыңда есіңе сақта»

«Кімде не болды»

« Тізбек»

-Зейінімізді тексерейік

Ойын: «Атаның неше немересі бар?»

«Мараттың қарындасын табуға көмектес»

«Не өзгерді?»

-Ойлана білеміз бе? Қане, тексерейік.

Ол үшін мен сендерге сұрақ қоямын, сендер жауап бересіңдер.

Ойын: «Не артық?»

«Бір сөзбен қалай атаймыз?»

Енді балалар мен сендерге сурет таратам, ал сендер осы салынған суретті жалғастырып салуларың керек (шығармашылық жаттығу).