- •Дамытушы жұмыстар
- •Көңіл- күйдің түрлі түстер арқылы көрінуі.
- •Релаксация мәтіндері
- •1,2,3 Барлығы көздерін ашады. Терең тыныс алу және шығару. Ойларымен бөлісу. Сиқырлы сөздер әрқашан айтылады, санақ және тыныс алуға гимнастика жасалады.
- •Таңдалған түстің интерпретатциясы
- •Психотренинг сабағы
- •V.Сабақты қорытындылау.
«Өзін-өзі тану» курсындағы психологиялық қызметтің жүру жүйесі
Психологиялық
қызмет
Бақыланушы топ
Ата-ана
Тәрбиеші
Эксперименттік
топ
Дамытушы жұмыстар
Коррекциялық жұмыс
Тренинг
Кеңестер
Отбасы—тіршіліктің шағын ұясы, жаңа адам сол ұяда дүниеге келіп, қамқорлыққа бөленіп, өмір мектебінен өтеді. Ата-ана –алғашқы ұстаз және тәрбиелеуші. «Тәрбие негізі—отбасынан басталады» -- деген қағиданы негізге ала отырып, ата-ана мен бала арасындағы қарым- қатынасты анықтауға арналған көмекші құралдарды ұсынамыз.
Ата-ана мен баланың арасындағы
қарым-қытынасты анықтауға арналған тест
Балаға жеткілікті көңіл аударасыз ба?
Сауалнама арқылы балаңызбен өзара қарым-қатынасыңызды айқындауға болады. Берілген жауап нұсқалары « иә, әрдайым», «кейде», « жоқ, ешқашан».
Өзіңіздің балаңыздың барлық қылығы ұнайды ма?
Баланың айтқанын тыңдайсыз ба?
Бала әңгімесіне көңіл бөліп тыңдайсыз ба?
Баланың мағыналы бір нәрсе айтып жатырғанын сездіресіз бе?
Баланың сөйлемдеріндегі қателерін түзетесіз бе?
Баланың қате жіберуіне жол бересіз бе?
Баланы мадақтайсыз ба?
Баламен бірге күлесіз бе?
Күнделікті баланың білім алуына уақыт бөлесіз бе?
Баланы жие құшақтайсыз ба?
Баламен ойнайсыз ба?
Балаңыздың жеке кітаптары бар ма?
Сіздің үйде балаңызға деген арнайы орыны бар ма?
Балаңыздың сүйікті кітабын, ертегісін, фильмін білесіз бе?
Сіз балаңызбен театрға, музейге, зоопаркке бірге барасыз ба?
Балаңызға теледидар көруге, компьютерлік ойын ойнауда шектеу қоясыз ба?
Оқылған кітап, көрілген фильм туралы баламен әңгімелесесіз бе?
Дәрігерге,дүкенге барғанда балаңыз сөз айтқанша , сіз бірінші сөйлеуге тырысасыз ба?
Балаңызбен серуенге шығуға тырысасыз ба?
Сіздің балаңызды шулы,қимылды ойындар ойнауға мүмкіндік бар ма?
Кілт
« Иә, әрқашан» – 4 балл
« Кейде», «мүмкін» –2 балл
« Жоқ», «ешқашан» – 0 балл
80-90 балл - өз балаңызды жақсы білесіз, сіздің балаңызбен ара қатынасыңыз жақсы. Сізге балаңызбен бірге болған қызықты.
60-30 балл –сіздің уақытыңыз шектеулі адамсыз, бірақ оған қарамастан уақыт тауып балаңызға көңіл бөлесіз.Кейбір сұрақтарға қараңыз. « Кейде және жоқ» жауаптары берілген, бұл қай жағдайда болады деп ойлайсыз? Өмірдің осы жақтарына көңіл бөлсеңіз.
30 баллдан төмен- балаға көңіл бөлуіңіз туралы ойлану керек. Ол сізді және балаңызды бақытты етіп, ал өміріңіз қызығырақ болады.
Балабақшаға келген бала туралы жан-жақты мәлімет жинақтау, педагогтың баламен, ата-анамен жұмыс жасауына, баланың жеке ерекшелігіне байланысты жұмысын жоспарлауына мүмкіндік береді.
Баланың педогогикалық – психологиялық
жеке даму картасы
Аты-тегі ___________________________________________________________
Туған күні, айы, жылы ____________________________________________
Мекен жайы ______________________________________________________
Денсаулық жағдайы:
Физиологиялық жетіспеушілік және патологиялық ауытқуы бар ма?
________________________________________________________________
Диспансерлік есепте тұр ма? Есепте тұрса қандай аурумен?
________________________________________________________________
Көзінің көруі
________________________________________________________________
3.Отбасы туралы (әкесі, шешесі ,жасы , білімі, жұмыс орны):
Әкесі:
Шешесі:
________________________________________________________________
4. Қарым-қатынасы:
Қарым-қатынаста: ашық, тұйық
Адамдармен қатынаста қандай қасиет көрінеді?
А) Ізгілікті , қайырымды, шынайы, зейін қою, сыйлау, көмек беру
Б) Селсоқ, дөрекі, эгоист, тәртіпсіз, өтірікші
Өзіне қатысты, топтағы ролі:
Өзін-өзі бағалау деңгейі
өте жоғары, жоғары, орташа, төмен.
Сыныптағы дәрежесі (лидер, лидерлікке бейім,топтан оқшау)
Өзге балалардан ерекше қасиеті бар ма?_________________________
Топтағы балалармен конфликтке түсе ме? (сирек, жие) Себебі?
________________________________________________________________________________________________________________________________
Топ тәрбиешісінің балаға қысқаша мінездемесі:
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ Балабақша психоло Топ тәрбиешісі:Балабақша дәрігері
Баланың эмоцияналдық көңіл-күйін релаксация кезінде бақылауға болады.Педагог баланың психологиялық қал-ахуалын түрлі түстер арқылы анықтай алады.
