Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кіріспе Айдос..docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
67.97 Кб
Скачать

1.2 Ақмола облысында картоп өсірудің ерекшеліктері не байланысты алғы дақыл жүйесі

Картоптың алғы дақылдарға қоятын талаптары топырақ және климат жағдайларына байланысты өзгереді. Ауыспалы егістікте ылғал жеткілікті аудандарда өзінен соң барынаша көп тамыр мен аңыз сабақтарын қалдыратын танаптарды арамшөптерден тазартуға көмектесетін және түрлі бактериялық ауру қоздырғыштары мен саңырауқұлақ ауруларын алдын алатын дақылдар жақсы алғы дақылдарға жатады [7].

Мол өнім алудың басты талап шарттарының бірі ауыспалы егістің тең жартысынан көбі сүрі жер, отамалы дақыл, шөпті отамалы дақыл және мамандандандырылған ауыспалы егістерді игеру болып табылады. Картоп еліміздің негізінен суармалы аудандарда өсіреді. Ақмола облысы жағдайында ылғалы мол түсетін аудандрда картопты суарылмайтын жерде және тәлімі жерде өсіруге болады. Картопқа ең жақұсы алғы дақыл көп жылдық және бір жылдық шөптер, жүгері, малазықтық тамыржемістілер болып табылады. Көкеністердің ауыпалы егісінде жақсы алға дақыл болып қияр, орамжапырақ, пияз тамыржемістілер, бақша дақылдары. Суармалы жағдайда өсірілетін катоп үшін мынадай ауыспалы егістерді ұсынуға болады.

1. Көпжылдық шөптер → көпжылдық шөптер → картоп → картоп → тамыржемістілер → картоп;

2. Біржылдық шөптер → картоп → кароп → жүгері → картоп;

3. Жүгері → картоп → тамыржемістілер → картоп;

4. Асбұршақ – сұлы қоспасы → картоп → жүгері → картоп → қияр → картоп → орамжапырақ → картоп;

5. Орамжапырақ → картоп → қияр → картоп → пияз → картоп;

6. Көпжылдық шөптер → көпжылдық шөптер → картоп → тамыржемістілер + пияз.

Суарылмайтын картоп үшін негізінен жүгері және асбұршақ сұлы қоспасы жақсы алғы дақыл деп есептелінеді. Келесідей кескіндерді ұсынуға болады.

  1. Ықтырмалы сүрі жер → картоп → жүгері → картоп;

  2. Ықтырмалы сүрі жер →картоп → асбұршақ сұлы қоспасы → картоп.

Көрсетілген ауыспалы егістер кескінін жобалы деп қарастырған дұрыс.

Нақты бір ауыспалы егісті таңдап алу әр түрлі аудандарда немесе шаруашылық жағдайларына, мақсаттарына жобаларына т.б қажеттіліктеріне байланысты өзгеріп отырады.[8]

Ғылыми зерттеу институтар және дамыған шаруашылықтар тәжірибесінде суармалы жердерде картоп үшін ең жақсы алғы дақыл дар; асбұршақ, жүгері, көпжылдық шөптер, қант қызылшасы, және т.б Сонымен бірге көкеніс дақылдарынан; пияз, оамжапырақ, қияр және бақша дақылдарынан кейін өсірілген картоп мол өнім береді. Ақмола облысы жағдайында және басқа қуаңшылықты аймақтарда суарылмайтын картоп үшін жақсы алғы дақыл сүрі танабы екені дәлелденген [7].

1.3 Ақмола облысында картоп өсірудің ерекшеліктеріне байланысты топырақ өңдеу жүйесі

Жоғары өнім, егін көгін алу, пәрменді өсу және даму, қуатты тамыр жүйесін дұрыс қалыптастыру үшін картопқа ауа өткізгіш, борпас топырақтардың маңызы зор. Бұл топыраұтарда минирализация жақсы жүреді және сіңімді қоректік заттар мол жиналады. Ал тығыз топырақтарда тамыр жүйесі дұрыс қалыптаспайды да тамыр нашар дамыған тамыр жүйесі өсімдікті ылғалмен қамтамасыз ете алиайды, көбінесе қуаңшылық жағдайларда.Сонымен бірге тығыз топырақта деформацияға ұшыраған ұсақ, крахмалдылығы төмен түнйектер түзіледі. Бұл жағдайды Солтүстік Қазақстанда және Ақмола обылыстарында кең тараған механикалық құрамы ауыр топырақтарда ескерген дұрыс.

Топырақ өңдеу кезегінде борпас құрылым ғана жасалып қоймай, сонымен бірге арамшөптер, аурулар мен зиянкестердің жойылуынада алғы шарт жасалады . егіс паясы, органикалық және минералды тыңайтқыштар топыраққа сіңіріледі. Өнімнің қалыптасуына жағдай жасайтын топырақтың су және жылу ережелеріде айтарлықтай реттеледі.

Жүргізу кезегі мен мерзіміне қарай картопқа арнап негізгі өңдеу және отырғызар алдындағы өңдеу ден тұрады. Топырақ өңдеу тәсілімен алғы дақылдар мен мерзіміне топырақ тығыздылығына, арамшөптермен лпстануына және өсіру жағдайына, суармалы суармайтындығына байланысты өзгереді [7].

Картоп терең жыртылған әлсіз борпас топырақтарда жақсы өседі. Суармалы жағдайда негізгі өңдеуді терең өңдегіш соқалармен тереңдігін 27 – 30 см. Көңді осы кеде өңдеумен бірге берген дұрыс. Егерде алғы дақыл мерзімінен бұрын жиналған болса БИГ- 3 пен өңдеген дұрыс. Кар тоқтату 2 рет жүргізіледі. Ерте көктемде КПГ – 250 мен 20 – 22 см. тереңдікте өңделеді.[8].

Суармалы жағдайда сүдігерлік өңдеу қайрмалы соқалармен 30 – 35 см. тереңдікте жүргізіледі жіне бір мезгілде танапқа шашылған көң де жыртылып сіңіріледі. Егер алғы дақыл ертерек жиналса . арандату мақсатымен бірінші топырақты қопсытқыштармен өңдейді, осының нәтижесінде арамшөппен зиянкестердің жойылуына мүмкіндік туады.ал егер кеш жиналса онда алқап бірден жыртылады да, кейіннен өскен арамшөпті қосымша культивация жүргізумен жояды. Көктемде топырақ физикалық пісіп жетілгенде негізгі өңдеу бағытына көлденең , немесе айқыш – ұйқыш бағытта орташа ауырлықтағы тырмалармен , немесе ауыр топырақта ауыр тырмалармен өңдейді. Отырғызар алдыгда өңдеу жазық тілгіш құралдармен 18 – 22 см, ал ауыр саздау топырақтарда 30 см. Тереңдікте өңдейді. Көктем кезінде қайырмалы соқалармен қайта жырту жүргізілмейді, өйткені ол топырақты кептіріп жібередіде өнімді күрт төмендетеді.

Картопты суармайтын жағдайда өсіргенде топырақты негізігі өңдеу. Таза сүрі жер дайындау. Немесе сүрі жер жырту түрінде терең қопсытқыштармен іске асырылады. Ерте көктемгі тырмалау БИГ – ирек тісті тырмамен жүргізіледі, картопты дәл отырғызар алдында сыдыра жыртқыштармен немесе культиваторлармен 14 – 16 см. Тереңдікте қопсытылады.

Суармалы жерде нашар өңделген топырақ болса онда ол алқапты картоп отыргғызар алдында тегістегіштердің көмегімен дұрысталады. Бұл дұрыс болмаса түйнектедің дұрыс орналаспауы бірдей тереңдікте жатпауы дұрыс өнім қалыптастыруда кері әсерін тигізеді. Мұның өзі түйнектерді отырғызуды сапалы жүргізуіге және оңтайлы тереңдікке сіңіруге мүмкіндік жасайды. Бұл шараларды уақытында дер кезінде, ретімен дұрыс жүргізу жалпы өнімге, өсімдіктің дұрыс дамып өсуіне өз септігін береді[8].