- •1.1 Картоп дақылының морфологиялық сипаттамасы мен биологиялық ерекшеліктері
- •1.1 Ақмола облысы жағдайында өсіруге рұқсат етілген картоп сорттары және өнімділігі
- •1.2 Ақмола облысында картоп өсірудің ерекшеліктері не байланысты алғы дақыл жүйесі
- •1.3 Ақмола облысында картоп өсірудің ерекшеліктеріне байланысты топырақ өңдеу жүйесі
- •1.4 Картоп өсірудің технологиясын жақсарту жолдары
ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ
«Агробизнес-2020» ауыл шаруашылығын дамытудың жаңа арнасы.
Егемен Қазақстан Қ.Р Президентінің Қазақстан халқына жолдауы 2017 жыл “ Агросектор – Қазақстанның экономикалық драйверіне айналу керек” 02/2017
Өсімдік шаруашылығы Можаев Н.И., Әрінов Қ.К., Шестакова Н.А., Искаков М.А.,Серікпаев Н.А. Астана - 2014
Солтүстік Қазақстанның өсімдік шаруашылығы Қ.К.Әрінов, Шестакова Н.А Астана, 2009
Өсімдік шаруашылығы Можаев Н.И., Әрінов Қ.К., Шестакова Н.А., Искаков М.А.,Серікпаев Н.А. Астана - 2014
Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізбесі, Қ.Р АШМ « Ауыл шаруашылық дақылдарының сорттарын сынау жөніндегі мемлекеттік комисиясы» Астана -2016
Әрінов Қ.К., Мұсынов Қ.М., Апушев А.Қ. және т.б. Өсімдік шаруашылығы
Рекомендации по системе сельского хозяйства Целиноградская область Алма-Ата 1982 г.
Жаршы “ Картоп егістігінде тамшылатып суару жүйесінің су қорын үнемдеуге әсері” А.Т.Айтбаева 05/2011 62,63-бет
Кіріспе
Қазақстан үшін агроөнеркәсіптік кешен саласы – ең маңызды басымдық. Өйткені, жаһандану заманында азық-түліктік қауіпсіздік ұлттық қауіпсіздікпен қатар қойылса, келешекте ауыл шаруашылығы тығырыққа тірілетін елдің қауіпсіздігіне де қатер болатынын сарапшылар болжайды. Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында нақты айтып, азық-түлік қауіпсіздігіне төнетін қатерді жаһандық сын-қатерлер қатарына жатқызған. Елбасының айтуынша, әлемдік халық саны өсуінің жоғары қарқыны азық-түлік проблемасын күрт шиеленістіріп отыр. «Бүгіннің өзінде әлемде миллиондаған адам аштыққа ұшырап, миллиардқа жуық адам тағамның ұдайы жетіспеушілігін бастан кешіруде. Тамақ өнімдерін өндіруде революциялық өзгерістер жасамаса, осынау үрейлі цифрлар тек өсе түспек. Біз үшін бұл сын-қатер астарында орасан зор мүмкіндіктер бар. Біз қазірдің өзінде астық дақылдарын аса ірі экспорттаушылар қатарына ендік. Бізде аса ірі экологиялық таза аумақтар бар және экологиялық таза тағам өнімдерін шығара аламыз. Ауыл шаруашылығы өнеркәсібінде сапалы секіріс жасау толықтай қолымыздағы нәрсе. Бұл үшін бізге жаңа тұрпаттағы мемлекеттік ой-сана қажет болады», - деген еді Нұрсұлтан Назарбаев [1].
Қазақстан негізінен аграрлы мемлекет. Aуыл шаруашылығы - ел экономикасының басты бағыттарының бірі. Aуыл шаруашылығы өндірісінің міндеті – халықты жеткілікті мөлшерде сапалы азық-түлікпен, өнеркәсіпті шикізат қорымен қамтамасыз ету. Қазіргі кезде ауыл шаруашылығына баса назар аударуда. Қазақстанның болашағы ауыл шаруашылығында деп ойлаймын.
Өткен 30 - шы қаңтардарда елді дамытудың жаңа жолдары ұсынылған Қазақстанның үшінші жаңғыруы атты жолдауында президент әр салаға жеке жеке тоқталған. Аграрлық сектор экономиканың жаңа драйверіне айналуы керек. Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінің болашағы зор. Көптеген позициялар бойынша біз әлемде ірі аграрлық экспорттық өнім өндірушілердің бірі бола алатынын айтты. Ол үшін біз отандық өнімдерді экологиялық таза, сапалы өнімдер шығаруымыз қажет. Тек сонда ғана біз "Made in Kazakhstan " брендін көтеріп, Еуразияда "Нан кәрзеңкесі" бола аламыз.
Осы мақсаттарлды жүзеге асыру үшін елбасы бір қатар тапсырмалар берді субсидияның дұрыс бөлінуін, шағын фермерлерлді біріктіру, ірілендіру, өңдеу, сақтау, тасмалдау, өткізудің тиімді жүйелерін кұру, еңбек өнімділігін артырып, өндіріс шығынын төмендету, жерді тиімді пайдалану, өндірісте аграрлық ғылыми зерттеулерге салынатын инвестиция көлемін арттыру керектігін айтты. Ауыл шаруашылығын әртараптандырып, 2021 жылға қарай азық-түлік тауары экспортын 40%-ға көбейтуді тапсырды. Бұл міндеттер агроөнеркәсіп кешенін дамытудың жаңа мемлекеттік бағдарламасы аясында іске асырылуы қажет [2].
Қазақстанның дамуын бақылап жетістіктерін саралап жүретін сарапшыларекінші жаңғыртуды сәтті өткерген Қазақстан үшіншісінде ойдағыдай жүзеге асыруна сенімді.
Қазіргі уақытта әлемнің көптеген елдерінде картоптың потенциялды мүмкіндігін зерттеуге көп назар аударуда. Зерттеулердің негізгі мақсаты - осы бағалы ауыл шаруашылық дақылынан жоғары сапалы , бәсекеге сай тұрақты өнім алу. Көптеген елдерде картоп өсірудіғ жинақталған тәжірибесі – картоп өндірісінің дамуы әлемдік іссанада келесі факторларға байланысты екенін дәлелдеді: селекцияның даму деңгейіне, отырғызу маериал сапасына, техникаландыру деңгейіне және өсіру технологиясын дұрыс қолдану.
Картоп әлемдік деңгейде маңыздылығы мен таралуы жағынан күріш, бидаймен жүгеріден кейінгі төртінші орынды алады. Біздің елімізде тағам, тігін, кағаз және басқа өнеркәсіп салалаларында қажетті крахмал өндірісінің негізгі шикізат көзі болып табылады.
«Ас атасы нан» болса «Картоп ас анасы», немесе нанға қосымша,екінші нанымыз десек артық болмас. Расысында картоп – жан-жақты пайдаланылатын маңызды ауыл шаруашылық дақылы [3].
Қазіргі кезде Қазақстанда картоп тағамы бидайдан кейінгі негізгі тағам түрлерінің бірі болып саналады. Статситикалық деректерге қарағанда елімізде адам басына шаққанда бір кісі жылына жүз кг. картопты тағам ретінде пайдаланылатын корінеді, бұл жаман көрсеткіш емес. Денсаулық сақтау мамндарының айтуы бойынша бір адам жылына орта есеппен жүз кг картоп тұтыну керек екен, демек біз өз – өзімізді картоппен қамтамасыз етіп отырмыз дегн сөз. Бұл жақсы көрсеткіш. Сонғы жылдары картоп өнімі жылдан жылға артып келеді. Картоп өнімінің еселеп өсуі шаруашылықтар үшін экономикалық жағынан да тиімділігін көрсетіп отыр.
Дипломдық жобаның мақсаты: Ақмола облысы, Целиноград ауданы «С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ ғылыми-тәжірибелік кампус» жағдайында картоп өсіру технологиясын жетілдіру, жақсартуды қарастыру.
Жұмыстың мақсатына жету үшін алға қойылған міндеттер:
Қарастырылып отырған бағалы ауыл шаруашылық дақылынан жоғары сапалы , бәсекеге сай тұрақты өнім алу.
ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ
1.1 Картоп дақылының морфологиялық сипаттамасы мен биологиялық ерекшеліктері
Картоп алқа тұқымдасына жатады және егістіктегі негізгі түрі Solanum tuberosum. Өзінің табиғатына қарай қарастырылып отырған түр сабағы жыл сайын өліп қалатын көпжылдық түйнекті өсімдік, алайда оны егістікте біржылдық дақыл ретінде өсіреді. Оның бүкіл тіршілік циклі, түйнектердің өнуінен жаңа түйнектердің қалыптасуы мен пісуі, бір өсіп-жетілу кезеңінде өтеді. Оны вегетативті жолмен де, тұқымымен де көбейтуге болады.
Тұқымынан өсірілген картоп өсімдігі екі тұқым жарнағымен өскін және көптеген ұсақ тамыршаларымен ұрықтық тамыр қалыптастырады. Ұрықтық тамырмен қоса жер астыңда орналасқан сабақтың негізінде, оның буындарында екіншілік тамыршалар да түзіледі.
Түйнегінен өсірілген өсімдік оның көзшелерінен (өркенінен) сабақ дамытады. Мұндай жағдайда ұрықтық тамыр түзілмейді, тек қана сабақ негізіндегі буындардан әдетте топталып, немесе үш-төртеуі бірігіп орналасқан екіншілік (буын) тамырлары пайда болады. Сабақ негізіндегі буындерден (буындардан) горизонталь орналасқан жер асты өркендер –столонцар тарайды, олардан кейіннен түйнектер қалыптасады. Екі жағдайда да картоптың тамыр жүйесі шашақты түрде болады және топырақ бетіне таяу орналасқан, дегенмен жекелеген тамыршалар айтарлықтай тереңдікке дейін бойлайды.
Картоптың сабақтары шөптесін, үш немесе төртқырлы, сорты мен өсіру жағдайларына қарай биіктігі 50-80-180 см дейін өзгереді. Бір өсімдікте 3-6 және одан да көп сабақтар қалыптасады. Әрбір сабақтанұзындығы 15-20 см 5-6 столондар дамиды. Столондар сабаққа ұқсап өздігінен тамырлана алады және ұштары жуандай келіп түйнектерге айналады. Түйнектер өсімдіктер үшін қорлық қоректік заттар, негізінен крахмал жинақталған орын болып табылады.
Картоптың жапырақтары қарапайым, үзік дара қауырсынды-қиықты. Олар жапырақтың негізгі білігінде орналасқан бірнеше жұп бөліктерден, бөлікшелерден және төбесіндегі дара өте кіші бөлікшеден тұрады.
Гүл шоғыры ұзын гүл тұғырында орналасқан бірнеше (2-3, кейде 4 шиыршықтан тұрады. Картоп сорттарының бәрі гүл шоғырын түзе бермейді.
Гүлдері қосжынысты, бірігіп өскен тостағанша жапырақша мен бес ақ, ашық-сары, көк, көкшіл немесе қызғылт күлгін түсті әбден бірікпеген күлтеше жапырақшаларды біріктіреді.
Жемісі – шырынды жидек, көптеген тұқымдардан тұрады.Тұқымдары ұсақ жаншылған, ақ-сұр және сарғыш түсті, 1000 тұқым санының массасы 0,3-0,5 г. Түйнектің бетінде бұрандалы тәртіппен орналасқанкөзшелер (түр өзгерісіне ұшыранған жапырақтар) болады, олартыныштық күйіндегі 2-3 бүршіктен құралған. Түйнектің столонға бекіген жерін кіндік, ал оған қарама-қарсы жағын – төбесі деп атайды. Сортына қарай картоп түйнегі домалақ, сопақ, ұзынша-сопақ,домалақтау-сопақ болуы мүмкін. Тағамдық шаруашылықта көзшелеріт тайыз орналасқан домалақ түйнектер барынша құнды. Түйнектің сыртқы түсі ақ, сары, қызыл, қызғылт-күлгін болады, ал жұмсағының түсі-ақ,сарғыш, сары, күлгін. Түйнектің анатомиялық құрылысы сабаққа ұқсас: оның ұзындық қимасыңда түтікті сақина шоғын көруге болады, ол түйнек бетіне таяу көзшелерге қарай орналасқан, түйнектің орта бөлігі барынша ылғалды өзекпен толтырылған, ол негізінен крахмал клеткаларынан тұрады.Түйнектің сырты эпидермис түзетін перидерма қабатынан тұрады [3].
Биологиялық ерекшеліктері. Мәдени сортты картоп қоңыржай климаттың өсімдігі және тұрақты мол өнім температурасы айтарлықтай жоғары емес орта ендік аудандарда алынады. Картоп жоғары тиілімдіжәнеөсіру технологиясын дұрыс қолданғанда онша қолайлыемес табиғи жағдайларда жақсы өнім қалыптастыра алады
Тыныштық күйден өткен түйнектер топыраққа отырылғызылғаннан кейін +3-5° температурада өне бастайды. Бірақ бұл температурада оның өнуі баяу жүреді, тамырлары әлсіз дамиды, ал түйнектер саңырауқұлақ ауруымен жиі залалданады. Температура +7-8° дейін жеткенде түйнектердің қалыпты өнуі байқалады. Әрі қарай температура жоғарылағанда түйнекиердің өну белсенділігі, әсіресе ылғалды топырақта кенеттен арта түседі. Түйнектердің белсенді өсуіне ең қолайлы темпреатура +16-18° деп есептеледі. Картоптың сабағы мен жапырағының өсуіне қолайлы температура +5- 6° . Олардың максимум өсуі орташа ылғалды топырақта +17-22° температурада байқала бастайды.+25°-тан жоғары температурада өсімдіктерді әлсіретедіассимиляция процесі баяулайды, ал 42° тан жоғары температура жер бетіндегі өсімдік массасының өсуін тоқтатады. Картоптың сабағы мен жапырағы төмен температураға өте сезімтал -1-1,5°суықта және ауаның салыстырмалы ылғалдылығына өсімдік қарайып кетеді және өліп қалады. Картоп түйнектері гүл қауызы пайда болғанда түзіле бастайды және бұл кезеңде топырақ температурасы +16-18° , немесе +22-25° ауа температурасына сәйкеса келеді де ең қолайлы болып табылады. Топрыақ температурасы +6° тан төмен және +23° тан жоғары болғанда түйнектердің өсуі тежеледі ал +26-29° - та түйнектің түзілуі мүлде тоқтайды.
Өсімдіктің өсіп дамуына толық қажетті биологиялық белсенді температура жиынтығы +10° жоғары болғанда пісу мерзімі ерте және ортадан ерте пісетін сорт үшін 1400 - 1600° , орташа мерзімде пісетін сорт үшін 1600 - 1800° ортадан кештеу және орташадан кеш пісетін сорттар үшін – 1800 - 2000°. Бұл көрсеткіш солтүстік Қазақстанда 1800 - 2200° аралығында, ал негізінде 1600° тан 2600° қа дейін өзгереді. Сондықтан ортадан кештеу пісетін сорттар , әсіресе кеш пісетін сорттар қажетті оптимум температураны алып үлгермейді, нәтижесінде ертеше және орташа мерзімде пісетін сорттардың өнімінен анағұрлым төмен өнім қалыптастырады.[4]
Картоп топырақ ылғалдылығына талғампаз. Бүршіктердің өрендердің пайда болуына қажетті ылғал аналық түйнек есебінен қанағаттандырылады. Өсімдік көгінің пайда болуы мен сабақ жапырақтар қалыптасыуының алғашқы кезіңінде өсімдіктің ылғалға қажетсінуі шамалы, өйткені жапырақтардың булану беті үлкен емес және осы кезеңде олар қуаңшылыққа айтарлықтай төзімді. Өсімдік өсе келе ылғалға қажетсінуі арта түседі де барынша қажетсіну гүлдену – қауыздану кезеңіне сәйкес келеді, бұл кезде олардың жер бетіндегі массасы жақсы дамыған және тіршілік қызметі жоғары. Бұл кезеңде түйнектер пайда бола бастайды. Сондықтан ылғалмен үздіксіз қамтамасыз ету жоғары өнім алудығ басты шарттарының бірі. Бұл кезде ылғалдлың жетіспеуі тургордың төмендеп, жапырақтардың солып қалуына әкеліп соғады, ал мұның өзі фотосинтезге теріс әсерін тигізеді, өнімнің мөлшері мен сапасы төмендейді. Тамырлардың негізгі массасы таралған алаңда осы топыақтың ылғалдылығын ТДЫ 70-80% дәрежесінде ұсталғанда өнімнің қорлануна ең қолайлы жағдайлар жасалады.
Өсіп-өніу соңында, сабақ пен жапырақтаң солып, түйнектің өсуі төмендегенде алғашқы кезеңдерге қарағанда картоптың ылғалға жетіспеуі кемиді. Өсіп-өну кезеңінің соңына қарай қалыптасқан құрғақ және жылы ауа-райы түйнектердің түзілуін тездетеді, оларда мықты әрі қалың қабықтың пайда болуына жағдай жасайды , соның нәтижесінде өнімді жинағани кезде түйнектер аз жарақаттанады да, қыста жақсы сақталады. Керісінше жауын-шашынды ауа райытүйнектердің пісуін кешеуілдетеді, оларда жұқа әлсіз қабық түзіледі жинаған кезде олар жеңіл жарақаттанады, әрі нашар сақталады. Топырақтағы ылғалдың тым артық мөлшері оның ылғал жетіспеуі секілді картоп өніміне теріс әсерін береді; түйнекктер сылбыр өседі , олардағы крахмал мөлшері азаяды бактериялық және саңырауқылақ ауруымен залалдану артады.
Картоптың транспирация коеффиценті метерология жағдайларына, сорттың ерекшеліктеріне және өсіру жағдайларына байланысты 300-700 өлшем бірлігінде өзгереді. Орта есеппен 1 кг картоп түйнегін алу үшін 105 л су қажет . алайда бұл көрсеткіш топырақ құнарлығы мен механикалық құрамына байланысты өзгереді; құнарлы саздақ топырақ 85-100 л , құнарсыз құмдақ топырақта 160-200 л деін өзгереді.[5]
