- •Жаратылыстану және математика факультеті Информатика кафедрасы «Интернетте программалау»
- •2. Пән туралы мәлімет
- •3. «Интернетте программалау» пәнінің жұмыс бағдарламасы– (sillabus)
- •4. Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі, Интернет желісіндегі Web-сайт адрестері
- •«Интернетте программалу» пәнінен тапсырмаларды орындау және тапсыру графигі
- •6. Мәтіндік оқу құралы, авторлық дәрістер
- •Тақырыбы: html тілінің тізім құру тэгтері Туре атрибутының мумкін мәндері.
- •Тақырыбы: Гипермәтіндік сілтемелер
- •Тақырыбы: Кестенің негізгі атрибуттары
- •Бұл мәтін экранға шығады Құжаттың функционалдық бөліктерін анықтау.
- •Тәг атрибуттары.
- •Html командалары.
- •Түсініктемелер.
- •М әтін фрагменттерін логикалық стильмен безендіру
- •Html тілінде тізімдер жасау тәгтері
- •Туре атрибутының мумкін мәндері және олардың нөмірленуі
- •Сырғымалы жолдарды ұйымдастыру
- •Бұл үшінші сырғымалы жол
- •7. Электрондық оқу құралдары
- •8. Практикалық (семинар) сабақтарының жоспары және әдістемелік нұсқаулар
- •Тақырыбы: Сырғымалы жолдар
- •“Ауысу аяқталды” сөзі мәтінде ешқандай белгілеусіз жазылады. Енді pr1.Htm файлында анкерге көшуді анықтау керек:
- •Анкерге ауысуды pr2.Htm құжатының ішінде де орындауға болады, ол үшін құжат ішіне фрагмент қосу жеткілікті:
- •1.Html – құжатқа суреттер қосу
- •Сырғымалы жолдарды ұйымдастыру
- •Width – экрандағы «сырғымалы жолдың» енін пиксель арқылы анықтайтын бүтін сан, оны пайызбен де (%) көрсетуге болады.
- •Бұл бірінші сырғымалы жол
- •Құжат ішінде мәтінді орнгаластыру.
- •Нөмірленбеген тізімдер
- • Ержан
- •1.Қабатталған тізімдер
- •Кестелер тұрғызу
- •«Әкімшілік және оқытушылар» кестесін құру
- •«Тәлімгер» кестесін құру
- •9. Соөж сабақтарға әдістемелік нұсқаулар
- •Тақырыбы: Гипермәтіндік сілтемелер
- •Тақырыбы: Сырғымалы жолдарды құру
- •Тапсырма: Сырғымалы жолдарды құру
- •11. Реферат, курстық жұмыс, жоба, презентациялардың деректер қоймасы
- •12. Бақылау және жеке жұмысты жазуға техникалық талаптар
- •1. Бақылау жұмысын, титульдық бетін жұмыс құрылымын безендіру
Сырғымалы жолдарды ұйымдастыру
<MARQUEE>және </ MARQUEE > тәгтері броузер терезесінде жолдың бір шетінен екінші шетіне жылжып отыратын “сырғымалы жол” жасайды және оның мынадай параметрлері болады:
<MARQUEE[ALIGN=”direction’] [BEHAVIOR=’behavior”] [BGCOLOR=#rrggbb]
[DIRECTION-“direction”] [HEIGHT=”integer”] [HSPACE=’’ integer’’]
[LOOP=”integer’’] [SCROLLAMOUNT=’’ integer’’][SCROLLDELLAY=’’ integer’’]
[VSPACE=’’ integer’’] [WIDTH=’’ integer’’] >Кез келген мәтін </ MARQUEE >
Осылардың бірсыпыраларының мағыналары мен жазылу түрі төмендегідей болып келеді.
ALIGN - “сырғымалы” мәтінді жолдың жоғары шетіне, ортасына немесе төменгі шетіне туралап орналастыру параметрін береді және ол мына мәндердің (сөздердің) біреуін қабылдайды:TOP, MIDDLE, BOTTOM.
BGCOLOR -“сырғымалы жолдың” фон түсін анықтайды, он алтылық RGB форматында немесе ағылшынша белгілі бір түс аты беріледі.
DIRECTION - жолдық жылжу, яғни сырғу бағытын анықтайды, оның мүмкін мәндері:LEFT (солға), RIGHT (оңға) және оның мәні көрсетілмеген жағдайда, келісім бойынша LEFT мәні автоматты түрде іске қосылады.
HEIGHT - “сырғымалы жолдың” биіктігін пиксель (нүктелер) арқылы анықтайтын бүтін сан, оны пайызбен де (%) көрсетуге болады.
LOOP - “сырғымалы жолдардың” қайталану санын анықтайтын бүтін сан, INFINITE (шексіздік) мәнін қабылдауы мүмкін.
SCROLLAMOUNT - жылжудың бір қадамында мәтіннің қанша пиксельге жылжитынын анықтайтын бүтін сан.
SCROLLDELLAY – екі сырғудың арасындағы интервальды миллисекундпен көрететін бүтін сан.
Width – экрандағы «сырғымалы жолдың» енін пиксель арқылы анықтайтын бүтін сан, оны пайызбен де (%) көрсетуге болады.
Енді келесі мысалды Блокнотта теріп, 3-1 мысал.htm атымен сақтап, оның нәтижесін Internet Explorer программасында көріп шығу керек:
<HTML> <HEAD> <TITLE> 3-1 мысал </TITLE></HEAD>
<BODY text=red>
<CENTER>
<H2>Сырғымалы жолдар </H2> <HR>
<H3> <MARQUEE BGCOLOR=”yellow”> DIRECTION=”RIGHT”
SCROLLAMOUNT= “10” SCROLLDELLAY=”200” WIDTH=”90%”>
Бұл бірінші сырғымалы жол
</ MARQUEE >
<P> < MARQUEE BGCOLOR=”Green” DIRECTION=”LEFT”
HEIGHT=30 SCROLLAMOUNT= “10” SCROLLDELLAY=”100” WIDTH=”90%”>
Бұл екінші сырғымалы жол </ MARQUEE > </H3> <HR>
</CENTER> </BODY>
</HTML>
№ 10 – лабораториялық жұмыс
Құжат ішінде мәтінді орнгаластыру.
HTML тілі мәтін абзацтарының сыртқы пішімін толық анықтауға мүмкіндік береді. Абзац элементтерін үлкейтуге, кішірейтуге, қалыңдатып немесе қисайтып, астын сызып жазуға, тізім түрінде белгілеуге болады. енді тізімдержасайтын мүмкіндітердің бірсыпырасын қарастырайық. Жалпы тізім элементтері арнайы, тәгтермен қоршалып, экранға шығарылғанда олардың сол жақтарында тізім белгілері орналасады.
Нөмірленбеген тізімдер
<UL> және </UL>(unordered list –реттелмеген тізім) тәгтері арасында орналасқан мәтіндер нөмірленбей, бірақ белгіленіп жазылған тізімдер ретінде қарастырылады. Мұнда тізімнің әрбір жаңа элементін<L1>(list-тізім) белгісінен бастап жазу қажет. Мысалы, экранда жасыл түсті әріптермен терілген мынадай тізім жасау үшін:
Сәуле;
Мақса;
Данияр;
Ержан
төмендегідей түрде HTML тілі мәтінін Блокнотта теріп, Internet Explorer-де көріп шығу керек:
<HTML> <HEAD> <TITLE>3-2 мысал </ TITLE > </ HEAD >
<BODY text=green>
<H2 ALGIN= CENTER> Белгіленген тізім жолдары </H2> <HR>
<UL>
<LI> Сәуле;
<LI> Мақсат;
<LI> Данияр;
<LI> Ержан
</UL>
<HR>
</BODY>
</HTML>
<LI> белгісі үшін жабылу тәгінің жазылмайтын байқаған боларсыздар. <DL> және</DL> тәгтері арқылы жазылатын анықтау тізімдері
Анықтау тізімдері алдыңғылардан аздап өзгешелеу болып келеді. Мұнда <LI> тәгі орнына <DT> (definition term –анықталған термин) және <DD>( definition definition- анықтаманың анықтамасы ) белгілері жазылады. Осыларды мысал ретінде қарастырып, программа мәтінен үзінді келтірейік:
<HTML> <HEAD> <TITLE>3-4 мысал </ TITLE > </ HEAD >
<BODY text=green>
<H3 ALGIN= CENTER>Анықтау тізімдері </H3>
<DL>
<DT> HTML
<DD> HTML (HyperText Markup Language) термині – «гипермәтіндік белгілеу тілі» деген сөз. Оның алғашқы нұсқасын Европадағы элементтер бөліктер физикасы лабораториясының қызметкері Тим-Бернерс-Ли жасап шығарған болатын.
<DT> HTML құжаты
<DD> Тіркеу аты *.htm (Unix жүйелеріндегі файлдарда*.html) болып келген мәтіндік файл.
</DL> </BODY> </HTML>
Осы программа жұмысы нәтижесінде экранға мынадай мәлімет шығады.
HTML
HTML (HyperText Markup Language) термині – «гипермәтіндік белгілеу тілі» деген сөз. Оның алғашқы нұсқасын Европадағы элементар бөліктер физикасы лабораториясының қызметкері Тим Бернерс-Ли жасп шығарған болатын.
HTML құжаты
Тіркеу аты *.htm (Unix жүйелеріндегі *.html) болып келген мәтіндік файл.
<LI> тәгі сияқты <DT> және <DD> тәгтерінің жабылмай, жалғыз жазылатына назар салыңыздар:
Егер терминдер анықтамасы қысқаша түсіндірілеін болса, онда <DL COMPACT> белгісін пайдалануға болады. Мысалы, төмендегідей үзіндіні қарастырайық:
<HTML> <HEAD> <TITLE>3-5 мысал </ TITLE > </ HEAD >
<BODY text=green> <HR> <><H3 ALGIN= CENTER> Қысқаша анықтамалар </H3>
<DL COMPACT>
<DТ> АБАЙ
<DD> ХІХ ғасырдағы қазақ ақыны, әрі ағартушысы
<DТ> Құрманғазы
<DD> ХІХ ғасырдағы қазақ сазгері, атақты күйші
<DТ> Махамбет
<DD> ХVІІ ғасырдағы қазақ ақыны, әрі батыры- жыр семсері
</DL> </BODY> </HTML>
Бұл программа экранға мынадай мәтін шығарады:
А
БАЙ
ХІХ
ғасырдағы
қазақ
ақыны,
әрі
ағартушысы
Құрманғазы ХІХ ғасырдағы қазақ сазгері, атақты күйші
Махамбет ХVІІ ғасырдағы қазақ ақыны, әрі батыры- жыр семсері
</html>
№ 11 – лабораториялық жұмыс
