Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Dokument_Microsoft_Word.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
187.32 Кб
Скачать

2.Қазақстандағы орта тап

Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғалы трансформациялық процестер қоғамдағы саяси, экономикалық, әлеуметтік және өзге де қатынастарды жаңа арнаға салуда. Мұндай сапалық өзгерістердің қазақстандық қоғамдағы түрлі таптар, әлеуметтік топтар мен қабаттардың түбегейлі мүдделерімен тоқайласатын тұстары көп: меншік қатынастары мен еңбекті ұйымдастырудың нарықтық жолға түсуі, әлеуметтік қабатқа жіктелуде жаңа элементтердің туындауы жән тағы басқалар. Қоғамдағы осындай түбегейлі әлеуметтік-экономикалық процестердің бірі – Қазақстан халқының экономикалық жағынан белсенді әрі анағұрлым басым бөлігі ретінде орнығатын орта таптың қалыптасуымен байланысты.

Орта тап- біздің қоғамымыз қандай күй кешіп отырғандығын айқындауға қабілетті: өйткені, орта тап қоғамдағы белгілі бір әлеуметтік қабат қана емес, саяси-әлеуметтік және басқа да тұрақтылықтарға арқау болып, қоғамды ұйыстыратын мәйек секілді. Бұл тұрғыдағы көзқарастар мен айтылатын пікірлер сан-алуан. Қазақстандағы орта тап туралы пікірталас оның қоғамда орнығуына игі ықпал ететін саяси, әлеуметтік-эккономикалық жіне құқықтық негіз жасау жолдарын іздестіруден гөрі қандай әлеуметтік топтың батыстық мағынадағы орта тапқа жататындығын анықтауға көбірек келеді.

«Орта тап» ұғымның өзі ағылшынның - middle class деген тиісті жылдық табысы бар жән өздерінің жұмыс күшін сата отырып, тиімді жалдана алатын адамдар тобын білдіретін сөзінің тікелей аудармасы. Бізде орта тапты анықтауда, көбінесе, халықтың табыс деңгейі басты көрсеткіш ретінде алынады.Әрине табыс маңызды әлеуметтік құндылық. Бірақ бізде он жылдан астам уақыт бұрын әлеуметтік құндылыққа адамның білім деңгейі жататын. Сондықтан да іс жүзінде өтпелі кезең осы екі құндылықты қатар есепке алуымен ерекшеленуі тиіс.

Қазақстандық социологтар елдегі орта таптың үлесін 65 пайыздан бастап 20 пайызға дейінгі аралықта қарастырады. Мамандар осы аралықтағы меженің бірін орта тап көрсеткіші деп анықтау үшін өзінің әртүрлі критерийлерін ұсынып келеді. Олардың қайсысы қоғамның объективті көрінісі екендігін дөп басып айту оңай емес. Бірақ осы есептеулердің өзінің бір заңдылығы бар екен. «Damu» маркетингтік және социологиялық зерттеулер агенттігінің директоры Тимур Айсауытовтың пікірінше, «Қазақстанда орта тапты бағалаудың критерийлерін анықтау ісінде қос стандарт қалыптасқан: біріншісі – ресми биліктің мүддесін көздейді; екіншісі – оған балама болатын нұсқа. Яғни, біздің орта тапқа қатысты зерттеуіміз де осы екі стандарттардың ара қатынасына құралады. ОРТА ТАП КӨРСЕТКІШІ РЕСМИ ЕСЕП БОЙЫНША Президент Нұрсұлтан Назарбаев 2003 жылы «Файнэншл Таймс» газетіне берген бір сұхбатында орта тапқа ерекше ден қойғандығын былайша сипаттапты: «Біз қазір жоғарыда 10-15 пайыз байлар, төменде, мүмкін, 10-15 пайыз кедейлер, мына жерінде (ортасы) орта тап (60-70 пайыз) болатын қоғам құрғымыз келе ді».

1 Диаграмма.

Ресми стандарт президент Назарбаевтың жоғарыда айтып өткен жоспарындағы көрсеткіштерді дәлме-дәл қайталайды (1 диаграмманы қараңыз). Социолог Тимур Айсауытовтың айтуынша, Қазақстанда ресми стандарт бойынша орта тап мынадай критериймен анықталады: тамақ, киім-кешек, жеке меншік үй немесе пәтер, көлік, сондай-ақ білім дәрежесі, медициналық қызмет. Яғни, ресми стандартқа сай келетін орта таптың осы қажеттіліктерді кез-келген уақытта шешуге мүмкіндігі бар болуы керек. Айсауытовтың есептеуі бойынша, Қазақстанда осындай қажеттілікті өтей алатын бір

Қазақстандық өлшем бойынша айлық табысы бір адамға шаққанда 1000 доллардың шамасындағылар орта таптан жоғары тапқа қарай аяқ басушылар болып есептеледі.

адамның айлық табысы 500 доллардан кем болмауы тиіс. Егер сіз отбасын асырап отырсаңыз, онда сіздің айлық табысыңыз отбасының әрбір мүшесіне бөлінгенде, әрқайсысына кем дегенде 500 доллардан жетуі тиіс деген сөз. Қазақстандық өлшем бойынша айлық табысы бір адамға шаққанда 1000 доллардың шамасындағылар орта таптан жоғары тапқа қарай аяқ басушылар болып есептеледі екен. Мысалы, үш баласы бар отбасының жиынтық айлық табысы 5000 доллардан кем болмауы тиіс. Социологтың айтуынша, мұндай айлық табыстың негізінде құралған орта тап тұрғындардың басқа да көптеген қажеттіліктерін шеше алмайды. Өйткені, оның тапқан табысының ауқымды бөлігі тамақ пен тұрмысқа қажетті ұзақ мерзімдік тауарларға жұмсалады – шамамен 75 пайыз (2 диаграмманы қараңыз).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]