Жетінші апта
№7 дәрістің тақырыбы: Тірек –қимыл аппараты бұзылған балалар
Дәріс мазмұны:
Тірек-қимыл аппараты бұзылыстарының түрлері
Тірек-қимыл аппараты бұзылыстарының болу себептері
Терминдер мен анықтамалар: тірек-қимыл аппараты бұзылысы, балалардың церебральдық параличі (БЦП).
Балаларда туа біткен және жүре келе пайда болған аурулардың 5-7% тірек-қимыл аппаратының бұзылулары құрайды. Аталмыш зақымдар туа біте және тіршілік барысында жүре бара пайда болуы мүмкін. Тірек-қимыл жүйесі ауруларының келесі түрлерін белгіленеді:
1) жүйке жүйесінің аурулары: балалардың церебралды параличі (БЦП), полиомиелит ауруы.
2) тірек-қимыл аппаратының туғаннан бұзылу патологиясы: туа біте жамбас сүйектерінің шығып кетуі, мойын омыртқаларының қисайып кетуі, буын сүйектерінің басқа да деформациялары, арқа омыртқа дамуының кемістіктері (сколиоздар), қол сүйектері дамуының кемістіктері, артрогрипоз (туғаннан кемістік).
3) жүре – бара пайда болған тірек-қимыл аппаратының зақымдануы: жұлын, бас ми және аяқ-қолдардың жарақаттан бұзылуы, полиартрит, қаңқа аурулары (өкпе құрт ауруы, қаңқа ісіктері, остеомиелит), қаңқа ауруының жүйелілігі (хондродистрофия, рахит).
Кейінгі жылдары балалардың церебральдық параличі (сал болуы) (БЦП) жүйке жүйесінің көп таралған ауруларының бірі болып табылады. Орта есеппен 1000 жаңа туған нәрестенің 6-да аталмыш аурудың көріністері байқалады. «Церебральдық паралич» деген термин пренатальды, интранатальды және ерте постнатальды кезеңдерде мидың жетілмеуі немесе зақымдануы нәтижесінде пайда болған біршама синдромдардың тобын біріктіреді. Мұндай жағдайда көбінесе мидың «жас» бөлімдері – ерікті қозғалыстарды, сөйлеуді сонымен қатар басқада қызметтерді реттейтін үлкен жарты шарлар зақымданады. БЦП көріністеріне жататындар: түрлі қозғалтқыш ауытқуы, психикалық бұзылулар және тіл мүкістіктері.
13-ОЖСӨЖ тақырыбы: Тірек –қимыл аппараты бұзылған оқыту және тәрбиелеу
Тапсырмалар:
Тірек –қимыл аппараты бұзылған оқыту және тәрбиелеу
Әлеуметтік бейімделу бағыттары
СӨЖ тапсырмалары:
БЦП кезінде сөйлеудің бұзылуы
№7 практикалық сабақтың тақырыбы: Күрделі ақаулық құрылымы бар балалар
Практикалық сабақтың мазмұны:
Күрделі ақаулық құрылымы туралы түсінік
Күрделі бұзылыстағы ақаулық құрылымының топтары
Күрделі ақаулық құрылымы бар балаларды оқыту және тәрбиелеу
14-ОЖСӨЖ тақырыбы: Күрделі ақаулық құрылымы бар балаларға көмек ету
Тапсырмалар:
Күрделі ақаулық құрылымы бар балаларға көмек ету жолдары
Күрделі ақаулығы бар балаларды арнайы оқыту әдістері
СӨЖ тапсырмалары:
Күрделі ақаулық құрылымы бар балаларға көмек ету жұмыстары
Әдебиеттер
Негізгі:
Выготский Л.С. Собрание сочинений в 6-ти томах, М., 1983.
Специальная педагогика /Под. ред Н.М.Назаровой, М.- 2000.
Лапшин В.А., Пузанов Б.П. Основы дефектологии, М.- 1990.
Муханбетчина А.Г. Дефектология негіздері, Орал: 2014. – 98 б.
Қосымша:
Настольная книга педагога-дефектолога /Т.Б.Епифанцева, Феникс, 2006.
Дефектология: словарь – справочник. /Под ред. Б.П. Пузанова, М., 1996.
