Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Деф и лог 1-8 апта.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
44.12 Кб
Скачать

Үшінші апта

3 дәрістің тақырыбы: Ақаулығы бар балалар

Дәріс мазмұны:

«Ақаулық» туралы ұғым.

Ақаулығы бар балалардың даму ерекшеліктері.

Терминдер мен анықтамалар: кемістік, кеміс балалар, ақаулық, ауытқушылық

Қазіргі таңда қоғамымызда ақаулығы бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу және түзету, оларды қоғамдық өмірге және еңбекке араластыру бұл күрделі болып танылған әлеуметтік және педагогикалық мәселе болып отыр.

Кеміс балалар немесе аномалды балалар тобына психикасы мен дене бітімінде түрліше ауытқулары бар және жалпы дамуы бұзылған балалар жатады. Кеміс балалар - күрделі және әртүрлі мінезді топқа жатады. Егерде кейбір кемістіктер толығымен жойылса, басқалары тек жартылай түзетіледі, ал кейбіреуі тек компенсацияланады, яғни жартылай өтеледі. Аномалия - гректің «anomalio» сөзінен шыққан, қазақша баламасы «ауытқу» дегенді білдіреді. Бұл қалыпты жағдайдан ауытқу деп аталады. Аномалия - балалар арасында жиі кездеседі. Оған есту, көру, сөйлеу жүйесінің бұзылысы және ақыл-ой мешеулігі секілді кемістіктер жатады. Аномалия - туа және жүра бара пайда болады. Ақаулығы бар балалардың психо-физикалық жағынан бұзылып келуі, олардың жалпы дамуына өз әсерін тигізеді. Мұндай балалар тобы арнайы оқыту мен тәрбиелеу және түзету жұмысын қажет етеді. Ақаулығы бар балалардың негізгі категорияларына жататындар: естуі бұзылған балалар (керең немесе саңырау, нашар еститін, кеш естімей қалғандар); көруі бұзылған балалар (соқыр, мүлде көрмейтін, нашар көретін); сөйлеу тілі бұзылған; интеллект нмесе ақыл-ой сезімінің дамуы бұзылған (ақыл-ойы кеміс және психикалық дамуы тежелген) балалар; психикасы мен дене бітімінің дамуы комплексті түрде бұзылған (соқыр мылқаулар, естімейтін, көрмейтін, ақыл-ойы жетілмеген, естімейтін, ақыл-ойы жетілмеген және т.б.); тірек-қимыл аппаратының қызметі бұзылған балалар; психопатиялық түрде мінез-құлығы бұзылған балалар жатады.

Мүмкіндігі шектелген балалар күрделі және әртүрлі сипаттағы бұзылыстармен сипатталады. Мұндай балалар тобы оқу танымдық, еңбек іс-әрекеттерінде және әлеуметтік байланыстарда ерекшеленіп байқалады. Әрбір бұзылыстың өзіндік сипаттамасы мен ерекшелігіне қарай балалардың дамуы барысында оқыту мен тәрбиелеу жұмысының жүйелі жүргізілуі нәтижесінде ғана түзелуі мүмкін, ал кейбіреулерінде бұл үдеріс ұзақ уақытты қамтуы ықтимал. Бұл мүмкіндігі шектелген балаларға көмек ету, оларға көмек беру барысында ғана іске асырылады. Ақаулығы бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу ісімен педагогикалық, медициналық, психологиялық және әлеуметтік салалар бірлесе отырып түзету, тәрбиелеу жұмыстарын жүргізу барысында көмек беру және оларды қолдау арқылы ғана жүзеге асырылады.

5-ОЖСӨЖ тақырыбы: Ақаулығы бар балалар категорияларына жалпы сипаттама

Тапсырмалар:

Ақаулығы бар балалар категорияларына жалпы сипаттама

Ақаулықтың болу себептері, даму сипаты

СӨЖ тапсырмалары:

Физикалық және сенсорлы бұзылыстар

3 практикалық сабақтың тақырыбы: Дефектологияның педагогикалық категориялары

Практикалық сабақтың мазмұны:

Дамудың алғашқы және туынды кемістігі.

Дефектологияның педагогикалық категориялары.

6-ОЖСӨЖ тақырыбы: Л.С.Выготский: «Жақын даму аймағы»

Тапсырмалар:

Л.С.Выготский: «Жақын даму аймағы»

Дамуында бұзылуы бар балаларды зерттеу

СӨЖ тапсырмалары:

Дамуында бұзылуы бар балаларды зерттеу әдістері

Әдебиеттер

Негізгі:

  1. Выготский Л.С. Собрание сочинений в 6-ти томах, М., 1983.

  2. Специальная педагогика /Под. ред Н.М.Назаровой, М.- 2000.

  3. Лапшин В.А., Пузанов Б.П. Основы дефектологии, М.- 1990.

  4. Муханбетчина А.Г. Дефектология негіздері, Орал: 2014. – 98 б.

Қосымша:

  1. Настольная книга педагога-дефектолога /Т.Б.Епифанцева, Феникс, 2006.

  2. Дефектология: словарь – справочник. / Под ред. Б.П. Пузанова, М., 1996.