Дефектология және логопедия негіздері
Пән туралы мәліметтер
Мақсаты: Студенттерге дамуында ерекше психоденелік ақаулықтары бар негізгі категориядағы балалардың ерекшеліктері, қажеттіліктері, оларды оқыту мен тәрбиелеу және түзету жұмыстарының мазмұны жөнінде білім беру.
Курстың міндеті: ғылымның бір саласы дефектология жөнінде оның тарихы, қазіргі жағдайы және дамуы бағыты туралы түсінік беру;мүмкіндігі шектелген негізгі топ балаларына психологиялық сипаттама беру; білім беру жүйесіндегі әртүрлі типтегі арнаулы мекемелердегі оқыту мазмұнын, принциптерін, формалары мен әдістерін ашу; ерекше қажеттілікті қажет ететін тұлғаларды байланысты оқыту моделін ашу; мүмкіндігі шектелген тұлғалар мен балаларды әлеуметтік еңбек ортасына бейімдеу жолдарын көрсету; қажетті кәсіби және жеке тұлғалық сапаларын қалыптастыру. студенттерді ғылыми көзқрасқа тәрбиелеу; мүмкіндігі шектелген балаларды оқытуда және олардың нәтижесіне жетуде студенттердің болашаққа сеніммен қарау көзқарасына тәрбиелеу; психологиялық – педагогикалық тапсырмаларды шешуде теориялық білімдерін қолдана білу іскерліктерін қалыптастыру.
Пререквизиттер: «Педагогика», «Арнайы педагогика», «Арнайы психология» курстары.
Постреквизиттер: Бұл пәнді оқу барысында студенттер төмендегідей біліктіліктер мен дағдыларды меңгеруі тиіс: дефектология және логопедия пәні бойынша ұғымдар мен анықтамалардың мәнін түсіну; арнайы оқытудың мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруды қамтамасыз ететін әдістерін қолдана білу; оқу курсы бойынша кәсіби мәдениеттің негіздерін игере білу; тұлғаның кәсіби-педагогикалық-психологиялық іс-әрекеттерде іскерлік, дағдыларды өз бетімен жүзеге асыру.
3.Студенттерге қойылатын талаптар: Курс соңында студенттер педагогика ғылымының даму тарихы, жүйесі, басқа ғылымдармен байланысы, методологиялық негіздерін, педагогикалық процесстің мәнін, заңдылықтарын, кезеңдерін, ҚР “Білім туралы” және т.б. заңдарын, тұлға дамуының факторларын, оның дамуының жас және жеке ерекшеліктерін, тәрбие заңдылықтарын, принциптерін, тәрбиенің отандық және шетелдік үлгілерін, тәрбиенің әдіс-тәсілдерін, ұжымдық тәрбие негіздерін, тәрбие түрлерін, отбасы тәрбиесінің негіздерін меңгеріп шығуы тиіс.
Сабаққа қатысу: Студент сабаққа қатысуға міндетті. Қалдырылған сабақтар пәннің оқу-әдістемелік кешенінде көрсетілгендей толық көлемде орындалу қажет. Пәннің 3/1 себепсіз қалдырса, курстан шығарылады.
Аудиториядағы тәртіп: Студент сабаққа кешікпеу, сабақ уақытында сөйлеспеу, газет оқымау, ұялы телефоның сөндіру, оқу үрдісіне белсенді қатысуы қажет.
Үй тапсырмасы: Үй тапсырмасы міндетті түреде көрсетілген мерзімде орындалуы қажет. Үй тапсырмалары негізінде қорытынды баға шығарылады.
Жеке тапсырмалар: Семестрлік жеке тапсырмалар міндетті болып табылады. Олар реферат (баяндама, хабарлама т.б.) ретінде орындалып, қорғалады. Бұл тапсырмалардың әрқайсысы бағаланып, қорытынды баға шығарылады.
Бақылау жұмысы: Бақылау жұмысы сабақ уақытында орындалып, тапсырылады. Студенттердің білімін бақылау негізінен тест тапсырмаларын орындату арқылы тексеріледі.
Пікірлесу: Пікірлесу әр топта кесте бойынша жүзеге асады. Студенттердің білімін бақылау тест тапсырмаларын орындату арқылы жүргізіледі.
