Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
9сынып жауаптар 2017 с изм.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
270.85 Кб
Скачать

5 Билет. (1) сұрақ. «Павлодар қаласындағы мұражайлар» туралы әңгімелеңіз.

Г. Н. Потанин атындағытарихи-өлкетану мұражайы.

Павлодар облыстық тарихи-өлкетану мұражайы 1942 жылы құрылған. 1959 жылы оған – Г.Н.Потанин есімі берілді. Мұражайдың негізін өлкетанушы, фотограф Дмитрий Поликарпович Багаев қалаған. Мұражай экспозициясы өлкеміздің тарихы мен мәдениетін ашатын 8 залдан тұрады. 

Майра Шамсутдинова атындағы ән шығармашылық үйі.

Майра Шамсутдинованың мұражайы Григорий Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетанулық мұражайының филиалы болып табылады. Мұражай 2001 жылы 30 қаңтард аашылды.

Мұражай екі залдан тұрады. Бірінші экспозициялық зал келушілерд іөткен ғасырдың 20-жылдарының танымал әншісі мен сазгері МайраУәлиқызы Шамсутдинованың өмірі мен шығармашылығымен таныстырады. 

БұхарЖырау атындағы әдебиет пен өнер мұражайы.

БұхарЖырауатындағы әдебиет пен өнер мұражайы 1992 жылы ашылды. Мұражай экспозициясы сегіз залдаорналасқан.

Павлодар облыстық көркемөнер мұражайы.

Павлодар облыстық көркемөнер мұражайы 1964 жылы ашылды. Бұл Қазақстанда құрылған екінші көркемөнер мұражайы. Бұған дейін осындай мұражай тек Алматы қаласында жұмыс істеген.

1979 жылы мұражай жаңа ғимаратқа көшіп, бүгінгі күнге дейін сонда орналасқан. Павлодар облыстық көркемөнер мұражайы көркемсурет, графика, мүсін, сәндік- қолданбалы өнер туындыларының ерекше қорын жинаған. Мұражай қорларында 5500 астам экспонаттар бар. 

(2) сұрақ. Ана тілі, сөз өнері туралы мақал – мәтелдер айтып беріңіз.

1. Ана сүті – бой өсіреді,

Ана тілі – ой өсіреді.

2. Ананың сүті – тәтті,

Баланың тілі – тәтті.

3. Құр судан май шықпайды,

Құр сөзден мән шықпайды.

4. Жақсының сөзі ақыл шақырады,

Жаманның сөзі ашу щақырады.

5. Ер жігіттің екі сөйлегені - өлгені,

Емен ағаштың иілгені – сынғаны.

6. Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ.

7. Бал тамған тілден, у тамар.

(3) сұрақ. Синоним. Антоним. Омоним.

Айтылуы әртүрлі, бірақ мағынасы жақын сөздерді синонимдер дейміз. Мысалы: әдемі, сұлу, көркем, ажарлы; оқушы, шәкірт; мұғалім, ұстаз.

Қарама – қарсы мәндес сөздерді антоним дейміз. Мысалы: ақ – қара; күн – түн; ұзын – қысқа; туды - өлді; ақылды – ақымақ; келді – кетті; жақсы – жаман.

Дыбысталуы бірдей, бірақ мағыналары әртүрлі сөздерді омоним дейміз. Мысалы: Жаз айлары: маусым, шілде, тамыз. Сен ағаңа хат жаз. Анам дүкеннен алма сатып әкелді. Сен сабақта нашар баға алма.

6 Билет. (1) сұрақ. «Қара шаңырақ» туралы әңгімелеңіз.

Қазақта «Шаңырақ» сөзі «отбасы» деген мағынаны білдіреді. Отбасы — адам өмірінің негізгі кезеңдерін бастан кешіретін ең кіші әлеуметтік топ.

Қара шаңырақ, отбасы — адам баласының алтын діңгегі. Қазақ шаңырағында әуелі әке, сосын ана осы отбасының ұстазы болмақ. Ата-анасы отбасында имандылыққа тәрбиелесе, ол бала тіл алғыш, адал, үлкен-кішіге қамқор болып өседі.Адамгершілік қасиет отбасы мүшелерінің бірін-бірі сыйлауынан, қадірлеуінен, әсіресе, баланың қартайған әке-шешелеріне қамқор болуынан көрінеді.

Қазақ халқы шаңырақты қасиетті санап, аса қатты қадірлеген.

Әдетте, үйдің дәл ортасында күннің жердегі бейнесі іспетті ошақ орналастырылады. Ошақ — әлемнің орталық кіндігі сияқты. Ошақтың дәл үстінде күн символы шаңырақ, оның үстінде аспандағы күн тұрады.

(2) сұрақ. Ұлттық тағамдар туралы диалог құрастырыңдар.

- Қазақ халқының қандай ұлттық тағамдарын білесің?

- Қазақ халқының бесбармақ, қазы-қарта, бауырсақ сияқты ұлттық тағамдарын білемін.

- Дастарханның басты асы не?

- Дастарханның басты асы – нан.

- Еттен қандай тағамдар әзірленеді?

- Еттен қуырдақ, бесбармақ, тұшпара, палау тағы басқа тағам әзірленеді.

- Бауырсақ, таба нанды неден пісіреді?

- Бауырсақ, таба нанды ұннан пісіреді.

- Ораза кезінде міндетті түрде қандай тағамды дастарханға қояды?

- Ораза кезінде дастарханға бауырсақ, шелпек қояды.

- Емге пайдалы қандай сусын?

- Емге пайдалы қымыз сусыны, ол бие сүтінен ашытылады.

- Еріген қойдың майын халқымыз не үшін пайдаланады?

- Келін түскенде отқа май құю салты бар және суық тигенде емге пайдаланады.

- Наурыз мерекесінде міндетті түрде қандай мерекелік тағам дайындалады?

- Наурыз мерекесінде міндетті түрде наурыз көже дайындалады.

- Сүттен қандай тағам әзірлеуге болады?

- Сүттен ірімшік, сүзбе, сірне, айран, май, қоспа тағамдарын әзірлеуге болады.

- Сеніңше, жаңа талғаммен мейрамхана дастарханына қандай ұлттық тағам қояр едің?

- Меніңше, мейрамхана дастарханына бесбармақ, орама нан, бәліш қояр едім.

- Сенің анаң қандай ұлттық тағамды әзірлеуді дәстүрге айналдырған?

- Менің анам бесбармақ, тұшпара сияқты тағам әзірлеуді дәстүрге айналдырған.

(3) сұрақ. Оқшау сөздер

Оқшау сөздер - сөйлем құрамындағы басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түспейтін сөздер мен сөздер тіркесі. Оқшау сөздер сөйлем мүшесі болмайды, сөйлемде ойды нақтылай түсіп, басқа сөздермен мағыналық қарым-қатынаста болады. 

Оқшау сөздерге қаратпа, қыстырма, одағай сөздер жатады.

Сөйлеуші тыңдаушының назарын өзіне аудару үшін қаратпа сөздерді қолданады. Мысалы, Тыңда, дала, Жамбылды!

Қыстырмалар күмәнділікті, сенетіндікті, өкінішті, ренішті, сондай-ақ ойдың кімнің тарапынан екендігін білдіру үшін қолданылады.

Мысалы, Өзің білесің, мен қазақ баласына жалынып жорғалап көргем жоқ-ты (М. Ә.)

Одағайлар кісінің сезімін, көңіл-күйін білдіру қажет болғанда қолданылады. Мысалы, Япыр-ай, ғажап екен бұнысы! - деді Балқаш. Уа, Қалиса жеңгей, аманбысың! (С. М.)

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]