- •9 Сынып билет жауаптары.
- •1 Билет. (1) сұрақ.«Қазақстан – егеменді ел» тақырыбы бойынша әңгімелеңіз.
- •2 Билет. (1) сұрақ. Әбілхан Қастеев
- •3 Билет. (1) сұрақ. «Қазақ тілі – мемлекеттік тіл» тақырыбы бойынша әңгімелеңіз.
- •4 Билет. (1) сұрақ. Ахмет Байтұрсынов туралы әңгімелеңіз.
- •5 Билет. (1) сұрақ. «Павлодар қаласындағы мұражайлар» туралы әңгімелеңіз.
- •6 Билет. (1) сұрақ. «Қара шаңырақ» туралы әңгімелеңіз.
- •7 Билет. (1) сұрақ. «Алтын адам» туралы әңгімелеңіз.
- •8 Билет. (1) сұрақ. «Қазақстан аймақтары» тақырыбы бойынша әңгімелеңіз.
- •9 Билет. (1) сұрақ. Тіл туралы Заңының кейбір баптарын өзің түсінгеніңше айт.
- •10 Билет. (1) сұрақ. Кереку өңірінің белгілі адамдары.
- •12 Билет. (1) сұрақ. «Радио. Теледидар» туралы әңгімелеп беріңіз.
- •13 Билет. (1) сұрақ. Қаныш Имантайұлы Сәтбаев туралы әңгімелеңіз.
- •14 Билет. (1) сұрақ. Қазақ халқының салт – дәстүрлері туралы әңгімелеңіз.
- •15 Билет. (1) сұрақ. Астана туралы айтып беріңіз.
- •16 Билет. (1) сұрақ. Абай Құнанбайұлы туралы әңгімелеп беріңіз.
- •17 Билет. (1) сұрақ. «Бейнелеу өнерінің тарихы» туралы әңгімелеңіз.
- •19 Билет. (1) сұрақ. «Алтын ұям - мектебім» туралы айтып беріңіз.
- •20 Билет. (1) сұрақ. Шоқан Уалиханов туралы әңгімелеңіз.
- •21 Билет. (1) сұрақ. « экспо – 2017» туралы әңгімелеңіз.
- •23 Билет. (1) сұрақ. Мұзафар Әлімбаев туралы әңгімелеңіз.
- •24 Билет. (1) сұрақ. Павлодар облысы туралы әңгімелеп беріңіз.
- •25 Билет. (1) сұрақ. Сұлтанмахмұт Торайғыров туралы әңгімелеңіз.
9 Сынып билет жауаптары.
1 Билет. (1) сұрақ.«Қазақстан – егеменді ел» тақырыбы бойынша әңгімелеңіз.
Менің Отаным – Қазақстан. Бұл ел Еуразияның орталығында орналасқан. Бұл – еркін адамдар елі.
Қазақстан – таңғаларлық әдемі жер. Мұнда ұлы Іле Алатауы, Ертіс. Сырдария, Амудария өзендері және шетсіз – шексіз дала жатыр...
Қазақстан - әртүрлі халық өкілдері бейбіт тұрып жатқан ел.
Еліміздің ұлан – байтақ даласында есепсіз байлық бар, бұл – сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктер, пайдалы қазбалар.
Біздің Қазақстанда Азия мен Еуропаның қалаларынан қалмайтын Астана, Алматы және Павлодар сияқты көрікті қалалар бар.
Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны – Қазақстан Республикасы. 1991 жылы 16 жел-тоқсан күні Қазақстан тәуелсіз Республика болып жарияланды. 1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстанның Елбасы – Президентінің сайлауы болды. Тұңғыш Президент болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.
1992 жылы 4 маусымда Қ.Р. рәміздері қабылданды. 1993 жылы 15 қарашада ұлттық теңгеміз айналымға енді. 1995 жылы 30 тамызда Қ.Р. Ата Заңы қабылданды. Мен Қазақстанды өте жақсы көремін.
(2) сұрақ.«Киіз үй» тақырыбына диалог құрастырыңыз.
- Киіз үй кімдердің баспанасы болған ?
- Киіз үй қазақ халқының баспанасы болған.
- Неліктен оны халықтар кеңінен пайдаланған ?
- Көшіп қонғанда тез жиып, шапшаң тігуге ыңғайлы болғандықтан, оны халқымыз кеңінен пайдаланған.
- Киіз үй нешінші ғасырда пайда болған ?
- Киіз үй VII ғасырда пайда болған.
- Үйдің шаңырағын кім көтерген ?
- Үйдің шаңырағын үй иесі көтерген.
- Киіз үй қандай бөліктерден тұрады ?
- Уық, кереге, шаңырақ, түндік т. б. бөліктерден тұрады.
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінде киіз үйдің қандай бөлігі көрсетілген ?
- Қ.Р. мемлекеттік рәміздерінде шаңырақ, уық бейнеленген.
- Оның мәні неде ? Ол нені білдіреді ?
- Оның мәні көп ұлтты халықтың бір шаңырақ астында тату- тәтті өмір сүруін білдіреді.
- Киіз үйдің ішіне қандай жиһаздар қойылады ?
- Киіз үйдің ішіне абдыра, абажа, кебеже, жүкаяқ, сырмақ, текемет, алаша, бесік т. б.
- Киіз үй көлеміне қарай қандай түрлерге бөлінеді ?
- Киіз үй көлеміне қарай 4 қанатты, 6 қанатты, 8 қанатты, 12 қанатты болып бірнеше түрге бөлінеді.
- Қазіргі заманда киіз үйге сұраныс бар ма ?
- Қазіргі заманда той- думан, мереке, жиындарда киіз үйге сұраныс бар.
- Қай елдегі тосын жағдайда киіз үйдің пайдасын білдік ?
- 1986 жылы желтоқсанда Арменияда болған тосын жағдайда киіз үйдің пайдасын білдік.
(3) сұрақ.Сөйлем. Сөйлем түрлері.
Сөйлем тиянақты бір ойды білдіреді. Сөйлемнің белгілі бір интонациясы болады. Бір ғана ойды білдіріп, бір ғана интонациямен айтылатын сөйлем, жай сөйлем деп аталады.
Жай сөйлем.
Бір сөзден екі сөзден көп сөзден
Көктем. Көктем келді. Көктем ерте келді.
Дүйсенбі. Бүгін – дүйсенбі. Бүгін кезекті дүйсенбі.
2 Билет. (1) сұрақ. Әбілхан Қастеев
Әбілхан Қастеев (1904 —1973 жж.) — қазақтың әйгілі график-суретші, бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі.
Мәскеудегі көркемсурет студияcында Н.Г.Хлудов пен И.Бродскийден сабақ алды (1929-1936).
Әбілхан қолөнерге, одан соң суретшілік өнерге жастайынан бейім болған. Оның 1930-1931 жылдары салған "Қарындастың портреті", "Автопортрет" атты туындылары тұпнұсқаға ұқсастығымен және кейіпкер болмысын ашуға деген талпынысымен ерекшеленеді.
Әбілхан — туған жердің әсем табиғатын, оның дидарындағы адам қолының жасампаз өзгерістерін зор шабытпен бедерлей алған суреткер. Оның "Биік таулы мұз айдын" (1954), "Гүл ашқан алма" (1958), "Менің Отаным" (1959), "Жайлаудағы авто-дүкен" (1963), "Қапшағай ГЭС-і" (1972) сияқты полотнолары эпикалық қарымымен, шыншылдығымен назар аудартады.
Әбілхан Қастеев суретші ретінде өзіндік дара қолтаңбасымен ғана ерекшеленіп қоймай, туған жері мен өскен елін перзенттік махаббатпен жырлай алған біртуар суреткер.
(2) сұрақ. Туыстық атаулар бойынша диалог құрастырыңыз.
- Туыстық атаулар деген не?
- Ол адамның жақын – туыстарының атаулары.
- Ерлі – зайыпты өмірге ұрпақ әкелген адамдар, балаға кім болады?
- Ерлі – зайыпты өмірге ұрпақ әкелген адамдар, балаға ата – ана, әке – шеше болады.
- Ата – анадан туған ұрпақ кімдер?
- Ата – анадан туған ұрпақ балалар.
- Әке – шешеңнің әкесі саған кім болады?
- Әке – шешемнің әкесі маған ата болады.
- Ер жігіттің неше жұрты болады?
- Ер жігіттің үш жұрты бар, олар: өзжұрты, нағашы жұрты және қайын жұрты.
- Баласының баласы атасына кім болады?
- Баласының баласы атасына немере болады.
- Немереден туған бала кім?
- Немереден туған бала шөбере.
- Қыздың баласы атасына кім болады?
- Қыздың баласы атасына жиен болады.
- Балаға анасының төркіні кім болады?
- Балаға анасының төркіні нағашы болады.
- «Жеті атаға» байланысты қандай мақал – мәтелдер білесің?
- Жеті атасын білген ер, жеті жұрттың қамын жер. Жеті атасын білмеген жетесіз.
- Сен өзіңнің жеті атаңды білесің бе?
(3) сұрақ. Іс қағаздары. Өтініш жазыңыз.
Жеке адам өміріне байланысты: өмірбаян, түйіндеме, өтініш т,б.
Азаматтық қарым-қатынасты реттейтін іс-қағаздар: анықтама, бұйрық, кепілдік хат, сенімхат, нұсқау, түсініктеме, хаттама, шағым т.б.
Өтініш жазу.
Павлодар қаласы №26 ЖОМ
директоры
Н.П.Паршуковаға
9 «А» сынып оқушысы
В. И. Ивановтан
Өтініш
Шахмат ойынынан қалалық олимпиадаға қатысу үшін мені сабақтан 2 күнге босатуыңызды сұраймын.
В. И. Иванов.
15 қыркүйек, 2016ж.
