Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лаборатория каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
552.57 Кб
Скачать

Зетрханалық жұмыстың мақсаты мен міндеті

Зетрханалық жұмыстың мақсаты – эксперименттер арқылы теориялық алған білімді шыңдау және тереңіріек жетілдіру, зертханалық жұмысты жүргізу мен нәтижені талдауды іс жүзінде білу.

Зертханалық жұмыстың міндеті:

  • Заманауи ақпараттық технологияны қолдана отырып эксперименттік зерттеуді жүргізудің әдістемесін меңгеру және тәжірибені жетілдіру;

  • Зертханалық құрал-жабдықтар мен техникалық құралдарды эксплутациялауды меңгеру;

  • Алынған нәтижелерді өңдеу, жұмыс нәтижесін дайындау.

Эксперименттік зерттеу төмендегілерге негізделген: шикізат сипаттамасы, шикізат қоспаларын анықтау, шикізаттың физика-химиялық көрсеткіштері бойынша стандартты зерттеулер жүргізу, сапа көрсеткіштерін бағалау және оларға қойылатын талаптар.

Зетрханалық жұмыс барысында студент азық-түлік өнімдерінің жалпы сапа көрсеткіштерін – ылғалдылығы, қышқылдылығы, тығыздығы және т.б. көрсеткіштерін салыстыра отырып анықтауды меңгереді.

Зетрханалық жұмыстың негізгі бөлігі сүт және сүт консервілеріне арналған. Алынған нәтижелер стандартпен салыстырылып, өнім сапасы туралы қорытынды жасалынады.

Оқу барысында кестелік материалдар, плакаттар және т.б. көркемдік құралдары қолданылады.

Сабаққа дайындалуға байланысты студенттерге ұсыныс

Зертханалық жұмысқа студенттер оқытушыдан жұмысқа кірісу туралы рұқсат алғаннан соң ғана барып кіріседі. Ол үшін студенттер жұмыстың мақсаты мен орындалу реті және құрал- жабдықтар сипаттамасы туралы айтып беруі керек.

Студенттер теориялық бөлімдегі материалдармен сондай-ақ зертханалық мәліметтермен терең танысуы, жұмысты орындауға тиянақты әрі мұхият дайындалуы керек және нормативті-техникалық талаптармен таныс болуы шарт.

Сондай -ақ студент зерттеліп отырған объект құрамы мен сапасын, технологиялық процесстер кезінде болатын биохимиялық және физико-химиялық өзгерістер маңызын, жұмыс мақсатын, жұмысты жүргізу әдістемесі мен принциптерін, сапа көрсеткіштерін анықтаудың реті, құрал-жабдықтар құрылымын білуі керек.

Студенттерге зертханалық жұмыс барысында сұрақтар туындаса оқытушыдан сұрауы тиіс.

Оқытушы студенттен сұрау арқылы оның дайындығын тексереді.

Жұмыс жасауға рұхсат алған студент зетрханалық жұмысты әдістемеге сай орындайды.

Зертханалық жұмыс барысында студенттер техникалық қауіпсіздік ережесін, жеке бас гигиенасын сақтауы шарт.

Жұмыс нәтижесінде алынған барлық мәліметтер жинақталып, дәптерге жазылып оларды кесте түрінде рәсімдеп, зертханалық жұмыс туралы есеп дайындайды.

Келесі сабақта студент оқытушыға жұмыс есебін тапсырады.

Есепте жұмыс мақсаты, құрал жабдықтардың қысқаша түрде сипаттамасы, есептеулер мен алынған мәліметтерді талдау болуы шарт. Әрбір орындалған зертханалық жұмысты студент оқытушыға тапсырып бағасын алады.

Зертханалық жұмыс №1 Сүттің органолептикалық анализі

Жұмыстың мақсаты: ғылыми негізделген дегустациялық анализдің негізгі қабылдауларымен және методологиясымен танысу

Тапсырма

1. Сенсорлық анализбен танысу.

  1. Жасалған жұмысқа есеп беру.