Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекция 2.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
54.69 Кб
Скачать

1.3 Ұнтақты алудың механикалық әдістері

Ұнтақты металлургияда престеу және жентектеу процестерін жүргізу үшін сапалы майдаланған ұнтақтарды қажет етеді. Сондықтан алғашқы қатты материалдарды бөлшектейді, ұсақтайды және майдалайды. Осы әдістердің нәтижесінде физикалық қасиеттері жоғары ұнтақтар алынады. Ұсақтау дегеніміз кез-келген материалдың ішкі ілінісу күшін женетін сыртқы күштер әсер ету жолымен оларды қирату. Үгіту, ұнтақтау немесе үйкелеумен ұсақтау жолдары қатты заттарды ұнтақ тәрізді күйіне айналдыру ең негізгі әдістері болып табылады.

Бастапқы шихта ретінде металдарды кесумен өңдеу кезіндегі пайда болатын қалдықтарды қолдану ең үнемді және тиімді әдіс.

Механикалық әдістерге қатты металды кесіп өңдеу, қатты металды ұсақтап, үгітіп, майдалау, балқытылған орталарды тозаңдату және грануляциялау жатады.

Бастапқы материалдарды ұсақтау үшін (көлемі аса майда емес) жақты, білікті және конусты диірмендер пайданылады. Ұсақтау өнімдерінің өлшемдері 1–10 мм дейінгі аралықта болады және қажетті металл ұнтақтарын өңдеуін қамтамасыз ететін майдалау (ұнтақтау) үшін бастапқы материал болып табылады. Көп жағдайда ұнтақтау процесі үшін бастапқы материал ретінде бұрғылап тесу, фрезерлеу, қайрау және басқа металл өңдеу операциялар кезінде алынатын жонқа (стружки) бастапқы шикіқұрам қызметін атқарады.

2.1 Қатты металды кесумен ұнтақтарды алу

Жоңқалар әртүрлі металдар мен қорытпаларды металдық өңдеудің нәтижесінде алынатын қалдықтар болғандықтан ұнтақтар өндірісінде арзан шикізат ретінде пайдаланылады. Бұл қалдықтар қолданыс мақсатында механикалық әдістермен ұсақталады. Металдан әдейі кесу арқылы ұнтақтарды дайындау үшін жоңқа алу экономикалық жағынан тиімді емес. Бұл кесу әдісі қымбат металдарды (бериллий және т.б.) кесуден басқа әдістермен ұнтақтарға айналдыруға болмайтын жағдайда ғана тиімді болады. Мысалы ретінде магнийді келтіруге болады. Магний тұтқыр металл болғандықтан, диірмендерде немесе ұсатқыштарда оны майда ұнтақтарға айналдыру өте қиын. Осы себептен, магний ұнтағы тұтас магний кесегін болаттан жасалған щеткаларымен кесу (қырнаумен) арқылы алынады.

Осы мақсаттар үшін қолданылатын кескіш аппарат металдан жасалған айналмалы барабан сияқты болады. Барабанның бет қабатында тырнаушы ленталар бекітілген. Барабанның диаметрі 200-мм, айналмалы жылдамдығы -17м/с. Кесекті магний қалыңдығы 40 мм және ені 350 мм плита түрінде арнайы тесіктерден беріледі де, тырнаушы лентаға қысылады. Ұнтақтың ірілігі щеткалардың айналу жылдамдығымен, ондағы тістердің қалыңдығымен, сондай-ақ магний плиткасын беру жылдамдығымен реттеледі. Ұнтақтың ірілігіне байланысты ол машинаның тәуліктік өнімділігі 30-40 кг болады.

Бөлшектеумен, ұсақтаумен, үгілтумен ұнтақтарды алу өз алдына жеке әдіс ретінде немесе ұнтақтарды басқа әдістерімен алуда қосымша операция ретінде пайдаланылады. Мысалы электролиз немесе тотықсыздандыру әдістерімен алынған тұнбаларды майдалау үшін осы әдіс қолданылады.

Ұсақтау процестері бөлшектеуге (ірі, орташа, ұсақ) және ұсақтауға (ұсақ және өте ұсақ) бөлінеді. Осы процестердің нәтижелері 1 кестеде келтірілген.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]