- •Гуманитарлық факультет Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы
- •«Ілиястану» пәнінің
- •Гуманитарлық факультет Казақ тілі мен әдебиеті кафедрасы
- •Бағалау саясаты
- •Курстың білім бағасының жалпы разбаловкасы
- •Бағалаудың критериилері
- •Курс саясаты
- •Күнтізбелік - тақырыптық жоспар
- •Практикалық сабақты жүргізуге арналған әдістемелік нұсқау
- •1. І.Жансүгіровтің «Жетісу суреттері» өлеңіндегі «Жер түгі» бөлімінде аты аталатын ағаштарға анықтама беріңіз, слайд жасаңыз.
- •Ағаштар мен бұталар
- •2. І.Жансүгіровтің «Жетісу суреттері» өлеңіндегі «Жер түгі» бөліміндегі шөп түрлері
- •3. І.Жансүгіровтің «Жетісу суреттері» өлеңіндегі «Жалпы сын», «Жетісуда су суреті» бөлімдері
- •4. І.Жансүгіровтің «Жетісу суреттері» өлеңіндегі «Тау суреті» бөлімі
- •5. І.Жансүгіровтің «Жетісу суреттері» «Жетісу жәндігі» бөлімі
- •Аңдар мен құстар
- •Студенттің өзіндік жұмысын (сөж) орындауға әдістемелік нұсқаулар
- •Менің түйгенім Эссе
- •Осөж орындауға арналған әдістемілік нұсқау
- •Осөж тапсырмаларына материалдар
- •Жер сипаты
- •Салыстырушы
- •Су суретін адам мінезімен салыстыру
- •«Ілиястану» пәні бойынша емтихан сұрақтары
- •«Ілиястану» пәнінен барлық мамандық студенттеріне арналған дифференциальдық сынақ (эссе) тақырыптары
- •Тест тапсырмалары
- •Ілиястану пәні бойынша глоссарий
- •Дәріс № 1. Ілияс Жансүгіровтің шығармашылық өмір жолы
- •Ілиястың пейзаждық лирикасы
- •Ілияс өлеңдерінің көркемдік ерекшеліктері
- •1. «Қолбала», «Мақпал», «Рүстем қырғыны», «Байкал» поэмаларының көркемдік қыры
- •2. «Күй», «Күйші», «Құлагер», «Көбік шашқан», «Исатай» поэмаларындағы көркем кестелер
- •1. Жазушы әңгімелерінің көркемдігі.
- •2. «Жолдастар» романы: шындық және көркемдік шешім.
- •1. «Кек» (1931) пьесасы.
- •2. «Турксиб», «Райхан», «Колхоз тойы», «Мектеп», «Мін де, шап!» пьесаларының тақырыптық ерекшеліктері.
- •3.»Исатай – Махамбет» пьесасының тарихи негізі.
- •1. Ілияс фольклоршылдығының дәстүрлі арналары
- •2. Ілияс жазбаларының жанрлық құрамы
- •1. Ілиястың а.С.Пушкиннің «Евгений Онегин» романын аударуы.
- •2. Лермонтов шығармаларын аударуы.
- •3. Ілияс және аударма.
- •1. Ілияс очерктерінің тақырыптық-мазмұндық қыры.
- •2. Мәдениет тақырыбын көтеруі.
- •Ілияс мақалалары
- •Ілиястың «Құқ» жинағы.
- •Ілиястың «Жол аузында» жинағы.
- •Ілиястың ақындық шеберлігі
- •Ілияс поэзиясы тіліндегі теңеулердің қолданысы
- •Бүгінгі ілиястану мәселелері.
- •Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыздандыруларының картасы
1. І.Жансүгіровтің «Жетісу суреттері» өлеңіндегі «Жер түгі» бөлімінде аты аталатын ағаштарға анықтама беріңіз, слайд жасаңыз.
Ағаш түрлері: қарағай, тал, долана, ұшқат, шетен, ырғай, арша, ақ сасық, қызыл қайың, барша, шынар, шырғанақ, сөңке, терек, сөгет, емен, үйеңкі, шырғай, тораңғы, сары ағаш, қойқарақат, жиде, тобылғы, бауырқұрт, қараған, бозқараған, шеңгел, шілік және т.б.
Жетісу суреттері
Жер түгі
Ағашта өзің білген қарағай, тал,
Жалғыз-ақ неше алуан түрлісі бар.
Долана, ұшқат, шетен, ырғай, арша,
Ақ сасыр, қызыл қайың, барша, шынар.
Шырғанақ, сөңке, терек, сөгет, емен,
Үйеңкі, шырғай, балғын тораңғылар,
Сарыағаш, қойқарақат, жиде, шетен,
Тобылғы, түйеқұйрық, бауырқұрттар;
Қараған, бозқараған, шеңгел, шілік
Сықылды ағаштардың талайы бар.
Биікте бітед шөптен сарыкүйік,
Тістеніп жатыр жұлып малы сүйіп,
Қымызын сарыкүйіктің ішеміз деп,
Албандар қоныстайды құстай биік.
Тауқонақ, шәйшөп, маңқа, құлынембес,
Сүттіген, ендік, мейіз, киізкиік,
Аңшалғын, көкемарал, бетеге, раң,
Жапырақтеңге, бұйра қисық иық,
Балдырған, уқорғасын, атқұлақты
Елік жүр сонысында соны қиып,
Жұлкеуір, бәрпі, шырыш, шытыр.
Сауыны биеемшектің кеп тұр иіп.
Мыңтамыр, жуа, рауаш, жаужапырақ,
Балауса, сорғыш, селдір, ермен, бақбақ,
Сыбызғы, жалбыз, құлмақ, қарақияқ,
Шоқайна, меңдуана, сора, шақпақ,
Ішінде сол қурайдың сұлу солар,
Шырмауық, кендір, қылша, жыланқияқ,
Қанжыға, қоға, сасық, аққой болып
Бөлінед жуалар мен таусарымсақ.
Қымыздық, қызсаумалдық дейтіндерге,
Ат қойған тау елінде сүйіп шын-ақ.
Өріске біткен осы өңкей сүтгің
Ішінде бір сүйкімсіз отыр бір-ақ:
Қалақай қара тарғыл ол айтқаным,
Сүйеді сүйкенгенді шымшып, бұрап.
Өзге жан өмірі оған жоламайды,
Төңбекшіп түйе жесе қалар құлап.
Шалқиды шалғын көлдің қамысындай,
Атқұлақ Тасарықтың тарысындай
Үш қырлы, сұлу сырлы айылқияқ,
Кіндігі қырғыз ерме қамшысындай.
Селтеңдеп сепсе қурай сырға қадап,
Саржағал сәлемдесед танысындай.
Жуалар шайқаңдаған ол бір кербез,
Шалма орап мұсылманның абызындай.
Құс таңдай самал соқса сыбырласад,
Әзілді әйел, ажын-абысындай.
Солармен судырласып ойнайды жел,
Дүрмектің көкпар тартқан шабысындай.
Неше елді аттандырған құтгы қоныс
Әлі тұр әсемдігі таусылмай.
Суретін сөз баяндап жеткізе алмас,
Жерінің Жетісудың бәрі сондай!
1925
Ағаштар мен бұталар
ұшқат ақ сасық шетен ырғай шынар шырғанақ
үйеңкі қараған шілік тобылғы шеңгел қарағай
Ұшқат — ұшқаттар тұқымдасына жататын шырмалған бұта, кейде ағаш. Қазақстанның тау беткейлерінде, кейде шыршалы ормандар арасында, тастақты жерлер мен өзен жағалауларындағы тоғайда өсетін 21 түрі бар. Бұлардың биіктігі 15—200 см. Қазақстанның «Қызылкітабына«енгізілген.
Шетен - биіктігі 10-15 метрдей болатын ағаш. Сұрғылт түсті, жылтыр қабығы бар. Жапырақтары қауырсын тәрізді, кезектесіп орналасқан. Дәрілік мақсатта жаңадан үзілген және кепкен жемістері пайдаланылады. Шетен жемісінің ағзаға дәрумен жетіспегенде, асқазан қышқылы азайғанда емдік қасиеті зор.
Ырғай - раушангүлділер тұқымдасына жататын бұталы өсімдік. Кейбір түрлері Қырым, Кавказ, Батыс Сібір аймақтарына таралған. Ырғай суыққа шыдамды өсімдік. Ең кең таралған түрлері - әдемі ырғай және қара түсті жемісті ырғай.
Үйеңкі - биіктігі 6 метрден аспайды. Баяу өседі. Жапырақтары ақшыл-жасыл, күзге қарай қызыл түске боялатын әдемі ағаш. Түсінің әдемілігі мен жапырақтарының алуан түсті болуы назар аудартпай қоймайды.
