Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
SILLABUS_ILIYaSTANU-2016-2017.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
34.66 Mб
Скачать

1. Ілияс очерктерінің тақырыптық-мазмұндық қыры.

2. Мәдениет тақырыбын көтеруі.

1925-1928 жылдар аралығында Мәскеудегі Журналистика институтында оқуы. Қазақтың ең алғашқы арнаулы жоғары білім алған журналисі екендігі. «Қазақ әдебиетi» газетінің шығуына С. Сейфуллин, Б. Майлин, Ғ. Мүсiреповтермен бірге I. Жансүгiровтің де ұйытқы болуы.

Ілиястың «Тілші», «Еңбекшi қазақ», «Жас алаш», «Сарыарқа», «Ақ жол», «Қазақ әдебиетi» газеттерiнде, «Жетiсу әйелi», «Жас қазақ», «Сана», «Шаншар», «Әдебиет майданы», «Жаршы» журналдарында мақалаларын жариялауы. Мақалаларының тақырыбы, көтерген мәселелері. Көркемдігі. Бүркеніш есімдерінің көптігі (Матай, Ағын, Шолжық, Таңқыбай, Сақа, Құйқалық, Сона, Балгер, Жа-жа, Қаптағай, Салпанқұлақ, Сапалақ, Құлақ, Жетiм бала, Қара бұқара, Тоқай темiр, Қайнар, Құрметшiл). «Жас замандастарға» тырнақалды мақаласы екендігі.

Мектептердегi оқудың барысы мен сапасына арналған «Жетiсуда оқу мәселесi», «Ауылдағы оқытушылар мiндетi», «Жетiсу қазақ институты өмiрi» деген мақалаларында жастардың бiлiм алу жайына назар аударуы. «Ескеретiн жұмыс», «Қазан төңкерiсi һәм қазақ, қырғыз», «Кеңседе жергiлiктi тiлдi жүргiзу» сынды мақалалар жазуы.

Ілияс публицистикасында очерк жанрының басымдылығы. Қым-қуыт кезеңдегі түрлы мәселелерді суреттеген «Шоқпардың шоқтығында», «Жол аузында», «Төменнен толқын», «Қазақ әйелінің өмірінен», «Октябрьдің Октябрі», «Жарыс», «Төменнен толқын», «Қоян құс» «Қазақстан астанасы - Алматы» «Шоқпардың шоқтығында», «Төрт жолдың торабы» және т.б. очерктері.

Ілиястың журналистік қызметі туралы белгілі ғалым, профессор Темірбек Қожакеев: «Ілияс – қазақ совет журналистикасының шоқтығы биік, ірі өкілі, оған алғаш келген жыл құстарының бірі...» - дей келе,- «...өзінің журналистік қызметімен ел жоғын жоқтаушы, ел мұңын мұңдаушы екенін дәлелдеген. Үнемі жұрт атынан сөйлеп, ел мұқтажын тілге тиек етіп отырған».

Ілиястың очеркпен көбірек қалам сілтеген дәуірі - отызыншы жылдар. Осы тұста сөз зергері газет, журнал тапсырмасымен өнеркәсіп орындарынан, колхоз, совхоздардан бірталай очерк берді. 1931-1934 жылдары оның қаламынан «Октябрьдің «Октябрі»«, «Сталин колхозы», «Жарыс», «Төменнен толқын», «Бейсетай бригадасы», «Соқашылар», «Бір күн ішінде», «Қоян-құс» деген очерктер туды. Бұлардың бәрінің түп қазығы -колхоздастыру кезеңіндегі қауырт істер, жаңа совхоз өркендері, ауыл тұрмысына енген жаңалықтар, социалистік жарыс.

I. Жансүгіровтің журналистік мұрасын өрлей өтетін, негізгі пафосын, мазмұн-рухын танытатын 3-4 тақырып бар. Солардың бірі саяси оқиғалы тақырыптар «Қазан төңкерісі һәм қазақ, қырғыз» («Тілші» газеті, 7.11.1923) атты жалғыз мақаласы.

Оқу-ағарту, елдің сауатсыздығын жою, көңіл көзін ашу —екінші тақырып. I.Жансүгіров - ағартушы журналист. Адамшылықтың, тіршіліктің негізі, тұтқасы өнер-білімде екенін, жалпы тіршілік жарысында «мәдениет», «теңдік» деген кембеге бұрын жеткізетін — оқу, оқыту екенін жақсы түсінген, ол тек «Тілші» газетінің өзінде бірнеше материал жариялады. «Жетісуда оқу мәселесі» деген мақаласында елді ағарту проблемаларын батыл қойды. Ескі мектептерді есептен шығаруды, жер кесіп беріп жаңа мектептер салдыруды, жарақсыз, жарамсыз мұғалімдерді босатуды, мектептерді жабдықтауды, ағарту мәселелері туралу үгіт, түсінік жұмыстарын кең жүргізуді, әр мектептің өзіне, жалпы оқу ісіне арнап қор жинауды ұсынды. Шала мұғалімдерге пысықтау курсын ашуды, басқа жердегі үлгілі, үлкен мектептерге оқушылар жіберуді, қырғыз-қазақ институтын аянышты халден шығаруды талап етті. Бұларды Жетісу өкімет орындарының, азаматтарының, жалпы халқының алдында тұрған міндеттер деп қойды.

Журналист Ілиястың асқақ көтере, құлшына жырлаған үшінші тақырыбы — қазақ әйелінің тағдыры. Ол «Тілші» газетіне «Қазақ әйелінің өмірінен» (8.3.1924) арнаулы мақала жазған. Оны қазақ әйеліне арналған гимн десе де болғандай. Мұнда алдымен, «Алып анадан, ат биеден туады». «Қазақ әйелі — қазақ анасы, қазақ бесігі» деп анықтама береді. Мұнан соң қазақ әйелінің парасат, қабілетін былай деп құлшына жырлап кетеді. «Кешегі Алатау жайлап, Арқа күзеп, - Сыр қыстаған заманда, ұшы-қиыры жоқ -бұлттай көшпелі үркінде шаруа ұйтқысы қазақ бәйбішелері болған. Асауға алыптай құрық салып, күш ат ерттеп, лақпа қашағанды бастырып ұстайтын ер жүректі қыздары болған. Халық шаруасына төтен келген жапан даланың жалмауыз, ақсүйек жұттарында арық-тұрақ малды күрек ашып асыраған кесел-кербезсіз шаруа құты келіншектері болған. Бет жалаған аяздарда, борандарда, елдің үркін-қорқын жаугершілік заманында көш жөнекей босанып, жас баласын құндақтап, үсінбей-қабынбай көшіп кете беретін қайратты қатындары болған».

Мәдениет пен өнер саласы − Ілияс Жансүгіровтің газетке сүйіп жазатын тақырыптарының бірі. Оның «Қазақ күйлері жиналсын» атты мақаласы «Еңбекші қазақтың» 1927 жылғы 18 шілде күнгі санында басылған. Келесі «Театр туралы» деген мақаласында («Еңбекші қазақ», 1929ж, 10 сентябрь). Ілияс: Мәдениет саласындағы сүбелі ісіміздің бірі - театр. Театр көрінгеннің ермегі емес, еңбек. Еңбектің көркемі. Театр-көңіл көтерудің ғана орны емес, мәдени ошақ» - деп театрдың кемшілігін қалай жоюды, оның негізгі жоспарының жоқтығын, театр әдебиетінің өте аздығы мен репертуарының ескілігіне қынжылады. Ілиястың «Еңбекші қазақ» газетінде (1931жыл,24-25 январь) жарияланған «Ән, әншілер жайында» мақаласында жаңа ән туу үшін алдымен әнші туатындығын, ел әндерінің үш салаға бөлінетіндігін (ой музыкасы, сөз музыкасы,қимыл музыкасы) айтады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]