Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
SILLABUS_ILIYaSTANU-2016-2017.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
34.66 Mб
Скачать

Дәріс № 1. Ілияс Жансүгіровтің шығармашылық өмір жолы

І лияс Жансүгіров - қазақ әдебиетінің шаң жұқпас жүйрігі, жыр Құлагері, әдебиетіміздің бар саласына үлес қосып, поэма жанрын қол жетпес биікке көтеріп, дәстүр жасаған қайраткер.

Т.Кәкішев

Жоспар

1. Ілиястың шыққан ортасы, алғашқы ақындық қадамы.

2. Шығармашылық өсу жолы мен шыққан биігі.

3. Ілияс-қоғам қайраткері.

4. Ілияс және Фатима

Тірек сөздер: Кіндікқорған, Матай, ақын, журналист.

Иса Байзақов: «Бейімбет – Тобыл өзені, Сәкен – Арқаның асауы, Ілияс – Қоңтажының шыңындағы жартас.»

«XX ғасырдағы қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі, әйгілі ақын, классик, аз өмірі мен шығармашылық жолының қысқа кезеңінде-ақ қазақ халқының рухани алтын қорына қосылған төл шедеврлерін дүниеге әкелген» (М. Әуезов) Ілияс Жансүгіров 1894 жылы 1 мамырда Алматы облысы, Ақсу ауданында дүниеге келген. Көне көздердің айтуына қарағанда, Ілияс туғанда атасы Берсүгір нәрестенің кіндігін биік төбенің басына көмдірген. Момын даланың меңіндей болып топырағы қонырқайлана дараланып тұратын төбешікке «Кіндікқоңыр» деп ат қойып, айдар таққан Жансүгірдің өзі. Айналасынан биік тұрған Кіндікқорған шоқысының төбесінде ертеде Ілиястың әкесі Жансүгір ақсақалдармен мәжіліс құрған.

Ілияс жастайынан әке тәрбиесінде болады. Әке өнері Ілиясқа көп әсер етеді. Ол сауатын әкесі арқылы ашады. Жансүгірдің бірінші әйелі ерте дүние салған. Одан Бимағзұм туады. Екінші әйелі Көкіштен Рахия, Рахима, Ілияс туады. Көкіш - әжептәуір әнші болған адам. Ол кісі Ілиястың төрт жасында дүние салып, ол кейінгі өгей шешесі Бибінің қолында өседі. Бұдан Қызырбек туады. Ілиястың бала кезінен ұғымтал, зерек болып өсіп келе жатқанына қуанған атасы Берсүгір оны ерекше жақсы көріп, «қоңырым» дейді екен.

Жансүгір Мекке барып, қажы атанбаса да қадіммен қара суды теріс ағызар білігі бар, сол кездің дәрежесімен салыстырғанда сауатты, бармағынан бал тамған өнерлі жан екен. Темірден тебен соғып, ағаштан өрнек шапқан, етік тігіп, тон пішкен зергер болыпты. Бұған саятшы, салдығын қосып алғанда Жансүгірдің қалың елдің қадірлісі болғанын көреміз. Ілияқа көп үміт артқан. Дін кітаптары мен басқа ел ақындарының жырлары, айтыстары мен көне ауыз әдебиет үлгілері құйма құлақ ұғымтал Ілиястың қанбай жұтар кәусарына айналады.

Дәріс № 2. Ілияс Жансүгіровтің лирикалық туындылары

Жоспар

  1. Ілиястың пейзаждық лирикасы

  2. Ілияс өлеңдерінің көркемдік ерекшеліктері

Қазақ поэзиясындағы Абай дәстүрін ілгері дамыта отырып, табиғат көріністерін айшықтайтын «Күзгi гүлге», «Ынтықтар», «Бiздiң жазда», «Жаз-құдаша», «Таң», «Боранда», «Ақшам», «Бұлт», «Жазғы таң», «Жазғытұрым», «Жазғы шiлде», «Күз», «Қыс», «Тас», «Жауында», «Көктемде», «Желдi күн», «Күнгей», «Түн», «Жауын», «Жел», «Көлге» атты өлеңдер жазуы.

Туған жерді асқақта өлең өрнегіне айналдырып, «Ағынды менің Ақсуым», «Жетісу суреттері», «Мұңды құс», «Ішім еріп», «Кім десем», «Жайлау», «Желді қарағай», «Мезгіл суреттері», «Бәйшешекпен безенген» «Көш-жөнекей» атты туындыларын дүниеге әкелуі.

Саяси-әлеуметтік лирикалары: «Не күйде?», «Ел шетінде, жау бетінде», «Жас жалшыға», «Оқимын», «Заман» және т.б.

Сын-сықақ өлеңдері: «Тапанша», «Елге шыққанда...ов не айтады?», «Бейсенбек болыс», «Ала бие», «Боранбай не ойлап оқып жүр», «Ықшылбай», «Саудагер тамашасы», «Ит-ай», «Жарқынбай, Беркінбай», «Шал мен келіні», «Ақын мен Мақым», «Некешілдер», «Өк, көк өгіз», «Өлген молданың өсиеті» және т.б.

Ақын өлеңдерінің өнер тақырыбына арналуы: «Әнші апама», «Әншіге», «Жанды сөз», «Бұлбұлға», «Тұңғыш тоғысу», «Домбыра» (1929), «Домбыра» (1930), «Домбыра» (1936), «Күйге», «Күй»т.б.

Жастарға арналған өлеңдері: «Сәлемдеме», «Замандасқа», «Жас бұлбұлдарға», «Жалпы жасқа», «Жастар ұраны» және т.б.

Социалистік құрылысты жырлаған өлеңдері: «Баспаханада қыр қазағы», «Кедей тойы», «Ұлы күн», «Қырман», «Октябрь күні», «Орақ науқаны», «Ұштасқан үш тілек», «Отарба», «Бүгінгі дала», «Алтын қазан», т.б. «Мәскеу - Қазақстан», «Кавказ», «Ресей жері», т.б. өлеңдері арқылы басқа ұлт өкілдерін татулыққа, достыққа, ауызбірлікке үндеуі. Күншығыс халықтарының саяси-әлеуметтік санасының оянуын суреттейтін «Гималай» өлеңін жазуы.

Махаббат лирикалары: «Игілік», «Қосылыс», «П-ға», «Апырым-ай, жан қысылды-ау», «жетерміз бе тілекке», «Сүйгендіктен мен сені», «Бақыттымын», «Сүйегімді босатқан...».

Көңіл-күй лирикалары: «Арман», «Көңілдің жүгірісі», «Бір соқыр баланың арманы», «Жүдеу жүрек», «Ұмытсын көңілім ұмытсын» ,т.б.

Философиялық өлеңдері: «Маңым», «Шым-шытырық», «Жаңылғаным», «Талғамалар», «Алыс-беріс», «Ғұрыптар», «Бөлек-салақ ойдан», «Сұрау», «Толғау».

Этнографиялық өлеңдері: «Қазақ үйдің тұрмысы», «Ескі күн», «Беташар», «Сабын», «Саптыаяқ», «Көші-қон», «Бөбек бөлеу», «Ұршық» және т.б.

Дәріс № 3. Ілияс Жансүгіров поэмалары

Жоспары:

1. Ақынның табылмай отырған поэмалары

2. «Қолбала», «Мақпал», «Рүстем қырғыны», «Байкал» поэмалары

3. «Күй», «Күйші», «Құлагер», «Көбік шашқан», «Исатай» поэмалары

4. «Дала», «Жаңа туған», «Мәйек», «Жорық», «Кәнпеске», «Кеңес» поэмалары.

Қазақ поэзиясында поэма жанрын қалыптастырудағы еңбегі.

Баспаға әзірлеп үлгермеген, қолжазба күйінде қалған және жоғалып, бізге жетпеген немесе кезінде жарияланып, қазіргі таңда табылмай отырған поэмаларының ерекшеліктері. «Мақпал», «Исатай», «Көбік шашқан», «Байкал», «Рүстем қырғыны», «Мұз қала», «Құсбегінің айналасында», «Қуат» атты поэмаларының қолжазба күйінде қалуы.

Жетісу өңіріндегі тарихи деректер негізінде дүниеге келген «Рүстем қырғыны» (1926) поэмасы, бас кейіпкер Рүстем төре бейнесінің реалистік сипаты. «Мақпал» (1927) поэмасы. Поэмадағы тарихи оқиғалар мен кейіпкерлер жүйесі.

1928 жылы Қазақстанда ірі байлардың мал-мүліктерінің тәркіленіп, жер аударылғандығы оқиғасына арнап бір топ өлеңін және «Кәнпеске» атты поэмасын жазып, 1928 жылы «Еңбекші қазақ» газетінде жариялауы.

Ақынның «Мәйек» (1931) поэмасында техникамен қаруланған, үлкен өнерге құлаш сермеген ауыл өміріндегі жаңалық пен адам санасындағы өзгеріс жайының әңгімеленуі. Жаңарған ауылдың ұйымдасқан күші мен қуанышқа бөлеген еңбегінің суреттелуі. Поэманың «Мәйек» деп аталуының символдық мәні.

Кеңестік тақырыпқа жазылған «Бақытты Жамал» поэмасы (1930). Поэмада ақынның тең құқыққа ие болып, ерлермен қатар күресіп жатқан қазақ әйелдерінің жарқын бейнесін жасау арқылы социалистік құрылыстың белсенді қайраткері, еңбекші азамат - әйел образын әдебиетке әкелуі.

Қазақстанның он жылдығына арналып жазылған қазақ халқы тарихын «ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» оқиғасынан бастап, Қазан төңкерісінің жеңісіне дейінгі кезеңдерге шолу жасаған «Дала» (1930) поэмасын жазуы. Поэмада оқиғаның өн бойына араласып отыратын, оқиғаларды жанды көрсететін тарих шал мен халықты негізгі кейіпкер етіп алуы, кешегі заман мен бүгінгі өмірді салыстыра суреттеуі. Эпикалық құлашы кең поэмадағы тарихи шындықтың баяндалуы. Поэманың қазақтың ежелгі толғау, жыр үлгісіндегі дәстүрдің негізінде тууы. Поэманың сол кезде орыс (Зоя Кедрина) және өзбек (Ұйғын) тілдеріне аударылуы.

Кеңес өкіметінің қазақ халқының өлігінің үстіне тұрғызылғанын астарлап жеткізген «Мұз қала» поэмасы.

«Қуат» (1932) поэмасы, социалистік индустрияның өркендетілуі, бүкілодақтық электр қуатының ордасы Днепрогэс алыбы, кеңес адамдарының күрес жолы сөз болуы.

«Жаңа туған» (1934) поэмасында «Еңбекші талап» колхозы өмірінің шынайы бейнеленуі.

Солтүстік Мұзды мұхитты зерттеуші челюскиншілер жорығын, олардың ерлігі мен батырлығын арқау еткен «Жорық» поэмасын (1935) жазуы. Поэманың публицистикалық сипаты.

ХІХ ғасырдың бірінші жартысында Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалысының жетекшісі Кенесары хан мен оның немере қарындасы Қарашаштың Жетісу жеріне келуі, жорықтары және еркіндік пен құлдық, махаббат пен азғындық, өмір мен өлім, пәни тіршілік пен мәңгілік өнер арасындағы күрес тақырыбында жазылған «Күйші» поэмасы (1935). Он жеті тараудан тұратын «Күйші» поэмасын ақынның бауыры жазылып, еркін көсіліп, заулай шырқаған, шашасына шаң жұқтырмай тұрған кезінде дүниеге әкелуі. «Күй» (1929), «Күйші» поэмаларында күй құдіретін, өнердің эстетикалық мәнін, сыры мен сипатын шабытпен өрнектеуі. Қобызшы Молықбай образы («Күй»), күйші үйсін жігіті мен Қарашаш бейнелері («Күйші»).

Қазақ халқының аяулы ұлы, әділетсіз заманда жапа шеккен, трагедиялы өмір кешкен Ақан сері өмірін суреттейтін «Құлагер» поэмасы-Ілияс шығармашылығының биік шыңы екендігі. Поэмада тарихи шындық пен көркемдік шындықтың диалектикалық бірлікте сипатталуы. Шығармадағы халықтың тұрмысынан, салт-санасынан ойылып алынған этнографиялық суреттер. Жалған дүниенің қулық-сұмдығынан безініп, жалғыз өмір сүрген Ақанның трагедиялық өмірі. Поэманың көркемдігі, ерекше бітім-болмысы.Поэмаға жаңаша көзқарас.

Ангара мен Енисейдің махаббаты жайлы аңыз желісіне құрылған «Байкал» поэмасын (1937) дүниеге әкелуі.

«Кеңес» (1937) поэмасында «Кеңес» колхозы адамдарының бақытты тұрмысын баяндауы.

1934 жылы Қазақ ССР Халық Ағарту Комиссариатының жолдамасымен Исатай – Махамбет көтерілісі және фольклор үлгілерін жинау мақсатында Еділ-Жайық бойында іссапарда болуы. Ел аузынан материалдар жинап, «Көбік шашқан» және «Исатай» (1937) поэмаларын жазуы.

Ілиястың қазақ әдебиетіндегі поэма жанрының дамуына қосқан үлесі. Поэмаларына жаңаша көзқарастың олардың көркемдік-мазмұндық ерекшеліктеріне қатысты өрістері.

Дәріс № 4. Ілияс Жансүгіров поэмаларының поэтикасы

Жоспары:

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]