- •Гуманитарлық факультет Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы
- •«Ілиястану» пәнінің
- •Гуманитарлық факультет Казақ тілі мен әдебиеті кафедрасы
- •Бағалау саясаты
- •Курстың білім бағасының жалпы разбаловкасы
- •Бағалаудың критериилері
- •Курс саясаты
- •Күнтізбелік - тақырыптық жоспар
- •Практикалық сабақты жүргізуге арналған әдістемелік нұсқау
- •1. І.Жансүгіровтің «Жетісу суреттері» өлеңіндегі «Жер түгі» бөлімінде аты аталатын ағаштарға анықтама беріңіз, слайд жасаңыз.
- •Ағаштар мен бұталар
- •2. І.Жансүгіровтің «Жетісу суреттері» өлеңіндегі «Жер түгі» бөліміндегі шөп түрлері
- •3. І.Жансүгіровтің «Жетісу суреттері» өлеңіндегі «Жалпы сын», «Жетісуда су суреті» бөлімдері
- •4. І.Жансүгіровтің «Жетісу суреттері» өлеңіндегі «Тау суреті» бөлімі
- •5. І.Жансүгіровтің «Жетісу суреттері» «Жетісу жәндігі» бөлімі
- •Аңдар мен құстар
- •Студенттің өзіндік жұмысын (сөж) орындауға әдістемелік нұсқаулар
- •Менің түйгенім Эссе
- •Осөж орындауға арналған әдістемілік нұсқау
- •Осөж тапсырмаларына материалдар
- •Жер сипаты
- •Салыстырушы
- •Су суретін адам мінезімен салыстыру
- •«Ілиястану» пәні бойынша емтихан сұрақтары
- •«Ілиястану» пәнінен барлық мамандық студенттеріне арналған дифференциальдық сынақ (эссе) тақырыптары
- •Тест тапсырмалары
- •Ілиястану пәні бойынша глоссарий
- •Дәріс № 1. Ілияс Жансүгіровтің шығармашылық өмір жолы
- •Ілиястың пейзаждық лирикасы
- •Ілияс өлеңдерінің көркемдік ерекшеліктері
- •1. «Қолбала», «Мақпал», «Рүстем қырғыны», «Байкал» поэмаларының көркемдік қыры
- •2. «Күй», «Күйші», «Құлагер», «Көбік шашқан», «Исатай» поэмаларындағы көркем кестелер
- •1. Жазушы әңгімелерінің көркемдігі.
- •2. «Жолдастар» романы: шындық және көркемдік шешім.
- •1. «Кек» (1931) пьесасы.
- •2. «Турксиб», «Райхан», «Колхоз тойы», «Мектеп», «Мін де, шап!» пьесаларының тақырыптық ерекшеліктері.
- •3.»Исатай – Махамбет» пьесасының тарихи негізі.
- •1. Ілияс фольклоршылдығының дәстүрлі арналары
- •2. Ілияс жазбаларының жанрлық құрамы
- •1. Ілиястың а.С.Пушкиннің «Евгений Онегин» романын аударуы.
- •2. Лермонтов шығармаларын аударуы.
- •3. Ілияс және аударма.
- •1. Ілияс очерктерінің тақырыптық-мазмұндық қыры.
- •2. Мәдениет тақырыбын көтеруі.
- •Ілияс мақалалары
- •Ілиястың «Құқ» жинағы.
- •Ілиястың «Жол аузында» жинағы.
- •Ілиястың ақындық шеберлігі
- •Ілияс поэзиясы тіліндегі теңеулердің қолданысы
- •Бүгінгі ілиястану мәселелері.
- •Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыздандыруларының картасы
Осөж орындауға арналған әдістемілік нұсқау
ОСӨЖ - оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттің өздік жұмысы. ОСӨЖ аудиториялық сабақ есебінде бекітілген кесте бойынша жүргізілуге тиіс.
«Ілиястану» пәні бойынша студенттің оқытушымен бірлесе отырып орындайтын өздік жұмысы (ОСӨЖ) дәріс және іс-тәжірибелік сабақтарда қамтылған ауқымды тақырыптардың кейбір тұстарын қарастыратын, теориялық білімді меңгерту сабақтарында қарастырылмаған мәселелер негізінде ізденіс жұмыстарын жүргізуге баулитын жұмыс түрі.
Жұмыстың бұл түрінің басты мақсаты – студенттерді арнайы жоспарланған тақырыптар бойынша ғылыми-ізденіс жұмыстарын орындай отырып, теориялық білімдерін тереңдетуге, өз беттерімен ізденіс жұмыстарын жүргізе білуге баулу.
Қазіргі жағдайда, адамға қажет білімнің көлемі күрт өсуіне байланысты білімді тек қана мәліметтер жиынтығы деп түсіну мүмкін емес. Студенттердің өздігімен білім алу икемін игеруіне, ғылыми және саяси мәліметті өздігімен түсінуіне ықпал жасаған абзал.
ОСӨЖ – дің жұмыс тақырыбы, орындалу формасы тақырыптық жоспарда көрсетіледі.
Жұмыс жоспарын құрастыру және оны пайдалану барысында мына міндеттер ескерілуі тиіс:
Алынған тақырыптың өзектілігі және студенттің іздену мүмкіндігіне сай келуі.
Студенттің өз бетімен орындайтын ізденіс жұмысы нәтижелі болу үшін қажетті әдебиеттермен қамтамасыз ету.
Жеке және ұжымдық түрде жүргізілетін жұмыс түрлерін жоспарлау.
Әр тақырыптың өзіндік ерекшелігіне сәйкес жұмыстың жүргізілу әдіс-тәсілдерін (тренингтер, дискуссия, пікір-сайыс т.с.с.), жұмыс түрлерін белгілеу.
Қажетіне қарай үлестірмелі материалдар даярлау.
Студенттердің білімдерін бағалауды жүзеге асырудың тиімді жолдарын дұрыс таңдап алу.
Тақырып бойынша жұмыс істеуге қажетті әдебиеттерді іріктеу, тапсырмалар мен сұрақтар беру.
Берілген тапсырма бойынша орындауға қиындық туғызатын тапсырмаларға қатысты оқытушы көмегіне жүгіну
ОСӨЖ-дің негізгі мақсаты - өз бетімен ізденіс жұмыстарын жүргізуге баулу, жұмыстың бұл түрі нәтижелі болу үшін ОСӨЖ бағдарламасын құрастыру барысында жоғарыда көрсетілген мәселелер толық қамтылуы тиіс.
Осындай жұмыстар студенттердің тарихи-әдеби курстарды ойдағыдай қабылдауына және игеруіне өте қажет.
Осөж тапсырмаларына материалдар
ОСӨЖ 1. Фатима Ғабитова жайлы сөз.
1. Соқтықпалы, соқпақсыз жылдар шежіресі (Фатима Ғабитованың
ғұмырбаяны ізімен...)
2. Фатима - Ілияс Жансүгіров шығармаларын жинаушы,
жариялаушы, зерттеуші.
3. Жүректен ескен жұпар самал (Ілиястың ғашықтық жырлары).
Тапсырма: Ұсынылған тақырыптардың біріне талдау жұмысын жүргізу, презентация дайындау.
Ұсынылатын әдебиеттер: Жансүгіров І. 10 томдық шығ. жинағы. 7 том. Алматы, «Қазығұрт» баспасы. 2004ж., Ғабитова Ф. Өртеңде өнген гүл – Алматы: Атамұра, 1998ж., Аңызға бергісіз ғұмыр. Естеліктер жинағы. // Құраст.: Кыяхметова Ш.А. Талдықорған, 2015ж., Ілиястану. Оқу құралы. // Авторлары: Т.Сыдықов, М. Иманғазинов, Ш.Кыяхметова, Қ.Сарбасова, Д.Аңсабаев, Г.Сырлыбаева. Талдықорған: ЖМУ баспасы, 2012ж.-519б., Фатима. // Құраст.: Мұрат Әуезов. Алматы, 2010ж. ,Иманғазинов М. Ару әйелдің жан сыры немесе Фатима Ғабитованың «Алыптар тағдыры» атты кітабына арналған ой-пікір.// «Жас Алаш» газеті. 1998 жыл, 12қаңтар., Бисұлтанұлы Б. Мен асқан бақыттымын. «Октябрь туы» газеті, 1990 жыл, 27 сәуір., Әуезов М. Өмірдің өзі мейірімнен тұрады. // «Айқын» 29 желтоқсан, 2012ж., Жансүгіров С. Мәңгі жүрегімде. // «Жерұйық» газеті, 1993 жыл, 21 желтоқсан., Ғабитова Ф. Алыптар тағдыры, 1995ж., 114-б., Иманғазинов М. Махаббатқа табыну. // «Жас Алаш», 1992 жыл, 1-7 қаңтар., Жансүгіров І. Мен – осы шынайы махаббат иесі. Алматы.- Айан. 2002ж.
ОСӨЖ 2. Ілияс өлеңдері негізінде талдау жұмысын жүргізу.
Тапсырма: Ұсынылған тақырыптардың біріне талдау жұмысын жүргізу, презентация дайындау.
Ілияс лирикаларындағы туған жер табиғатының суреттелуі.
Ілиястың «Екі құзғын құда болса алғанынан танысар, артынан жанын алысар» деген тағлымды өлең жолдары негізінде адами мінездің суреттелуі.
3. I.Жансүгiров поэзиясында ел мен жер мәселесiнiң жырлануы.
Ауылым-алтын бесігім (І.Жансүгіров шығармалары негізінде )
«Өнерге ұмтыл, өнерді біл замандас...» (І.Жансүгіров шығармалары негізінде )
«Мен осы шынайы махаббат иесі...» (І.Жансүгіров шығармалары негізінде )
«Ұйықтап жатқан көңілді өлең түртер...» (І.Жансүгіров шығармалары негізінде )
«Қадірлі, бағасы алтын анам тілі...» (І.Жансүгіров өлеңдері негізінде )
«Бір соқыр баланың арманы» өлеңі негізінде эссе жазу.
Ұсынылатын әдебиеттер: Жансүгіров І. 10 томдық шығ. жинағы. 1 том. Алматы, «Қазығұрт» баспасы. 2004ж., Дүйсенов М. Ілияс Жансүгіров – Алматы: Ғылым, 2005ж., Әбдiрахманова Т. Ақын сыры – Алматы: Жазушы, 1995ж., Сыдықов Т. Ілияс Жансүгіров және дәстүр жалғастығы. Алматы. 2011ж., Ілиястану. Оқу құралы. // Авторлары: Т.Сыдықов, М. Иманғазинов, Ш.Кыяхметова, Қ.Сарбасова, Д.Аңсабаев, Г.Сырлыбаева. Талдықорған: ЖМУ баспасы, 2012ж.-519б.
ОСӨЖ 3. Ілияс Жансүгіровтің «Күйші» поэмасындағы сезімдер арпалысы (Қарашаш пен күйші бейнесі).
Тапсырма: Драмалық көрініс дайындау.
Ұсынылатын әдебиеттер: Жансүгіров І. 10 томдық шығ. жинағы. 3 том. Алматы, «Қазығұрт» баспасы. 2004ж., Сыдықов Т. Ілияс Жансүгіров және дәстүр жалғастығы. Алматы. 2011ж., Ілиястану. Оқу құралы. // Авторлары: Т.Сыдықов, М. Иманғазинов, Ш.Кыяхметова, Қ.Сарбасова, Д.Аңсабаев, Г.Сырлыбаева. Талдықорған: ЖМУ баспасы, 2012ж.-519б.
ОСӨЖ 4. Ілияс Жансүгіровтің жарияланбаған поэмалары жайлы зерттеу жұмысын жүргізу.
1. «Мұз қала» поэмасы
2. «Бақытты Жамал» поэмасы
3. «Қуат» поэмасы
Тапсырма: 1.Жоғарыдағы үш поэма туралы деректер жинау.
2.«Қолбала» поэмасына сюжеттік-композициялық талдау жасау. Кейіпкерлеріне сипаттама беру.
Ұсынылатын әдебиеттер: Жансүгіров І. 10 томдық шығ. жинағы. 3 том. Алматы, «Қазығұрт» баспасы. 2004ж., Сыдықов Т. Ілияс Жансүгіров және дәстүр жалғастығы. Алматы. 2011ж., Ілиястану. Оқу құралы. // Авторлары: Т.Сыдықов, М. Иманғазинов, Ш.Кыяхметова, Қ.Сарбасова, Д.Аңсабаев, Г.Сырлыбаева. Талдықорған: ЖМУ баспасы, 2012ж.-519б., Дария кеуде, тау мүсін. Мақалалар жинағы. Құраст.: Кыяхметова Ш.А., Ілияс тағылымы. Мақалалар жинағы. Құраст.: Кыяхметова Ш.А.
ОСӨЖ 5. Ілияс Жансүгіровтің «Жолдастар» романы мен «Бадырақ» романы:сюжеттік-композициялық ұқсастықтар.
1. Мырзабек Дүйсенов Ілияс прозасы жайлы.
2. Мұрат Иманғазинов Ілияс прозасы жайлы.
3. Тоқтасын Сүгірбеков Ілияс прозасы жайлы.
Тапсырма: Жоғарыдағы адамдардың Ілияс Жансүгіровтің «Жолдастар» мен «Бадырақ» романы жайлы пікірлерін конспектілеу, өзіндік ғылыми тұжырым жасау.
Ұсынылатын әдебиеттер: Жансүгіров І. 10 томдық шығ. жинағы. Алматы, «Қазығұрт» баспасы. 2004ж., Сыдықов Т. Ілияс Жансүгіров және дәстүр жалғастығы. Алматы. 2011ж., Иманғазинов М. Ілияс Жансүгіров – Алматы: Қазақ университеті, 2004ж., Ілиястану. Оқу құралы. // Авторлары: Т.Сыдықов, М. Иманғазинов, Ш.Кыяхметова, Қ.Сарбасова, Д.Аңсабаев, Г.Сырлыбаева. Талдықорған: ЖМУ баспасы, 2012ж.-519б., Дария кеуде, тау мүсін. Мақалалар жинағы. Құраст.: Кыяхметова Ш.А., Ілияс тағылымы. Мақалалар жинағы. Құраст.: Кыяхметова Ш.А.
ОСӨЖ 6. «Кек» драмасы
1.Рымғали Нұрғалиев «Кек» драмасы жайлы
2. Тұрсын Сыдықов «Кек» драмасы жайлы
Тапсырма: Ғалымдардың пікірлері негізінде «Кек» драмасына поэтикалық талдау жасау. Драманың тарихи негізін ашу.
Ұсынылатын әдебиеттер: Жансүгіров І. 10 томдық шығ. жинағы. 7 том. Алматы, «Қазығұрт» баспасы. 2004ж., Сыдықов Т. Ілияс Жансүгіров және дәстүр жалғастығы. Алматы. 2011ж., Ілиястану. Оқу құралы. // Авторлары: Т.Сыдықов, М. Иманғазинов, Ш.Кыяхметова, Қ.Сарбасова, Д.Аңсабаев, Г.Сырлыбаева. Талдықорған: ЖМУ баспасы, 2012ж.-519б., Дария кеуде, тау мүсін. Мақалалар жинағы. Құраст.: Кыяхметова Ш.А., Ілияс тағылымы. Мақалалар жинағы. Құраст.: Кыяхметова Ш.А.
ОСӨЖ 7. Ілияс - Шал, Шортанбай, Махамбет жырларын жинаушы.
Тапсырма: Шал, Шортанбай, Махамбет жырларының Ілияс жинаған нұсқасын жүйелеп, талдап, сюжет дәптерге жазу, коллоквиум тапсыру.
Ұсынылатын әдебиеттер: Жансүгіров І. 10 томдық шығ. жинағы. 6 том. Алматы, «Қазығұрт» баспасы. 2004ж., Ілиястану. Оқу құралы. // Авторлары: Т.Сыдықов, М. Иманғазинов, Ш.Кыяхметова, Қ.Сарбасова, Д.Аңсабаев, Г.Сырлыбаева. Талдықорған: ЖМУ баспасы, 2012ж.-519б., Құжаттар, хаттар, күнделіктер, дала хикаялары //Құрастырғандар: С.И.Боранбаева (жауапты), А.Әбіласанұлы, А.А.Мұқанова, К.И.Сопибекова, Н.В.Чаушанская).–Алматы: Үш қиян, 2006ж.
ОСӨЖ 8. Лермонтовтың «Черкестер» поэмасы Ілияс аудармасында.
Тапсырма: Лермонтовтың «Черкестер» поэмасының түпнұсқасын Ілиястың аудармасымен салыстыру, сол арқылы Ілиястың аудармашылық еңбегінің өзіндік ерекшеліктерін көрсету.
Ұсынылатын әдебиеттер: Жансүгіров І. 10 томдық шығ. жинағы.6 том. Алматы, «Қазығұрт» баспасы. 2004ж., Ілиястану. Оқу құралы. // Авторлары: Т.Сыдықов, М. Иманғазинов, Ш.Кыяхметова, Қ.Сарбасова, Д.Аңсабаев, Г.Сырлыбаева. Талдықорған: ЖМУ баспасы, 2012ж.-519б.
ОСӨЖ 9. Ілияс – Жетісу тарихын зерттеуші
Тапсырма: Ілиястың Жетісу өлкесін зерттеген мақалаларымен
танысып, оның тарихи мәнін ашу бағытында зерттеушілік жоба дайындау.
Зерттеушілік жобада тақырыптың өзектілігі, мақсат, міндеті, болжам,
нәтиже сипатталады. Мәселені шешуде: лабораториялық эксперимент, модельдеу, әлеуметтік сауал т.б. әдістер қолданылады.
Ілиястың Жетісу тарихына арналған мақалалары екі кезеңді қамтиды. Біріншісі – Ресей патшалығының отарлауы, екіншісі – 1916 жылғы қазақ азаматтарын әскерге алу жайындағы патшаның 25 маусым жарлығынан кейінгі басталған көтеріліс.
Ілияс Жансүгіров - Жетісу өлкесінің XVIII - XX ғасыр аралығындағы тарихын зерттеп, мол тың деректер қалдырған тарихшы. Төлеубай Ыдырысов «Тағы бір тағылымы» атты мақаласында: «Ілияс Жансүгіровті Жетісу өлкесінің бірнеше дәуірін зерттеп, мол тың деректер қалдырған білгір тарихшы дер едім. Ондай түйінді бұрын белгісіз болып келген, ғылыми айналымға түспеген жазбаларымен танысқаннан кейін жасадым», – деп жазады.
Жетісу өлкесіне орыстың ірге теуіп орнауы 1840-1860 жылдар арасында орын алды. Қоқан хандығы Іленің сол жағын қоныстаған Ұлы жүзді Іленің оң жағындағы Орта жүзбен ұстастырып, арасына қасақана от салды. Қоқан хандығының саясатының кесірінен қазақпен қазақ арасында неше қақтығыс, қанша қанды жорық болды. Жетісу тарихында көрнекті орын алған «Үрістем қырғыны» осы Қоқан саясатының жемісі. Ілияс Жансүгіров Жетісуды орыс жаулағанда алдымен ең сулы, ең жайлы жерге орыс қалалары салынады деп жазады. Орыстан қалғанын жаңадан Қытайдан қоныс аударған сұраншы мен дүнген сияқты халыққа береді. Ал бұлардан қалған шұрайлы жерлерді Ресейден көшіп келген келімсектер алады. Қоқан, Қытай, Ресей – үш жақтан қыспаққа түскен халықтың тығырықтан қалай шығарын білмей аласапыранда болғанын публицистикалық тілмен керемет жеткізеді.
Ілияс Жансүгіров Жетісудағы көтерілістің себептерін негізгі үш мәселеге бөлген. Біріншісі – жер-су мәселесі. Екіншісі – ұлт мәселесінің нашарлығы. Үшіншісі – капиталдың салқыны қазақ ауылына араласып, ауылда тіршілік түрінің жіктелуі туа бастағандығы. Қазақтың байы саудагерлікке, жемқорлыққа айналды. Кедей саны көбейді.
Ілияс «Жетісу өлкесін орыс алуы» мақаласында Орыс өкіметінің Жетісу ішіне қарай соңғы аяқ басуы – Кенесарының Жетісуға келуі еді дейді.
Қазақтың атақты батыры, аты Алтайдан Алатауға дейін тараған Кенесары үш жүздің басып біріктіріп, дербес Қазақ мемлекеті іргетасының қалануын қалады. Әскердің жүдеп-жадағаны ескі жауы – қырғыздарды қуантты. Дұшпанның қолына Кенесары хан мен Наурызбай батыр екеуі 1847 жылдың аяғында түседі. Тұтқынға түскен кезінде қырғыздар алдында сөз сөйлеп, орыстың билігі егер толық орнаса, жақсылыққа әкелмейді, тұрмыс-жағдайлары төмен болып, елде тыныштық орнамайтындығын анық айтады. Және өзінің көздеген мақсатын жеткізіп, Ұлы жүзге қосылып, орысқа қарсы тұруына ұсыныс жасайды. Алайда қырғыз манаптары Кенесарының сөзіне құлақ аспай, басын шауып, орыстың әскеріне сый ретінде жібереді.
Ұсынылатын әдебиеттер: Жансүгіров І. 10 томдық шығ. жинағы. 3 том. Алматы, «Қазығұрт» баспасы. 2004ж., Сыдықов Т. Ілияс Жансүгіров және дәстүр жалғастығы. Алматы. 2011ж., Ілиястану. Оқу құралы. // Авторлары: Т.Сыдықов, М. Иманғазинов, Ш.Кыяхметова, Қ.Сарбасова, Д.Аңсабаев, Г.Сырлыбаева. Талдықорған: ЖМУ баспасы, 2012ж.-519б., Әбіласан Ә. Жетісу. – Алматы: Ценные бумаги, 2001ж., Құжаттар, хаттар, күнделіктер, дала хикаялары //Құрастырғандар: С.И.Боранбаева (жауапты), А.Әбіласанұлы, А.А.Мұқанова, К.И.Сопибекова, Н.В.Чаушанская).–Алматы: Үш қиян, 2006ж., Даланың дархан дүлдүлі (Ілияс жайлы естелік кітап 2013ж. Құрастырушылар: М.Жолдасбеков, Ә.Кекілбаев, Ғ.Қабышев, С.Қирабаев, А. Кемелбаева), Қазақстан тарихы. Алматы, 2012ж.
ОСӨЖ 10. I.Жансүгiров мақалаларындағы қазақ тілі, баспасөз, оқу-ағарту мәселелері.
1. «Кеңседе жергiлiктi тiлдi жүргiзу», «Кеңседе қазақ тілді жүргізу»
2.«Баспасөзді қалай көтермелеу керек?»
3.«Жас замандастарға», «Жетiсуда оқыту мәселесi», «Жетісуда оқу мәселесі», «Жетісу қазақ институты өмірі», «Ауылдағы оқытушылар міндеті»
Тапсырма: Жоғарыдағы мақаланың бірін таңдап алып, талдау, бүгінгі күнгі мәселелердің қатыстылығымен салыстыру.
Ұсынылатын әдебиеттер: Жансүгіров І. 10 томдық шығ. жинағы. 5 том. Алматы, «Қазығұрт» баспасы. 2004ж., Иманғазинов М. Жан қайығын жарға ұрдым. Алматы, 1994ж., Ілиястану. Оқу құралы. // Авторлары: Т.Сыдықов, М. Иманғазинов, Ш.Кыяхметова, Қ.Сарбасова, Д.Аңсабаев, Г.Сырлыбаева. Талдықорған: ЖМУ баспасы, 2012ж.-519б., Андас Қ. Өткен күнде белгі бар. Талдықорған, 2015ж., Дария кеуде, тау мүсін. Мақалалар жинағы. Құраст.: Кыяхметова Ш.А.
ОСӨЖ 11. Ілияс Жансүгіров очерктері
Тапсырма: Ілияс Жансүгіров очерктерінің бірін таңдап алып, оқу, талдау және конспектілеу.
Ұсынылатын әдебиеттер: Жансүгіров І. 10 томдық шығ. жинағы. 5 том. Алматы, «Қазығұрт» баспасы. 2004ж., Иманғазинов М. Жан қайығын жарға ұрдым. Алматы, 1994ж., Ілиястану. Оқу құралы. // Авторлары: Т.Сыдықов, М. Иманғазинов, Ш.Кыяхметова, Қ.Сарбасова, Д.Аңсабаев, Г.Сырлыбаева. Талдықорған: ЖМУ баспасы, 2012ж.-519б., Андас Қ. Өткен күнде белгі бар. Талдықорған, 2015ж., Дария кеуде, тау мүсін. Мақалалар жинағы. Құраст.: Кыяхметова Ш.А.
ОСӨЖ № 12. Ілияс- суреткер ақын
Тапсырма: Ақын өлеңіндегі бейнелеу құралдарының суретін, портретін жасап, слайд арқылы көрсетіңіз.
1-топ
сексеуілді
қоңыр құмды
малды
қоғалы көл
