- •Гуманитарлық факультет Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы
- •«Ілиястану» пәнінің
- •Гуманитарлық факультет Казақ тілі мен әдебиеті кафедрасы
- •Бағалау саясаты
- •Курстың білім бағасының жалпы разбаловкасы
- •Бағалаудың критериилері
- •Курс саясаты
- •Күнтізбелік - тақырыптық жоспар
- •Практикалық сабақты жүргізуге арналған әдістемелік нұсқау
- •1. І.Жансүгіровтің «Жетісу суреттері» өлеңіндегі «Жер түгі» бөлімінде аты аталатын ағаштарға анықтама беріңіз, слайд жасаңыз.
- •Ағаштар мен бұталар
- •2. І.Жансүгіровтің «Жетісу суреттері» өлеңіндегі «Жер түгі» бөліміндегі шөп түрлері
- •3. І.Жансүгіровтің «Жетісу суреттері» өлеңіндегі «Жалпы сын», «Жетісуда су суреті» бөлімдері
- •4. І.Жансүгіровтің «Жетісу суреттері» өлеңіндегі «Тау суреті» бөлімі
- •5. І.Жансүгіровтің «Жетісу суреттері» «Жетісу жәндігі» бөлімі
- •Аңдар мен құстар
- •Студенттің өзіндік жұмысын (сөж) орындауға әдістемелік нұсқаулар
- •Менің түйгенім Эссе
- •Осөж орындауға арналған әдістемілік нұсқау
- •Осөж тапсырмаларына материалдар
- •Жер сипаты
- •Салыстырушы
- •Су суретін адам мінезімен салыстыру
- •«Ілиястану» пәні бойынша емтихан сұрақтары
- •«Ілиястану» пәнінен барлық мамандық студенттеріне арналған дифференциальдық сынақ (эссе) тақырыптары
- •Тест тапсырмалары
- •Ілиястану пәні бойынша глоссарий
- •Дәріс № 1. Ілияс Жансүгіровтің шығармашылық өмір жолы
- •Ілиястың пейзаждық лирикасы
- •Ілияс өлеңдерінің көркемдік ерекшеліктері
- •1. «Қолбала», «Мақпал», «Рүстем қырғыны», «Байкал» поэмаларының көркемдік қыры
- •2. «Күй», «Күйші», «Құлагер», «Көбік шашқан», «Исатай» поэмаларындағы көркем кестелер
- •1. Жазушы әңгімелерінің көркемдігі.
- •2. «Жолдастар» романы: шындық және көркемдік шешім.
- •1. «Кек» (1931) пьесасы.
- •2. «Турксиб», «Райхан», «Колхоз тойы», «Мектеп», «Мін де, шап!» пьесаларының тақырыптық ерекшеліктері.
- •3.»Исатай – Махамбет» пьесасының тарихи негізі.
- •1. Ілияс фольклоршылдығының дәстүрлі арналары
- •2. Ілияс жазбаларының жанрлық құрамы
- •1. Ілиястың а.С.Пушкиннің «Евгений Онегин» романын аударуы.
- •2. Лермонтов шығармаларын аударуы.
- •3. Ілияс және аударма.
- •1. Ілияс очерктерінің тақырыптық-мазмұндық қыры.
- •2. Мәдениет тақырыбын көтеруі.
- •Ілияс мақалалары
- •Ілиястың «Құқ» жинағы.
- •Ілиястың «Жол аузында» жинағы.
- •Ілиястың ақындық шеберлігі
- •Ілияс поэзиясы тіліндегі теңеулердің қолданысы
- •Бүгінгі ілиястану мәселелері.
- •Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыздандыруларының картасы
-
СМЖ ЖМУ Е/ПОӘК.09-2016
Ф.4.09-26
Гуманитарлық факультет Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы
БЕКІТЕМІН
Бірінші проректор - ОӘЖ
жөніндегі проректор
____________ Л. Еркінбаева
«_____» ___________2016 ж.
«Ілиястану» пәнінің
ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Мамандықтар: барлық мамандықтар
Оқыту түрі: күндізгі
Талдықорған 2016ж.
Оқу - әдістемелік кешенді типтік оқу бағдарламасына сәйкес және МЖМБС негізінде барлық мамандықтарға ф.ғ.к., доцент Ш.А.Кыяхметова кұрастырған.
__________________________
(оқытушының қолы)
Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының отырысында қарастырылды.
« » 2016 ж. № хаттама
Кафедра меңгерушісі PhD А.М.Рахимова
«_____»__________ ___2016 жыл. № ______ хаттама
Гуманитрлық факультеттің әдістемелік бюросы мақұлдаған.
Әдістемелік бюроның төрайымы ____________Ш.С.Жаукумова
-
СМЖ ЖМУ Е/ПОӘК.09-2016
Ф.4.09-28
Гуманитарлық факультет Казақ тілі мен әдебиеті кафедрасы
С И Л Л А Б У С
Ілиястану пәні бойынша
Барлық мамандықтар үшін
Оқыту түрі: күндізгі
курс: 1
семестр: 2
кредит саны: 2
барлық сағат саны: 90, соның ішінде:
дәрістер: 15
іс-тәжірибелік сабақтар: 15
СӨЖ (соның ішінде ОСӨЖ) : 60
Емтихан : 2 семестр
Талдықорған 2016 ж.
ОҚЫТУШЫ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ
Кыяхметова Шара Асетовна – қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты. Электрондық пошта адресі: Aset_Shara@mail.ru. Жұмыс тел.: 22-16-67-1145, үй тел.: 25-31-30, ұялы тел.: 8 701 883 60 61, 8 771 413 51 85
Сабақ уақыты: сабақ кестесі бойынша
Консультация уақыты: сейсенбі, сағ.12-00, 211 кабинет,
1 – корпус.
Пәннің пререквизиті. «Ілиястану» курсын оқыту айрықша дайындықты қажет етпейді және университеттегі барлық мамандық студенттерін оқытуға арналған. Аталмыш пәнді толық меңгеруге мектеп бағдарламасындағы қазақ әдебиеті пәні бойынша алған білімдері негіз болады.
Пәннің постреквизиті. «Ілиястану» курсы қазақ әдебиеті тарихы бойынша оқытылатын «ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті», «Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті», «Қазіргі қазақ әдебиеті» пәндерінің теориялық білімінің негізі болады.
Пәнге берілген қысқаша сипаттама: «Ілиястану» барлық мамандық студенттеріне аты университетке берілген жерлесіміз Ілияс Жансүгіров шығармашылығынан қосымша білім беретін «Тілдік модульдің» элективті компоненті болады. Ілияс Жансүгіровтің шығармашылық өмірбаяны, сөз өнерін игеру жолындағы алғашқы ізденістері, қоғамдық және мемлекеттік қызметтері, әртүрлі өнер саласына ат салысуы, поэмалар жазуы, прозаның дамуына қосқан үлесі, драматургиясы, ауыз әдебиеті үлгілерін жинап, жариялап, зерттеуі, аудармашылық және журналистік қызметі, публицистикалық еңбектері, қаламгер шығармашылығының зерттелуі қарастырылған. Пәннің бағдарламалық мазмұны төрт модульге бөлінген: «Ақындық өріс», «Ілияс -прозаик, драмашы және фольклорист», «Ілияс-аудармашы, фельетонист және журналист», «Ілиястану ілімі» .
Пәннің мақсаты - Ілияс Жансүгіровтің шығармашылық өмір жолын білімдік, тәрбиелік, ұлттық-инновациялық мұрат - мүдделерді ескере отырып таныту.
Пәнді оқытудағы міндеттер:
- студенттердің Ілияс Жансүгіров жайлы ғылыми-танымдық білімін қалыптастыру;
- пән негізінде білімгерлерді классик ақын, жазушы, публицист, драматург, аудармашы, фольклорист, әдебиет зерттеушісі, тарихшы, фельетон жанрының негізін салған көп қырлы таланттың шеберлік мектебін саралау, таразылау және талдау.
- болашақ тәжірибелік қызметінде алған білімін нәтижелі пайдалана алу дағдысын қалыптастыру.
Курсты меңгеріп болғаннан кейін студент:
- Ілияс Жансүгіров туындыларымен танысып, ондағы дәуір демін, қоғам шындығын айқындай білуі; прозалық туындыларындағы көркем образ, әдеби характер, әдеби тип, реализм, романтизм, жазушы стилі сияқты әдеби ұғымдардың негізгі белгілерін;
- оқылған шығармалардағы кейіпкердің рөлі мен орнын, сондай-ақ кейіпкер характерінің қоршаған орта мен жағдайларға байланысты қалыптасуын білетін болады;
- автордың идеялық - адамгершілік концепциясын анықтау мақсатында оқытылатын шығарма кейіпкерлерін салыстыра отырып талдай алады;
- жанрды, шығармаларды, оларда көтерген келелі мәселерді, көркемдік ерекшеліктерін салыстыра отырып қарастыра алады;
- тиісті деректерді келтіре отырып, пікір алмасуларда, диспуттарда өз көзқарасын, пікірін дәлелдей алуы, әдеби сын – зертеулерге тезис және конспект жасай біледі.
Пәнді оқыту үдерісі келесі құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағытталған:
а) негізгі құзыреттілік (НК)
ойлау мәдениеті жоғары және дүниетанымы кең жоғары білімді
тұлғаның қалыптасуына ықпал ететін жаратылыстану ғылымдары (әлеуметтік, гуманитарлық) саласында базалық білімінің болуы;
заманауи техниканы қолдану дағдысының болуы, кәсіптік қызметте
ақпараттық технологияларды қолдана білуі;
күнделікті кәсіптік қызметте және магистратурада білім алуды
жалғастыруға қажетті жаңа білімді меңгеру дағдысының болуы.
б) пәндік құзыреттілік (ПК)
студенттер Ілияс Жансүгіров шығармаларын оқу арқылы
әдебиетіміздің тарихымен, қалыптасу кезеңдерімен жан-жақты танысады.
эстетикалық талғам тұрғысынан әдеби шығармаларға ғылыми
теориялық талдау жасауға үйренеді. Көркем ойлау, бейнелі сөйлеу дағдыларын қалыптастырады.
көркемдік дамудағы жалғастық пен жаңашылдықты ескере отырып,
басты-басты әдеби шығармаларды идеялық, жанрлық, көркемдік-бейнелеу тәсілдері тұрғысынан талдай білу дағдысын игереді.
в) арнайы құзыреттілік (АК)
заманауи ақпараттық ағынды бағдарлай білу және әлемдік
экономикадағы қарқынды түрде өзгеріп отыратын құбылыстар мен процестерге бейімделе білу;
кәсіптік қызметке байланысты түрлі жағдайларда икемді де ұтқыр
болу;
қоғамдық пікірге, дәстүрге, салтқа, қоғамдық нормаларға негізделетін
әлеуметтік-этикалық құндылықтарды білу және өзінің кәсіптік қызметінде оларға сүйену;
іскерлік этика нормаларын сақтау, мінез-құлықтың этикалық және
құқықтық нормаларын игеру.
