А-ТОБЫ
|
Сал
өзен ағысымен бірқалыпты ағып келеді.
Егер өзен ағысының жылдамдығы 0,5 м/с
болса, сал 5 мин ішінде қанша жол
жүреді?
Бір
квадрат километрде қанша квадрат
метр бар?
Табиғаттағы
ауасыз кеңістікте ең үлкен жылдамдық
жарық жылдамдығы (300’000 км/с). Егер
Жерден күнге дейінгі қашықтық 150 млн.
км болса, жарық осы қашықтықты қанша
уақытта жүріп өтеді?
Ұшақ
20 сек ішінде 8 км қашықтыққа барады.
Ал дыбыс 4 сек ішінде 1320 м қашықтыққа
жетеді. Осы жылдамдықтардың қайсысы
үлкен және қанша есе үлкен?
|
Б-ТОБЫ
|
Велосипедші
900м тегіс жолды 1 минутта, ал жаман
жолмен 400м қашықтықты 10 м/с жылдамдықпен
жүріп өтсе, велосипедшінің барлық
жолдағы орташа жылдамдығы қандай?
Жолаушы
240 км-ді 10 сағатта жүріп өтті. Ол жолдың
бірінші жартысын - машинамен, қалған
жартысын пілмен жүрді. Егер машинаның
жылдамдығы пілдің жылдамдығынан төрт
есе үлкен болса, пілмен қандай
жылдамдықпен жүрген?
|
С-ТОБЫ
|
Қайықпен
S=240м ара қашықтыққа әуелі ағыс
жылдамдығы 11
м/с өзенмен, сонан соң тынық сумен
барып қайту қажет. Екі жағдайда да
қайықтың сумен салыстырғандағы
жылдамдығы 25
м/с. Есепті жалпы түрде шығарып, өзенмен
барып қайтуға кететін уақыт, тынық
сумен барып қайтқандағы уақытқа
қарағанда, әрқашан артық болатынын
дәлелде. Осы жағдайда қайықтың өзенмен
жүзуге кеткен уақыт көлмен жүзуге
кеткен уақытынан қанша артық болады?
|
А-ТОБЫ
|
Ыдыстың
көлемі 0,5 дм3.
Осы көлемді куб метрмен, куб сантиметрмен
өрнекте.
«Восток-3»
зымыраны 2'600'000 км-ді 94 сағат 22 минутта
ұшып өтсе, зымыранның орташа жылдамдығын
(м/с) есебімен өрнекте.
Машина
жолдың бірінші бөлігін (4 км) 20 км/сағ
орташа жылдамдықпен, ал қалған бөлігін
(12 км) 40 км/сағ орташа жылдамдықпен
жүріп өтті. Машина барлық жолды қандай
орташа жылдамдықпен жүреді?
Ұшақ
Алматыдан Аягөзге 9 сағат 30 мин ұшып
шықты. Ұшақтың орташа жылдамдығы –
600 км/сағ. Егер Алматы мен Аягөздің
арасы жуық мөлшермен 720 км болса, ұшақ
қай уақытта Аягөзде болады?
|
Б-ТОБЫ
|
Мотоциклшілер
бір мезетте бір-біріне қарама-қарсы
шығып, 10м/с және 54 км/сағ жылдамдықпен
қозғалып келеді. Егер олардың
бір-бірінен қашықтығы алғашында 95 км
болса, 30 мин кейін олардың ара қашықтығы
қандай болар еді?
Моторлы
қайық 1,5 км ара қашықтыққа өзенмен
және тынық сумен жүзіп барып қайтты.
Егер өзен ағысының жылдамдығы 2 км/сағ,
ал моторлы қайықтың тынық судағы
жылдамдығы 8 км/сағ болса, қайықтың
өзенмен және тынық сумен барып қайтуына
қанша уақыт кеткен?
|
С-ТОБЫ
|
Өзен
ағысына қарсы жүзіп келе жатқан
ескекші көпірдің астынан өтер кезде
бас киімінің түсіп қалғанын байқады.
Ол бас киімінің жоқ екенін 10 мин өткен
соң ғана біліп, кері бұрылып, көпірден
төмен d=1км қашықтықта бас киімін тауып
алса, су ағысының жылдамдығы қандай?
|
А-ТОБЫ
|
Ызаланған
бұқа 34 км/сағ жылдамдықпен, ал қатты
қoрыққан адам 600 м/мин жылдамдықпен
жүгірсе, қайсысы жүзметрлікте жеңіп
шыққан болар еді?
Ту-154
ұшағы бір минутта 15000м қашықтықты
ұшып өтеді. Осы ұшақтың жылдамдығын
км/сағ – пен өрнекте.
Машина
өрге қарай жолдың 120 м-ін 10с-та, еңіске
қарай жолдың 360м-ін 1,5 минутта жүріп
өтсе, барлық жолдағы қозғалыстың
орташа жылдамдығы қандай?
Зымыран
4238 мин ішінде 4,23800 км қашықтықты жүріп
өтсе, оның жылдамдығы қандай?
|
Б-ТОБЫ
|
Оқушы
көрнекті құрал ретінде глобус жасамақшы
болды. Глобустың диаметрі жер
диаметрінен миллиард есе кіші болса,
глобус сынып бөлмесіне сияр ма еді?
Жер радиусы – 6400 км. Жауабыңды дәлелде.
Жолаушы
2 сағат велосипедпен сонан соң 6 сағат
жаяу жүрді. Оның бүкіл жолдағы орташа
жылдамдығы жаяу жүргендегі жылдамдығынан
неше есе артық? Велосипедпен жүргендегі
жылдамдығы жаяу жүргендегі жылдамдығынан
екі есе үлкен.
|
С-ТОБЫ
|
Моторлы
қайық өзен ағысымен екі бекеттің
арасын 4 сағатта жүзіп өтеді. Егер екі
бекеттің ара қашақтығы 80 км және өзен
ағысының жылдамдығы 2 км/сағ болса,
қайық кері қарай қанша уақытта оралар
еді?
|
А-ТОБЫ
|
Ағысының
жылдамдығы 0,5 м/с болатын өзенмен
жүзіп келе жатқан сал 500м қашықтықты
қанша уақытта жүзіп өтеді?
Мына
жылдамдықтардың қайсысы үлкен: 33 м/с
пе, әлде 120 км/сағ па?
Пойыз
72 км/сағ бірқалыпты жылдамдықпен 30
секундта қанша жол жүреді.
Жер
Күнді 30 км/с жылдамдықпен айналады.
Бір тәулік ішінде Жер қандай қашықтыққа
орнын ауыстырады?
|
Б-ТОБЫ
|
Жаяу
адам уақыттың үштен екі бөлігін 3
км/сағ жылдамдықпен, ал қалған уақытты
6 км/сағ жылдамдықпен жүріп өтсе, онда
оның барлық жолдағы орташа жылдамдығы
қандай болады?
Дене
жолдың бірінші жартысын
жылдамдықпен, ал екінші жартысын одан
5 есе үлкен жылдамдықпен жүрген.
Дененің барлық жолдағы орташа
жылдамдығы 36 км/сағ болса, оның жолдың
әр бөлігіндегі жылдамдықтары қандай?
|
С-ТОБЫ
|
Моторлы
қайық екі бекеттің арасына әуелі
өзенмен, сонан соң тынық сумен барып
қайтты. Егер өзен ағысының жылдамдығы
3 км/сағ, ал қайықтың сумен салыстырғандағы
жылдамдығы 10 км/сағ болса, барып-қайтқан
уақыттары бірдей бола ма?
|