Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
методичка ОСКЭ 6 курса каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
208.38 Кб
Скачать

Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігі Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік медицина университеті

мамандығы «Жалпы медицина» 6 курс интерн-хирург студенттеріне практикалық дағдылар бойынша клиникалық емтиханды өткізуге арналған

Әдістемелік ұсыныстар

Ақтөбе, 2013 ж.

Оқу-әдістемелік ұсынысын құрастырған:

Доцент, м.ғ.д. Қожантаева С.Қ., доцент, м.ғ.к. Талиповым Т.К., профессор, м.ғ.д. Саркулова Ж.Н.. доцент, м.ғ.к. Жайлыбаев М.С.

Әдістемелік ұсыныста мамандығы «Жалпы медицина» 6 курс интерн-хирург студенттеріне тәжірибелік дағдыларды бағалау үшін жүргізілетін клиникалық емтиханның өткізу тәртібі мен әдісі, тапсырмалар мысалы, бағалау парағының үлгісі, студенттер мен экзаменаторлар үшін инструкция пішіндері көрсетілген.

Әдістемелік ұсыныс мамандығы «Жалпы медицина» 6 курс интерн-хирург студенттерінен тәжірибелік дағдыларды бағалау үшін клиникалық емтихан алатын медициналық оқу орнының мұғалімдеріне арналған.

Кафедра кеңесінде талқыланды

«__28_»тамыз 2012 жыл

Кафедра кеңесінде бекітілді

№ 1-хаттама

«__28_»тамыз 2012 жыл

Оториноларингология курсы жетекшісі,

проф. м.ғ.д. Э.К. Исмагулова

  1. Оқу мақсаты: оқу барысында студент теріге тігісті салу мен тігісті алу дағдысын игереді

  2. Оқу жоспары:

    1. Оқушылар контингенті: жалпы медицина факультетінің студенттері

    2. Оқу орны: оқу клиникалық орталығы, балалар хирургиясынан оқу бөлмесі

    3. Оқыту әдісі: кіші топтардағы жұмыс, манекендерді пайдалану (терілік муляждар).

    4. Бағалау әдісі: ауызша сұрастыру, баллдық критерияларымен бағалау парағы.

  3. Оқудың ақырғы нәтижесі: курсты бітірген соң жалпы медицина студенттері жасай білу қажет:

  • Отоскопия жасайтын құралды анықтай білу;

  • Отоскопияны дұрыс орындай білу;

  • Отоскопиялық көріністі дұрыс айта білу;

  1. Икемді оқып үйрену әдісі: икемдерді алгоритм бойынша манекенге әрбір қадам бойынша орындау.

    1. Ақырғы бақылау: ауызша сұрастыру сұрақтары, баллдық критериялармен бағалау парағы.

Студенттерге арналған емтихандық тапсырма.

Тапсырма 1. Мұрынның алдыңғы және артқы тампонадасы

Студентке ақпарат: мұрынның алдыңғы және артқы тампонадасын айтып, жасау техникасын көрсетіңіз

Бағалау парағы

Студент______________.

Емтихан алушы._________________________.

№ п/п

Тапсырма сатыларының нышандары

0 - 0,1

орындаған жоқ

0,2 - 0,3

ескертулермен орындады

0,4 - 0,5

толық орындады

1

Дәрігердің қан кетудің дәрежесіне байланысты тактиканы анықтауы..

2

Құралдармен тампондаушы материалдарды дайындау.

3

Алдыңғы тампонада жасау ережесі.

4

Алдыңғы тампонаданың тұру мерзімін анықтау.

5

Артқы тампонаданы жасау ережесі.

6

Артқы тампонаданың тұру мерзімін анықтау.

7

Артқы тампонада кезіндегі іріңді асқынулардың алдын-алу шаралары.

8

Алдыңғы және артқы тампонаданы алып тастау ережесі.

ҚОРЫТЫНДЫ

Этап бойынша максимальды ұпай – 4,0

Әріп

жүйесімен бағалау

Бағаның сандық эквиваленті

%

мазмұны

Дәстүрлі

жүйемен бағалау

А

3,84 – 4,0

95-100

«өте жақсы»

А-

3,51 – 3,83

90-94

В+

3,17 – 3,50

85-89

«Жақсы»

В

2,84 – 3,16

80-84

В-

2,51 – 2,83

75-79

С+

2,17 – 2,50

70-74

«Қанағаттанарлық»

С

1,84 – 2,16

65-69

С-

1,51 – 1,83

60-64

D+

1,17 – 1,50

55-59

D

1,0 – 1,16

50-54

F

0 – 0,99

0-49

«Қанағаттанарлықсыз»

Баға _______ Емтихан алушы қолы _____________

Тапсырма 1. Мұрынның алдыңғы және артқы тампонадасы

Емтихан алушыға ақпарат: мұрынның алдыңғы және артқы тампонадасын жасау техникасын төменде көрсетілген нышандарға сай студентті бағалаңыз.

Тапсырма сатыларының нышандары

Ұпайлар

0-0,1

орындаған жоқ

0,2-0,3

ескертулермен орындады

0,4-0,5

толық орындады

1

Дәрігердің қан кетудің дәрежесіне байланысты тактикасын дұрыс анықтады.

2

Алдыңғы және артқы тампонада жасау үшін құралдар мен тампондаушы материалдарды дұрыс анықтады:алдыңғы және артқы тампон,мұрын айнасы,пинцет,резиналы катетір.

3

Алдыңғы тампонаданы жасауды дұрыс айтты:

Гемостатикалық пастамен сіңірілген алдыңғы тампонада ұзындығы 60-70 см көлдеңеңі 1-1,5см болатын марлілі тампон,тізелі пинцет.Тампондау тампондаушы материалды мұрын қуысының түбіне оның кіреберісінен хоанаға дейін бірінің үстіне бірі салынып тампондалады. Сонымен,барлық тампон мұрын қуысына астынан жоғары қарай бір-біріне тығыз салынып мұрынның бір жағын толығымен толтырады.

4

Алдыңғы тампонада тұру мерзімі дұрыс анықталды,тұру мерзімі 2-3 тәулік. Алдын ала 3% сутегі тотығымен алдыңғы тампон сіңіріліп сосын барып алынады.

5

Артқы тампонаданы жасау ережесі дұрыс айтты:

Артқы тампонада жасау үшін резиналы катетір мұрын алдыңғы қуысына енгізіліп қысқыштың көмегімен ауыз қуысы арқылы шығарылады.Ұшына артқы тампонның екі жібі байланып резиналы катетір мұрын қуысы арқылы тартылады.Екі саусақтың көмегімен артқы тампонада жұмсақ таңдайдың артына мұрын жұтқыншаққа қойылады. Екі жіптің көмегімен мұрын қуысы арқылы артқы тампонды тартып тұрып алдыңғы тампонада жасайды.Мұрын кіреберісіне қойылған валикке екі жіп байланады.Ауыз қуысы арқылы шығып тұрған үшінші жіп тістің арасына қыстырылады немесе бетке лейкопластырьмен жабыстырылады..

6

Артқы тампон 3-4 тәулік тұрады ауыр жағдайда 7-8 тәулік тұрады.

7

Артқы тампонада кезіндегі іріңді асқынулардың алдын-алу шараларын дұрыс айтты: Жедел ортаңғы отит пен синуситтің дамуын болдырмау мақсатында тампондар антибиотик ерітінділерімен сіңіріліп және бұлшық етке антибиотиктер тағайындалады.

8

Алдыңғы және артқы тампонаданы алып тастау ережесін дұрыс айтты:Бірішні алдыңғы тампон алынады сосын артқы тампон ауыз қуысындығы жіпті тарту арқылы алынады.

Қорытынды

4,0