Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Математика в экономике 2 кр.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
69.22 Кб
Скачать

Қазақтұтынуодағы қарағанды экономикалық университеті

БЕКІТЕМІН

Бірінші проректор -

оқу-әдістемелік

жұмыстар жөніндегі проректор э.ғ.к. профессор Р.О. Бұғыбаева

__________________________

«____» _____________ 2015ж.

Силлабус бакалавриат

Пән: «Экономикадағы математика»

Мамандық: 5В050600 – Экономика

5В050800 – Есеп және аудит

5В050900 – Қаржы

5В051000 – Мемлекеттік және жергілікті басқару

5В051300 – Әлемдік экономика

Кафедра: Жоғары математика

Барлығы 2 кредит (3 ECTS)

Лекциялар -15 сағат

Практикалық сабақтары – 15 сағат

СӨЖ - 45 сағат

ОСӨЖ – 15 сағат

Қарағанды – 2015

2 үлгі

Силлабусты «Экономикадағы математика» пәнінің жұмыстық оқу бағдарламасына және пәннің оқу-әдістемелік кешенінің құрылымына қойылатын КЭУК-МИ-85-05.-01-2014 талаптарына сәйкестендіріп доцент Бітімхан С. жасаған.

Жоғарғы математика кафедрасының оқу-әдестемелік семинарының отырысында қаралды

«___» ____________ 2015 ж Хаттама №___

Жоғары математика

кафедрасының меңгерушісі _______________ Емелина Н.К.

Оқытушы туралы дерек:

Бітімхан Самат – жоғары математика кафедрасының доценті, ф.-м.ғ.к., 30-дан астам баспа бет ғылыми, әдістемелік жұмыстары бар. “Экономикадағы математика”, ”Жоғары математика”, “Математика”, “Эконометрика” т.б. пәндерден дәріс оқиды.

Мекенжай: Жоғары математика кафедрасы № 335 ауд.

Толық адресі: Қарағанды қаласы, Академия көщесі, 9

Тел. 44-16-34, ішкі байланыс-181

3 үлгі

Пән сипаттамасы

Пәнді оқыту мақсаты:

Экономикалық есептерді модельдеуге, талдауға, шешуге мүмкіндік беретін математикалық аппаратты меңгеру;

Студенттерге маман ретінде болашақ кәсібімен байланасты әртүрлі кұбылыстар мен процесстерді оқып талдауға мұмкіндік беретін математикалық әдістерді меңгеруге көмектесу;

Экономикалық мәселені өз бетімен зерттеу білігі мен дағдысын қалыптастыру, өз жұмысын жетілдірудің ғылыми жолдарын іздеуге ынталандыру.

Оқудың нәтиже.

А: Қоршаған әлеуметтік әлемнің болашақ мамандықтарына, ғылыми тануға мүмкіндік беретін оқытылатын «Экономикадағы математика» пәннің методология мен методикасын және негізгі категорияларын білу.

В: Теориялық білімді практикада және «Экономикадағы математика» пәннінде есептерді шығаруда қолдана білу.

С: Әлеуметтік, этикалық және ғылыми түсінушіліктерді ескере отырып, талдау, іздеу, жинау, жүйелеу арқылы экономикадағы математиканы ақпаратты аргументтеу және дәлелдеу.

Д: «Экономикадағы математика» пәннің ақпараттарын әр түрде мәліметтеу, топпен жұмыс істеу, пікір-сайысқа қатысу, шешім қабылдау.

Е: «Экономикадағы математика» пәнінің өздік жұмыс дағдыларының бар болуы, әрі қарай өзін-өзі толық жетілдіру, мамандырылған білімді қажетті түрде тұрақты жаңарту.

Пререквизиттері: Экономикадағы математика пәнін оқу үшін студенттерге мектептегі «Қарапайым математика» және «Информатика» пәндерін жақсы білу жеткілікті.

Постреквезиттері: Экономикадағы математика пәні бұдан кейін оқытылатын «Статистика», «Эконометрика», «Экономика», «Менеджмент», «Маркетинг», «Макроэкономика», «Микроэкономика» және т.б пәндерін оқып меңгеру үшін қажетті.

Пәннің әдіснамасы

«Жоғары математика» табиғат тануда, инженерлік- техникалық және гуманитарлық зерттеулерде кеңінен қолданылуда. Математика білімнің әр саласында сандық есептеулер ғана емес, зерттеулерде нақты әдістемелік құрал болып отыр. Қазіргі замандағы дамыған математикасыз адам баласының логикасының дамуы, есептеу құралдарының нақты жұмыс істеуі мүмкін болмаған болар еді. Математика тек қана математикалық есептерді шығаруда қолданбалы емес, ол көптеген ғылымдардың әмбебап тілі және жалпы мәдениеттілік элементі болып табылады. Сондықтан болашақ маманға білім беру жүйесінде математиканы үйрету фундаментальдық маман дайындаудың маңызды құрамы болып табылады.

4 үлгі