Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
сурак.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
188.01 Кб
Скачать
  1. Биостатистиканың негізгі міндеттері

Кез келген биообъект қандай да бір белгілермен сипатталады. Бұл сипаттарды өлшеу кезінде статистикалық мәліметтер алынады.

Сандық белгілердің мәндері үздіксіз (мысалы, салмақ, бой, артерия қысымы) немесе дискретті (мысалы, пульс, балалар саны, түған жылы) болу мүмкін.

Сапалық белгілер мәліметтердің түріне байланысты номиналды (классификациялық) және ординалды (қатарлы) деп бөлінеді.

  1. Белгілердің классификациясы

Сандық белгілердің мәндері үздіксіз (мысалы, салмақ, бой, артерия қысымы) немесе дискретті (мысалы, пульс, балалар саны, түған жылы) болу мүмкін.

Сапалық белгілер мәліметтердің түріне байланысты номиналды (классификациялық) және ординалды (қатарлы) деп бөлінеді.

Номиналды шкалада өлшенетін белгі алдын-ала орнатылған градациялардың шекті санының бір мәнін қабылдайды. Мысалдар: жынысы (ер, әйел), көздің түсі (көгілдір, қара, қоңыр, жасыл), жануарлар жіктелуі және т.с.с.

Номинальды шкалада өлшенетін статистикалық мәліметтер, осы немесе басқа градациялық белгілердің пайда болатын жиіліктері көрінетін кестелер түрінде көрсетіледі. Номинальды мәліметтер социологиялық сұрауларды өңдеген кезінде жиі пайда болады. Мысалы: белгілі бір сырқатта кездесетін белгілі бір белгілердің жиілігі туралы сұрақ қызығушылық тудыруы мүмкін.

Ординалды шкалада өлшенетін сапалық белгілердің мәндері реттелген болады.

Мысалдар: тесттік баллдар және мектеп бағалары (1,2, 3, 4, 5), өмір жағдайының сапасы (нашар, орташа, жақсы, өте жақсы), температура (қалыпты, қызуы көтерілген, жоғары, өте жоғары және т. б.).

  1. Кездейсоқ шама ұғымы

Кездейсоқ шама деп тәжірибе негізінде алдын-ала белгісіз кез келген мәнге ие болатын шаманы айтады—

X (x1, x2, x3 …..xi……xn)

Кездейсоқ шаманың тарамдалу заңы деп кездейсоқ шаманың мүмкін мәндері мен оларға сәйкес келетін ықтималдықтары арасында байланыс орнататын кез-келген қатынасты айтады.

  1. Кездейсоқ шаманың сандық сипаттамалары

Генеральды жиынтықты бірнеше сандық көрсеткіштермен сипаттау жиі қажет болып тұрады. Таңдама бойынша осы таңдама сипаттамалар (статистикалық сипаттамалар) деп аталатын сипатамалардың жуықталған мәндерін (бағаларын) анықтауға болады.

  1. Кездейсоқ шаманың орташа мәні (немесе М)

Қалып сипаттамасы болып табылады. Сандық осьтің қай жерінде зерттелетін таңдама жатқанын көрсетеді. Бұл кездейсоқ шаманың барлық мүмкін болатын мәндері топтасатын жуықталған шама.

  1. Генералды жиынтық және таңдама

Зерттелетін объектілердің барлық жиынтығы генеральды жиынтық деп аталады. Егер бұл жиынтықта элементтердің саны аз болса, онда генеральды жиынтықты толық зерттеуге мүмкіндік бар. Генералды жиынтықтың зерттелетін бөлігі таңдама деп аталады.

Таңдама «таңдама орташа», «таңдама дисперсия» , депрезативті, қарапайым репрезентативті деп аталады.

  1. Статистикалық мәліметтердің типтері

Кез келген биообъект қандай да бір белгілермен сипатталады. Бұл сипаттарды өлшеу кезінде статистикалық мәліметтер алынады. Белгілер сандық және сапалық болады. Сандық белгілердің мәндері үздіксіз (мысалы, салмақ, бой, артерия қысымы) немесе дискретті (мысалы, пульс, балалар саны, түған жылы) болу мүмкін.