- •Практикалық сабақтар үшін әдістемелік нұсқамалар
- •1. Тақырып: Өңеш аурулары. Созылмалы гастриттер. Дуодениттер. Жаралы емес асқазан диспепсиялары. Асқазан мен 12-елі ішектің жара ауруы (клиникалық хаттама бойынша)
- •3. Оқыту тапсырмасы:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары.
- •6. Әдебиет
- •10.Асқазан жара ауруы 4 апта емге нәтиже бермеді, эпигастрии аймағында ауырсыну сақталған, тәбеті төмен, салмақ жоғалтуы жалғасуда. Науқасты жүргізудің әрі қарай тактикасы: (2)
- •Н про бқмму 703-10-15. Сабақтар (практикалық, семинарлық, зертханалық) үшін әдістемелікнұсқамалар. Төртінші басылым.
- •Ф про зкгму 703-10-15.Методические рекомендациидля занятий (практических, семинарских, лабораторных). Издание четвертое.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары.
эпидемиология, алдын алудың негізгі қағидалары: өңеш аурулары, созылмалы гастриттер, дуодениттер, жаралы емес асқазан диспепсиялары, асқазан мен 12-елі ішектің жара ауруы кезінде.
қауіп факторларын стратификациялау, жіктелуі: өңеш аурулары, созылмалы гастриттер, дуодениттер, жаралы емес асқазан диспепсиялары, асқазан мен 12-елі ішектің жара ауруы кезінде
клиникалық көрінісі, өңеш аурулары, созылмалы гастриттер, дуодениттер, жаралы емес асқазан диспепсиялары, асқазан мен 12-елі ішектің жара ауруы егде және қарт адамдарда, жүкті әйелдерде және жас балдардағы клиникалық ағымның ерекшеліктері;
амбулаторлық жағдайда диагностикалық іздеу алгоритмі; клиникалық хаттама бойынша стационарға, күндізгі стационарға госпитализацилауға көрсеткіш.
клиникалық хаттама бойынша заманауи лабораторлы-инструментальды диагностикалық әдістері.
жүргізу тактикасы, клиникалық хаттама бойынша амбулаторлық жағдайда өңеш аурулары, созылмалы гастриттер, дуодениттер, жаралы емес асқазан диспепсиялары, асқазан мен 12-елі ішектің жара ауруы бар науқастарды динамикалық бақылаудың негізгі қағидалары.
клиникалық хаттама бойынша дәрігерлік-еңбектік сараптама, реабилитациялық бағдарлама, санаторлық-курорттық емдеу.
өңеш аурулары, созылмалы гастриттер, дуодениттер, жаралы емес асқазан диспепсиялары, асқазан мен 12-елі ішектің жара ауруы бар науқастармен, оның тума-туыстарымен, әріптестермен және басқа медициналық жұмысшылармен эффективті коммуникация әдістері.
5. Оқыту және сабақ беру әдістері: Практикалық сабақтын хронометражы
№ |
Сабақтын этаптары |
Уақыты |
1 |
Ұйымдастыру бөлімі. |
5 мин |
2 |
Бастапқы білім деңгейін тексеру (тест). |
15 мин |
2 |
Практикалықбөлімі. (БМСК дәрігердін кабинетінде пациенттер қабылдау) |
90 мин |
3 |
Сабақтын тақырыбы бойынша ситуациялық есеп шығару (Кіші топтардағы жұмыс) |
40 мин |
|
Барлығы |
150 мин |
6. Әдебиет
Клинический протокол диагностики и лечения Заболевания пищевода. Диагностика ГЭРБ, ахалазии пищевода, дивертикулов. Язвенная болезнь желудка и двенадцатиперстной кишки
Экспертный комитет РГП на ПВХ «Республиканский центр развития здравоохранения» Министерство Здравоохранения и социального развития от 30 сентября 2015г.протокол №10.
1.Базарғалиев Е.Ш. Гастроэзофагеальды рефлюкс ауруы:эпидемиологиясы, этиологиясы, патогенезі, диагностикасы, емі:оқу -әдістемелік құрал/ Е.Ш. Базарғалиев. - Ақтөбе, 2011.-56 б.
2.Внутренние болезни: руководство к практическим занятиям по госпитальной терапии:учебное пособие / ред. Л.И.Дворецкий.- М.:ГЭОТАР-Медиа,2 010.-456 с.
3.Гастроэнтерология: нац.руководство: краткое издание/ред.: В.Т.Ивашкин, Т.Л.Лапина.- М.:ГЭОТАР-Медиа, 2012.-480 с.
4.Дербисалина Г.А. Коммуникативные навыки в работе врача общей практики: учебно-метод. пособие/ Г.А .Дербисалина, А.И.Миралеева, А.С.Дербисалина. -Караганда: Ақ Нұр, 2014,-122 б.
5.Жаманқұлов Қ.А. Ішкі аурулар пропедевтикасы: клиникалық лекциялар/ Қ.А. Жаманқұлов.-2- ші бас., өңделген.-Ақтөбе, 2010.-432б.
6.Избранные вопросы по подготовке врачей общей практики: учебное пособие, Т.1/ ред.М.Ж.Еспенбетова.-Алматы: Эверо, 2013.-462с.
7.Ішкі аурулар. Тестілер және жағдаяттық есептер:оқу құралы+СД/В.И.Маколкин (и др);пер.Қ.А.Жаманқұлов.- М.:ГЭОТАР-Медиа, 2014.-296с.
8.Кишкун А.А.Руководство по лабораторным методам диагностики/ А.А.Кишкун-2-изд., перераб.и доп .- М.:ГЭОТАР-Медиа, 2014.-760 с
9.Кушимова Д.Е. Синдром холестаза и желтухи: вопросы классификация и дифференциально й диагностики: учебно-метод.пособие/ Д.Е. Кушимова.-Актобе, 2010-88с
10.Общая врачебная практика: диагностическое значение лабораторных исследований: учебное пособие/ред.: С.С.Вялов, С.А.Чорбинский. – 4-е изд.- М.: МЕДпресс-информ, 2010. – 176с.
11.Парентеральное и энтеральное питание: нац.руководство/ред.: М.Ш.Хубутия, Т.С.Попова, А.И.Салтанов. – М.:ГЭОТАР – Медиа, 2014. – 800с.
12.БД «Электронный абонемент электронной библиотеки им. И.М.Сеченова»
7.Бақылау
Алғашқы деңгейлік бақылау тесті
1. Жас жігіт 2 жылдан бері қыжылға,жүрек айнуына, ашыққанда және түнде пайда болатын,тамақ ішкеннен кейін басылатын эпигастрии аймағындағы ауырғандыққа шағым айтады. ЭФГДС те он екі елі ішектің буылтығының жарасы табылды.Соңғы кездері ауырғандық тұрақты сипатта және арқаға беріледі. Ауырғандықтың сипатының өзгеруі нені білдіреді?
жараның тесілуі
жараның кіші шарбы майға пенетрациясы
жараның ұйқы безге пенетрациясы
қақпа стенозының дамуы
жараның малигнизациясы
2. 36 жастағы хеликобактерлік инфекциямен байланысты он екі елі ішектің жара ауруымен ауыратын науқас14 күн стационарда эрадикациялық терапияның(омепразол, кларитромицин, метронидазол, де-нол) курсынан өтті. Осы жағдайда демеуші терапияның ұзақтығы қанша?
2 апта
3 апта
4 апта
5 апта
8 апта
3. Науқас Б., 32 жаста, тамақтан 3-4 сағаттан кейін эпигастрий аймағындағы интенсивті ауырсынуға, кейде «ашқарындық» және түнгі ауырсынуларға, тағам қабылдағаннан кейін басылуға, тұрақты қыжылдауға, қышқылды кекіруге, қышқылды құсуға, құсқаннан кейін жеңілдік әкелетінге, іш қатуға шағымданады. Объективті: перкуссияда және пальпацияда эпигастрийдің оң жағы ауысынады. Нәжістің жасырын қанға тексеру сынамасы – оң. Қандай болжам диагноз?
асқазанның субкардиальді бөлігінің жарасы
асқазанның үлкен иінінің жарасы
12-елі ішек пиязшығының жарасы
гастроэзофагеальді-рефлюксті ауру
қалтқының стенозы
4. Науқаста тамақ қабылдағаннан 3-4 сағаттан кейін пилородуоденальды аймақта күшті ауырсыну пайда болып, ол арқаға таралған және ауырсынудың жоғары шегінде жеңілдік әкелмейтін құсық байқалған. Қандай жағдай туралы ойлауға болады?
аутоиммундық гастрит
асқазан кардиалды бөлімінің жарасы
асқазан денесініѕ ойық жарасы
постбульбарлы ойық жара
эзофагит
5. Науқас 28 жаста горизонталді қалыптағы қыжылдаулар,қышқылмен кекіруге шағымданды.ФГДС-те өңештің төменгі бөлігіде жекелеген эрозиялар анықталды.Рн 3,1 бірлік.Бұл жағдайда қандай препараттар тағайындауға болады:
фамотидин+метронидозол
рабепрозол+де-нол
маалокс+париет
смекта + мотилиум
фамотидин+домперидон
6.Гипергастринемиямен және гиперацидті қалыппен қосарланған 12 елі ішектегі және асқазандағы көптеген жаралар жиі немен байланысты болады:
Дубин-Джонсон синдромымен
Золлингер – Эллисон синдромымен
жедел панкреатитпен
Крон ауруымен
бауыр циррозымен
7.Науқас 50 жаста кеуде артында күю сезіміне,әсіресе еңкейгенде, тамақтан кейін күшейетін мойынға,арқаға берілетіндігіне шағымданады.Қандай ауру туралы ойлауға болады:
рефлюкс-эзофагит
стенокардия
кардий ахалазиясы
асқазан жарасы
омыртқаның мойын бөлігінің остеохондрозы
8.Ұзақ уақыт 12 елі ішектің жара ауруымен ауыратын науқаста 12 елі ішектің буылтығында қайталап орналасқан жараның соңғы уақытта клиникалық көрінісі өзгерді: тамақ ішкеннен кейін пайда болатын ауырлық сезім, жүрек айнуы, күннің екінші жартысында пайда болатын құсу, ауыздан шығатын жағымсыз иіс,салмақ жоғалтуы. Қандай ауруды болжауға болады: (2)
A.Пилородуоденальді зонаның органикалық стенозы;
B. Функциональді стеноз;
C. Асқазан рагі;
D. Жараның пенетрациясы;
E. Жараның перфорациясы;
F. Қатерлі жара;
G.Жараның малигнизациясы;
H. Жарадан қан кетулер;
9. Нр ассоциирленген созылмалы активті гастритке төмендегі көрсетілген өзгерістердің қайсысы сәйкес келеді: (3)
A. Антральді бөлімінің айқын өзгерістері;
B. Асқазанның қышқыл бөлу қызметі сақталған;
C. Ішкі фактор Каслға антиденелердің жоқ болуы;
D. Дуоденогастральді рефлюкс;
E. Фундальді бездердің атрофиясы;
F. Қорғаныш факторларға қарсы агрессивті факторлардың басым болуы;
G.Асқазанның қышқыл бөлу функциясының жоғарылығы;
H. Моторлы-эвакуаторлық бұзылыстар;
