- •Практикалық сабақтар үшін әдістемелік нұсқамалар
- •1. Тақырып: Өңеш аурулары. Созылмалы гастриттер. Дуодениттер. Жаралы емес асқазан диспепсиялары. Асқазан мен 12-елі ішектің жара ауруы (клиникалық хаттама бойынша)
- •3. Оқыту тапсырмасы:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары.
- •6. Әдебиет
- •10.Асқазан жара ауруы 4 апта емге нәтиже бермеді, эпигастрии аймағында ауырсыну сақталған, тәбеті төмен, салмақ жоғалтуы жалғасуда. Науқасты жүргізудің әрі қарай тактикасы: (2)
- •Н про бқмму 703-10-15. Сабақтар (практикалық, семинарлық, зертханалық) үшін әдістемелікнұсқамалар. Төртінші басылым.
- •Ф про зкгму 703-10-15.Методические рекомендациидля занятий (практических, семинарских, лабораторных). Издание четвертое.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ және әлеуметтік ДАМУ МИНИСТРЛІГІнің
байқау кеңесі бар «МАРАТ ОСПАНОВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС
ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны
Практикалық сабақтар үшін әдістемелік нұсқамалар
Мамандық: Жалпы медицина
Пән: Ішкі аурулар (ЖДТ)
Кафедра: ЖДТ интернатура және жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру кафедрасы
Курс 7
Тақырып №16.Өңеш аурулары. Созылмалы гастриттер. Дуодениттер. Жаралы емес асқазан диспепсиялары. Асқазан мен 12-елі ішектің жара ауруы (клиникалық хаттама бойынша)
Құрастырушы:
ассистент ________ Молдашева З.Б.
Ақтөбе, 20___
Кафедра отрысында талқыланылды және бекітілді
Хаттама № _____
____ _________ 20___ ж.
Кафедра жетекшісі
м.ғ.к., доцент________Жакиева Г.Р.
1. Тақырып: Өңеш аурулары. Созылмалы гастриттер. Дуодениттер. Жаралы емес асқазан диспепсиялары. Асқазан мен 12-елі ішектің жара ауруы (клиникалық хаттама бойынша)
2. Мақсаты: Интерндерді амбулаторлық-поликлиникалық кезеңде өңеш аурулары, созылмалы гастриттер, дуодениттер, жаралы емес асқазан диспепсиялары, асқазан мен 12-елі ішектің жара ауруы бар науқастардың жұмысқа қабілеттілігін сарапты бағалау әдістеріне, алдын алуға, оларды жүргізу тактикасына, диагностика қағидаларына үйрету.
3. Оқыту тапсырмасы:
Интерндерді өңеш аурулары, созылмалы гастриттер, дуодениттер, жаралы емес асқазан диспепсиялары, асқазан мен 12-елі ішектің жара ауруы кезіндегі қағидаларына, әдістеріне және негізгі емдеу-диагностикалық шараларына үйрету.
Қарау дағдыларын,диагностикалықнегізгі белгілерін айқындауды, ажырату диагностикасын жүргізуді, жастық ерекшелігін ескере отырып дәлелді медицина негізінде тексеру және емдеу жоспарын қалыптастыру;
Интерндерді амбулаторлық жағдайда өңеш аурулары, созылмалы гастриттер, дуодениттер, жаралы емес асқазан диспепсиялары, асқазан мен 12-елі ішектің жара ауруы кезіндегі динамикалық бақылаудың негізгі қағидаларына, дәрігерлік-еңбектік сараптамаға және адамның және отбасының салауатты өмір салтын құрудағы қағидалары мен әдістеріне үйрету;
Дәрігерлік құпияның қағидаларын сақтап, дәрігер мен науқас және оның отбасы мүшелері арасындағы ортақ келісімнің маңыздылығын түсіне отыра тұлғааралық қарым-қатынас дағдыларын жетілдіру;
Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі жөнінде» кодексінің негізгі ережелеріне, денсаулық сақтау саласындағы нормативті-құқықтық және заңнамалық құжаттарға сай денсаулық сақтау саласында құқық және міндеттер жөнінде білу және қамтамасыз етуді қалыптастыру.
Интерндерді оқулық, ғылыми, нормативті құжаттармен үнемі өзіндік жұмыс арқылы өзінің білімі мен дағдыларын және басқаларды оқыту қабілетін жетілдіруге қалыптастыру.
