- •Практикалықсабақтар үшінәдістемелік нұсқамалар
- •1. Тақырып: Атеросклероз. Жиа.Тұрақты күш түсу стенокардиясы(клиникалық хаттама бойынша). Жиа емдеу.
- •3. Оқыту тапсырмасы:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары.
- •6. Әдебиет
- •2.Протокол Экспертной комиссии по вопросам развития здравоохранения от 28 июня 2013г.
- •7.Бақылау
- •9.Күш түсу стенокардиясының IV функциональді класын көрсетіңіз (Канадалық жіктеліс): (2)
- •10.Қант диабетінің II типі бар жиа мен ауыратын науқастарға тиімді антиангинальді препараттарды анықтаныз: (2)
- •Н про бқмму 703-10-15. Сабақтар (практикалық, семинарлық, зертханалық) үшін әдістемелікнұсқамалар. Төртінші басылым.
- •Ф про зкгму 703-10-15.Методические рекомендациидля занятий (практических, семинарских, лабораторных). Издание четвертое.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ және әлеуметтік ДАМУ МИНИСТРЛІГІнің
байқау кеңесі бар «МАРАТ ОСПАНОВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС
ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны
Практикалықсабақтар үшінәдістемелік нұсқамалар
Мамандық: Жалпы медицина
Пән: Ішкі аурулар (ЖДТ)
Кафедра: ЖДТ интернатура және жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру кафедрасы
Курс 7
Тақырып №12. Атеросклероз. ЖИА.Тұрақты күш түсу стенокардиясы(клиникалық хаттама бойынша). ЖИА емдеу.
Құрастырушы:
ассистент ________ Молдашева З.Б.
Ақтөбе, 20___
Кафедра отрысында талқыланылды және бекітілді
Хаттама № _____
____ _________ 20___ ж.
Кафедра жетекшісі
м.ғ.к., доцент________Жакиева Г.Р.
1. Тақырып: Атеросклероз. Жиа.Тұрақты күш түсу стенокардиясы(клиникалық хаттама бойынша). Жиа емдеу.
2. Мақсаты: Интерндерді амбулаторлық-поликлиникалық кезеңде атеросклероз, ЖИА, тұрақты күш түсу стенокардиясын клиникалық хаттама бойынша және ЖИА емдеуде науқастардың жұмысқа қабілеттілігін сарапты бағалау әдістеріне, алдын алуға, оларды жүргізу тактикасына, диагностика қағидаларына үйрету.
3. Оқыту тапсырмасы:
Интерндерді атеросклероз, ЖИА, тұрақты күш түсу стенокардиясын клиникалық хаттама бойынша және ЖИА емдеу кезіндегі қағидаларына, әдістеріне және негізгі емдеу-диагностикалық шараларына үйрету.
Қарау дағдыларын,диагностикалықнегізгі белгілерін айқындауды, ажырату диагностикасын жүргізуді, жастық ерекшелігін ескере отырып дәлелді медицина негізінде тексеру және емдеу жоспарын қалыптастыру;
Интерндерді амбулаторлық жағдайда атеросклероз, ЖИА, тұрақты күш түсу стенокардиясын клиникалық хаттама бойынша және ЖИА емдеу кезіндегі динамикалық бақылаудың негізгі қағидаларына, дәрігерлік-еңбектік сараптамаға және адамның және отбасының салауатты өмір салтын құрудағы қағидалары мен әдістеріне үйрету;
Дәрігерлік құпияның қағидаларын сақтап, дәрігер мен науқас және оның отбасы мүшелері арасындағы ортақ келісімнің маңыздылығын түсіне отыра тұлғааралық қарым-қатынас дағдыларын жетілдіру;
Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі жөнінде» кодексінің негізгі ережелеріне, денсаулық сақтау саласындағы нормативті-құқықтық және заңнамалық құжаттарға сай денсаулық сақтау саласында құқық және міндеттер жөнінде білу және қамтамасыз етуді қалыптастыру.
Интерндерді оқулық, ғылыми, нормативті құжаттармен үнемі өзіндік жұмыс арқылы өзінің білімі мен дағдыларын және басқаларды оқыту қабілетін жетілдіруге қалыптастыру.
