Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тесты для ИГА для ЦТ на каз Акуш-1.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.57 Mб
Скачать

Тақырып аясында «Босанудан кейінгі кезеңнің физиологиясы мен патологиясы»

? Лактогенез процесін бұзатын ятрогенді факторға жатады:

=Анасының нейроэндокринді ауруы

+ Лактогенезді тежейтін препараттарды негізсіз пайдалану

=Анасындағы анемия

=Жеткіліксіз сору рефлексі

=Босану әрекетінің асқынуы

? Босанудан кейінгі 3-нші тәулік. Босанушы сүттің көп түзілуіне, омырауының қатаюына, омырауын босатып үлгермейтіндігіне шағымданады. Бұл жағдайдағы лактогенез кезеңін көрсетіңіз:

=Сүттің түзілуіне компетенттіліктің даму кезеңі

=Сүттің пісіп-жетілу кезеңі

+ Сүттің көп мөлшерде бөліну кезеңі

=Сүттің эндогенді ингибиторының пайда болу кезеңі

=Эндогенді окситоцин пайда болу сатысы

? Босанушы кесір тілігі операциясынан кейін 3-нші тәулікте жара маңы ауырсынуына, әлсіздік, қалтырауға шағымданды. Дене қызуы – 37,80С. Қарау кезінде тігіс бойымен инфильтрация бар. Сіздің диагнозыңыз:

=Босанудан кейінгі кезең, 3-нші тәулік. Эндометрит.

=Босанудан кейінгі кезең, 3-нші тәулік. Кесір тілігі операциясынан кейінгі жара абсцесі.

=Босанудан кейінгі кезең, 3-нші тәулік. Кесір тілігі операциясынан кейінгі жағдай.

+ Босанудан кейінгі кезең, 3-нші тәулік. Кесір тілігі операциясынан кейінгі жара инфильтраты.

=Босанудан кейінгі кезең, 3-нші тәулік.

? Босанушы кесір тілігі операциясынан кейінгі 1 тәулікте жара маңындағы ауырсынуға, әлсіздікке шағымданды. Жағдайы орташа ауырлықта. Температура- 37,3. Іші жұмсақ, опрециядан кейінгі жара маңында ауырсыну. Жатыр тығыз. Қан талдауында: Hb- 69г/л, L-7,2х109 /л, СОЭ- 39мм/сағ. Клиникалық диагнозды анықтаңыз:

=Босанудан кейінгі кезең, 1-нші тәулік. Кесір тілігі операциясынан кейінгі жағдай.

=Босанудан кейінгі кезең, 1-нші тәулік. Кесір тілігі операциясынан кейінгі жағдай. Эндометрит.

=Босанудан кейінгі кезең, 1-нші тәулік. Кесір тілігі операциясынан кейінгі жағдай. Анемия жеңіл дәрежелі.

+ Босанудан кейінгі кезең, 1-нші тәулік. Кесір тілігі операциясынан кейінгі жағдай. Анемия ауыр дәрежелі.

=Босанудан кейінгі кезең, 1-нші тәулік. Кесір тілігі операциясынан кейінгі жағдай. Анемия орташа дәрежелі

? Босанушы М., 27 жаста, уақытында босанудан кейінгі бірінші тәулікте қалтырауға,дене температурасының жоғарылауына шағымданды. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық, беті гиперемирленген. Тамыр соғысы 92 рет/мин. Дене температурасы 38.5°. Сүт безінің жоғарғы-сыртқы квадрантында өлщемі 5x7 см болатын жұмсарған бөлігі бар инфильтрат, пальпация кезінде ауырсынады, терісі гиперемирленген. Сол жақ емізікте беткей жарылу. Оң жақ сүт безі ерекшеліксіз. Жатыр түбі қасағадан 8см жоғары, жатыр ауырсынусыз. Бөліністер қанды-серозды, иіссіз. Дұрыс әреккетті көрсетіңіз және неге:

=маститтің клиникалық белгілері болғандықтан, антибактериалды терапия

=гипертермия және сүт безінің инфильтрациясы болғандықтан, антибактериальная терапия

=сүт безі инфильтрациясы мен іріңдеу белгілері болғандықтан, хирургиялық ем

+ сүт безінде инфильтрация мен ірің болғандықтан, хирургиялық еммен бірге антибактериальды терапия

=сүт безі инфильтрациясы белгілері болғандықтан, хирургиялық еммен бірге антибактериальды терапия

? Алғаш жүкті, 35 жаста. Обструктивті босануға байланысты төменгі жатыр сегментінде кесір тілігі жасалынды. Сусыз кезең 29 сағат. Интраоперационды қан кету - 950 мл. Антибактериалды терапия тағайындалды. Операциядан кейінгі 5-нші тәулікте дене температурасы 39°С дейін көтерілді. Тәулік бойы жағдайы ауыр. Пальпация кезінде ішінің төменгі бөлігінің қатаюы, іш кебуі, қатты ауырсыну, құрсақтың тітіркену симптомдары анықталады. Ішкі зерттеуде: жатыр жүктіліктің 17-18 аптасына сай ұлғайған, жұмсақ, ауырсынады. Бөліністер көп мөлшерде, іріңді, жағымсыз иіспен. Қан талдауында: Hb- 73г/л, L-14,2х109 /л, ЭТЖ- 59мм/сағ. Дұрыс тактиканы табыңыз және неге?

=Антибактериалды терапия, себебі эндометрит белгілері бар.

=Антибактериалды терапия, себебі көп мөлшерде қан кету фонында акушерлік перитонит белгілері бар.

=Хирургиялық ем, жатырдың экстирпациясы қосалқыларсыз, себебі эндометрит белгілері бар

=Хирургиялық ем, жатырдың экстирпациясы түтіктерімен, себебі акушерлік перитониттің белгілері бар

+ Хирургиялық ем, жатырдың экстирпациясы түтіктерімен, себебі акушерлік перитониттің белгілері бар Хирургиялық ем, жатырдың экстирпациясы түтіктерімен, себебі акушерлік перитониттің белгілері бар

? Акушерлік перитонит көбінесе мына жағдайдан кейін пайда болады:

=Табиғи босану жолдары арқылы босанулар

=Ерте өзіндік түсік

+ Кесар тілігі операциясы

=Жасанды түсік

=Кеш өзіндік түсік

? 20 жастағы босанғаннан кейін 30 тәуліктен кейін қандай гормоналды контрацептив тағайындау керек:

=Комбинирленген монофазды оралды контрацептивтер

=Екі фазалы оралды контрацептивтер

=Үш фазалы оралды контрацептивтер

+ Құрамында тек прогестиндер бар контрацептивтер

=Құрамында эстрогендер бар контрацептивтер

? Сүт бездерінің сүттің бөлуіне әкелетін окситоциннің әсер ету механизмі көбіне байланысты:

+ Сүт жолдарында миоэпителиалды жасушалардың жиырылуы

=Пролактин секрециясының жоғарылауы

=Эстроген құрамының төмендеуі

=Прогестерон құрамының төмендеуі

=Фолликул стимулдеуші гормондардың секрциясының жоғарылауы

? Сепсис пен септикалық шок емі кезінде іс-әрекеттердің реттілігі:

=Іріңді ошақты алу, ӨЖВ, антибактериалды терапия, инфузионды терапия

=Жүрек лақтырысын ұстап тұру, ӨЖВ, антибактериалды терапия

=Антибактериалды терапия, глюкокортикоидтар, іріңді ошақты алу

=Іріңді ошақты алу, антибактериалды терапия, глюкокортикоидтар

+ ӨЖВ, инфузионды терапия, антибактериалды терапия, іріңді ошақты алу

? Босанудан кейінгі кезеңде кездесетін жиі асқынулар:

+ Босанудан кейінгі мастит

=Босанудан кейінгі эндометрит

=Лактостаз

=Хорионамнионит

=Преэклампсия

? 33 жастағы босанған әйел босанудан кейінгі 4 тәулікте іштің төменгі бөліміндегі ауру сезімге, әлсіздікке, дене қызбасының 39,0С көтерілуіне шағымданып келді. Босану кезінде бала жолдасының бөлікті бекуіне байланысты бала жолдасын қолмен ажырату және бөлу жүргізілді. Анамнезінде 2 медициналық түсік. Болжама диагноз?

=Вирусты инфекция

=Мастит

+ Эндометрит

=Пельвиоперитонит

=Лохиометра

? 30 жастағы босанған әйел, бала жолдасы туылғаннан 20 минуттан кейін жыныс жолдарынан қан кете бастады. Бала жолдасы бүтін. Жатыры тығыз, дөңгелек. Жалпы жоғалтқан қан көлемі 200,0 мл. Дәрігер тактикасы қандай болады:

+ Босану жолдарын айнамен қарау

=Жатыр қуысын қолмен тексеру

=Бимануалді компрессия

=Жатырдың қынапүстілік ампутациясы

=Жатыр экстирпациясы

? Перзентхананың қабылдау бөліміне босанған әйел баласымен түсті. Екі сағат бұрын үйінде босанған. Жүктілік кезінде гинекологтың қарауында болып, тексерілген. Жағдайы қанағаттанарлық. Шағымдары жоқ. Қабылдау бөлімінде қандай әрекет жасау керек:

+ Босану жолдарының бүтіндігін тексеріп, тырыспаға қарсы сарысуды енгізу

=Жағдайы қанағаттанарлық болғандықтан, бірден физиология бөліміне жібереміз

=Жағдайы қанағаттанарлық болғандықтан, госпитализацияны қажет етпейді

=Босану жолдарын қарап, жалпы қан және зәр анализдерін тағайындау

=Урықта офтальмобленореяның алдын алу

? 32 жастағы босанушы О. Босанғаннан кейінгі ерте кезең гипотониялық қан кетумен асқынды. Қан кетуге қарсы шаралар жасалуы басталды. Төменде көрсетілген көрсеткіштердің қайсысы лапаратомияға көрсеткіш болады:

=Сыртқы массаждан пайда жоқ және қан жоғалту 400 мл көп

=Жатырды қайта қолмен тексерудің эффективті еместігі

+ Жатырдың бимануальді компрессиясынан нәтиже болмағанда

=Қынаптың артқы күмбезіне енгізілген эфирлі тампонның эффектінің болмауы

=Сыртқы массаждан және құрсақ аортасын басудан эффект жоқ

? Мына клиникалық бейне босанғаннан кейінгі кезеңнің қай күніне сай келеді: жатыр түбінің тұру биіктігі қасағадан 11- 13 см жоғары тұр, жыныс жолдарынан бөлінетін бөліндінің сипаты қанды?

=бірден босанғаннан кейінгі жағдай

=босанғаннан кейінгі 4 –ші күн

+ босанғаннан кейінгі алғашқы 3 күн

=босанғаннан кейінгі екі апта

=босанғаннан кейінгі кезеңнің бәрі

? Босанған әйел, шұғыл түрде жасалған кесар тілігі операциясынан 2 тәуліктен кейін, алғашында ішінің төменгі бөлігінің қатты ауырсынуына, содан кейін оның іштің барлық бөлігіне жайылуына, лоқсуға, құсуға, ішінің кебуі және үлкен дәретінің тежелуіне шағымданады. Терісі бозғылт сұр түсті, бет келбеті бұрыштанып, түрі қиналғандықты көрсетіп тұр, еріндері мен тілі құрғақ. Дене қызуы 38 °С , тамыр соғысы минутына 120 соққы. Іші кепкен пальпация кезінде ауырсынады, алдыңғы іш қабырғасындағы бұлшық еттері кернелген, Щеткин-Блюмберг симптомы оң. Ішек перистальтикасы бірден әлсіреген. Лейкоциттер деңгейі - 17,5=10, Эритроциттердің тұну жылдамдығы - 39 мм/сағ. Ең ықтимал диагноз қайсысы:

=Босанғаннан кейінгі метроэндометрит

+ Босанғаннан кейінгі перитонит

=Операциядан кейінгі жараның инфицирленуі

=Қанның шашыранды қан ұю синдромы

=Септикалық шок

? 24 жастағы босанған әйел, босанғаннан кейінгі 4 күн. 3 – ші тәуліктің соңына қарай дене қызуы 37,3 °С дейін жоғарылады, жалпы әлсіздік, бас ауруы, аралық пен қынап аймағының ашуы пайда болды. Жатыр түбі 3 көлденең саусаққа кіндіктен төмен, жатыры тығыз, ауырсынусыз. Аралықтағы жара беткейіндегі тігіс іріңді жабынмен жабылған, айналасындағы тіндер қызарған, ісінген, пальпациялау кезінде ауырсынады. Ең ықтимал диагноз және тактикасы қайсысы?

=босанғаннан кейінгі метроэндометрит, антибактериалді терапия.

+аралықтағы тігістің іріңдеуі, тігісті алып тастап жараны тазалау, =антибактериалді терапия.

=аралықтағы тігістің іріңдеуі, антибактериалді терапия

=босанғаннан кейінгі ойық жара, жараны тазалау, антибактериалді терапия

=бартолин безінің абсцессі, абсцессті жарып, дренирлеу.

? Босанудан кейін эндометрийдің қайта қалпына келудің физиологиялық уақыты:

=10–15 күн

=2–3апта

=4–5 апта

+ 6–8 апта

=9–10 апта

? Босанғаннан кейінгі мерзімдегі лохиометра мен эндометриттің екшелеу анықтауы:

=жатыр субинволюциясы

=қанды бөліністер

=дене қызуының жоғарлауы

=іріңді бөліністер

+ қалтыраудың және гипертемияның болмауы

? 32 жастағы босанған әйел, босанғаннан кейін 3 тәулікте іштің төменгі жағындағы ауырсынуға, қалтырауға, басының ауруына, дене қызуының 39әС дейін жоғарылауына шағымданады. Босану кезінде бала жолдасының жартылай тығыз бекуіне байланысты бала жолдасы қолмен шығарылды. Анамнезінде бір босану және екі медициналық аборт, созылмалы пиелонефрит. Сүт бездері сәл қатайған. Қандай диагноз болу мүмкін:

=жедел респираторлық ауруы

+ эндометрит

=лохиометра

=созылмалы пиелонефриттің өршуі

=мастит

? Кесар тілігінен кейн 2 таулікте ішектін парезі анықталса дәрігердін іс- әрекеті:

=ішек парезін консервативті емдеу

=антибиотиктерді тағайындау

+ 6-12 сағат бойы ішек парезін емдеу, емнін нәтижесі болмаса - лапаротомия жасау

=кольпотомия, артқы күмбезге дренаж қою

=релапаротомия

? Босанушы Л., 30 жаста, кесар тілігі операциясынан кейінгі 5-ші тәулік. Шағымдары: операциядан кейінгі жара аймағындағы ауру сезімі, әлсіздік, дене қызуының 38,50С дейін жоғарлауы,тершеңдік. Қарап тексергенде: операциядан кейінгі жара аймағындағы гиперемия және тігіс айналасының тіннің ісінуі,қою консистенциялы сары-сұр түстес иісі жағымсыз аз мөлшердегі бөлініс анықталды.

Операциядан кейінгі жара аймағына жасалатын ең нысаналы манипуляция:

+ 1-2 тігісті шешу, операциядан кейінгі жара ревизиясы, антисептиктермен санациялау

=барлық тігістерді босату, антисептиктермен санациялау, жараны ашық қарау

=тігістерді шешу, жара қырларын кесу, трипсинмен санациялау

=тігіс арасына түтікшелер орнату, жараны антибиотиктермен тесу

=контрапертурлы кесулер орнату,жараны дренаждау

? Сепсисті және септикалық шокты емдеуде ең рациональді кезектілік:

=ірің ошағын алып тастау,ӨЖЖ, антибактериальды терапия,тамыр ішіне пенициллин енгізу, инфузионды терапия, жүрек лақтырысын қолдау

=жүрек лақтырысын қолдау, ӨЖЖ, антибактериальды терапия

=антибактериальды терапия, глюкокортикоидтар, ірің ошағын алып тастау

=ірің ошағын алып тастау, антибактериальды терапия, глюкокортикоидтар

+ ӨЖЖ, инфузионды терапия, жүрек лақтырысын қолдау, антибактериальды терапия, ірің ошағын алып тастау

? Босанғаннан кейін эндометрий құрылымының физиологиялық қалпына келуі қанша уақытта :

=10–15 күнде

+ 6–8 аптада

=4–5 аптада

=2–3 аптада

=9–10 аптада

? Сазонов-Бартельс бойынша босанудан кейінгі кезеңде инфекцияның таралуы жіктеледі:

=+ Босанғаннан кейінгі эндометрит, босанудан кейінгі жара

=Метрит ,прогрессірленген тромбофлебит

=Параметрит , пельвеоперитонит

=Параметрит , босанудан кейінгі жара

=Босанудан кейінгі жара, сепсис

? Босанудан кейінгі кезеңде жатырдың бұрынғы қалпына келуінің қолайлы уақыты:

+ 8 апта

=10 апта

=16 апта

=20 апта

=22 апта

? Босанушы Л., 30 жаста, кесар тілігі операциясынан кейінгі 5-ші тәулік. Шағымдары: операциядан кейінгі жара орнының ауру сезімі, дене қызуының жоғарлауы 38,50С дейін. Status localis: тігістің гиперемиясы және ісінуі, жағымсыз иісті сары-сұр түсті аз мөлшерде бөлінділер. Операциядан кейінгі жара аймағының мүмкін болатын маңызы бар манипуляция:

+ Тігістің 1-2 алу, жара ревизиясы,антисептиктермен санация

=Барлық тігісті босату, антисептиктермен санация, жараны ашық қалдыру

=Тігісті алу, жараның жиектерін ашу, трипсинмен санация

=Тігіс араларына түтік орнату, жараға антибиотик енгізу

=Контрапертуралық тілік орнату, жараны дренирлеу

? Лактацияны басуға мүмкін болатын көрсеткіш:

=Анасының экстрагенитальді ауруы

=Сүт безінің тыртықтық өзгерісі

=Нәрестенің ауыр жағдайы

+ Іріңді мастит

=Босанудан кейінгі эндометрит

? 3 тәулікте 23 жастағы науқас температурасы 38,5С, сол жақ сүт безінде ауру сезім,әлсіздікке шағымданды.Жағдайы орташа ауырлықта. Сол жақ сүт безі сыртқы-жоғарғы квадрантыы гиперемирленген, тығыздалған, ауру сезімді.Жалпы қан талдауы: лейкоциттер-13000,Hb-120г/л, нейтрофильдердің солға ығысуы, ЭШМ 35 мм/ч дейін. Мүмкін болатын диагноз:

=Лактостаз

=Серозды мастит

+ Инфильтративті мастит

=Іріңді мастит

=Инфильтративті -іріңді мастит