- •Акушерлік-гинекологиялық көмекті ұйымдастыру
- •Тақырып аясында «Босанудан кейінгі кезеңнің физиологиясы мен патологиясы»
- •Клиникалық фармакология
- •Тақырып «Балалар гинекологиясы»
- •Акушерия және гинекология- «Босану клиникасы»
- •Клиникалық анатомия және оперативті хирургия
- •Тақырып аясында «Жүктілік патологиясы»
- •Нәрестелердің физиологиясы мен патологиясы
- •Венерология
- •Онкогинекология және маммология
- •Анестезиология және реанимация
- •Визуалды диагностика вариант
Акушерлік-гинекологиялық көмекті ұйымдастыру
? Жүкті әйелде анықталды гипертензия 150/90 мм.рт.ст. 32 апта мерзімінде, зәр анализінде протеинурия -0,33г/л. ҚР ДСМ№ 325 07.05.10 бұйрығы бойынша, қандай деңгейделі стационарға госпитализациялау:
+госпитализациялау 2 деңгейдегі стационарға преэклампсия жеңіл дәрежесінен
=госпитализациялау 2 деңгейдегі стационарға, зәр шығару жолдарының инфекциясына байланысты
=госпитализациялау 3 деңгейдегі стационарға преэклампсия ауыр дәрежесінен
=госпитализациялау 3 деңгейдегі стационарға, 32 апта мерзіміне байланысты
=госпитализациялау 3 деңгейдегі стационарға, жүктіліктің 32 аптасында преэклампсия жеңіл дәрежесінен
? Жүкті әйелде анықталды гипертензия 150/90 мм.рт.ст. 39 апта мерзімінде, зәр анализінде протеинурия -0,33г/л. Анамнезінде 2 босану кесар тілігімен. ҚР ДСМ№ 325 07.05.10 бұйрығы бойынша, қандай деңгейделі стационарға госпитализациялау:
= госпитализациялау 3 деңгейдегі стационарға преэклампсия ауыр дәрежесінен
=госпитализациялау 3 деңгейдегі стационарға жатырдағы 2 тыртық
болғандықтан
+госпитализациялау 2 деңгейдегі стационарға преэклампсия жеңіл дәрежесінен =госпитализациялау 2 деңгейдегі стационарға преэклампсия жеңіл дәрежесінен және 39 апта мерзіміне байланысты
=госпитализациялау 2 деңгейдегі стационарға, 39 апта мерзіміне байланысты
? МСК қабылдауына жүкті әйел жүрек айну, үйінде бір реттік құсуға шағымданып келді. Жүктілік бірінші. Д есепте 10 аптадан бастап тұрады. 2 күн бойы жағдайының нашарлағанын айтады. Жағдайы орташа ауырлықта. АҚҚ 150/100мм.сын.бағ., пульс-86 соққы/мин. Жатыр жүктіліктің 35 аптасына сай. Ұрық басымен келген, жүрек соғысы анық, ретті 140 соққы/мин. Қарау кезінде аяқтарында және алдыңғы құрсақ қабырғасында ісінулер бар. Зәр анализінде протеинурия 0,9г/л. Медициналық көмек көрсетудің қай деңгейіне госпитализация көрсетілген және неге?
=Екінші деңгейге, себебі гипертензия 150/100мм.сын.бағ. және протеинурия 0,9г/л
=Екінші деңгейге, себебі гипертензия 150/100мм.сын.бағ., протеинурия 0,9г/л және ісінулер
+ Үшінші деңгейге, себебі гипертензия 150/100мм.сын.бағ., протеинурия 0,9г/л және жүрек айну мен құсу шағымдары
=Үшінші деңгейге, себебі гипертензия 150/100мм.сын.бағ., протеинурия 0,9г/л және ісінулер
=Екінші деңгейге, себебі гипертензия 150/100мм.сын.бағ. және протеинурия 0,9г/л, жүктіліктің 35 апта мерзімінде
? БМСК қабылдауына жүкті әйел ішінің төменгі бөлігіндегі толғақтәрізді ауырсынуға шағымданып келді. Жүктілік екінші. Д есепте жүктіліктің 7 аптасынан бастап тұрады. Анамнезінде жүктіліктің 28 аптасында уақытынан бұрын босану. Жағдайы қанағаттанарлық. АҚҚ 120/70мм.сын.бағ., пульс- 78 соққы/мин. Жатыр жүктіліктің 27 аптасына сай, толғақ ұзақтығы 15-20 секундтан, әр 15 минут сайын. Ұрық басымен келген, жүрек соғысы анық, ретті 134 соққы/мин. Жатыр мойны Бишоп бойынша 10 балл. Медициналық көмек көрсетудің қай деңгейіне госпитализация көрсетілген және неге?
=Екінші деңгейге, себебі жалған толғақ бар
=Екінші деңгейге, себебі жалған толғақ бар, анамнезінде уақытынан бұрын босану
=Екінші деңгейге, себебі жалған толғақ бар, анамнезінде уақытынан бұрын босану, жатыр мойны Бишоп бойынша 9 балл
=Үшінші деңгейге, себебі анамнезінде уақытынан бұрын босану
+ Үшінші деңгейге, себебі жүктіліктің 29 аптасында жалған толғақ, жатыр мойны Бишоп бойынша 9 балл
? «Жанұяны жоспарлау» бөлмесінің ең өзекті мәселесі :
=Туушылдықты жоғарлату
=Түсік санын азайту
=Ана денсаулығын жақсарту
+Қалаусыз жүктіліктен сақтану
=Жүктілік аралық интервалды реттеу
? Перинаталды өлімшілдікті төмендету мәселелерінің ішінде ең басты мақсатқа қойылады:
=Жүкті әйелдің тамақтану тәртібін сақтау
=Перинаталды өлімшілдіктің себебін талдау
+Ұрықтың қатерлі жағдайын өз уақтында диагностикалау
=Жүкті әйелмен үгіт-ағарту жұмысын жүргізуді жақсарту
=Жүктілікті сақтау мүмкіндігі туралы мәселені шешу
? Әйел қауымының денсаулық жағдайының белсенді динамикалық бақылау мақсатында алдын-алу, емдеу-диагностикалау, сауықтыру шараларының ішінде қайсысы жүргізіледі:
=Скрининг
+Диспансерлеу
=Аймақтандыру
=Госпитализация
=Алдын ала қарау
? Екінші деңгейлі босану кезіндегі көмек көрсету ұйымына жіберілетін жүкті әйелдердің ең төменгі санатын жатқызуға болады:
=ЭКҰ бағдарламасы бойынша индуцирленген жүкті әйелдер
=Пжеңіл түрімен
=Ерте босану қаупі бар жүкті әйелдер гестациясының 34 аптасынан бастап
=Асқынбаған бір кесар тілігінен кейінгі тыртығы бар жүкті әйелдер
+ Құрсақ ішілік ұрық даму кідіруі бар жүкті әйелдер
? Ана өлімі көрсеткіші келесідей есептеледі:
+ Жүктілік тоқтағаннан кейін 42 кейін ішінде өлген жүктілер, босанушылар және босанған әйелдер саны /тірі нәрестемен босану саны х 100000
=Босану кезінде өлген әйелдер саны/босану саны х 100000
=Өлген жүктілер саны/босану саны х 100000
=Босанғаннан кейінгі кезеңде 2 апта ішінде өлген жүктілер, босанған және босанушы әйелдер саны /тірі және өлі нәрестемен босану саны х 100000
=Жүктілік тоқтағаннан кейін 2 апта ішінде өлген жүктілер, босанған және босанушы әйелдер саны /тірі нәрестемен босану саны х 100000
? 35 жастағы әйелде жатыр ішілік спиральді алғаннан кейін қырындыны гистологиялық зерттеу кезінде эндометрий гиперплазиясы анықталды. Дәрігердің ең ықтимал тактикасы қайсы:
=Гестагендермен емдеу
=Андрогендермен емдеу
+ Бақылау
=Операция
=Антибактериалді терапия
? Науқас Н., 28 жаста, 3 наурызда №3 қалалық емхана акушер-гинеколог дәрігеріне етеккірінің кешігуне, жүрек айнуға, құсуға шағымданып қаралды. Соңғы етеккірі 03-07 ақпанда. Объективті тексеру кезінде жатыр мойны және қынаптың шырышты қабатының цианозы. Қынаптық тексеруде жатыр мойындырығының «жұмсаруы» анықталады. Жатыр консистенциясы жұмсақ, тауық жұмыртқасының көлеміне дейін ұлғайған. Ауырсынбайды. Қосалқылар ұлғаймаған, ауырсынбайды. Сіздің болжам диагнозыңыз:
+ Жүктілік 4 апта
=Жүктілік 6 апта
=Жүктілік 7 апта
=Жүктілік 8 апта
=Жүктілік 9 апта
? Әйел А., 18 жаста, әйелдер кеңесі дәрігеріне 2 ай бойы етеккірнің жоқтығына шағымданып қаралды. Жүктілікке тест оң. Төменде берілген мәліметтердің қайсысы қынаптық зерттеуге сәйкес келеді
=Жатыр тауық жұмыртқасының көлеміне дейін ұлғайған
+ Жатыр әлі ұлғаймаған
=Жатыр қаздың жұмыртқасының көлеміне дейін ұлғайған
=Жатыр түйеқұс жұмыртқасының көлеміне дейін ұлғайған
=Жатыр жетілген ұрық басының өлшеміндей
? К., 27 жаста ауданнан көшуіне байланысты әйелдер кеңесіне қаралды. 20 жасынан терапевтте жүректің ревматикалық ақауы бойынша диспансерлі есепте тұр. Соңғы 6 айда физикалық жүктемеде, жүрген кезде ентігуді байқайды. Осы жүктілік бірінші, жиынды тексеру мәліметтері бойынша 35 аптаға сәйкес. Жүктіге кеңес беруші дәрігер-ревматолог келесі қорытындыны берді: Ревмокардит, белсенді фаза. Жүректің аралас ақауы, сол жақ атрио-вентрикулярлы кеңістіктің стенозына бейімділікпен. Митральді клапан жетіспеушілігі ІІ Б дәрежесі. Жоғарыда аталғандарды ескере отырып диагноз қойылды: Жүктілік 35 апта. Ревмокардит, белсенді фаза. Жүректің аралас ақауы, сол жақ атрио-вентрикулярлы кеңістіктің стенозына бейімділікпен. Митральді клапан жетіспеушілігі ІІ Б дәрежесі. Әйелдер кеңесі акушер-гинеколог дәрігерінің тактикасы:
=Терапиялық стационарға госпитализациялау
=Перзентханаға госпитализациялау
+ Жүктілікті үзуге бағыттау
=Перинатальді орталыққа бағыттау
=Ана және бала республикалық орталығына бағыттау
? Әйелдер кеңесінің участкелік дәрігеріне етеккірінің кешігуіне (соңғысы 9 апта бұрын болды), жүрек айнуына және кейде таңертең біррет құсуға шағымданып әйел қаралды. Өзін жүктімін деп санайды, жүктілікті қаламайды. Соматикалық сау. Анамнезінде 3 босану (балалары тірі) және медициналық 3 түсік бар. Гинекологиялық және венерологиялық аурулары жоқ. Қынап шырышының айқын цианозы бар. Қынаптық тексеруде: жатыр мойны цилиндр пішінді, сыртқы ернеуі жабық. Жатыр денесі антефлексияда, жұмсақтау, жүктіліктің 9 аптасына дейін ұлғайған. Бөліністер серозды. Әйелдер кеңесі дәрігерінің тактикасын анықта:
=Клинико-лабораторлы тексеруді жүргізу
=Клинико-лабораторлы тексеруді және жатыр УДЗ жүргізу
=Клинико-лабораторлы тексеруді жүргізу және диспансерлі бақылауға қою
+ Клинико-лабораторлы тексеруді жүргізу және жүктілікті үзуге бағыттау
=Жүктілікті үзуге бағыттау
? Отбасын жоспарлау бойынша әйелдер кеңесі жұмысының негізі эффективті көрсеткіші:
=Учаскедегі әйелдер саны
+ Фертильді жастағы 1000 әйелдегі аборттар саны
=Аборттардан кейінгі асқыныстар саны
=1 жыл ішінде абортқа жіберілген әйелдердің абсолютті саны
=Фертильді жастағы 1000 әйелге алғандағы өздігінен болған түсіктер саны
? Дәрігер акушер-гинекологқа осыдан бір апта бұрын қызамықтың ауыр түрімен ауырып, жұқпалы аурулар стационарынан шыққан. Жүктілік мерзімі 9-10 апта. Дәрігердің тактикасы қандай:
=Дәруменді терапия жүргізу
=Гормонотерапия және диспансерлік бақылауды жалғастыру
+ Жүктілікті үзу
=Жүктілікті жалғастыру
=Ұрықтың даму ақауы байқалған кезде жүктілікті үзу
? 35 жасар 30-31апталық жүкті әйел 30 минут бойы қағанақ суының кетуіне шағымданып жедел жәрдем көлігін шақыртты. №764 аймақтандыру бұйрығына сәйкес осы жүкті әйел қандай деңгейлі стационарға жатқызылуы тиіс:
=I деңгейлі
+ II деңгейлі
=III деңгейлі
=IV деңгейлі
=V деңгейлі
? Дәлелденген ұсынысқа сәйкес антенаталды скрининг жүргізуде жүкті әйелді әрбір қаралу кезінде ең нақты жүргізілетіні:
=Ұрықтың жүрек соғысын аускультациялау
=Жүкті әйелдің салмағын өлшеу
=Жалпылама пельвиометрия жасау
=Ұрықтың қозғалысын санау
+ АҚ өлшеу
? Әйелді алдын-ала қарау жүргізуде қосымша зерттеу әдісі
=Әйелден сұрақ-жауап алу
=Сүт безін қарау және пальпация
=Жатыр мойнын айнамен қарау
=Цитологиялық зерттеуге жағынды алу
+ Маммография
? Жүктілік, туу және босанудан кейінгі кезеңмен байланысты ана өлімшілдігінің басты себебі:
= Акушерлік сепсис
+ Акушерлік қан кету
= Экстрагениталді патология
= Қағанақ суының эмболиясы
=Преэклампсия, эклампсия
