- •1.Тақырыбы: Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы пәні,міндеттері, мақсаттары, зерттеу әдістері. Балалар мен жасөспірімдердің негізгі мәселелері.
- •3. Дәрістер тезистері:
- •4. Иллюстрациялы материалдар: слайдтар
- •5.Әдебиет:
- •6.Қорытынды сұрақтары:
- •Тақырыбы: Балалар мен жасөспірімдер гигиенасының даму тарихы.
- •Дәрістер тезистері:
- •4. Иллюстрациялы материалдар: слайдтар
- •5.Әдебиет:
- •6.Қорытынды сұрақтары:
- •Тақырыбы: қр балалар мен жасөспірімдер гигиенасын нормалаудағы теориялық принциптері.
- •Дәріс тезисі:
- •4. Иллюстрациялы материалдар: слайдтар
- •5.Әдебиет:
- •6.Қорытынды сұрақтары:
- •Тақырыбы: Өсу мен дамудың негізгі заңдылықтары. Балалар мен жасөспірімдердің өсуі мен дамуына әсер ететін факторлар.
- •Дәрістің тезистері.
- •4. Иллюстрациялы материалдар: слайдтар
- •5.Әдебиет:
- •6.Қорытынды сұрақтары:
- •1.Тақырыбы: Денсаулықтың негізгі көрсеткішінің бірі физикалық дене дамуы. Физикалық дамуының акселерациясы мен ретардациясы.
- •3.Дәріс тезисі:
- •4. Иллюстрациялы материалдар: слайдтар
- •5.Әдебиет:
- •6.Қорытынды сұрақтары:
- •1.Тақырыбы: Балалар мен жасөспірімдердің физикалық дамуының көрсеткіштерін бағалау және оқыту әдістері. Физикалық дамудың стандарттары.
- •3.Дәрістер тезистері:
- •4. Иллюстрациялы материалдары: слайд
- •5.Әдебиет:
- •6.Қорытынды сұрақтары:
- •Тақырыбы: Балалар мен жасөспірімдердің денсаулық жағдайы. Балалар менжасөспірімдердің денсаулық жағдайын сипаттайтын көрсеткіштер.
- •Дәрістің тезисі.
- •5.Әдебиет:
- •6.Қорытынды сұрақтары:
- •Тақырыбы: Балаларды денсаулық топтарына бөлу критериилері. Балалармен жасөспірімдердің денсаулығын комплексті бағалау.
- •Дәрістің тезистері:
- •4. Иллюстрациялы материалдар: слайдтар
- •5.Әдебиет:
- •6.Қорытынды сұрақтары:
- •1.Тақырыбы: Балалар мен жасөспірімдер гигиенасының қызметі. Шаршау және оның физиологиялық мәні.
- •3. Дәрістің тезистері:
- •4. Иллюстрациялы материалдар: слайдтар
- •5.Әдебиет:
- •6.Қорытынды сұрақтары:
- •Тақырыбы: Балалар мен жасөспірімдердің күн тәртібі. Балалар мен жасөспірімдердің күн тәртібінің физиолого-гигиеналық негізі. Оның негізгі ерекшеліктері.
- •3.Дәрістің тезистері:
- •Жасөспірімдердің жасына байланысты ойындар мен демалыстар
- •4. Иллюстрациялы материалдар: слайдтар
- •5.Әдебиет:
- •6.Қорытынды сұрақтары:
- •Дәрістің тезистері:
- •4. Иллюстрациялы материалдар: слайдтар
- •5.Әдебиет:
- •6.Қорытынды сұрақтары:
- •Тақырыбы: 6 жастағы балаларға білім беруді ұйымдастырудың гигиеналық принциптері.
- •Дәрістің тезистері:
- •4. Иллюстрациялы материалдар: слайдтар
- •5.Әдебиет:
- •6.Қорытынды сұрақтары:
- •Тақырыбы: Мектеп жасындағы балалардың күн тәртібі. 6 жастағы балаларды оқытуды ұйымдастырудың гигиеналық принциптері.
- •Дәрістің тезистері:
- •Жасөспірімдердің жасына байланысты ойындар мен демалыстар
- •4. Иллюстрациялы материалдар: слайдтар
- •5.Әдебиет:
- •6.Қорытынды сұрақтары:
- •Тақырыбы: Дамуында дефектісі бар және денсаулығында ауытқуы бар балалар мен жасөспірімдер мекемелеріндегі оқу процестерінің ұйымдастырылуының гигиеналық негіздері.
- •Дәрістің тезистері:
- •4. Иллюстрациялы материалдар: слайдтар
- •5.Әдебиет:
- •6.Қорытынды сұрақтары:
- •Тақырыбы: Балалар мен жасөспірімдер мекемелерінің жоспары мен құрылысының заманауи кезеңдегі гигиеналық принциптері.
- •Дәрістің тезистері:
- •4. Иллюстрациялы материалдар: слайдтар
- •5.Әдебиет:
- •6.Қорытынды сұрақтары:
- •Тақырыбы: Жалпы білім беретін мектептерде, кәсіптік- техникалық мектептерде, гимназияларда, лицейлерде жобалануы мен салынуына қойылатын гигиеналық талаптар.
- •Дәрістің тезистері:
- •4. Иллюстрациялы материалдар: слайдтар
- •5.Әдебиет:
- •6.Қорытынды сұрақтары:
- •Тақырыбы: Мектептен тыс ұйымдарды заманауи үлгіде салу мен жоспарлануына қойылатын гигиеналық талаптар.
- •Дәрістің тезистері:
- •4. Иллюстрациялы материалдар: слайдтар
- •5.Әдебиет:
- •6.Қорытынды сұрақтары:
- •Тақырыбы: Жаңа құрылыс және әрлеу материалдары, оларды санитарлық-эпидемиологиялық бағалау.
- •3. Дәрістің тезистері:
- •4. Иллюстрациялы материалдар: слайдтар
- •5.Әдебиет:
- •6.Қорытынды сұрақтары:
- •Тақырыбы: Балалар мекемелерінің санитарлық – техникалық жабдықтарына қойылатын гигиеналық талаптар. Балалар мен жасөспірімдер мекемелеріндегі ауа-жылыту тәртібі.
- •Дәрістің тезистері:
- •4. Иллюстрациялы материалдар: слайдтар
- •5.Әдебиет:
- •6.Қорытынды сұрақтары:
- •Тақырыбы: Балалар мен жасөспірімдер мекемелерінің жарықтандырылуына қойылатын гигиеналық талаптар.
- •Дәрістің тезистері:
- •4. Иллюстрациялы материалдар: слайдтар
- •5.Әдебиет:
- •6.Қорытынды сұрақтары:
- •3. Дәрістің тезистері:
- •4. Иллюстрациялы материалдар: слайдтар
- •5.Әдебиет:
- •6.Қорытынды сұрақтары:
- •1.Тақырыбы: Спорт залдары мен мектеп шеберханасы жабдықтарына қойылатын гигиеналық талаптар.
- •3. Дәрістің тезистері:
- •4. Иллюстрациялы материалдар: слайдтар
- •5.Әдебиет:
- •6.Қорытынды сұрақтары:
- •1.Тақырыбы: Балалар оқулықтарына қойылатын гигиеналық талаптар (оқулықтарға, балалар кітабына, оқу жабдықтары мен əдістемелеріне).
- •3. Дәрістің тезистері:
- •4. Иллюстрациялы материалдар: слайдтар
- •5.Әдебиет:
- •6.Қорытынды сұрақтары:
- •1.Тақырыбы: Оқу үдерісінде қолданылатын техникалық құрылғыларға (кино, теледидар, компьютерлік технологиялар мен т.Б.) гигиеналық нұсқау.
- •3.Дәрістің тезистері:
- •4. Иллюстрациялы материалдар: слайдтар
- •5.Әдебиет:
- •6.Қорытынды сұрақтары:
- •1.Тақырыбы: Балалар ойыншығы, бала киімдері мен аяқ киімдеріне қойылатын гигиеналық талаптар.
- •Дәрістің тезистері:
- •Балалардың аяқ киімі
- •4. Иллюстрациялы материалдар: слайдтар
- •5.Әдебиет:
- •6.Қорытынды сұрақтары:
- •1.Тақырыбы: Балалар мен жасөспірімдердің физикалық дамуы жəне денсаулыққа еңбектің тигізетін əсері. Ағзаның жынысқа жəне жасқа байланысты еңбек түрін нормалау.
- •3.Дәрістің тезистері:
- •4. Иллюстрациялы материалдар: слайдтар
- •5.Әдебиет:
- •6.Қорытынды сұрақтары:
- •1.Тақырыбы: Жасөспірім ағзасына өндірістік орта факторларының əсері. Жарақаттанудың алдын алу. Мамандандырылған бағыт, оның медициналық-физиологиялық аспектісі
- •3.Дәрістің тезистері:
- •4. Иллюстрациялы материалдар: слайдтар
- •5.Әдебиет:
- •6.Қорытынды сұрақтары:
- •1.Тақырыбы: Дене тəрбиесінің гигиеналық негіздері. Дене тəрбиесі мен дене шынықтыруға арналған құрал-жабдықтар жəне оның түрлері.
- •3.Дәрістің тезистері:
- •4. Иллюстрациялы материалдар: слайдтар
- •5.Әдебиет:
- •6.Қорытынды сұрақтары:
- •1.Тақырыбы: Балалар жəне жасөспірімдерді спортқа баулудың медициналық аспектілері. Дене тəрбиесі кезінде жүргізілетін дəрігерлік бақылау.
- •3.Дәрістің тезистері:
- •4. Иллюстрациялы материалдар: слайдтар
- •5.Әдебиет:
- •6.Қорытынды сұрақтары:
- •3. Дәрістің тезистері:
- •4. Иллюстрациялы материалдар: слайдтар
- •5.Әдебиет:
- •6.Қорытынды сұрақтары:
- •1.Тақырыбы: Балалар жəне жасөспірімдердің тамақтану негіздері. Өсуші ағзаның энергия жəне заттек алмасу ерекшеліктері жəне оң энергиялық баланс түзудегі гигиеналық рационды тамақтанудың рөлі.
- •3.Дәрістің тезистері:
- •4. Иллюстрациялы материалдар: слайдтар
- •5.Әдебиет:
- •6.Қорытынды сұрақтары:
- •1.Тақырыбы: Балалар жəне жасөспірімдер тағамындағы ақуыз компоненттері, майлар, көмірсулар, минералды заттар, дəрумендердің маңызы және генетикалық модифицирленген өнімдердің (гмґ)
- •3.Дәрістің тезистері:
- •4. Иллюстрациялы материалдар: слайдтар
- •5.Әдебиет:
- •6.Қорытынды сұрақтары:
- •1.Тақырыбы: Балалар жəне жасөспірімдер тағамындағы физиологиялық нормасы. Теңдестірілген тамақтанудың рөлі.
- •3.Дәрістің тезистері:
- •4. Иллюстрациялы материалдар: слайдтар
- •5.Әдебиет:
- •6.Қорытынды сұрақтары:
- •1.Тақырыбы: Жұқпалы аурулардың алдын алуды жоспарлаудың маңызы, мекеме құрылысының дəрежелері мен санитария жəне індетке қарсы тəртіптің сақталуы.
- •3.Дәрістің тезисі:
- •4. Иллюстрациялы материалдар: слайдтар
- •5.Әдебиет:
- •6.Қорытынды сұрақтары:
- •1.Тақырыбы: Иммунопрофилактика. Екпе түрлері. Қазақстан Республикасындағы профилактикалық екпе күнтізбесі.
- •3Дәрістің тезистері:
- •4. Иллюстрациялы материалдар: слайдтар
- •05.Әдебиет:
- •6.Қорытынды сұрақтары:
- •1.Тақырыбы: Балалар мен жасөспірімдер мекемелеріндегі гигиеналық тəрбие.
- •3.Дәрістің тезистері: Балалар мен жасөспірімдерге гигиеналық тәрбие беру
- •4. Иллюстрациялы материалдар: слайдтар
- •5.Әдебиет:
- •6.Қорытынды сұрақтары:
- •1.Тақырыбы: Балалар мен жасөспірімдердің салауатты өмір салтын құру қағидалары.
- •3.Дәрістің тезистері:
- •4. Иллюстрациялы материалдар: слайдтар
- •5.Әдебиет:
- •6.Қорытынды сұрақтары:
- •1.Тақырыбы: Қала мен ауылдағы балалар мен жасөспірімдер контингенттеріне емдік-алдын алу шараларын жүргізу.
- •3.Дәрістің тезистері:
- •4. Иллюстрациялы материалдар: слайдтар
- •5.Әдебиет:
- •6.Қорытынды сұрақтары:
- •1.Тақырыбы: Көру бұзылыстары мен қимыл аппаратының даму ауытқуы бар оқушыларды қалпына келтіру мектептерінде оқытуды ұйымдастырудың гигиеналық қағидалары.
- •3.Дәрістің тезистері:
- •2.1. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша аномальды балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселелері.
- •4. Иллюстрациялы материалдар: слайдтар
- •5.Әдебиет:
- •6.Қорытынды сұрақтары:
- •1.Тақырыбы: Жазғы сауықтандыру мекемелеріндегі ескертпелі және ағымды санитариялық-эпидемиологиялық бақылау сұрақтары.
- •3.Дәрістің тезистері:
- •4. Иллюстрациялы материалдар: слайдтар
- •5.Әдебиет:
- •6.Қорытынды сұрақтары:
4. Иллюстрациялы материалдар: слайдтар
5.Әдебиет:
негізгі:
1. Кучма, В. Р. Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы: оқулық. - М. : ГЭОТАР - Медиа, 2014. - 464 бет.
2. Приз, В. Н. Балалар мен жасөспірімдердің денсаулық жағдайын және сырқаттанушылығын бағалау: оқу құралы. - Алматы : Эверо, 2013
қосымша:
ЕрмановаС.А.Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы.-Ақ-нұр,2014
Ордабеков, С. О. Жас ерекшелік анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы: оқу құралы - Қарағанды : ЖК "Ақ Нұр", 2012.
Бөлешов М.Ә. Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы.- Алматы: Эверо, 2010.
6.Қорытынды сұрақтары:
1. Балалар мен жасөспірімдердің гигиенасын нормалау деп нені атаймыз?
2. Балалар мен жасөспірімдер гигиенасын нормалаудың қандай принціптерін сіз білесіз?
3. Балалар мен жасөспірімдер гигиенасының теориялық мәселелері қандай? 4. ҚР балалар мен жасөспірімдердің гигиенасы гигиеналық нормаларын қорытындылары қандай?
№ 4
Тақырыбы: Өсу мен дамудың негізгі заңдылықтары. Балалар мен жасөспірімдердің өсуі мен дамуына әсер ететін факторлар.
Мақсаты: Өсу мен дамудың негізгі заңдылықтары. Балалар мен жасөспірімдердің өсуі мен дамуына әсер ететін факторлары жайлы түсінік беру.
Дәрістің тезистері.
Адам организмі толық ер жетіп, кемеліне келгенге дейін ұзақ өсіп, күрделі даму жолынан өтеді. Осыған байланысты адам өміріндегі 4 кезеңді айыруға болады: құрсақтағы даму, балалық шақ, ер жету және қартаю. Бұл түсінік бойынша өсу дегеніміз, тіндер мен органдардың сан жағынан ұлғаюы, ал, даму дегеніміз олардың сапалы түрде дифференциациялануы мен қызмет қаблетінің жетілуі болып табылады. Құрсақтағы даму мен балалық шақтағы дамуды бір кезеңге біріктіріп, ер жету кезеңі десе де болады, өйткені осы уақытта адамның жыныстық жетілуі, репродукцияға қаблеттілігі және әлеуметтік қызметтерді орындай алу мүмкіндігі қалыптасады.
Адам баласының жыныстық жетілуі, әлеуметтік қызметке жарауынан ертерек қалыптасады яғни біріншісі-13-15, ал екіншісі-17-18 жас аралықтарында жетіледі. Қазіргі кезде қыз балалардың етеккірінің пайда болуының орташа мерзімі 12 жас 7 ай деп алуға болады. Толық ер жету 20-21 жаста деп есептелінеді.
Сәбидің туған күнінен бастап ер жеткенге дейінгі өсу және даму процессінде байқалатын заңдылықтар:
Өсу мен даму қарқынының біркелкі еместігі; Өсу мен даму процессінің біркелкі жүрмейтіндігіне байланысты "баланың жасы" деген сөздің өзін дәлелдеу қажеттігі туады. Осыған байланысты төмендегідей жастарды айыруға болады:
Хронологиялық жас (немесе күнтізбе жасы) - дүниеге келген уақытынан бастап, бақылау жүргізіп отырған күнге дейінгі аралық. Жастың мұндай түрін айыру күнтізбе арқылы анықталатындықтан ешқандай қиындық туғызбайды.
Биологиялық жас. Әрбір сәбидің жеке өсу және даму дәрежесіне байланысты болатын, организмнің морфофункционалдық ерекшеліктерінің жиынтығы. Биологиялық жасты анықтау - бой ұзындығы көрсеткішіне, бой ұзындығының жылдық қоспасына, тұрақты тістердің санына, екінші жыныстық белгілеріне және menarche жасына байланысты жүргізіледі.
Әр түрлі органдар мен жүйелердің өсуі мен дамуының бір мезгілде орындалмауы; Организмнің бір бүтін жүйе екеніне қарамастан, онтогенез процессінде жеке органдар мен жүйелердің өсуі мен дамуы бір мезгілде болмайды (гетерехронды). Жеке органдар мен жүйелердің өсуі мен дамуының гетерохрондылығы қоршаған орта факторларының, балалар мен жасөспірімдердің іс-әрекеттерін жеке нормалаудың ғылыми негізі болып табылады.
Өсу мен даму процессінің жыныстық айырмашылығы (жыныстық ди-морфизм); Жыныстық диморфизм - өсу және жеке функционалдық жүйелер мен бүкіл организмнің даму қарқынының зат алмасу процессінің ерекшелігіне байланысты болады. Мысалы, жыныстық ер жетуге дейін, ер балалардың негізгі антропометриялық көрсеткіштері қыз балаларға қарағанда жоғары болып келеді. Ал керісінше, пубертатты кезеңде қыз балалардың бойының өсу параметрі, салмағы, кеуде шеңбері ер балаларға қарағанда жоғары болады.
Яғни, осы көрсеткіштер балалардың жас-жыныс ерекшелігіне сәйкес бірінші қиылысуы болады. Ал 15 жаста ер балалардың өсу қарқыны үдей түседі де, олардың антропометрлік көрсеткіштері қайтадан қыз балаларға қарағанда жоғары болады. Сөйтіп, екінші қиылысуды анықтауға болады. Бойдың өсуіндегі осы екі қиылысу - дене бітімі дамуының қалыпты жағдайдағы дамуына тән. Сонымен қатар көптеген функционалдық жүйелердің әсіресе бұлшық ет, тыныс алу және жүрек, қан-тамыры жүйелерінің даму қарқынының бірдей жүрмейтіндігі байқалады.
Органдар мен жүйелердің биологиялық сенімділігі; Организмнің әрбір қызмет етуші жүйелеріне сәйкес биологиялық сенімділікті анықтайтын потенциалды мүмкіндіктердің генетикалық қоры берілген. Бұған өкпе, бүйрек, көз, құлақ сияқты бірқатар органдардың жарыса қызмет етуі мүмкіндік береді, яғни тірі организмдегі негізгі жүйелердің көбі бірінің қызметін бірі қайталай алады және организмге қажетті элементтердің қоры шексіз деп есептеуге болады. Жүйелердің осындай биологиялық сенімділігі және тіршілік мүмкіндігінің молдығы болмаса, өмірге тұрақты түрде төнетін қауіптен организмнің өсіп, дамуы қорғана алмас еді.
Генетикалық және сыртқы орта факторларының маңызы; Балалардың дамуына әсер ететін барлық факторлардың жиынтығын екі үлкен негізгі топқа бөлуге болады: Биологиялық (генетикалық) және қоршаған орта(қоршаған орталық және әлеуметтік) факторлары. Биологиялық факторларға тұқым қуалау заңдылықтарын анықтайтын генетикалық белгілердің барлық кешені жатады. Қоршаған орта факторлары деп, сыртқы әсердің нәтижесінде пайда болған өзгерістерді айтады. Олардың ішінде абиотикалық (қоршаған орта) және биотикалық (әлеуметтік орта) факторларды бөлуге болады.
Биологиялық және қоршаған орта факторларының өсіп келе жатқан организмдердің дамуына тигізетін әсерін зерттеуге көптеген іздену жұмыстары арналған. Бірақ, қандай да бір топты бөліп, басқалардан артығырақ етіп көрсетуге мүлде болмайды. Мысалы, тұқым қуалаушылық ролін артығырақ бағалау даму процессінің артығырақ екенін мойындауға мәжбүр етеді. Олай болса, сәбиге ата-анасының барлық жаман, жақсы қасиеттерінің бәрі (соның ішінде аурулары да) міндетті түрде берілуі керек. Солай десек те, тұқым қуалағыштықтың бағыт беруші роль атқаратынын ешкім жоққа шығара алмайды.
Қоршаған орта және әлеуметтік себептердің әсерін артығырақ көтермелеу, екінші бір қиыншылыққа әкеліп соғуы мүмкін. Егер осындай болжамдарға сенетін болсақ, организмнің мүмкіншіліктері шексіз бола отырып, қоршаған ортаның әсері арқылы кез келген баладан "вундеркинд" жасап шығаруға болады. Сондықтан екі фактордың да әсерін естен шығармау керек.
