Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
метод лек ГДиП мпд каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
911.87 Кб
Скачать

4. Иллюстрациялы материалдар: слайдтар

5.Әдебиет:

негізгі:

1. Кучма, В. Р. Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы: оқулық. - М. : ГЭОТАР - Медиа, 2014. - 464 бет.

2. Приз, В. Н. Балалар мен жасөспірімдердің денсаулық жағдайын және сырқаттанушылығын бағалау: оқу құралы. - Алматы : Эверо, 2013

қосымша:

  1. ЕрмановаС.А.Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы.-Ақ-нұр,2014

  2. Ордабеков, С. О. Жас ерекшелік анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы: оқу құралы - Қарағанды : ЖК "Ақ Нұр", 2012.

  3. Бөлешов М.Ә. Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы.- Алматы: Эверо, 2010.

6.Қорытынды сұрақтары:

1. Балалар мен жасөспірімдердің тамақтануының гигиеналық негізі қандай?

2. Өсуші организмдегі зат пен энергия алмасудағы ерекшеліктері неде?

3. Оң энергетикалық баланс құрудағы гигиеналық тамақтанудың рөлі қандай?

12

1.Тақырыбы: Балалар жəне жасөспірімдер тағамындағы ақуыз компоненттері, майлар, көмірсулар, минералды заттар, дəрумендердің маңызы және генетикалық модифицирленген өнімдердің (гмґ)

2.Мақсаты: балалар жəне жасөспірімдер тағамындағы ақуыз компоненттері, майлар, көмірсулар, минералды заттар, дəрумендердің маңызы және генетикалық модифицирленген өнімдерімен таныстыру (ГМҐ).

3.Дәрістің тезистері:

Балалар мен жасөспірімдер тамақтануы. Дұрыс дайындалған тамақтың балалар мен жасөспірімдердін денесі мен ақылының бірқалыпты дамуы үшін мәні зор. Тамақтың жетіспеуі балалардың бойының өсуі мен дамуын кешеуілдетіп,организмнің әр түрлі ауруларға қарсыласуын төмендетеді, ал артық тамақтану — зат алмасу процесін бұзып, астың қорытылуына зиянын тигізеді. Тиімді тамақтану балалар мен жасөспірімдердің жасына қарай организмнің негізгі нәрлі заттарды қажетсінуін және олардың ара қатынасын ескере отырып ұйымдастырылуы қажет. 

Нәресте кезіндегі сәби балалардың (1 жастан 3 жасқа дейін) тамағында белокқа бай сүт және сүт өнімдері, ет, жұмыртқа болуы тиіс. Яслижасындағы балалардың күн тәуліктік рационында кем дегенде 600—800 мл сүт, ал мектеп жасындағы балалардың рационында 400—500 мл сүт болуы тиіс. Сәби балалардың майды қажетсінуін өсімдіктерден алынатын (күнбағыс,жүгері майы) маймен қамтамасыз ету керек, өйткені оларды организм жақсы сіңіре алады. Өсімдік майын көкөніс пюресі мен салатқа қосып беру керек. Балалардың тамағына жидек, жемістердегі және олардың өңделген өнімдеріндегі организмге тез сіңетін углеводтардың болуының мәні зор.

Сәби балалар мен ересек балалардың тамағындағы белоктар, майлар мен углеводтардың анағұрлым қолайлы ара қатынасы сәбилер үшін 1:1:3, ересектерге 1:1:4 болуы тиіс. Мұндай ара қатынастан едәуір ауытқу тамаққа жетерліктей мөлшерде нәрлі заттар мен витаминдердіңенгізілуіне қарамастан денсаулыққа зиянын тигізуі мүмкін. Мысалы, тамақта әсіресе мал майының көп болуы баланың организміндегі зат алмасудың, ас қорытуының бұзылуына әкеп соғып, салмағын ауырлатады. Углеводтардың артық болуы да зат алмасуын бұзып, семіртеді, ал тәттіні мөлшерден артық пайдалану балалар мен жасөспірімдерде диабетауруының өрістеуіне әкеліп соғады. Балалар мен жасөспірімдердің тамағы әр түрлі болуы тиіс, ал біркелкі тамақ балалардың тәбетін нашарлатады. Майлы етті тек мектеп жасындағы ересек балаларға (14—17 жастағы) беруге рұқсат етіледі. Шала қуырылған немесе ысталған сүр етті бала организмі нашар сіңіреді және оған уланып қалу не ішек құрты жұғуы мүмкін. Сондықтан оларды балаға бермеген дұрыс.

Сондай-ақ тұзы көп немесе бұрыш, қыша, сілті көп қосылған ет және балық тағамдары 8—10 жастағы балалардың тамақтану рационынан алынып тасталуы керек. Алкоголь ішімдіктердің барлық түрі (сыра, үй наливкасы, тұнбасы) балалар мен жасөспірімдердің организміне зиянды әсерін тигізеді. Ащы кофе, какао, шай ішсе, сондай-ақ шоколадты көп жесе, әсіресе, 3 жасқа дейінгі балаллардың нервісі қозады.