Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
метод лек ГДиП мпд каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
911.87 Кб
Скачать

4. Иллюстрациялы материалдар: слайдтар

5.Әдебиет:

негізгі:

1. Кучма, В. Р. Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы: оқулық. - М. : ГЭОТАР - Медиа, 2014. - 464 бет.

2. Приз, В. Н. Балалар мен жасөспірімдердің денсаулық жағдайын және сырқаттанушылығын бағалау: оқу құралы. - Алматы : Эверо, 2013

қосымша:

  1. ЕрмановаС.А.Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы.-Ақ-нұр,2014

  2. Ордабеков, С. О. Жас ерекшелік анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы: оқу құралы - Қарағанды : ЖК "Ақ Нұр", 2012.

  3. Бөлешов М.Ә. Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы.- Алматы: Эверо, 2010.

6.Қорытынды сұрақтары:

1.Балалар мен жасөспірімдердің денсаулығына және физикалық дамуына еңбек қалай әсер етеді?

2. Қыздардың еңбекті оқуындағы ерекшеліктері қандай?

3. Балалардың еңбекті оқуындағы ерекшеліктері қандай?

7

1.Тақырыбы: Жасөспірім ағзасына өндірістік орта факторларының əсері. Жарақаттанудың алдын алу. Мамандандырылған бағыт, оның медициналық-физиологиялық аспектісі

2.Мақсаты: жасөспірім ағзасына өндірістік орта факторларының əсері, жарақаттанудың алдын алу, мамандандырылған бағыт, оның медициналық-физиологиялық аспектісімен таыстыру.

3.Дәрістің тезистері:

Оқу барысында жасөспірімдер қолайсыз физикалық факторлар мен химиялық агенттермен байланысқа түсуі мүмкін, сондықтан жасөспірімдер организмінің кәсіби - өндірістік факторларға,яғни, қолайсыз метеорологиялық жағдайға, өндірістік шуға, өнеркәсіптік шаң-тозаңға, химиялық заттар мен физикалық жүктемеге деген реакциясының түрін білу қажет.

Өндірістік ортаның метеорологиялық жағдайы ауа температурасының жоғарлауы мен де, төмендеуімен де сипатталады. Ауаның жоғарғы температурасымен жасөспірімдер металлургиялық өндірістің, металл өндеу өнеркісібінің ыстық цехтарында, текстиль, кондитер, кулинарлық, фарфор-фаянс өндірістерінде байланысады. Жасөспірімдердің жылу алмасуыолардың ыстық цехтарда жұмыс істегенде жүйке - тамыр жүйесі реакциясының өзіне бір тән ерекшеліктеріне ие болады:

- жылу алмасу мен гемодинамика үрдістерінің бұзылуын көрсететін - гипер- және адекватты емес реакция.

- жасөспірімдерорганизмінің функционалдық күйінің оңалу үдерісінің созылуы. Мартеновпешінің жанындағы сталевармамандығына оқып жүргеннің жүрек жиырылу саны бір минутта 120–140 құрайды, ал өндірістік операциялар ауыртпалығының артуы мен оқудың қарқынына байланысты кейбір жағдайларда минутына 170–200-гежетеді. Пеш жанында өндірістік операцияларды орындаудан кейінгі дәл уақытта систоликалық артериальды қысым көтеріледі, кейін тез арада бастапқы деңгейден төмендейді, диастоликалық артериалдық қысым да түседі (кейде 20–30 мм сынап бағанасы дейін).

Жасөспірімдердің өндірістік операциялардан кейінгі пульс жиілігі мен артерия қысымының оңалуы 1 сағат, кейде одан да астам уақытқа созылады. Дене температурасы пеш жанындағы жұмыс кезі мен кейінгі уақытта айтарлықтай көтеріледі: 37,6-ден 38,3 °C-ға , ал кейде 39,4 °C-ға дейін, бұл жас жігіттердің жылу алмастырғыш үрдістерінің ыстық цехтарда жұмыс істегенде айтарлықтай бұзылуын айғақтайды. Бұл бұзылыстардың барлығы(нарушения)жұмыс аяқталғаннан кейін де ұзақ уақыт сақталады. Жұмыс күннің соңына қарай пульс, дене температурасы мен дем алу жиілігі бастапқы (жұмыс алды) көсеткіштерден жоғары болып, артерия қысымының деңгейі төмендейді.

Бұл көрсеткіштер, әдеттегідей, жұмыстан кейінгі 0,5 - 1 сағат демалыс уақыттан кейін де қалпына келмейді. Ересек жұмысшылармен бір цехта жұмыс істеп, үлкендерге қарағанда аз көлемдегі физикалық жүктемені орындағанның өзінде жасөспірімдердің тері мен дене температурасы тез және жоғарырақ көтеріледі, гемодинамиларының ауытқуы нақтырақ көрініп, қайта қалпына түсуі баяу. Жасөспірімдердіңреттеуші механизмі жақсы қалыптаспаған, олардың функционалдық мүмкіндіктері аз. Жасөспірімнің жылу реттегіші игере алатын қоршаған орта температурасының қозғалыс ауқымы кіші, сондықтан жүктемемен терморегуляция үрдісінің бұзылуы жасөспірім кезде ыстығы төмендеу ауа температурасында да пайда болады.

Температурасы жоғары микроклиматтың ұзақ уақыт ықпал етуі, ұзақтығы ересектермен салыстырғанда кем болғанымен де жасөспірімдердің денсаулығына бір қатар өзгеріс әкеледі. Оларда неврологиялық ауытқулар вегетативті дисфункция, астеновегетативті синдром, артериялық гипотензияға айналатын жүрек-тамыр жүйеcінің функционалдық күйінің өзгеруі, миокардтағыритммен метаболизм үдерістерінің бұзылуытүрінде жиірек дами бастайды. Оларда асқазан-ішек жұмысының бұзылуы, гиповитаминоз жиі дамиды. Ыстық цехтарда жұмыс істейтін жасөспірімдердің еңбекке қабілетінен уақытша айыратын аурулардың көрсеткіштері басқа мамандық бойынша жұмыс істейтін жасөспірімдерге қарағанда жоғары, оларда өндірістік жарақаттану, тұмау аурулары, асқазан- ішек аурулары мен терінің ірің аурулары жиі кездеседі.

Ауаның төмен температурасымен жасөспірімдер құрылыс мамандықтарына, кеме құрылысы жұмыстарына, ағаш кесу орындарында, балық аулаумен байланысты жұмыстарда, ет өңдеу өндірісінің шикізат цехтарында кездеседі. Суықтың ықпалында жасөспірімдердің жақсы жағдайы ересектерге қарағанда 3-5°C жоғары болғанда ғана сақталады. Яғни, қоршаған ортаның температурасы бірдей әсер еткенімен, жасөспірімдердің өздерін қолайсыз сезінуі ерте басталады. Суықтың әсерінен пайда болған барлық физиологиялық өзгерістері оларда нақтырақ білінеді: тері температурасы, тактильді сезімталдықтың деңгейі жоғарылап кетеді, бұлшық ет қуаты төмендейді.

Ересектермен бірдей жұмыс істеу барысында төмен температура жағдайында жасөспірімдердің жылу бөлінуінің артуы төменгі температура мен ауа қозғалысының жылдамдығы төмендегенде басталады. Сөйтіп, жасөспірімдердің тез тоңуы қоршаған ортаның температурасы төмендегенде басталады.

Ет өңдеу өндірісінің шикізат цехтарында оқитын жасөспірімдердің саусақтарының үсуі вегетативтік полиневриттің, вегетативтік невралгияның бастапқы формалары сияқты аяқ қолдың перифериялық жүйке жүйесі ауруларының тез (1-2 жылдан кейін) дамуына әкеліп соғады. Бұл аурулар тура осындай мамандықтағы ересектерге қарағанда жасөспірімдерде жиі және тез дамиды. Ер балалармен салыстырғанда , қыздардың организмі суыққа өте сезімтал. Жасөспірімдер кеме құрылысы, тоқыма және ұста өндірісіндегі, көптеген станоктағы мамандықтарды меңгеруде өндірістік шудың әсеріне тап болады.

Жасөспірімдер организмінің барлық түрдегі шудың әсеріне жоғарғы сезімталдығы анықталған. Есту анализаторы ересек кезге қарағанда боз балалық және жасөспірім кезде шуға өте сезімтал. Жылжу өлшемі деңгейі мен олардың қайта қалпына келу уақыты шудың қарқынына тура байланысты. Жасөспірімдердің шудың әсерінен кейінгі есту сезімталдығының қайта қалпына келуі ересектерге қарағанда баяу өтеді. Жасөспірімдер миының биоэлектрлікбелсенділігінің көрсеткіштері мен олардың есту анализаторларының функционалдық күйі айтарлықтай қолайсыз өзгерістердің пайда болғанын айқындайды:Орталық жүйке жүйесінің жас ерекшеліктік даму қарқыныныңбаяуланғаны мен оның функционалдық деңгейінің төмендегенін , есту сезімталдығы төмендегенін байқаймыз. 15-17 жасар жасөспірімдердің организміне 96–105 дБ деңгейдегі шудың әсері, әсіресе, 3 сағаттық жұмыстан кейін (есту сезімталдық ең жоғарғы деңгейі 4000 и 7000 Гц жиілікте). 16 жасар жасөспірімдердің 17 жасар жасөспірімдермен салыстырғанның өзінде 75, 80, 85, 90 шектік спектр индексі бар шу болғанда олардың организмінің функционалдық күйінің: есту анализаторы, ОЖЖ -ЦНС ,жүрек-тамыр жүйесі айтарлықтай өзгеріске ұшырағаны байқалады. Күнделікті бүкіл жұмыс күні бойы еститін қарқынды шудың әсерінен жасөспірімдерде 1-2 жылдан соң кохлеарлық органда қайта оңалмайтын процестер болуы мүмкін. Сонымен, ересектерге қалыпқа сай болатын шу деңгейлері жасөспірімдерге зиянды болады. Олардың ересектерге қарағанда шуға деген тұрақтылығы төмендеу.

Өндірістің көбісі ауада көп мөлшердегі шаңның болуымен сипатталады. Жасөспірімдердің «шаңды» цехтарда жұмыс істеуі шектелген болуы тиіс, ал силикоз қауіпті мамандықтарда 20 жастан төмендегілерге жұмыс істеуге тыйым салынады. «Шаңды» патология мен шаңды жұмыстармен істейтін жастың арасындағы байланыс белгіленген. Жұмыс бөлмелердегі пайда болған шаңның концентрациясы бірдей болғанымен пневмокониоз ауруының пайда болуы адамның ересек кездегімен салыстырғанда жас кезде тез дамып, ұзақ және қиын өтеді. 21-25 жастағылар шаңның әсеріне ең мықты қарсы тұра алатындардың бірі. Эксперименттік ақпараттар бойынша, жас жануарлардың өкпе тіндердің склеротипті реакцияларыересек түрлеріне қарағанда тез пайда болады екен. 15–17 жасар тоқымашы қыздардың сыртқы дем алуын байқау, цехтағы жұмысының 3 сағатынан кейін олардың ӨТС (өкпенің тіршілік сиымдылығы),тыныс алуда, әсіресе тыныс жіберуде ауа ағымының күші - проба Штанге, төмендегенін көрсетті. Ал жұмыс соңында бұл көрсеткіштердің одан да бетер айқындалғаны байқалған. Бұл функционалдық өзгерістер жинақталады,дем алу органдарының тұрақты түрдегі өзгерістерге ұшырауына әкеліп соғуы мүмкін. Тоқымашы қыздардың қысқа уақытта (3 жылға жетпей) жоғарғы дем алу жолдарының шырышты қабықша, сирек атрофиялықсипаттағы өзгерістер дамиды. Бұлардың станоктық, радиотехникалық, құрылыс мамандықтарына оқып жатқан құрдастарына қарағанда, жоғарғы дем алу жолдарының ауруы жиілігі жоғары. Тоқымашы жасөспірімдерде бронхиттің, кейде астмалықтүрі жиі кездеседі. Яғни, жасөспірімдердің жоғарғы дем алу жолдарының шырышты қабықша шаңның әсеріне деген төзімділігі төмен.

18-ге толмаған тұлғаларға заң бойынша химиялық өндірісте жұмыс істеуге тыйым салынған. Алайда негізгі цехтардағы өндірістік практиканың өту басында жасөспірімнің жасы 18-ден төмен болмаса, химиялық өндірістің кейбір мамандықтарына оқытуға болады.Мұндайларға мұнай-химия өнеркәсібіндегі, полимерлер, минералды тыңайтқыштарды, түрлі химиялық заттарды өндірудегібірқатар жұмыс категориялары жатады. Жасөспірімдер көптеген химиялық заттармен басқа да өндіріс салаларында оқып, жұмыс істегенде де байланысуы мүмкін: құрылыста (органикалық ерітінділер мен нитра қосылымдармен байланыс болуы мүмкін), кеме құрылысында (азот қышқылдары, марганец, фтор, қорғасын қосылымдары), машина құрылысында (түрлі түсті металдар буы, жағу – мұздату сұйықтықтары), радиотехникалық өнеркәсіпте (құрамында қорғасын бар қосындыларын біріктіру), мата өнеркәсібінде, резина-техникалық өндірісте, полиграфияда және т.б.

Балалар мен жасөспірімдер мекемелерінде жарықтандырылу тәртібі барлық бөлмелердің, әсіресе негізгі бөлмелердің сандық және сапалық жағынан ұтымды жарықтандырылуын қарастырады. Балалар мекемелерінің жарықтандыру тәртібін көру қызметінің дұрыстығын сақтау проблемасынан бөліп қарауға болмайды. Негізгі бөлмелердің жарықтандырылу жағдайы оқу-тәрбие кезінде жалпы және көру қызмет-қабілетінің сақталуына жағдай жасап, көздің қажуының алдын алып, соған сәйкес болатын көрудегі ауытқулардың, жеке алағанда алыстан көрмеушіліктің дамуына жол бермеу керек.

Табиғи жарық. Балалар мен жасөспірімдер мекемелерінде табиғи жарық көптеген нормалық көрсеткіштермен сипатталады. Олардың ішіндегі ең негізгілері: ғимараттың учаскесінің дұрыс орналасуы, негізгі бөлмелердің бағыты, табиғи жарық коэффициентінің, жарық коэффициентінің, тереңдік коэффициентінің жеткіліктілігі. Негізгі бөлмелердің табиғи жарықтануына қойылатын талаптар: жеткіліктілігі, біркелкілігі, жұмыс орнының жарқырамауы, көлеңке түспеуі, бөлменің ысымауы.

Бұл жағдайлардың орындалуы мекеменің құрылысы (қайта салынуы) кезінде жүзекге асырылады. Бірақ ҚНменЕ талаптары сақталған күннің өзінде көптеген жағдайлар кері әсер етіп, табиғи жарықты сандық және сапалық жағынан біршама төмендетуі мүмкін. Бұндай жағдайларға бөлме интерьерінің бояуы, жиһаздар мен басқадай құрал-жабдықтардың түр-түсі мен орналасуы, терезенің өлшемі мен конфигурациясы, санитарлық жағдайы, терезе алдының биіктігі т.с.с. жатады.

Күнделікті санитарлық бақылауда бөлменің жарықтандырылу жағдайын тексерген кезде бөлменің бағыты, көлеңке коэффициенті, тереңдік коэффициенті терезенің конфигурациясы мен өлшемі, оның санитарлық жағдайы, есіктердің, терезе жақтауларының түр-түсі, әйнектелуі, терезе алдының биіктігі, қараңғылайтын заттар (перде, гүлдер т.б.) қабырғаның, төбенің, құрал-жабдықтардың бояуының түсі, оның санитарлық жағдайы анықталады.

Алынған мәліметтер СанНменЕ, ҚНменЕ сияқты нормаландыру құжаттарының талаптарымен салыстырылады. Қажетті жағдайда ұсыныс, нұсқаулар беріледі. Негізгі бөлмелердің терезелерінің бағыты барлық климаттық аудандарда, барлық оқу-тәрбие мекемелері үшін оңтүстік, оңтүстік-шығыс, шығыс болып табылады. Терезе өлшемдері мен конфигурациясы және саны - жарық коэффициентін, яғни оның жеткіліктілігін анықтап біркелкілігін сипаттайды. Стандартты типтік терезелердің биіктігі 2-2,5м, кеңдігі 1,8-2,0м, формасы жарық ағынын (әсіресе жоғарғы жағынан) жақсы өткізуі керек. Сондықтан терезенің жоғарғы жағы мейілінше төбеге жақын (0,15-0,3м) орналасқаны дұрыс. Екі терезенің аралығы 0,5м көп болмауы керек.

Терезе алдының биіктігі типтік жобамен салынған оқу орындарында 0,7-0,8м, мектепке дейінгі мекемелерде 0,5-0,6м. Терезе алдына гүлдер, өсімдіктер өсіруге күндізгі мезгілде, перделерді жабық ұстауға болмайды. Терезенің шаң басу, ластануы табиғи жарықты 40%-ға дейін төмендетеді. Сондықтан оларды мектепке дейінгі мекемелерде аптасына 1 рет, орта оқу орындарында айына 1-2 рет ішкі жағынан жуып, тазалау қажет, сыртқы жағынан тазалануы жылына 3 реттен кем болмауы керек. Қыста қырау басудан сақтандырмаса табиғи жарық 60-80%-ға дейін төмендейді.

Бөлмелердің бояуы, жиһаздардың түр-түсінің жоғары шағылысу коэффициенті мен жарқырауы оның контрастылығының дұрыс бөлінуіне жағдай жасайды, сондықтан балалар мекемелеріне арналып ұсынылған бояулар түрлерін қолданған дұрыс.

Балалар мен жасөспірімдер мекемелерінде таңертеңгі, кешкі уақыттарда, әсіресе күз, қыс кездерінде табиғи жарықпен қатар, жасанды жарықтандыру жүйесі де қолданылады.

Жасанды жарық - негізгі бөлмелердің жасанды жарықтандырылуына санитарлық бақылау жүргізген кезде “жарықтандыруды өлшеу хаттамасы” толтырылады, сонымен қатар оның сандық және сапалық жақтары да сипатталады. Ол үшін бөлменің жасанды жарықтандырылуы табиғи жарық спектріне жақын ба, біркелкілігі қандай, жарқырауы көзге қолайсыз емес пе сияқты сұрақтар анықталады. Бұл сұрақтарды анықтау үшін жасанды жарық көздерін (люминисцентті шам, қыздырғыш шам), жарықтандыру жүйесін (жалпы, аралас), шырақтардың типтерін (түзу шағылысу, таралуы), олардың іліну биіктігі, орналасу тәртібі, шамдардың электрлік қуаты (жалпы Вт, меншікті үлесі-Вт/м2) анықталады.

Жасанды жарықтың нормасы ҚНменЕ беріледі. Қолданылатын жарық көздері үнемді, әрі ыңғайлы болуы керек. Люминисценттік шамдар қойылатын талаптарға сай келеді деп есептеледі. Олардың жарықтандыруы қыздырғыш шамдарға қарағанда жоғары, және берілетін жарықтың спектрлік құрамы табиғи жарықтың спектріне жақындау келеді. Қыздырғыш шамдарға қарағанда люминисцентті шамдар жылу көзі болып табылмайды, яғни бөлме ауасын қосымша қыздырмайды және олар жарықтандыру беті кең, түзу жарық көзі болып табылады. Сәулелері үлкен көлеңкелер туғызбайды. Қолданылуы 2-2,5 есе арзанға түседі.

Оқу-тәрбие мекемелерінде люминисцентті шамдардың ЛЕ (люминисцентті табиғи жарық), ЛБ (люминсцентті ақ түс), ЛТБЦ (люминисцентті жылы-ақ түсті) түрлерін және т.б. жарықтандыру сипаты табиғи жарыққа жақын келетіндерін пайдалану керек.