Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
метод лек ГДиП мпд каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
911.87 Кб
Скачать

4. Иллюстрациялы материалдар: слайдтар

5.Әдебиет:

негізгі:

1. Кучма, В. Р. Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы: оқулық. - М. : ГЭОТАР - Медиа, 2014. - 464 бет.

2. Приз, В. Н. Балалар мен жасөспірімдердің денсаулық жағдайын және сырқаттанушылығын бағалау: оқу құралы. - Алматы : Эверо, 2013

қосымша:

  1. ЕрмановаС.А.Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы.-Ақ-нұр,2014

  2. Ордабеков, С. О. Жас ерекшелік анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы: оқу құралы - Қарағанды : ЖК "Ақ Нұр", 2012.

  3. Бөлешов М.Ә. Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы.- Алматы: Эверо, 2010.

6.Қорытынды сұрақтары:

1. Сіз қандай мамандандырылған мектептен тыс мекемелерді білесіз? 2. Мектептен тыс мекемелердің ұзақтығы және жұмыспен қамту құрылымы қандай болуы тиіс? 3. Мектептен тыс мекемелердің негізгі топтарының ауданы қанша болуы керек?

4. Балалар мен жасөспірімдер мекемелерінің негізгі талаптары қандай?

18

      1. Тақырыбы: Жаңа құрылыс және әрлеу материалдары, оларды санитарлық-эпидемиологиялық бағалау.

      2. Мақсаты: жаңа құрылыс және әрлеу материалдары, оларды санитарлық-эпидемиологиялық бағалаумен таныстыру.

3. Дәрістің тезистері:

Балалар мен жасөспірімдер мекемелерінде эпидемияға қарсы жұмыстары емдеу профилактикалық мекемелердің құрылысын салуда төмендегі құжаттарды басшылыққа алады:

СЕжМ 7.01-89 "Қалалық және ауылдық елді мекендердегі құрылыстарды жоспарлау".

СЕжМ 2.08,02-89 "Қоғамдық құрылыстар мен ғимараттарға қойылатын санитарлық нормалар мен ережелер".

1989 ж Гипронииздрав өңдеп шығарған денсаулық сақтау мекемелерін жобалау туралы оқу құралы.

СЕжМ 3.01.042.-97"Ауруханалар мен емдеу мекемелерін пайдаланудағы құрылыстар мен жабдықтарға қойылатын санитарлық нормалар мен ережелер". Емдеу мекемелері, елді мекендердің функционалдық зоналарын ескере отырын бекітілген жалпы жоспарымен детальды жоснарларының жобасына сәикес селитебті, көгалды немесе қалаға жақын территорияларда орналасуы қажет.

Арнаулы ауруханалар немесе науқастардың ұзақ мезгілде емделуіне арналған сыйымдылығы 1000 төсектеи жоғары кешендер және сонымен катар, көрсетілген сыйымдылықтағы ерекше тәртіптегі (насихиатриялық туберкулез ауруларына арналған т.б.) Стационарды қала шетіне, не болмаса' мүмкіндігінше жақсы көгалдандырылған шеткі аудандарға селитебтік территориядан 1000 м қашықтықты сақтай отырып орналастыру қажет.

Учаске таңдаған кезде емдеу орындары қоршаған санитарлық жағдаилар, желдің негізгі бағыты ескерілуі қажет.

Құрылыс материалдары — үйлерді, ғимараттарды салу мен жөндеуде пайдаланылатын табиғи және жасанды материалдар мен бұйымдар. Негізгі құрылыс материалдарының түрлері:

  • табиғи тау жыныстарынан жасалған құрылыс материалдары (дара тастар, қиыршық тастар, т.б.);

  • органикалық (битум, қарамай, синтетикалық шайыр, т.б.) жәнебейорганикалық (цементәктасгипс, т.б.) байланыстырғыш материалдар;

  • жасанды құрылыс материалдары және құрастырмалы құралымдар мен бұйымдар (құрылыстық керамикабетонтемір-бетонасбест-цемент, темір,шыны және силикаттан жасалған бұйымдар);

  • ағаш материалдары және олардан жасалған бұйымдар (есік және терезе блоктары, ағаш талшықты және ағаш үгінділерінен жасалған тақталар, т.б.);

  • металдан жасалған бұйымдар (көтергіш және қоршау құралымдары, құбырларрельстер, т.б.);

  • синтетикалық шайырлар мен пластмассалар (линолеумпенопласт, т.б.).

Алтын гипс кристалы

Әр түрлі табиғи тау жыныстарынан іргетастар, қабырғалық әшекейлік, т.б. құрылыс материалдары жасалынады. Органикалық байланыстырғыш заттардан жол құрылысына қажетті жабын, ылғал өткізбейтін заттар дайындалады. Ағаш жаңқасынан жұқа әшекейлік тақталар жасау үшін байланыстырғыш заттар ретінде синтетикалық шайырлар пайдаланылады. Бейорганикалық заттардың ішіндегі ең негізгісі – цемент. Одан бетон, темір-бетон, асбест-цемент, құрылыс қоспалары сияқты құрылыс материалдары жасалады. Әктастан бу қысымымен алынатынсиликаттық бетонкірпіш әрі құрылыстық қоспалар дайындалады.

Жасанды құрылыс материалдары жасалу технологиясына қарай байланыстырғыш заттар көмегімен жасалатын бетон, темір-бетон, асбест-бетон, асбест-цемент, силикаттық бетондар мен кірпіш, құрылыс қоспалары; саз топырақтан (балшықтан) күйдіру арқылы алынатын керамикалық құрылыс материалдары; құмды түрлі қоспалар қосып балқыту арқылы алынатын кеуек материалдар, ситалдар, минералдық мақталар болып бөлінеді. Жасанды құрылыс материалдарының негізгі бір түрі – металдар. Олар құрылыста әр түрлі құралымдар (көпірлер, өндірістік құрылыстар, жер сілкінісіне шыдамды құрылыстық қаңқалар және темір-бетон арматуралар, т.б.) жасауға пайдаланылады. Ағаш материалдары және олардан жасалған бұйымдарға ағашты механикалық өңдеу барысында алынатын материалдар (бөренелер, кесілмелі материалдар, паркет, фанера, т.б.) кіреді. Металдардан, негізінен, болат илемі құрылыста кеңінен қолданылады. Олардан темір-бетондарға қажетті арматуралар, ғимараттың каркастары, көпірдің құрылыстық өткіндері, жылыту жүйелері, жабын материалдары, т.б. жасалады. Әлемдік практикада ең алғаш Қазақстанда жаңа керамикикалық “золокерам” материалдары жасалып, өндіріске енгізілді.