Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
радиожурналистика силлабус.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
104.25 Кб
Скачать

Пәннің мазмұны

Кіріспе

Курсқа кіріспе. Радиохабар даярлау технологиясы курсының мақсаты мен міндеті

«Радиохабар даярлау технологиясы» пәнінің мақсаты. Пәннің алдына қойған міндеттері. Курстың радиохабар даярлау технологиясы үшін ұсынатын бағыт-бағдарлары.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Радиохабар таратудың рөлі мен орны.

Радиохабардың қоғамдық мәні. Бұқаралық ақпарат құралы ретіндегі радионың ерекшелігі. Дыбыстың акустикалық табиғаты. Хабар тарату техникасының және радионың бейнелеуіш құралдарының дамуы.

Бұқаралық коммуникация жүйесіндегі радиохабар таратудың міндеттері

Ақпараттық міндеті.Қоғамдық- әлеуметтік топтастыру міндеті. Мәдени-ағартушылық міндеті. Радиохабар таратудың эстетикалық негіздері.

Аудиотехника және радиохабарлар технологиясы

Дыбыс жазу- радиожурналистиканың басты факторларының бірі. Дыбыс жазу құралдарының тарихы.

Радиожурналистиканың техникалық құралдары

Микрофондар және олармен жұмыс істеудің ерекшеліктері. Дыбысты өңдеу технологиясы және оның түрлері. Магнитафон және оның түрлері. Диктофон – радиожурналистің негізгі құралы.

Радиожурналистиканың бейнелеуші құралдары

Радио – дыбыс өнері. Радиожурналистиканың бейнелеуші құралдары ретінде саз бен табиғи орта шуының мәні. Радиожурналистиканың стильдік бейнелеуші құралдары.

Радиохабар жасау әдістері

Даярлық кезеңдері. Сценарилық жобаға жан бітіру әдістері. Факті және дыбыстық дерек. Радиожарнама.

Радиожурналистикаға тән мамандықтар

Радиоредактор оның атқаратын қызметі. Ресжиссер және дыбыс операторының атқаратын қызметі. Жүргізуші журналист және диджей. Комментатор.

Эфирлік образ және жүргізуші рөлі

Музыкалық бағдарлама жүргізушісі. Радиопішіні. Диджейдің эфирде ұстанатын ережелері.

Радиожурналистиканың ақпараттық жанрлары

Радиоақпарат. Ақпараттық хабардың жанрлық ерекшеліктері. Ақпаратқа қойылатын маңызды талаптар. Радиорепортаж- радиожурналистикадағы жетекші жанр. Радиосұхбат түрлері. Радиоесеп.

Радиожурналистиканың талдамалы және деректі-көркем жанрлары

Радиокомментарий. Радиоәңгімелесу. Радиокорреспонденция. Пікірталасқа құрылған радиохабарлар және оларға қойылатын талаптар

Қазіргі форматтық радиохабарлар тарату

Қазіргі кезеңдегі радиохабарлар тарату қызметінің құрылымдық жүйесі. Ақпараттық-музыкалық радиохабар тарату. Мемлекеттік және коммерциялық радиохабар тарату.

Радиожурналистика және радиоөнер

Радиохабарлар тілі мен стилі. Сөйлеу тілі және шешендік өнер. Фразеологизм мен мақал-мәтелді орынды пайдалану.

Тікелей эфир хабарлары

Қазақ радиосынан берілетін тікелей эфир пішіндері. Тікелей эфирдегі кәсіби шеберлік қырлары. Тікелей эфирде хабар жүргізу ерекшеліктері.

Радиожурналистің шығармашылық шеберханасы

Радиожурналистика шығармашылық түрі ретінде. Дикторлық шеберлік және оған қойылатын талаптар. Радиоәңгімелесудің ерекшелігі. Радиожурналист қызметін реттейтін құқықтық және этикалық талаптар.

Әлемдегі және Қазақстандағы радиохабар тарату үрдістері

Әлемдік радиохабар тарату ісіндегі қазіргі үрдістер. Қазақ тілінде ұлт тілдерінде хабар даярлау және тарату тәжірибесі. Шетелдік радиостанциялардың Қазақстанға хабар таратуы