- •Пәннің оәк құрастырған: Әбдіразақова Аягөз Қожамырзақызы баспа ісінің магистрі, аға оқытушы
- •Мазмұны
- •Оқу бағдарламасы
- •Радиохабар даярлау технологиясы
- •5В050400 - журналистика
- •Түсіндірме жазба
- •Пәннің мазмұны
- •Зертханалық сабақтардың тақырыптары:
- •Қорқыт ата атындағы қызылорда мемлекеттік университеті
- •Силлабус (жұмыс оқу бағдарламасы)
- •І. Пәннің мазмұны
- •Білім алушының сабақ түріне байланысты жұмыс уақытының бөлінісі
- •Іі. Дәріс сабақтарының мазмұны
- •IV. Зертханалық сабақтардың мазмұны
- •V. Білім алушының оқытушымен бірге орындайтын өзіндік жұмысының жоспары
- •VI. Білім алушының өзіндік жұмысы
- •VII. Аралық бақылаулар мен емтихан сұрақтары:
- •VIII. Midterm сұрақтары:
- •IX. Қолданылатын әдебиеттер тізімі
- •2016-2017 Оқу жылы бойынша пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілу картасы (поәқк) радиохабар даярлау технологиясы
- •Түсіндірме жазба
- •2.Пререквизиттер:
- •3.Постреквизиттер:
- •Мәдени бағытта дайындалатын радиохабар сценариінің жобасын жасау тәсілдері
- •Сценарий дегеніміз не?
- •Әдеби бағыттағы әңгімелесуге құрылған радиобағдарлама сценариінің жасалу әдістері
- •Радиожурналист шеберлігін қалыптастыру жолдары
- •Радиодағы ақпараттық хабарлардың жасалу жолдары, әдіс-тәсілдері
- •Жүргізуші шеберлігін қалыптастыру
- •Зертханалық сабақтардың тақырыптары:
Радиодағы ақпараттық хабарлардың жасалу жолдары, әдіс-тәсілдері
Апта:4
Сағат саны:2
Мақсаты:
Сабақ барысы: Сабаққа қатысуды тексеру, тапсырманы түсіндіру мақсатында кеңестер беру, тапсырманы орындату, орындалған тапсырманы талдау, пікір білдіру, бағалау.
Бақылау түрі: пікір айту, жекелеген радиожурналистер еңбектерін талдау
Негізгі ұғымдар мен түсініктер: сценарий, радиожурналистика, шеберлік, ақпарат, жанр
Пайдаланылатын әдебиеттер:
1.Қабылғазина К. Аудиотехника және радиохабарларының технологиясы. – А, 1999
2.Қабылғазина К. Журналист шеберлігін қалыптастыру жолдары. – А, 2012
3.Ошанова О. Сөйлеу мәдениетінің негіздері. – А, 2012
4.Мельник Г.С. Общение в журналистике: советы мастерства. – М, 2009
5.Ворошилов В.В. Журналистика. – М, 2009
Тапсырмаға кіріспе
Ақпаратты бағдарламаларды дайындаудың техникасын терең меңгермесе, берілген жаңалық сүреңсіз, оқиға әсерсіз болуы мүмкін. Сондықтан төмендегі қағидаларды естен шығармаған абзал.
Біріншіден, әрбір ақпараттың бір-бірімен байланысы мен жалғасуын алдын-ала ойластырып алу керек.
Екіншіден, аз уақыт таза табиғи дыбыстық фонды жіберген дұрыс. Бұл көрерменнің қызығушылық ритмін сақтайды.
Үшіншіден, ақпарат логикалық тұрғыдан берілуі тиіс. Негізгі құрылым: жалпы, орташа, үлкен болып келеді. Мүмкіндікке қарай олардың орындарын ауыстыруға да болады.
Төртіншіден, сөз бен табиғи шу аудитория алдында бірі-бірімен бәсекеге түспегені дұрыс. Егер дикторлық мәтін маңызды болса, табиғи шуды мүлде қолданбаған абзал.
Бесіншіден, адамдардың дауысын сәтті пайдалану арқылы оқиға барысын, эмоциясын ашық түрде көрсете білу керек.
Алтыншыдан, жаңалықтарға жоғары көркем сюжеттер құрылымы мен ритмді байлап қоюдың керегі жоқ.
Жылдам сөйлеу мен тез қимыл кейде барлық айтылған нәрсені қабылдауға кедергі болатынын ұмытпауымыз қажет.
Тәжірбие көрсеткендей жанр таза күйінде қолданылмайды бір жанрда бірнеше элемент қоса жүреді. Оның күрделі құрылымын хабардан немесе бағдарламадан көруге болады.
Тапсырма:
Жақында орын алған оқиғалардан радиоақпарат дайындау. Дайындалатын ақпараттың саны 6-дан кем болмау қажет. Дайындалған ақпаратты диктор, не хабар жүргізушісі сияқты дыбыстау қажет. Тапсырма түгел орындалғанда бағаланады.
5-ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС ТАҚЫРЫБЫ:
Жүргізуші шеберлігін қалыптастыру
Апта:5
Сағат саны:2
Мақсаты:
Сабақ барысы: Сабаққа қатысуды тексеру, тапсырманы түсіндіру мақсатында кеңестер беру, тапсырманы орындату, орындалған тапсырманы талдау, пікір білдіру, бағалау.
Бақылау түрі: пікір айту, жекелеген радиожурналистер еңбектерін талдау
Негізгі ұғымдар мен түсініктер: сценарий, радиожурналистика, шеберлік, ақпарат, жанр, талант
Пайдаланылатын әдебиеттер:
1.Қабылғазина К. Аудиотехника және радиохабарларының технологиясы. – А, 1999
2.Қабылғазина К. Журналист шеберлігін қалыптастыру жолдары. – А, 2012
3.Ошанова О. Сөйлеу мәдениетінің негіздері. – А, 2012
4.Мельник Г.С. Общение в журналистике: советы мастерства. – М, 2009
5.Ворошилов В.В. Журналистика. – М, 2009
Тапсырмаға кіріспе:
Тіл көрнектілігі. Сөйлеуші тыңдаушының ойына ғана емес, сезіміне, елестету қабілетіне әсер етуі керек. Сөздің образдылығы, эмоционалдығы оның әсер ету тиімділігін арттырады, түсінуге ықпал етеді, жақсы қабылдауға, есте сақтауға әсер етеді, әрі эстетикалық ләззат береді. Бұл жөнінде Ахмет Байтұрсынов былай дейді: «Сөздің дұрыс, анық, дәл айтылуының үстінде талғау сөздің көрнекі болуын да керек қылады. Сол сияқты өң берілген сөздер көрнекі делінеді. Тіл көрнекі болуы үшін дерексіз нәрсе деректі нәрседей, жансыз нәрсе жанды нәрседей суреттеліп, адамның сана саңлауына келіп түсерлік дәрежеге жетуі керек. Мысалы, шолақ ақыл, күн күркіреу, қазанның құлағы, т.б.».
Тіл анықтығы. «Айтылған лебіз ашық мағыналы, түсінуге жеңіл, көңілді күдіктендірмейтіндей болса, тіл анықтығы дегеніміз сол болады. Лебіз ашық мағыналы болу үшін айтушы айтатын нәрсесін анық танитын болу керек. Адам анық танитын нәрсесін ашық айтады. Сондықтан біреудің айтқан сөзін анық түсінеміз де, біреудің сөзін анық түсінбей, жорамалдап жорып, ұйғарып қана қоямыз. Лебіз анық болуына мынадай орындарда кемшілік келмек:
- Лебіз мағынасы екіұшты ұғарлық болып айтылғанда;
- Сөйлемдердің шұбалаңқы айтылуы;
Сөздер өз мағынасында жұмсалмаса;
Адас синоним сөздерді аңдап айтпаса, мәселен «Сол елдің адамының бәрі азулы» азып тозу немесе мықты;
Сөз өктейсіз орынға қойылса». /А.Байтұрсынов/
Мұнымен қоса тіл анықтығы дегеніміз сөз мағынасының түсінікті болуы, ол үшін терминдер, шет тіліндегі сөздер, диалектикалық сөздер, жаргондар, архаизмдер, кәсіби сөздерді өз жөнімен қолдану, ретсіз сөз арасын былғамау.
Сөз түсінікті болмаса, адамның ойын түсіну қиынға соғады.
Тіл дәлдігі деп «ойлаған ұғымға сөз мағынасының сәйкес келуі айтылады. Ұғымға сөз дәл келуі үшін сөздің мағынасын дұрыс айыра білу керек. Тіл дәлдігін бұзатын көбінесе әуендес сөздер.
Әуендес сөз деп мағынасы жақын сөздер айтылады. Мәселен, батырлық, ерлік, батылдық, өткірлік, өжеттік деген сияқты сөздер, Мұның бәрі жүректілікті көрсеткенмен, әрқайсысы өз алдына өңі бар.
Тіл дәлдігіне мынадай орындарда кемшілік келеді:
- Сөйлем ішіне орын алып, оралғы болуда басқа қажеті жоқ сөздер кірсе;
- Ойы қарайлас сөйлемдер қатар айтылғанда» /А.Байтұрсынов/.
Тіл дәлдігі дегеніміз сонымен қатар тіл заңдылықтарын жақсы білу, нақты, әрі айқын ойлай білу, сөздерді дұрыс қолдана білу. Көпмағыналы сөздерді, омоним, синоним, антонимдерді дұрыс пайдалану. Лексикалық құралдарды іріктегенде төмендегідей шарттарды ескеру:
- Сөз мағынасы;
- Көпмағыналылығы;
- Басқа сөздермен байланысы;
- Эмоционалды экспрессивті бояуы;
- Стилистикалық мінездемесі;
- Қолданылу аясы;
- Грамматикалық көркемделуі, бейнелілігі.
Лексикалық құралдарды іріктегенде негізгі шарттарды орындамау сөзді дұрыс қолданбауға әкеліп соқтырады. Мәселен, сөзді өз мағынасында қолданбау, екіұшты мағына беру, жаттандылыққа соқтыру, сөз байланысындағы қателіктерге әкелу, сөздерді стилистикалық бағалаудағы қателіктерге ұрындыру.
Сөз дұрыстығы әдеби тілдің қалыптасқан нормасын сақтау, оның ішінде сөздің дұрыс айтылу заңдылықтарын орындау. «Сөз дұрыс айтылуы деп әр сөздің, әр сөйлемнің дұрыс күйінде жұмсалуы айтылады. Олай болуы үшін керек:
- Сөздердің тұлғасын, мағынасын өзгертетін түрлі жалғау, жұрнақ, жалғаулық сияқты нәрселерді жақсы біліп, әрқайсысын өз орнында тұтыну;
- Сөйлем ішіндегі сөзді дұрыс септеп, дұрыс көптеп, дұрыс ымыраластыру;
- Сөйлемдерді бір біріне дұрыс орайластырып, дұрыс құрмаластырып, дұрыс орналастыру» /А.Байтұрсынов/.
Әр журналист үшін сөйлеу мәдениетінің заңдылықтарын білу ең басты шарттардың бірі, әсіресе телерадиода жұмыс істейтін әріптестеріміз үшін. Телевидениеде жүргізушінің сыртқы келбеті бірінші кезекте бағаланады, ал радиода ең бастысы жағымды үн, мәнерлі дауыс қажет десек те, екі жағдайда да журналист сауатты сөйлей білмесе, өз ойын мәнерлеп жеткізе алмаса көпшіліктің көңілінен шығып, кәсіби шеберлікке қол жеткізем деу бос әурешілік. Сондықтан сөйлеудің біз жоғарыда атап өткен қарапайым заңдылықтарын білу журналистерге қойылар басты талап болмақ.
Тапсырма:
Қазіргі радио, тележүргізушілер туралы мәліметтер кешенін жинап, талдау. Пікір білдіру. Нәтижесін әлеуметтік желілерге салу.
