Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
радиожурналистика силлабус.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
104.25 Кб
Скачать

Радиожурналист шеберлігін қалыптастыру жолдары

Апта:3

Сағат саны:2

Мақсаты:

Сабақ барысы: Сабаққа қатысуды тексеру, тапсырманы түсіндіру мақсатында кеңестер беру, тапсырманы орындату, орындалған тапсырманы талдау, пікір білдіру, бағалау.

Бақылау түрі: пікір айту, жекелеген радиожурналистер еңбектерін талдау

Негізгі ұғымдар мен түсініктер: сценарий, радиожурналистика, шеберлік, шығармашылық, талант, кәсібилік

Пайдаланылатын әдебиеттер:

1.Қабылғазина К. Аудиотехника және радиохабарларының технологиясы. – А, 1999

2.Қабылғазина К. Журналист шеберлігін қалыптастыру жолдары. – А, 2012

3.Ошанова О. Сөйлеу мәдениетінің негіздері. – А, 2012

4.Мельник Г.С. Общение в журналистике: советы мастерства. – М, 2009

5.Ворошилов В.В. Журналистика. – М, 2009

Тапсырмаға кіріспе:

Бүгінгі күннің талабы телерадио комментаторлары мен жүргізуші дикторларға, тікелей эфирде хабар жүргізетін журналистерге арнаулы кәсіби білммен қатар, микрофон немесе камера алдында отырып шебер әрі сауатты сөйлей білу өнері қажет екендігін көрсетіп отыр. Бұрынғы Кеңес заманында бұқаралық ақпарат құралдарындағы цензураға байланысты камера алдындағы жүргізушінің еркіндігіне шек қойылатын. Әрбір сөз, сөйлем, айтылмақ ойдың түп төркіні, мағына, мазмұны бірнеше сүзгіден өтіп барып эфирге жіберілетін. Олардың мәтінін аға редактор, бас редактор, бағдарлама директоры тағы басқалары қадағалап, керегінше тексеруден өткізетін. Осындай талаптың күштілігінен болар, эфирге таза мәнермен, әуезді дауыспен оқылатын хабарлар жіберілетін. Әрине мұның пайдалы және пайдасыз жақтары бар. Пайдалысын айтсақ, эфир уақты үнемделді, сөйлеу мәдениеті, сөйлеу техникасы жоғары деңгейге көтерілді. Эфирден естілген хабарлардың барлығы көрермен жүрегінен орын алды. Таза, әрі сөздік қоры мол қазақ тілінің бар байлығы мен құдіретті бояуы табиғи қалпын бұзбай эфир арқылы халыққа жетіп жатты. Бірақ мұнымен қоса, шығармашылық адамдарында еркіндік болмайтын. Бүгінде бәрі керісінше сипат алды, шығармашылық еркіндік бар, эфирдегі таза, әрі сауатты сөйлеу этикасы жоғалып кетті. Бұл сынды ескере отырып, сыңаржақ түсініктен халықтың санасын тазартып, отандық журналистердің кәсіби деңгейін жақсарту үшін көк сандықты әр үйдің досына, тәрбиешісіне айналған тұста, хабар жүргізу, тарату, жүйелеп жоспарлау мәдениетіне көңіл бөліп, тележурналистікке тіл байлығы мол, сөйлеу мәдениетін меңгерген мамандарды сұрыптап тарту ісін қолға алсақ, өз телеөнімдеріміздің сапасы жақсара бермек.

Бүгінде сөйлеу мәдениетін жетік меңгермеген жүргізушілер көбейіп кетті: олардың көпшілігінде тіл байлығымен сөздік қор жетіспей жатады; ана тіліміздің қалыптасқан заңдылықтарын білмейді; термин мен диалектикалық сөздерді ажырата алмайды; кейбір «р», «ң», «ү» деген дыбыстарға тілі келмейтін сақаулары жетерлік; тілді шұбарлап, сөйлемдерді дұрыс құрастыра алмай жатады; кез-келген сөзді мағынасына қарамай қазақшаға аудару процессі басталды.

Міне, осыдан келіп, тіліміз шұбарланып, хабар өз деңгейінде шықпай жатады, сын айтушылар да көбейеді.

Ал, осындай олқылықтардың орнын толтыру үшін қазақ тілін жетік меңгерген, кемінде журналистика саласында 3-4 жыл қызмет еткен адамдарды тамыр-таныссыз, талантына қарап таңдап алу керек. Сондай-ақ, оларды редактор, режиссер, визажист, стилист тағы сол сияқты мамандар кемінде бір-екі ай дайындап, эфирге бірақ шығарған да жөн болар еді.

Телерадиожүргізушілерге деген халықтың сенімі мен көзқарасын жоғалтып алмау үшін отандық телеарналар, әсіресе тәуелсіз телеарналардағы мемлекеттік тілдің деңгейін жетілдіріп, эфирге қазақ тілін сауатты меңгерген жүргізушілерді жіберу талабын қойып, барлық журналистерге қазақ тілін білуді міндеттеу керек. Қазақ тіліндегі жобасы түзу деген хабарларды эфирден жібере салмай, мазмұны терең, сапасы жоғары кәсіби дүниелерді іріктеп, саралап көрсеткен абзал. Соңғы уақытта кірме сөз, термин, диалектикалық сөздердің мағынасына үңілмей жалпылама қазақшаға аудару белең алуда. «Тисе терекке, тимесе бұтаққа» деп қалай болса солай аудара беру тіл мәдениеті мен эфир этикасына нұқсан келтіріп жатыр. Сондықтан жүргізуші мағынасы түсініксіз, өз мәнінде ашылмаған аудармаларға сақтықпен қарағаны дұрыс. Мұның бәрін эфирде отырғанда аңғару мүмкін емес. Сондықтан жүргізуші эфирге шықпастан бұрын, дайын мәтінді толықтай оқып шығып, түсініксіз сөздерді өз сөзімен түзетіп алғаны абзал.

Бүгінгі күнде телерадиоарналардағы жүргізушілердің сөйлеу мәнері де әр алуан. Мәселен, жаңалықтар жүргізушісі өте шапшаң, бірсыдырғы тездетіп хабарлау тәсілін ұстанса, музыкалық немесе көңіл көтеру бағдарламаларының жүргізушілері жеңіл әрі ойнақы нақышта сөйлеу мәнерін ұстанған. Бұдан жүргізушілер қазақы сөз саптау жүйесін бұзып, әріптердің дыбысталу нормасынан алшақтап, сөз арасындағы кідірістерді де жасанды жасауына тап болып жатыр. Әсіресе, орыс тілі немесе ағылшын тілінің мәнерінде сөйлеуге жол бермей, ақпаратты қоңыр дауыспен ырғақты етіп жеткізуге күш салу қажет.

Дыбысталу жағынан алып қарағанда, сөйлеу жік-жігімен айтылған дыбыс шумақтарының тізбегінен құралады. Дыбысталудың шумағы өз ішінде жігі ажырап, кіші топтарға(үзбелерге) бөлшектенеді. Олар сөйлеудің фонетикалық бірліктері ретінде қаралады. Олар мыналар:

  1. Фраза

  2. Такт

  3. Буын

  4. Дыбыс

І.ФРАЗА – ең ірі фонетикалық бірлік. Бір фраза екінші фразадан кідіріс арқылы ажыратылады. Сөйлеуші екінші фразаны айту үшін бірінші фразадан кейін кідіріс жасайды. Пауза жасалғанда, дем ішке тартылады да, екінші фразаны айтқанда, сыртқа шығарылады. Мысалы, Қонағын сүймеген баласын ұрады деген сөйлемде екі фраза бар: оның бірі қонағын сүймеген, екіншісі баласын ұрады. Бұл фразалардың басын біріктірген нәрсе – интонация. Интонация өте күрделі құбылыс. Оны құрайтын мыналар:

1. Мелодика. Дауыс ырғағының көтеріліп барып бәсеңдеуі немесе бәсеңдеп барып құайта көтерілуі мелодика деп аталады. Әрбір тілдің өзіне тән мелодикалық кестесі болады. Паузамен бірге мелодика да сөйлеуді мүшелеу тәсілі ретінде қызмет атқарады. Сөйлемнің бөлшектері айтылуда дауыстың көтеріліп, төмендеуі немесе төмендеп барып көтерілуі арқылы ажыратылады. Хабарлы сөйлемде паузаның алдындағы сөз көтеріңкі айтылады да, одан соң біртіпдеп төмендейді.

Сіркіреп жауған жауын түні бойы басылмады деген сөйлемде Жауын, Түні бойы, Басылмады сөздерін айтқанда дауыс көтеріледі.

2. Сөйлеудің темпі. Темп сөйлеудің шапшаң немесе баяу болуы дегенді білдіреді.

3. Сөйлеудің үдемелілігі. Айтылудың күштілігі немесе әлсіздігі дегенді білдіреді.

4. Сөйлеудің әуені. Сөйлеудің әуені айтылудың мақсатына қарай, «көңілді» немесе «ойнақы», «қапалы(қайғылы) немесе «қорқынышты(үрке сөйлеу әуені)» болуы мүмкін. Сөйлеу әуені бар да, дауыс әуені деген бар. Дауыс әуені(мысалы, баритон, бас, тенор, сопрано т.б) мен дыбыс әуені сөйлеу әуенінен басқаша болады.

ІІ. ТАКТ. –Фраза тактілерге бөліп ажыратылады. Такт фразаның бір екпінге бағынған бөлшегі. Тіл-тілдегі атауыш сөздердің әрқайсысы бір-бір екпінге ие болғандықтан, өз алдына бөлек такт болыр бөліне алады. Ал көмекші сөздер бөлек екпінге бөліне алмайды. Көмекші сөздер атау сөздердің не алдында, не артында келіп, олармен тіркесе бір такт жасай алады.

ІІІ. БУЫН. Такт буындарға жіктелір бөлінеді. Буын бір дыбыстан немесе бірнеше дыбыстың тіркесінен құралады.

Дыбыс құрылысы жағынан буын үшке бөлінеді: ашық, тұйық, бітеу буын.

  1. Ашық буын. Бір ғана даусытан болған немесе дауыссыздан басталып, дауыстыға біткен буын ашық буын деп аталады. Мысалы, ана, әке, қара, дала

  2. Тұйық буын. Дауыстыдан басталып, дауыссызға біткен буын тұйық буын деп аталады. Оң, ол, ақ, ас, ұл

  3. Бітеу буын. Ортасы дауысты болып , екі жағы дауыссыз дыбыспен тұйықталған буын бітеу буын деп аталады. Құс, құм, қант

ІУ. ДЫБЫС. Буын дыбысқа бөлінеді. Дыбыс – ең кішкене фонетикалық бірлік. Сөз құрамындағы буындардың айтылуы біркелкі бола бермейді. Ол буындардың біреуі, басқаларпдың біреуі, басқаларына қарағанда, айқынырақ ажыратылып, көтеріңкі айтылады. Мұндай қасиетке, әдетте, екпін түскен буын ие болады. Осыған орай екпін түскен буын екпінді буын деп аталады. Екпін түскен буын басқа буындардан негізгі үш түрлі тәсіл арқылы ажыратылады:

  1. Буынның біреуі басқаларынан айрықша күшті айтылуы арқылы ажыратылады. Екпіннің мұндай түрі лебізді екпін немесе динамикалық екпін деп аталады.

  2. Басқа буындардың ішінен бір буын айтылу тонының ырғағы арқылы ерекшеленіп, дауыс шымылдығының дірілінің жиіленуіне негізделеді. Екпіннің бұл түрі тоникалық немес музыкалық екпін деп аталады. Екпіннің бұл түріне ие тілдер: қытай, корей, дүнген, жапон, серб, литва тілдері

  3. Басқа буындардың ішінен бір буын өзінің құрамындағы дауыстының созылыңқы айтылуы арқылы ажыратылады. Бұл квантитативті(латын тіл. Аударғанда сан, мөлшер) екпін деп аталады.

Тіл-тілде сөз екпіннен басқа фразалық екпін де болады. Сөйлеу процесінде бір-бірімен тіркесіп айтылған сөздердің әрқайсысы әрқашан дербес екпінге ие болуы шарт емес. Кейбір сөз тіркестерінің құрамындағы сөздердің әрқайсысы өз алдына дербес екпінмен дараланбай, айтылу жағынан жігі жымдасып, бір ғана екпінге ие болады. Мұндай сөз тіркестеріндегі екпін фразалық екпін деп аталады.

Тапсырма:

Дәрісханада ақпараттық, танымдық хабарлардың мәтіні жазылады. Тапсырманы орындауға 10 минут беріледі. Талданады, пікір білдіріледі, бағаланады.

4-ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС ТАҚЫРЫБЫ: