- •Пәннің оәк құрастырған: Әбдіразақова Аягөз Қожамырзақызы баспа ісінің магистрі, аға оқытушы
- •Мазмұны
- •Оқу бағдарламасы
- •Радиохабар даярлау технологиясы
- •5В050400 - журналистика
- •Түсіндірме жазба
- •Пәннің мазмұны
- •Зертханалық сабақтардың тақырыптары:
- •Қорқыт ата атындағы қызылорда мемлекеттік университеті
- •Силлабус (жұмыс оқу бағдарламасы)
- •І. Пәннің мазмұны
- •Білім алушының сабақ түріне байланысты жұмыс уақытының бөлінісі
- •Іі. Дәріс сабақтарының мазмұны
- •IV. Зертханалық сабақтардың мазмұны
- •V. Білім алушының оқытушымен бірге орындайтын өзіндік жұмысының жоспары
- •VI. Білім алушының өзіндік жұмысы
- •VII. Аралық бақылаулар мен емтихан сұрақтары:
- •VIII. Midterm сұрақтары:
- •IX. Қолданылатын әдебиеттер тізімі
- •2016-2017 Оқу жылы бойынша пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілу картасы (поәқк) радиохабар даярлау технологиясы
- •Түсіндірме жазба
- •2.Пререквизиттер:
- •3.Постреквизиттер:
- •Мәдени бағытта дайындалатын радиохабар сценариінің жобасын жасау тәсілдері
- •Сценарий дегеніміз не?
- •Әдеби бағыттағы әңгімелесуге құрылған радиобағдарлама сценариінің жасалу әдістері
- •Радиожурналист шеберлігін қалыптастыру жолдары
- •Радиодағы ақпараттық хабарлардың жасалу жолдары, әдіс-тәсілдері
- •Жүргізуші шеберлігін қалыптастыру
- •Зертханалық сабақтардың тақырыптары:
Әдеби бағыттағы әңгімелесуге құрылған радиобағдарлама сценариінің жасалу әдістері
Апта:2
Сағат саны:2
Мақсаты:
Сабақ барысы: Сабаққа қатысуды тексеру, тапсырманы түсіндіру мақсатында кеңестер беру, тапсырманы орындату, орындалған тапсырманы талдау, пікір білдіру, бағалау.
Бақылау түрі: жазу, талдау
Негізгі ұғымдар мен түсініктер: сценарий, радиожурналистика, әдебиет, сұхбат, туынды, жанр
Пайдаланылатын әдебиеттер:
1.Қабылғазина К. Аудиотехника және радиохабарларының технологиясы. – А, 1999
2.Қабылғазина К. Журналист шеберлігін қалыптастыру жолдары. – А, 2012
3.Ошанова О. Сөйлеу мәдениетінің негіздері. – А, 2012
4.Мельник Г.С. Общение в журналистике: советы мастерства. – М, 2009
5.Ворошилов В.В. Журналистика. – М, 2009
Тапсырмаға кіріспе:
Әңгіме — талдамалы публицистикалық жанр түрі. Онда кейде фотоқұжаттар, деректі фильмдерден үзінділер пайдаланылады. Екі түрде жүреді. Біріншісі: белгілі бір қоғамдық пікірді көптеген адамдардың қатысуымен талдайды, екіншісі- белгілі бір адамдар жиынтығынан құралған топтың назарын аударту үшін жүргізіледі. Аудитория назарын ньюсмейкерлер аударады.
Әдебиет туралы-Ұлы М. Әуезов кезінде: «Қазақ әдебиеті де құр өлең, жыр болып қоймай ескі заң, ескі мінез, ескі білім тәжірибені білдірудің үстіне, қазақтың шаруа тіршілігі мен тұрмыс түрінен туатын ұғымын да айқын көрсетеді. Көшпелі салт, бақташылық кәсібі қазақ елінің ой-сезімін, мінезі мен ұғымын өзгеден бөлек пішінде қалыптаған. Қазақтың алғашқы өзгешелігінен туатын айқын, бөлек тұлғасы бар. Ерекше біткен ұлы денелі қол батыры, жан батыры болатын геройы мен героинялары бар» [4], - деп, әдебиеттің өмірмен, этностың тұрмыс-салтымен тығыз байланысты екеніне, қазақ халқының өзгелерге ұқсамайтын көшпелі өркениеті, қоғамдық формациясы арқасында ерекше ойлау жүйесі орныққанына, дара менталитеті көрініс беретініне назар аударады.
Ұлттың рухани қуатының деңгейі қай кезде, қай заманда болмасын, оның көркемдік дәстүрі, сондай-ақ, мирас болып келген рухани-әстетикалық, адамгершілік құндылықтары және сөз өнеріндегі жаңа жетістіктері арқылы өлшеніп отырады.
Жылдан жылға сан түрлі сипатқа ие болып, түр мен мазмұн жағынан биік сатыға көтерілген қазақ публицистикасының өркендеуіне өзіндік үлес қосып келе жатқан белгілі қазақ қайраткерлерінің туындылары қашан да жоғары бағаланады. Қанша заман ағылып өтсе де, шығармалары тақырып, мазмұн, идея сияқты автор даралығын айқын көрсетіп тұратын тілдік ерекшеліктерінің құндылығы жоғалмақ емес.
Публицистиканың қазіргі таңда көтерер жүгі ауыр әрі сыны басым деуге болар. Уақыт талабына дәл жауап беруде басты объектісі адамды, қоғамдағы өзекті проблемаларды жан-жақты таныту үлкен жауапкершілікпен қатар, тілдік шеберлікті талап ететіні сөзсіз.
Қазақ әдебиетінің тарихында шығармаларымен оқырман ықыласына бөленген, өзіндік суреткерлік қолтаңбасымен айрықша есте қалған қаламгерлер саны аса көп емес. Әсіресе, XX ғасырдың 20-30 жылдары қазақ прозасында өз туындыларымен топты жарып, қара үзіп шыққан қаншама қаламгер бар десек, ойымызға М.Әуезов, С.Мұқанов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, I.Жансүгіров, С.Сейфуллин, Б.Майлин, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин, І.Есенберлин секілді майталман қаламгерлер еске түседі. Бұл суреткерлердің жазғаны әлдеқашан әдебиетіміздің алтын қорына қосылды. Енді ұлтымыздың рухани санатында кейінгі толқын қаламгерлерге суреткерлік шеберліктің, жазушылық талап пен талғамның айнымас өлшеміндей болып отыр. Осындай құнды көркем туындыларды дүниеге келтірген құнарлы орта, әдеби дәстүр қазақ прозасының әр жылдардағы кезеңіне де өз әсерін тигізді.
Дискуссия — талдамалы публицистикалық жанр түрі, әдетте полилог жүргізушімен бірге және қарама қарсы екі пікір иелерімен қоғамдық маңызы бар мәселені талқылайды. Дисскусия жүргізу барысында ешқандай радиоэфектілер көмегі болмайды. Оның қызықты өтуі таңдаған кейіпкерлеріңіздің тақырыпты аша алуына тікелей байланысты, сонымен бірге жүргізушінің ұтымды сұрақтары мен әңгіме ауанын дұрыс бағыттай алуына да байланысты.
Тапсырма:
Кез-келген пішінде әдеби салаға байланысты радиобағдарлама жасау.
Тапсырма орындауға 50 минут беріледі. Талданады, бағаланады.
3-ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС ТАҚЫРЫБЫ:
