Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
радиожурналистика силлабус.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
104.25 Кб
Скачать

2.Пререквизиттер:

3.Постреквизиттер:

1-ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС ТАҚЫРЫБЫ:

Мәдени бағытта дайындалатын радиохабар сценариінің жобасын жасау тәсілдері

Апта:1

Сағат саны:2

Мақсаты:

Сабақ барысы: Сабаққа қатысуды тексеру, тапсырманы түсіндіру мақсатында кеңестер беру, тапсырманы орындату, орындалған тапсырманы талдау, пікір білдіру, бағалау.

Бақылау түрі: жазу, талдау

Негізгі ұғымдар мен түсініктер: сценарий, радиожурналистика, мәдениет, рекреативті функция

Пайдаланылатын әдебиеттер:

1.Қабылғазина К. Аудиотехника және радиохабарларының технологиясы. – А, 1999

2.Қабылғазина К. Журналист шеберлігін қалыптастыру жолдары. – А, 2012

3.Ошанова О. Сөйлеу мәдениетінің негіздері. – А, 2012

4.Мельник Г.С. Общение в журналистике: советы мастерства. – М, 2009

5.Ворошилов В.В. Журналистика. – М, 2009

Тапсырмаға кіріспе:

Сценарий дегеніміз не?

Сцеанарий жазу шығармашылық жұмыстың бір түрі. Ол автордың журналистің шындықты зерттеуі мен болашақтағы экран шығармасын өзара тығыз байланыстыратын күрделі ізденісі. Сценарий болашақ экран мәлімдемесінің бейнелік және дыбыстық щещілуінің әдеби жазбасы. Сондай-ақ публицистердің өмірлік материалды зерттеуінің көркемдік, драмматургиялық, монтаждық, ауызекілік құралдар арқылы шығармашылық талдауының алғашқы көрінісі. Осыдан сценарийдің болашақтағы экран көрінісін сипаттайтын ерекше топқа жататын әдеби шығарма екендігі айқындалады. Ол үшін экран құралдарының көркем тілдің әдіс-тәсілдерінің рөлі ерекше. Сценарист прозайк сияқты оқиғаны көрермен көз алдына елестетіп жазады. Оқиғаны бейнелеудің маңызды факторы сценарист шеберлігі.

Сонымен сценарий туралы қазақ тележурналистикасының даму, қалыптасу жолдарын зерттеуші ғалым Қ.Тұрсын «Көгілдір экран құпиясы» атты еңбегінде былай түсінік береді: «Сценарий – болашақ экрандық көріністердің әдеби жазбада көркемдік және дыбыстық өрнектелуі». Сценарий деп оқиғаның қысқаша сипатын, драмалық шығармалардың сахнадағы жүру тәртібін көрсететін қысқаша жоспарын, конспектісін атаған. Сценарий – театрлық ұғым, «сценариус» деген сөзден шыққан. Сахнадағы әртіске қашан, сахнаның қай жағынан қалай шығу керектігін көрсететін, оның барлық іс-әрекетін бақылап отыратын адамды айтқан. Театрдан біртіндеп сценарий ұғымы кинематографияға ауысты. Ол киномен бірге дамып отыратын әдеби шығармаға айналды. Алғашқы кезде ол әрекеттің деңгейі белгісін білдірді, біртіндеп әрекетті дәл сипаттайтын болды.

Сценарий - әдеби кез-келген хабардың негізгі және алғы шарты. Сценарий бойынша бағдарлама барысында көтерілетін тақырыптар реті, немесе хабардың мазмұны беріледі. Сценаридің негізінен:

1.Жұмыс сценариі

2.Экспликация,

3.Дыбыс режиссерлік сценарий.

Кез-келген сценариді дайындаған автор ереже бойынша 6 дана басылып таратады.

1 дана архивқа кетеді.

2 дана редакторға

3 дана жүргізушіге

4 дана дыбы режиссеріне

Дыбыс режиссеріне берілетін сценарийдің негізінде экспликация дайындалады. Экспликация – мазмұнның, хабар барысында айтылатын тақырыптардың дыбысталуын көркемдеуді реттейді.Табиғи шумдарды, әуендерді, дыбыстық эффектілерді пайдаланудың жоспары көрсетілуі қажет. Бағдарламаның әр минутында не берілуі осы экспликацияда айқындалады. Дыбыс режиссерлік сценариі кезінде журналистің дайындаған хабарының мазмұнына байланысты әр-түрлі фонограммалар мен дыбыспен безендіріледі.

Публицистикалық радио хабарлардың басталуы мен аяқталуы, тыңдарманына сәтті жетуі шебер жазылған сценариге тікелей байланысты.

Тапсырма:

Кез-келген мәдени тақырыпта радиобағдарламаның сценарилік жобасын дайындау. Бағдарлама пішіні мен өткізу түрін сценарий авторы өзі таңдайды.

Тапсырманы орындауға 35 минут уақыт беріледі. Сосын бүкіл аудиторияда талданады. Пікірлер білдіріледі: артықшылығы мен кемшілігі, ерекшелігі көрсетіледі. Тапсырма соңында белсенді студенттер жұмысы бағаланады.

2-ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС ТАҚЫРЫБЫ: