- •Пәннің оәк құрастырған: Әбдіразақова Аягөз Қожамырзақызы баспа ісінің магистрі, аға оқытушы
- •Мазмұны
- •Оқу бағдарламасы
- •Радиохабар даярлау технологиясы
- •5В050400 - журналистика
- •Түсіндірме жазба
- •Пәннің мазмұны
- •Зертханалық сабақтардың тақырыптары:
- •Қорқыт ата атындағы қызылорда мемлекеттік университеті
- •Силлабус (жұмыс оқу бағдарламасы)
- •І. Пәннің мазмұны
- •Білім алушының сабақ түріне байланысты жұмыс уақытының бөлінісі
- •Іі. Дәріс сабақтарының мазмұны
- •IV. Зертханалық сабақтардың мазмұны
- •V. Білім алушының оқытушымен бірге орындайтын өзіндік жұмысының жоспары
- •VI. Білім алушының өзіндік жұмысы
- •VII. Аралық бақылаулар мен емтихан сұрақтары:
- •VIII. Midterm сұрақтары:
- •IX. Қолданылатын әдебиеттер тізімі
- •2016-2017 Оқу жылы бойынша пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілу картасы (поәқк) радиохабар даярлау технологиясы
- •Түсіндірме жазба
- •2.Пререквизиттер:
- •3.Постреквизиттер:
- •Мәдени бағытта дайындалатын радиохабар сценариінің жобасын жасау тәсілдері
- •Сценарий дегеніміз не?
- •Әдеби бағыттағы әңгімелесуге құрылған радиобағдарлама сценариінің жасалу әдістері
- •Радиожурналист шеберлігін қалыптастыру жолдары
- •Радиодағы ақпараттық хабарлардың жасалу жолдары, әдіс-тәсілдері
- •Жүргізуші шеберлігін қалыптастыру
- •Зертханалық сабақтардың тақырыптары:
Түсіндірме жазба
«Радиохабар даярлау технологиясы» пәні бойынша жасалған бағдарлама университеттің журналистика мамандығы бойынша білім алатын студенттеріне арналған. Оқу бағдарламасы «Телерадиожурналистика» курсының заңды жалғасы ретінде және осы пәннің типтік бағдарламасы мен оқулықтарына негізделіп жасалды. Радиожурналистика – БАҚ-тың бір саласы, соның ішіндегі орасан зор мүмкіндіктерді иеленетін жүйе, ХХ ғасырдың адамзат игілігіне ұсынған ұлы жаңалығы, адам баласының ой-санасына, көзқарасына тікелей әсер ететін идеологиялық құрал, рухани нәр мен эстетикалық әсер беретін өнердің өзгеше бір түрі, өркениетті әлемдегі саясат алаңы, аудиторияны қабылдауды аудиолық сипатта жүзеге асыратын техникалық базадағы шығармашылық қызмет. Курстың негізгі мазмұны радиожурналистиканың табиғаты мен өзіндік ерекшеліктерін, тарихын, қалыптасуы мен дамуын, қазіргі радиожурналистиканың кәсіби өзгешеліктерін, радиохабарларды бағалау кретерийлерін қамтиды.Сонымен қатар, радиожурналистиканың бейнелеуші құралдарын, эфирдегі сөйлеу техникасының шығармашылық қисындарын қарастырады.
Курс – студенттердің журналистік шеберлігін дамытуға арналған. Радио газет публицистикасының бай тәжірибесін өзіне мұра етті. Радиохабардың қалыптасуына баспасөз ғана емес музыка да зор ықпал етті. Радионың өзіндік ерекшелігі оның таралу және дыбыс жазу техникасынан хабардар етіп, радиохабар жасаудың әдіснамасы мен тəжірибесін қарастыруы тиіс.
Курстың мақсаты – болашақ радиожурналистердің ақпарат алуы мен оны таратуындағы білуге тиісті машықтарын қалыптастырады. Сапалы радиохабар жасаудың әдіс-тәсілдерін, дыбыс жазудың табиғаты мен өзгешеліктерін, тыңдарман аудиториясының сұранысы мен ерекшелігіне сай бағдарламалар жасаудың жүйесі таныстырылады. Әртүрлі сипаттардағы радиоарналар үшін хабар даярлайтын, өңдейтін және тарата алатын мамандардың біліктілігін қалыптастырады.
Курстың міндеті:
-радиожурналистика саласының теориялық негіздері мен тәжірибелік дағдыларын;
-радиожурналистиканың жанрлары мен пішіндерінің ерекшеліктерін;
-радиарналардың құрылымдық сипаты мен жұмыс жүйесінің шығармашылық тәсілдерін;
-радиожурналистика саласының талаптары мен ережелерін үйретеді;
-радиожурналистиканың қазіргі теориялық мәселелерімен таныстырады.
Тәжірибе жүзінде студент:
Бақ жүйесіндегі радиожурналистиканың орны мен рөлін түсініп, радиоэфирде сөз бостандығын пайдалану, мүмкіндіктері мен кәсіби шығармашылықты шыңдау әдістерін меңгеруге, ақпараттық ресурстардың құрылымы мен технологиялық тәсілдерін игеруге, радиобағдарламалардың кәсіби деңгейін бағалап, сараптама жасауға, радионың ақпарат кеңсітігіндегі қазіргі заманғы проблемаларына талдау жасап, өзіндік қорытынды ой айтып, пікір білдіруге дағдылануы тиіс.
Осыған байланысты, аталған курсты игеру кезінде ақпаратпен журналистік жұмыс істеудің практикалық ептілік пен дағдыларды меңгеруге айрықша назар аудару қажет, нақтырақ айтсақ – кәсіби ойлау әдістерін, Радиожурналистиканың құбылыстары мен феномендерін талдаудың теориялық-қолданбалы әдістемелерін, журналист теориясының бастапқы санаттарын анықтауды практика жүзінде игеру. Бұқаралық ақпараттық процестердің, ақпаратты өңдеу және журналистік мәтіндерді, сценарилерді дайындау ағынындағы кәсіби жұмыстың алғашқы практикалық тәсілдерін игеру осындай жұмыстың нәтижесі болып табылады.
Осы әдістемелік нұсқау болашақ мамандықтың теориялық негіздерін табысты меңгеруі мақсатында студенттің практикалық қызметін жеңілдету және жүйелендіруге шақырады.
Әрбір тақырыптың талқылауға арналған сауалдары, нақты әдістемелік ұсыныстары, зертханалық тапсырмалары мен оқу-әдістемелік әдебиеттің тізімі бар.
КІРІСПЕ
1.Пән туралы мәліметтер. «Радиохабар даярлау технологиясы» таңдау курсының мақсаты – журналистің ақпарат алуы мен оны таратуындағы мақсат-міндеттері, ізденістері мен бағыты, қоғамда орын алған оқиғаларды талдап, қоғамдық пікір туғызудағы рөлін анықтау.
Курстың міндеті:
-радиожурналистиканың табиғаты мен өзіне тән ерекшеліктерін, құрылымдық сипаты мен бейнелеуші құралдары жайында толыққанды мәлімет ұсыну;
-радиожурналистиканың тарихи кезеңдерін, қазіргі заман аясындағы тенденциясын баяндау және келешегі туралы тұжырым жасау;
-эфирдегі сөйлеу техникасын меңгеру;
-дыбыс жазу технологиясымен таныс болу;
-микрофон түрлері мен ерекшеліктерін түсіну;
-радиохабар жасаудың методикасымен танысады;
