- •Пәннің оәк құрастырған: Әбдіразақова Аягөз Қожамырзақызы баспа ісінің магистрі, аға оқытушы
- •Мазмұны
- •Оқу бағдарламасы
- •Радиохабар даярлау технологиясы
- •5В050400 - журналистика
- •Түсіндірме жазба
- •Пәннің мазмұны
- •Зертханалық сабақтардың тақырыптары:
- •Қорқыт ата атындағы қызылорда мемлекеттік университеті
- •Силлабус (жұмыс оқу бағдарламасы)
- •І. Пәннің мазмұны
- •Білім алушының сабақ түріне байланысты жұмыс уақытының бөлінісі
- •Іі. Дәріс сабақтарының мазмұны
- •IV. Зертханалық сабақтардың мазмұны
- •V. Білім алушының оқытушымен бірге орындайтын өзіндік жұмысының жоспары
- •VI. Білім алушының өзіндік жұмысы
- •VII. Аралық бақылаулар мен емтихан сұрақтары:
- •VIII. Midterm сұрақтары:
- •IX. Қолданылатын әдебиеттер тізімі
- •2016-2017 Оқу жылы бойынша пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілу картасы (поәқк) радиохабар даярлау технологиясы
- •Түсіндірме жазба
- •2.Пререквизиттер:
- •3.Постреквизиттер:
- •Мәдени бағытта дайындалатын радиохабар сценариінің жобасын жасау тәсілдері
- •Сценарий дегеніміз не?
- •Әдеби бағыттағы әңгімелесуге құрылған радиобағдарлама сценариінің жасалу әдістері
- •Радиожурналист шеберлігін қалыптастыру жолдары
- •Радиодағы ақпараттық хабарлардың жасалу жолдары, әдіс-тәсілдері
- •Жүргізуші шеберлігін қалыптастыру
- •Зертханалық сабақтардың тақырыптары:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
ФИЛОЛОГИЯ, ТАРИХ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ
ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ЖӘНЕ ЖУРНАЛИСТИКА КАФЕДРАСЫ
RXDT 3305
Радиохабар даярлау технологиясы
Пәнінің оқу - әдістемелік кешені
5В050400-ЖУРНАЛИСТИКА
3-курс, күндізгі
(оқу нысаны)
ҚЫЗЫЛОРДА, 201__
Пәннің оәк құрастырған: Әбдіразақова Аягөз Қожамырзақызы баспа ісінің магистрі, аға оқытушы
( аты-жөні, қызметі)
Оқу-әдістемелік кешен қазақ тілімен әдебиеті және журналистика кафедрасының мәжілісінде қаралып, ұсынылды. «______»________________ 201___ж. №___ Хаттама
Кафедра меңгерушісі Ғ.Ә.Тұяқбаев
Филология, тарих және құқық факультетінің гуманитарлық мамандықтар бойынша академиялық кеңесі ұсынған.
«______»________________ 201___ж. №___ Хаттама
Академиялық комитет төрағасы А.Ә.Әбілов
Мазмұны
Алғы сөз
Пәннің негізгі (типтік) оқу бағдарламасы
Пәнді оқытудың бағдарламасы (силлабус)
Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілу картасы
Дәрістер кешені
Семинар (практикалық) сабақтардың жоспары
Зертханалық, практикалық, семинар сабақтарының әдістемелік нұсқаулығы мен ережесі
Білім алушының өзіндік жұмысына арналған материалдар мен әдістемелік нұсқаулықтар
Оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін студенттің өзіндік жұмысына арналған материалдар мен әдістемелік нұсқаулықтар
Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау және бақылау бойынша материалдар
Оқу сабақтарының бағдарламалық және мультимедиамен қамтамасыз етілуі
Глоссарий
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
«БЕКІТЕМІН»
______________
А.Т.Жүнісов
Оқу ісі жөніндегі проректор - бірінші проректор
«_____» _______2017ж
Оқу бағдарламасы
RXDT 3305
Радиохабар даярлау технологиясы
5В050400 - журналистика
көлемі 3 кредит (135 сағат)
ҚЫЗЫЛОРДА, 2017 ж.
ӘЗІРЛЕГЕН ЖӘНЕ ЕНГІЗІЛГЕН
Оқу бағдарламасын жасаған Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасының аға оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты З.Н.Ермағанбетова6 баспа ісінің магистрі А.Қ.Әбдіразақова
РЕЦЕНЗЕНТТЕР
А.С.Оңғарбаев – филология ғылымдарының кандидаты, «Сыр медиа» ЖШС директоры
Г.Ш.Әшірбекова – филология ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы
БЕКІТІЛГЕН ЖӘНЕ ҚОЛДАНЫСҚА ЕНГІЗІЛГЕН
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті Филология, тарих және құқық факультеті оқу жоспарлары мен бағдарламалары бойынша комитетінің 2017 жылғы «___»_______ отырысында бекітілген. №____ хаттама
Оқу бағдарламасы «Қазақстан журналистерінің тәжірибесінен» (А., 2008) және Клара Қабылғазинаның «Аудиотехника және радиохабарларының технологиясы» (А., 1999) оқулығы мен «Журналистика бойынша оқу бағдарламаларының моделі» (А., 2013), «Радиожурналистика» оқу бағдарламасы (А, 2012 ж. Авторы: А.А.Бейсенқұлов) негізінде жасалды.
ҚАРАЛҒАН және ҰСЫНЫЛҒАН
Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасының 201__ жылғы «____»______ғылыми-әдістемелік семинары отырысында қаралып, элективті курс ретінде оқу жоспарына енгізуге ұсынылды. 201___ жылғы «____»_______№1 хаттама
АЛҒЫ СӨЗ
«Радиохабар даярлау технологиясы» пәні бойынша жасалған бағдарлама университеттің журналистика мамандығы бойынша білім алатын студенттеріне арналған. Оқу бағдарламасы «Телерадиожурналистика» курсының заңды жалғасы ретінде және осы пәннің типтік бағдарламасы мен оқулықтарына негізделіп жасалды. Радиожурналистика – БАҚ-тың бір саласы, соның ішіндегі орасан зор мүмкіндіктерді иеленетін жүйе, ХХ ғасырдың адамзат игілігіне ұсынған ұлы жаңалығы, адам баласының ой-санасына, көзқарасына тікелей әсер ететін идеологиялық құрал, рухани нәр мен эстетикалық әсер беретін өнердің өзгеше бір түрі, өркениетті әлемдегі саясат алаңы, аудиторияны қабылдауды аудиолық сипатта жүзеге асыратын техникалық базадағы шығармашылық қызмет. Курстың негізгі мазмұны радиожурналистиканың табиғаты мен өзіндік ерекшеліктерін, тарихын, қалыптасуы мен дамуын, қазіргі радиожурналистиканың кәсіби өзгешеліктерін, радиохабарларды бағалау кретерийлерін қамтиды.Сонымен қатар, радиожурналистиканың бейнелеуші құралдарын, эфирдегі сөйлеу техникасының шығармашылық қисындарын қарастырады.
Курс – студенттердің журналистік шеберлігін дамытуға арналған. Радио газет публицистикасының бай тәжірибесін өзіне мұра етті. Радиохабардың қалыптасуына баспасөз ғана емес музыка да зор ықпал етті. Радионың өзіндік ерекшелігі оның таралу және дыбыс жазу техникасынан хабардар етіп, радиохабар жасаудың әдіснамасы мен тəжірибесін қарастыруы тиіс.
Курстың мақсаты – болашақ радиожурналистердің ақпарат алуы мен оны таратуындағы білуге тиісті машықтарын қалыптастырады. Сапалы радиохабар жасаудың әдіс-тәсілдерін, дыбыс жазудың табиғаты мен өзгешеліктерін, тыңдарман аудиториясының сұранысы мен ерекшелігіне сай бағдарламалар жасаудың жүйесі таныстырылады. Әртүрлі сипаттардағы радиоарналар үшін хабар даярлайтын, өңдейтін және тарата алатын мамандардың біліктілігін қалыптастырады.
Курстың міндеті:
-радиожурналистика саласының теориялық негіздері мен тәжірибелік дағдыларын;
-радиожурналистиканың жанрлары мен пішіндерінің ерекшеліктерін;
-радиарналардың құрылымдық сипаты мен жұмыс жүйесінің шығармашылық тәсілдерін;
-радиожурналистика саласының талаптары мен ережелерін үйретеді;
-радиожурналистиканың қазіргі теориялық мәселелерімен таныстырады.
Тәжірибе жүзінде студент:
Бақ жүйесіндегі радиожурналистиканың орны мен рөлін түсініп, радиоэфирде сөз бостандығын пайдалану, мүмкіндіктері мен кәсіби шығармашылықты шыңдау әдістерін меңгеруге, ақпараттық ресурстардың құрылымы мен технологиялық тәсілдерін игеруге, радиобағдарламалардың кәсіби деңгейін бағалап, сараптама жасауға, радионың ақпарат кеңсітігіндегі қазіргі заманғы проблемаларына талдау жасап, өзіндік қорытынды ой айтып, пікір білдіруге дағдылануы тиіс.
Кустың ізашар пәндері: «Журналистика негіздері», «Жарналистика тарихы»
Курстың ізбасары пәндері: «БАҚ заңнамасы және этика», «Журналистік шеберлік»
