- •М. Оспанов атындағы батыс қазақстан мемлекеттік медицина университеті
- •Студенттің өзіндік жұмысы
- •Паспорттық бөлім
- •Неврологиялық статус:
- •1. Жалпы қан талдауы 31.01.17 ж
- •2. Жалпы зәр талдауы 31.01.17 ж:
- •3. Биохимиялық қан анализі 31.01.17 ж
- •7. Физиотерапевт кеңесі 07.02.17 ж.
- •Ажырату диагностикасы
- •Ишемиялық инсульттің этиологиясы мен патогенезі
- •Емдеу жоспары:
- •Күнделік
- •Этапты эпикриз
7. Физиотерапевт кеңесі 07.02.17 ж.
3 % KCI электрофорез сол жақ иық буыны аймағына 20 минут №5
Алмаг – 01 сол жақ аяқ аймағына 10 минут №5
Массаж сол жақ бет пен аяқ-қолдарға 10 минут №5
Осы мәліметтерге сүйене отырып клиникалық диагнозды негіздеймін: Оң жақ ортаңғы ми артериясы бассейнніндегі ишемиялық инсульттің ерте қалпына келтіру кезеңі. Сол жақты гемипарез. Дизартрия. Фондық ауру: Артериальды гипертензия ІІІ дәрежесі, қауіп 4.
Ажырату диагностикасы
Дифференциальды критерийлер |
Геморрагиялық инсульт |
Субарахноидальды қан құйылу |
Ишемиялық инсульт |
Жасы |
45-60 |
20-40 |
50 жастан жоғары |
Продромальды көріністер |
Айқын бас ауыруы |
Айқын бас ауыруы |
Ошақты неврологиялық симптомдар |
Науқастың бет – әлпеті |
Беті гиперемияланған, склера инъекцияланған |
Беті гиперемияланған, блефароспазм |
бозғылт |
Аурудың басталуы |
Кенеттен, жиі күндіз физикалық және эмоциональды жүктемеден кейін |
Кенеттен, басына ыстық су құйып немесе басын бір затпен ұрып жібергендей |
Біртіндеп, жиі түнде және таңертең |
Есінің бұзылуы |
Жиі, тез дамитын терең комаға дейін |
Жиі, қысқа уақытты |
Баяу дамиды |
Бас ауыруы |
жиі |
Жиі |
сирек |
Ишемиялық инсульттің этиологиясы мен патогенезі
І. Атеротромботикалық инсульт (артерио-артериалды эмболияны қосқанда) Басталуы – көбіне үзілісті, саты тәріздес, симптоматика сағат немесе тәулік бойына біртіндеп арта түседі. Көбіне дебюті ұйқы кезінде болады. Мидың ошақтық зақымдануына сәйкес тұста экстра- және/немесе интракраниалды артериялардың атеросклеротикалық зақымдануы білінеді. Көбіне алдында транзиторлық ишемиялық шабуылдар (ТИШ) болады. Зақымдану ошағы кіші көлемнен зор көлемге дейін кездеседі.
ІІ. Кардиоэмболиялық инсульт. Басталуы шарт бойынша, сергек, белсенді пациентте неврологиялық симптоматиканың тұтқиылдан пайда болуы. Неврологиялық тапшылық дерт дебютінде барынша мол (максималды) байқалады.Орналасуы (локализациясы) – көбінесе ортаңғы ми артериясының васкуляризациялану аумағы (зонасы). Инфаркт – жиірек орташа немесе үлкен, қыртысты-қыртыс астылы. Геморрагиялық құрамдас бөліктің-компоненттің болуы тән (ми компьютерлік томография КТ деректері бойынша).Анамнездік сілтеулер мен мидың көптеген ошақтық зақымдануларының КТ-белгілері (оның ішінде «мылқау» кортикалдық инфаркттер) болуы. Эмболия көзі – кардиалдық патологияның қатысуы. Динамикалық ангиографиялық зерттеулерде «жоғалатын окклюзия» симптомы. Анамнезінде – басқа ағзалардың (органдардың) тромбоэмболиялары.
ІІІ. Гемодинамикалық инсульт. Белсенді әрекет етуші пациентте де немесе тыныштықтағы пациентте де басталуы – кенеттен немесе саты тәріздес.Ошақтық орналасуы – іргелес қанмен жабдықтау аумағы, оның ішінде ми қыртысы инфаркттері, семовальдық орталықтардың перивентрикулярлық және ақ затында. Инфаркт көлемі кішкентайдан үлкенге дейін. Экстра – және/немесе интракраниалды артериялардың патологияларының болуы:
- атеросклеротикалық зақымдану (көптеген, комбинирленген эшалондалған стеноз);
- септалдық стеноздармен бірге артериялардың деформациялануы;
- мидың қан тамыр жүйесінің аномалиялары (виллизиев шеңберінің ажырауы, артериялардың гипоплазиялары).
Гемодинамикалық фактор:
- ҚҚ төмендеуі (ұйқы кезінде, ас қабылдаудан, ыстық ваннадан соң физиологиялық және басқ, сондай-ақ ортостатикалық, ятрогендік артериалдық гипотензия, гиповолемия);
- Жүректің минуттық көлемінің төмен түсуі (миокард ишемиясы нәтижесінде жүректің соғу көлемінің кішіреюі, жүрек жиырылуы жиілігінің барынша сиреуі).
ІV. Лакунарлық инсульт. Алдында артериалды гипертония. Басталуы – көбіне интерметтирлеуші, симптоматикада сағат немесе тәулік бойына артады. ҚҚ әдетте көтеріңкі. Инфаркттің орналасуы – ми қыртысы астылық ядролар, оған жапсарлас семиовальдық орталықтың ақ заттары, ішкі капсуласы, ми көпірінің негізі. Дертке тән неврологиялық синдромдардың болуы (көбінесе қимылдық, таза сезімдік лакунарлы синдром, атаксикалық гемипарез, дизартрия мен монопарез, қолдың, аяқтың оқшауланған монопарезі, бет парезі және басқ. синдромдар). Жалпы милық және менингеалдық симптомдар жоқ. Ағымы – көбінесе кіші инсульт түрі (типі) бойынша.
V. Гемореологиялық микроокклюзиялар типі бойынша инсульт. Анықталған этиологиялы қандай да бір қан тамырлы кеселдердің болмауы (атеросклероз, артериалдық гипертония, васкулиттер, васкулопатиялар, кардиалдық, оның ішінде коронарлық патология).Нақтыланған гематологиялық патологиялардың жоқтығы (эритремия, екінші реттегі эритроцитоздар, коагулопатиялар, антифосфолипидті синдром). Гемостаз және фибринолиз жүйесінде анық білінетін гемореологиялық өзгерістердің, бұзылулардың болуы.
Клиникалық картина (аздап білінетін неврологиялық тапшылық, ошақтың аздаған көлемі) мен барынша айқын гемореологиялық бұзылулардың арасындағы анық түрдегі диссоциация. Дерт ағымы – «кіші инсульт» типі бойынша.
