Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Серік Далмурадов машиналар мен жабдытарды физикалы тозуын анытайтын эксперттік дістер курсты жмыс.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
89.5 Кб
Скачать
  1. Шарт сипаты

    1. Автокөлік құралын бағалау бойыншаТапсырыс беруші ұсынып, ал Бағалаушы міндеттемелерді өзіне алады:

Типі_________________________________________________________

Категориясы (АВСД, тіркеме) __________ Тіркеу сан-реті ___________

Идентификациялық сан-реті (VIN): ______________________________

Қозғалтқыш: моделі____________________________________________

Шасси (рама) № ____________ Шанақ (коляска) № ________________

түсі: _______________________ Шығарылған жылы ________________

Жүрісі (км): ­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­__________________________________________________

Көлік құралының төл-құжаты: сериясы ________ № ________________

Автокөлік құралының меншік иесі________________________________

_____________________________________________________________Меншік иесінің мекен-жайы_____________________________________

1.2. Бағалау мақсаты:___________________________________________

_____________________________________________________________

1.3. Автокөлік құралына қатысты құнын анықтау мерзімі (бағалау мерзімі) ______________________________________________________

1.4. Бағалау орны _____________________________________________

1.5. Шартқа отыру негізі ________________________________________

  1. Тапсырыс берушінің құқығы мен міндеттері

    1. Тапсырыс беруші төмендегі мәселелер бойынша құқылы:

      1. Бағалаушыдан қолданатын бағалау стандарты туралы барлық қажетті ақпаратты, автокөлік құралына қатысты құнын бағалау бойынша жұмыстардың әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз етілуін алуға.

      1. Автокөлік құралына қатысты құнын бағалау бойынша жұмыстардың аралық және алдын ала нәтижелерімен танысуға.

    1. Тапсырыс беруші міндеттері:

      1. Бағалаушыға көлік құралының төл-құжатын, көлік құралының тіркелу куәлігін, автокөлік құралын иелену (басқару, пайдалану) құқығын дәлелдейтін құжатты, автокөлік құралының баланстық құны туралы ақпаратты (заңды тұлғалар үшін) ұсыну.

      1. Бағалаушыға оның сұрауы бойынша қайтарымсыз және уақытылы бар ақпаратты, сонымен қатар автокөлік құралын бағалауда маңызды болатын, құжатты дәлелденген (есептен уақытша алып тастау немесе эксплатациядан толығымен алып тасталынуы туралы құжат, апаттар туралы анықтамалар, соңғы жасалынған жөндеу жұмыстары туралы квитанция, сонымен қатар жасырынды дефектілер туралы ақпарат, спидометр көрсетуінен нақты жүрістің ауытқуы туралы, көлік құралының бұрын жасалған бағалау жұмыстары туралы) ақпаратты ұсыну.

      1. Бұзылған автокөлік құралын бағалау жұмыстарын жүргізгенде, материалдық залалды өтеу туралы талапты ұсыну үшін автокөлік құралын қарау уақыты мен орны, мерзімі, тапсыру туралы хабарландыру телеграммасын кінәлі жаққа беріп, Бағалаушыға поштада осы телеграмма көшірмесін куәландырып, ұсыну. Бұзылған автокөлік құралын қарау жауапты жақ тұратын қоныстанған мекен шегінде жүргізілсе, телеграмма қарауға 3 күн бұрын жіберіледі. Егер жауапты жақ осы қоныстанған мекенде тұрмайтын болса, телеграмма темір-жолмен жүру уақытын қоспағанда, 5 календарлық күн бұрын жіберіледі.

      1. Бағалаушы жұмысына осы шарттың талаптарына сәйкес ақы төлеу.