- •Ауа бөлшектерінің қозғалысы
- •Атмосфераның және жердің жылулық балансы Ауа температурасы
- •Атмосфералық температура өзгерісі (инверсиясы)
- •Сурет 3.1. Құрлықтағы турбаленттік алмасу қарқындылығы Атмосфералық қысым
- •Атмосфераның физико-химиялық қасиеттері
- •Атмосферада энергияның пайда болу циклы
- •Атмосфера энергетикасының түрлері
- •Атмосферада әсер етуші күштер
Атмосферада энергияның пайда болу циклы
Атмосфераның қасиеті жер бетіндегі сәуле шашу мен жұту радиациясын таратуды және өріс температурасын анықтайды. Интенсивті энергияға себепші ұзынтолқынды сәуле шашу бүкіләлемдік кеңістікте және жер үшін толық энергиялардың сырттан ағылып келуі күннен келетін қысқа толқынды радиациялы формада болады.Осыдан таза энергетикалық жүйе мәнінде тұйық жүйе қарастырылады.Ғарыштық кеңістікте тарқалып және жер бетіне шағылысқаннан кейінгі қалған күн сәулесінің энергиясы ішкі энергияға айналады.Атмосферада жердің сәулеленуі арқасында ішкі энергияның сәулелі энергияға айналуы әрқашан орын алады.
Атмосфера энергетикасының түрлері
Атмосферада тиімді энергия қорлары пайда болуының басты себебі,күннің сәулелі энергиясы.Сәулелі энергияның біркелкі емес таралуы нәтижесінде атмосферада потенциальды энергия қорлары туындайды.Бірақ сәулелі энергия өзімен өзі ешқандай атмосфералық қозғалыстарды туғыза алмайды,ол сол атмосфералық қозғалыстарды тудыратын ішкі және потенциальды энергияларға айналады.Сәулелі энергияның ішкі және потенциальды энергияға айналуы,негізінде Жер атмосферадағы температура таралуымен бірдей.Ең алдымен басты энергия түрлеріне анықтама берейік:
А) Гравитациялық потенциальды энергия –ауа бағанының кейбір элементінің потенциальды энергиясы
Б) Ішкі энергия –жұмыстың жылулық эквиваленті
Атмосферада әсер етуші күштер
Атмосферада әсер етуші күштер екіге бөлінеді:
- массалық
-беткейлік
Массалық күштерді қарастырайық,ауырлық күші мен жердің айналуының ауытқуы күшін, құрайды.Әр қозғалған сайын ауа бөлшегіне ауырлық күші әсер етеді:
А) жердің тартылыс күші, жердің орталығына тартылуы; Б) орталықтан тебуші күш
Массалық күштер: бұл күштердің шамасы әсер етуші сұйықтықтың массасына пропорционал.Бақылау көлеміне әсер етуші массалық күш.
Беткейлік күштер: сұйықтық көлемі арасында әсер етеді.Олар осы көлемнің қозғалысының санын өзгерте алмайды,себебі оның ішінде ішкі күш модулі бойынша тең,керағар бағыт бар ішкі күш теңеледі.Ішкі күштің жұмысы сұйықтықтың көлемінің кинетикалық және потенциальды энергиясымен өлшенеді.
Атмосфера энергетикасы үшін кинатикалық энергия генерациясы мен атмосферадағы қозғалыстар сәйкесінше (синоптикалық және одан үлкен масштабта) атмосфераға түсетін денелердің мөлшері маңызды емес және басты түрі кеңістіктің бірқалыпты жылынбау (немесе салқындау) дәрежесі,яғни адиабаттық емес көздер мен жылу,Күн мерзімі мен жер беті байланысы маңызды болып саналады.
Бақылау сұрақтары:
1. Атмосфера түсінің көк болу себебі неде?
2. Атмосфералық қысым деген қандай ұғым?
3. Табиғаттағы ауаның сапасын білдіретін қасиеті қалай аталады?
4. Барометр қандай құрал?
5. Ауа ағындары түзілетін аймақ қалай аталады?
