- •30 Мин кейін –7,2 ммоль/л
- •60 Мин кейін – 7,8. Ммоль/л
- •120 Мин кейін – 5,5 ммоль/л
- •3 Тақырып. Эндокриндік бұзылыстар зертханалық диагностикасы. 22 тест
- •*Эритроциттегі гемоглобиннің құрамының жоғарылауы
- •*Эритроциттердің жетілуінің тежелуі *эритроциттегі гемоглобин синтезінің тежелуі
- •6 Тақырып. Клиникалық тәжірибедегі цитологиялық зерттеу 6 тест
- •13 Тақырып. Ісіктің биологиялық маркерлері.
- •Алматы, 2015 жыл
- •*Фтизиатрия*1*20*1
- •*!Тұрғындарды Манту сынамасымен жаппай тексеруді жүргізгенде аталғантуберкулиннің түрлерінің қайсысын қолданылады?
- •*Фтизиатрия*2*80*1
- •*Фтизиатрия*3*80*1
- •Психиатрия және наркология
Психиатрия және наркология
I деңгей
#1
*!Төменде көрсетілгендердің ішінен «Шынайы обьектіні қате қабылдау» мағынасына сәйкес келетінін көрсетіңіз?
Галлюцинация
Псевдогаллюцинация
Егіздер сандырағы
Дереализация
+Иллюзия
#2
*!Төменде аталғандардан «Қоршаған әлемнің шынайы еместік сезімі» сипаттамасына сәйкес келетінін көрсетіңіз?
Сахналау сандырағы
Метаморфопсия
Көру иллюзиясы
+Дереализация
Деперсонализация
#3
*!Төменде көрсетілгендердің ішінен «Өзін өзі жатырқау» анықтамасына сәйкес келетінін көрсетіңіз?
Псевдогаллюцинация
+Деперсонализация
Аутопсихикалық галлюцинация
Дереализация
Егіздер сандырағы
#4
*!Кандинского-Клерамбо синдромына сандырақтың қай түрі тән екенін көрсетіңіз?
Мегаломаниялық
Резидуальді
Өзін-өзі кінәлау
+Әсер ету
Ұлылық
#5
*!Науқастар өздері құрастырған және қолданылатын сөздері қалай аталатынын көрсетіңіз?
Ойлап табушылық сандырағы
Реформашылық сандырағы
Резонерлiк
+Неологизм
Ойлаудың байланыссыздығы
#6
*!Төменде көрсетілген ауытқулардың қайсысында фотопсиялар байқалатынын көрсетіңіз?
Алкогольді галлюцинозда
Шизофренияда
+Эпилепсияда
Сопорда
Комада
#7
*!Төменде көрсетілген симптомдардың қайсысы импульсивті әуестікке тән?
+Дромомания
Дисморфофобия
Дисморфомания
Агорафобия
Нозофобия
#8
*!Жабысқақ ойлар немен анықталады?
Науқастың тарапынан оларға деген сынның жоқтығымен
В) +Науқастың олардан құтылуға талпыныстарымен
Оларды өмірде жүзеге асыруға тырысумен
Тек аурудың негізінде туындайды
Объектіні жалған қабылдау
#9
*!«Өз денесін бұрмалап қабылдау»анықтамасына сәйкес келетінін көрсетіңіз?
Егіздер сандырағы
Дереализация
Галлюцинация
Иллюзия
+Деперсонализация
#10
*!«Шындыққа сәйкес келмейтін, түзетуге келмейтін, патологиялық негізде пайда болған ойлар» сипаттамасына сәйкес келетінін көрсетіңіз?
Фантастикалық ойлар
Домининатты ойлар
Жабысқақ ойлар
Аса құнды ойлар
+Сандырақ ойлар
#11
*!Төменде көрсетілгендердің ішінен «Ойдың еріксіз ағымы» сипаттамасына сай келетінін көрсетіңіз?
Жабысқақ ойлар
Аса құнды ойлар
Домининантты ойлар
+Ментизм
Амбулаторлы автоматизм
#12
*!Төмендегілердің қайсысы импульсивті әуестікке тән?
Дисморфофобия
Агорафобия
Дисморфомания
+Клептомания
Нозофобия
#13
*!Төмендегілердің қайсысы иллюзияны нақты сипаттайды?
Дені сау адамдарда байқалады
Жедел алкоголді психоз бастамасы болады
Аз мағлұмат болғанда пайда болады
+Шынайы затты бұрмаланған түрде қабылдау
Орналасуының анық еместігі
#14
*!Төмендегілердің қайсысы жалған галлюцинацияны дәл сипаттайды тән:
Негативті (дефицитарлы) симптомға жатады
Невротикалық деңгейдегі бұзылысы
Тек шизофренияда кездеседі
+Субъективті кеңістікте қабылданады
Объективті кеңістікте қабылданады
#15
*!Төмендегілердің қайсысы вербальді галлюцинацияларға жатады?
+Комментирлеуші (түсінік беруші)
Тактильді
Көру
Гипногогикалық
Гипнопомпикалық
#16
*!Науқастың айтуынша, оған бір мемлекеттің президенті ғашық, ол жайлы телевизордан көрген сәтте оның қимылдары мен ымдауларынан сезетінін айтады. Бұл бұзылысты былай квалификациялауға болады:
Сексуальді невроз
Қарым қатынас сандырағы
+Эротоманиялық сандырақ
Әсер ету сандырағы
Соңына түсу сандырағы
#17
*!“Кандинский Клерамбо синдромы көрінісі сияқты бастағы тамыр соғу сезімі”сипаттамасына сәйкес келетінін көрсетіңіз?
Ипохондриялық синдром
+ Сенсорлы автоматизм
Гиперестезия
Тактильді галлюцинация
Висцеральді галлюцинация
#18
*!Ер адам 58 жаста, ішектері мен асқазаны шіріп кеткенін және тамақ бірден ішіне түсіп кететінін айтады, сонымен қатар, көңіл-күйінің төмендеуі байқалады.
Төмендегі диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?
+Нигилистік сандырақ
Кандинский-Клерамбо синдромы
Парафренді синдром
Өзін-өзі кемсіту сандырағы
Шығын келтіру сандырағы
#19
*!Ер адам 30 жаста, бір халықаралық ұйым оған «әртүрлі әрекеттер жасауға мәжбүрлейтінін, оған ой салатынын, үнемі аңдып басқаратынын» айтады.
Бұл қай синдромға тән?
Галлюцинаторлы
Сандырақ
Паранойяльді
+ Психикалық автоматизмге
Парафренді
#20
*!Шизофрениямен ауыратын 42-жастағы науқас әйел сойлем ортасында тоқтап қалады. Бірақ неге тоқтап қалғанын түсіндіре алмайды.
Бұл қай симптомға тән?
Ментизм
+ Шперрунг
Персеверация
Вербигерация
Неологизмдер
II деңгей
#21
*!45 жастағы науқас психиатриялық стационардың наркологиялық бөлімшесіне психомоторлы қозу жағдайында әкелінді. Қабылдау бөлімінде зооптикалық сипаттағы шынайы көру галлюцинациясы анықталды. Осы науқасқа қай психикалық ауытқу тән?
Эпилепсия
Реактивті психоз
Шизофрения
+Алкогольді делирий
Ақыл есінің кемдігі
#22
*!Науқас айтады: «Түні бойы ұйықтамадым. Екінші қабатта тұрамын, балконым тура үйдің бұрышында орналасқан. Және түнімен біреу әрі-бері жүреді, оның шапаны қабырғаға үйкеліп шықырлай береді: түнімен көз іле алмадым, ал таңертең қарасам – терезенің алдындағы ағаштардың бұтақтары қабырғаға тиіп сықырлап жатыр екен, ал мені шақырғанын естимін» дейді.
Қандай психопатологияға тән?
Функционалды галлюцинация
Гипнагогиялық галлюцинация
Рефлекторлық галлюцинация
+Есту иллюзия
Гипнопомпиялық галлюцинация
#23
*!Науқасқа 45 жас, тұншықтырғыш газбен уланғаннан кейін фиксационді амнезия, амнестикалық дезориентировка және конфабуляция байқалды. Бұл қай синдромға тән?
Кандинский-Клерамбо синдромы
+ Корсаков синдромы
Делириозды синдромы
Параноидты синдромы
Паранойяльді синдромы
#24
*!35 жастағы науқаста зооптикалық сипаттағы айқын шынайы көру галлюцинациясы байқалады.
Қай синдромға тән?
+Делириозды синдром
Депрессивті синдром
Маниакальді синдром
Астеникалық синдром
Паранойяльді синдром
#25
*!Ер адам 57 жаста, стенокардиямен зардап шегеді, өз денсаулығына алаңдайды. Алдыңғы қатарға «жүрек тоқтап қалуы мүмкін» деген жеңе алмайтын үрей шығады. Бірақ оның негізсіз екенін түсінеді, бірақ еркімен тоқтата алмайды.
Төменде аталған синдромдардың қайсысы болуы мүмкін?
Фобиялық синдром
Истериялық синдром
+Обсессивті-фобиялық синдром
Депрессивті синдром
Сандырақтық синдром
#26
*!Бірнеше рет психиатриялық ауруханада ем алған 42 жастағы науқаста әсер ету сандырағы, псевдогаллюцинациялар және психикалық автоматизмдер анықталды.
Қандай синдром болуы мүмкін?
+ Кандинский-Клерамбо синдромы
Паранойяльді синдром
Астеникалық синдром
Обсессивті-фобиялық
Апато-абулиялық синдром
#27
*!14 жасар бала «тамақтан шіріген иіс шығатындықтан» отбасы мүшелерімен бірге тамақ ішпей қойды.
Төмендегі диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?
Тактильді галлюцинация
Дәм сезу галлюцинациясы
C)+Иіс сезу галлюцинациясы
Экстракампинді галлюцинация
Вербальды галлюцинация
#28
*!20 жастағы қыз түнде оянғанда, көрші төсекте жалаңаш жатқан баланы анық «көргенін» айтады. Оған барайын деп орнынан тұрғанда, ол жоғалып кетті. Келесі жолы, оянғанда ашық тұрған есіктен дәлізде тұрған бөтен еркекті «көреді». Қасындағы науқасты оятқысы келді, бірақ бәрі жоғалып кетті.
Төмендегі диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?
+Гипнопомпиялық галлюцинация
Гипногагиялық галлюцинация
Сандырақтық қабылдау
Аффективті иллюзия
Рефлекторлы галлюцинация
#29
*!28 жастағы науқас психиатриялық стационарға мына клиникалық көріністермен түсті: қызғаныш сандырағы, интерпретативті сипаттағы шығармашылық, айыптау ойлар.
Осы кезде қай синдром жетекші болып табылады?
Кандинский-Клерамбо синдромы
+Паранойяльді синдром
Астеникалық синдром
Истерикалық синдром
Парафренді синдром
#30
*!Науқас 39 жас тітіркенгіш, басының ішінде «бүлкілдеген және шұрылдаған» секілді біртүрлі сезімді сезінетінін айтады.
Жоғарыдағы шағымдар қай жағдайға тән?
Гиперэстезия
+ Сенестопатия
Психосенсорлық бұзылыстар
Парейдолия
Псевдогаллюцинация
#31
*!Науқас әйел 39 жастағы, төс артындағы «іштен құрттар жеп жатқандай» жағымсыз, қиын таралатын сезімге шағымданады.
Жоғарыдағы шағымдар қай синдромға тән?
Сандырақтық
Маниакальды
Депрессивті
+ Сенесто-ипохондриялық
Корсаков
#32
*!Науқас 29 жастағы бөлме қабырғасы иіліп тұратынына және оған құлап кететіндей сезімде болатынына шағымданады.
Жоғарыдағы шағымдар қай симптомға тән?
Деперсонализация
Гиперэстезия
+Психосенсорлық бұзылыс
Парейдолия
Псевдогаллюцинация
#33
*!Ер адам 47жаста, тері астында майда құрттар мен құмырсқалар жүргенін сезінеді.
Жоғарыдағы шағымдар қай симптомға тән?
Маниакальды
+Тактильді галлюциноз
Депрессивті
Сенесто-ипохондриялық
Корсаков
#34
*!Науқас әйел әлем өзінен алыстап кеткендей және «түтікше» арқылы қабылданатындай түсініксіз сезімде болады.
Жоғарыдағы шағымдар қай симптомға тән?
Маниакальды
Кандинский-Клеромбо
Сенесто-ипохондриялық
+ Дереализация
Корсаков
#35
*!30 жасар әйел өзінің «ішкі жан дүниесі өзгергенін», сезімі мен ойының бұрынғыдай еместігіне шағымданады.
Жоғарыдағы шағымдар қай симптомға тән?
+Маниакальды
Деперсонализациялық
Сенесто-ипохондриялық
Кандинский-Клерамбо
Корсаков
#36
*!19 жастағы студент, айнаға қарап тұрып былай дейді: «Қызық! Түрім менікі, бірақ ішкі жан дүнием бұрынғы мен емес».
Жоғарыдағы шағымдар қай симптомға тән?
+ Деперсонализация
Сенестопатия
Дереализация
Парейдолия
Псевдогаллюцинация
#37
*!8 жасар ұл бала айтады: «Менің кереуетімнің тұсында әртүрлі гүлдермен түрлі-түсті торлары бар түсқағаз бар, мен жатарда соларға қарасам олар тіріледі-ертедегі соғыстардағыдай әскерлер атпен шауып жүреді».
Төмендегі диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?
Сахна галлюцинациясы
Сенестопатия
Сандырақ интерпретациясы
Эйдетизм
+ Парейдолия
#38
*!38 жасар әйел «ішкі көздерімен» қабырғаның арғы жағында болып жатқанның барлығын көретінін айтады.
Қай симптом болуы мүмкін?
Сенестопатия
Шынайы галлюцинация
Вербальді галлюцинация
Парейдолиялық иллюзия
+Псевдогаллюцинация
#39
*!19 жастағы жасөспірім уақыт өте келе аяқтары үлкейетінін («пілдікі тәрізді»), ал қолдары қысқаратынын сезінеді.
Қай симптом болуы мүмкін?
Сенестопатия
Метаморфопсия
+Дене сұлбасының бұзылысы
Парейдолиялық иллюзия
Псевдогаллюцинация
#40
*!Ер адам 72 жастағы Корсаковский синдром анықталды. Осы синдромға төмендегі симптомдардың қайсысы тән?
+Конфабуляция
Сенестопатия
Абсанс
Ментизм
Жабысқақ ойлар
#41
*!Науқас өзін сыртынан бақылап жүргендей сезінетінін, «мен - мен емес сияқтымын, не істеп жатқанымды түсінемін, бірақ сезбеймін. Бұрын оқып және уайымдайтынмын, ал енді кітап емес, бухгалтерлік есеп оқып отырғандаймын. Баланы тіземе отырғызам және ештеңе сезбеймін» дегенді айтады.
Төмендегі диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?
Идентификация бұзылысы
Дене сұлбасының бұзылысы
Дереализация
Аса бағалы ойлар
+Деперсонализация
#42
*!Ер адам 43 жаста, терапия бөлімшесінде ем алып жатыр, қоршаған ортадан алшақ, бағыттан адасқан, фантастикалық уайымдау және еселенген жалған адасу анықталады.
Қай синдром болуы мүмкін?
Корсаков синдромы
Кататоникалық синдром
Депрессивті синдром
Котар синдромы
+ Онейроидты синдром
#43
*!Науқас 65жаста, балалық кезінен бастап өмірін егжей тегжей сипаттайды, әр бөлігіне тоқталады. Дәрегер сөзін бөлгісі келгенде: «Өзіңіз сұрадыңыз ғой мені қазір не мазалайды деп!» ашуланып жауап береді.
Төмендегілердің қайсысы болуы мүмкін?
+ Патологиялық байымдылық
Символдық ойлау
Сандырақ ойлар
Жабысқақ ойлар
Аутистикалық ойлану
#44
*!Науқас 28 жаста, көп сөйлейді, ассоциациялары беткей, оңай алаңдайды, осыған байланысты сұраққа кейде жауап ала алмайсың, жиі тақырыпты өзгертеді, алдындағы ойын аяқтамай жатып басқа тақырыптарға ауысады, сонымен қатар көп ымдайды.
Бұл қай симптом?
+ Ойлаудың жылдамдауы
Байланыссыздық
Ойдың үзілуі
Ментизм
Резонерлік
#45
*!Науқас бөлімшені кезіп жүреді, бөтен палатаға кіреді, өз төсегін таба алмайды, емдеуші дәрігермен бірнеше рет сәлемдеседі, оның есімін білмейді, күндерді шатастырады, қай жыл, ай, күн екенін білмейді.
Төмендегі синдромдардың қайсысы болуы мүмкін?
+Корсаков
Депрессивті
Галлюцинаторлық
Астениялық
Параноидты
#46
*!Әйел 45 жаста, жас кезінен эпилепсиямен зардап шегеді, баяу, аз сөйлейді. Сөздерді қиындықпен таңдайды, детальдарда тұрып қалады, өзі туралы әңгімелеуде бастысын ажырата алмайды.
Қай симптом болуы мүмкін?
Ойлаудың баяулауы
Шперрунг
Резонерлік
+Патологиялық байымдылық
Паралогиялық ойлау
#47
*!Науқас әйел «балабақшада көрінбей өмір сүретін сарыауыз жәндік» қуық аймағына ауыр сезімін туындататын сәуле жібереді деп шағымданады.
Төмендегі синдромдардың қайсысы болуы мүмкін?
Депрессивті
Деперсонализациялық
Сенесто-ипохондриялық
+ Кандинский-Клерамбо
Корсаков
#48
*!Науқас 37 жаста. Бөлімшде апта бойы . Дәрігерлерді арнайы қызметің агенттері деп есептейді, ал өзін тұтқында отырмын деп есептейді. Төменде аталған симптомдардың қайсысы дұрыс?
+ Әсер ету сандырағы
Сахналау сандырағы
Өзін-өзі кемсіту сандырағы
Жабысқақ ойлар
Идеаторлы автоматизмдер
#49
*!28 жасар науқас біраздан бері екі құлағымен кезек-кезек, «қос дауыс естиді» - олардың біреуі әдеттегідей, шынайы, еркектікі. Жеке басының қолайсыз жағдайларынан соң сол құлағына естіледі. Ол жағымды, оң жақ құлағымен жағымсыз дауыс естиді. Ол дауыс науқасты сынайды, дұрыс кеңес бермейді, Б-ның әрекеттерін басқарып, дұрыс кеңес бермейді. Берілген бұзылыстарды былай қабылдау қажет:
+ Антагонистиктік галлюцинациялар
Комментирлеуші галлюцинациялар
Комплексті галлюцинациялар
Висцеральді галлюцинациялар
Акоазмдар
#50
*!Науқас әңгіме кезінде «кенет басынан ойдың ұшып кеткенін» айтып әңгімесін кенеттен үзе салады.
Қай симптомға тән?
Ойлаудың байланыссыздығы
Ойлаудың үзілуі
Ментизм
+ Шперрунг
Метафизикалық улану
#51
*!Жасөспірім еш себепсіз ата-анасына деген қарым-қатынасын өзгертті. Олардың қасында тамақ ішуден бас тартады. Олар туған ата-анасы еместігін, шын ата-аналары Астанада тұратынын, президент көмекшісі екендігін айтады.
Төмендегі синдромдардың қайсысы болуы мүмкін?
+ Бөтен ата-ана сандырағы
Бөтен ата-ана жабысқақ ойлары
Бөтен ата-ана бағалы ойлары
Резонерлік
Кандинский-Клерамбо синдромы
#52
*!Науқас 29 жаста, қандай да бір ауруды жұқтырып алудан қорқады, сөйте тұра бұл уайымның негізсіз екенін түсінеді, бірақ ол ойдан арыла алмайды
Қай симптомға тән?
Сандырақ ойлар
Аса құнды ойлар
Галлюцинация
+Жабысқақ ойлар
Сенестопатия
#53
*!Зерттелуші 40 жаста, кассир. Үлкен көлемдегі шығын үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылуда. Тергеушімен әңгімелесуде көзін айналдырады, жөнсіз күле береді, өз атын айта алмайды, өзін жұмыста отырмын деп есептейді. Өзінің үлкен жоспарлары туралы айтады, соған қарамастан қарапайым арифметикалық операцияларды орындай алмайды, аяқ киімін қолына киеді.
Төмендегі бұзылыстардың қайсысы болуы мүмкін?
Кататониялық ступор
Истериялық ступор
Реактивті ступор
Пуэрилизм
+Псевдодеменция
#54
*!Науқас 25 жаста, көтеріңкі көңіл күй, қимыл қозғыштығы, ассоциация ағымының жылдамдығы байқалады.
Берілген жағдай төмендегі синдромдардың қайсысына тән?
Эйфориялық жағдай
+ Маниакальді синдром
Эйдетизм
Депрессивті синдром
Астениялық синдром
#55
*!Әйел 36 жаста, көңіл күйі жоқ, моторлық тежелу, ассоциация ағымының баяулауы байқалады.
Берілген жағдай төмендегі синдромдардың қайсысына тән?
Эйфориялық жағдай
Маниакальді синдром
Эйдетизм
+Депрессивті синдром
Астениялық синдром
#56
*!Науқас қыз 25 жаста, көтеріңкі көңіл күй, өзінің мүмкіншілігі мен қабілетін жоғары бағалайды.
Берілген көріністер төмендегі синдромдардың қайсысында байқалады?
Депрессивті синдромда
+ Маниакальді синдромда
Дисфорияда
Астениялық жағдайда
Кататониялық қозуда
#57
*!26-жастағы науқас кардиальді қауіп факторлары болмаса да миокард инфарктін алды. Қай затты қолдану осының себебі болады?
Фенциклидин
Седативті заттар
Галлюцинагендер
+Стимуляторлар
Алкоголь
#58
*!Ер адам 44 жаста, денесінде үнемі жыбырлап жүретін жәндіктерді сезетінін, сондықтан бірнеше рет дерматологқа барғандығын, олардың «ештеңе таппайтын» айтады.
Төмендегі симптомдардың қайсысы болуы мүмкін?
+ Тактильді галлюциноз
Дуалаудың сандырақ ойлары
Жалпы сезім галлюцинациялары
Синестезия
Парейдолия
#59
*!26 жастағы науқасты оның ойларын біреу басқарып отыр деген сезім үнемі мазалайды. Олар оның еркінсіз, өздігінен жүреді.
Төмендегі симптомдардың қайсысы болуы мүмкін?
Ойлаудың үзілуі
Персеверация
Метафизикалық улану
Жабысқақ ойлар
+Психикалық автоматизм
#60
*!Студент сабақтарына үлгермейді, себебі ойлары оны тыңдамайды, «бір бірімен соғысады, бірігіп кетеді және таратылып» кете беретінін, бір мезетте жоқ болып кететінін айтады.
Төмендегі симптомдардың қайсысы болуы мүмкін?
+Психикалық автоматизмдер
Ритуалдар
Ипохондриялық сандырақ
Жабысқақ ойлар
Аса құнды ойлар
#61
*!18 жастағы қыз бала дәрігер терапевтке қаралды. Ол тағамға қатысты ауытқу барын айтты. Ол тамақты әдеттегіден өте көп және тезірек житінін, өзін бақылай алмайтынына шағымданды. Осындай «ашқарақтық әрекетерден» кейін көп мөлшерде іш жүргізетін дәрілер ішеді.
Төмендегі симптомдардың қайсысы болуы мүмкін?
+ Булимия
Импульсті бақылаудың бұзылуы
Анорексия
Жабысқақ ойлар
Аса құнды ойлар
#62
*!Босанған әйелде көңіл күйі төмендеп, тамақ жемейді, тынышсыздана бастады. Ол сәбиі айықпас аурумен ауырады деп қорқады, көмек сұрайды.
Төмендегі синдромдардың қайсысы болуы мүмкін?
Обсессивті
Маниакальді
Астениялық
+Депрессивті
Сандырақтық
#63
*!27 жастағы ер адам, тұншықтырғыш газбен уланудан кейін фиксационды және ретроградты түрдегі есінің бұзылысы байқалды. Жоғалған есін науқас ойдан құрастыру арқылы толтырады, шын мәнісінде болмаған нәрсені «есіне түсіреді».Сонымен қатар әңгімелесу барысында болған жағдайларды айтады, бірақ уақыты,орны сәйкес келмейді. Берілген бұзылысқа полинейропатия қосылған.
Төмендегі синдромдардың қайсысы болуы мүмкін?
Кандинский-Клерамбо
Депрессивті
Психоорганикалық
+Корсаков
Делириозды
#64
*!Науқас әйел 40 жаста, күйеуімен ажырасқаннан кейін апатиялы, жалпы әлсіздікке, өмірге деген қызығушылығының жоғалуына шағымданады. Қандайда бір қажеттілік жоқ. Жұмысқа «еңбектеніп балаларды асырау үшін» барады. Әңгімесінде ажырасу мәселесі айтылады, ары қарай өз өмірін қалай жалғастыратынын білмейді.
Төмендегі синдромдардың қайсысы болуы мүмкін?
Кандинский-Клерамбо
+Депрессивті
Психоорганикалық
Корсаков
Делириозды
#65
*!Ер адам 30 жаста, ауыр жұқпалы аурумен ауырып интоксикация нәтижесінде кеңістік және уақыт бағдары бұзылған. Кешкі уақытта мазасызданып тынышсыздана бастайды, науқастың мінез құлқына әсер ететін айқын сахналық галлюцинациялар байқалады. Ұйықтамайды, үнемі медицина қызметкерінің бақылауына мәжбүр. Күндіз мінез құлқы дұрысталады, бірақ кешкі уақытта қайта мазасыздана бастайды.
Төмендегі синдромдардың қайсысы болуы мүмкін?
Кандинский-Клерамбо
Депрессивті синдром
Психоорганикалық
Корсаков синдромы
+Делириозды
#66
*!Жасөспірім 16 жаста, мінез құлқы өзгерген. Ата анасымен және достарымен әңгімелесуге шектелген. Көңіл күйі жабырқау. Айнаға жиі және өзінің түріне ұзақ қарайды. Пластикалық хирургияға қызығушылығы байқалады. Кейбір әңгімесінен өз келбетіне көңілі толмайтынын, әсіресе мұрын пішіні, көзі және құлағы ұнамайтынын аңғаруға болады.
Төмендегі синдромдардың қайсысы болуы мүмкін?
Кандинский-Клерамбо
Депрессивті
Психоорганикалық
+Дисморфоманиялық
Делириозды
#67
*!Жедел құтқару тобындағы солдат 19 жаста. Әскери кезекшілікте жүріп кенеттен қаруын жерге тастай салып киімін шеше бастады. Ескертуге құлақ аспады. 3 минуттан кейін өз өзіне келген ол шешілген киімдерін көріп таң қалды.
Төмендегі жағдайлардың қайсысы болуы мүмкін?
Аменция
+Сананық бұлыңғырланып қарауытуы
Онейроид
Транс
Делирий
#68
*!17 жастағы қыз балада жоғары дене қызуымен тұмау. Қарау кезінде тынышсыз, алаңдаулы. Қайда екенін білмейді, қоршаған ортаны бағдарлауы бұзылған. Төсегінен жиі атып тұрып жастығының, төсегінің, кроваттің астынан бірдеңе іздейді. Елесіндегі жәндікті қағу мақсатында қабырғаны қолымен қағады. Уақыт өте қорқып ызаланады, өзімен өзі сойлеседі.
Төмендегі синдромдардың қайсысы болуы мүмкін?
Кандинский-Клерамбо
Депрессивті
Психоорганикалық
Корсаков
+Делириозды
#69
*!Босанған әйелде көңіл күйі төмендеп, тамақ жемей, тынышсыздана бастады. Ол сәбиі айықпас аурумен ауырады деп қорқады, оны тексеруін сұрайды.
Қай маманның жедел кеңесі қажет?
+Психиатр
Гинеколог
Неонатолог
Терапевт
Психолог
#70
*!Науқас дәрігердің шағымдарын айтуды сұрағанда жауап ретінде: «Сіз дәрігер емессізбе - өзіңіз көруіңіз керек. Дәрігерлер аурудың симптомдарын білу керек және оларды анықтау керек. Оларды қаншалықты дұрыс анықтаса, біздің денсаулығымыз соншалықты мықты болады. Ал дені сау денеде - дені сау рух» дегенді айтады.
Төмендегі симптомдардың қайсысы болуы мүмкін?
Неологизм
Амбиваленттілік
Шперрунг
Ментизм
+Резонерлік
#71
*!23 жастағы студентте мінез құлқында өзгерістер байқалды. Сөздерді созып, жай сөйлейтін болды. Күні бойына бірнеше рет бірнеше секундқа қатып қалады. Осы уақытта ештеңе естіместен сұраққа жауап бермейді. Бұл бұзылыстарды өзі байқамайды, ары қарай ештеңе болмағандай жүре береді.
Төмендегі синдромдардың қайсысы болуы мүмкін?
Кандинский-Клерамбо
Депрессивті
+Кататониялық
Корсаков
Делириозды
#72
*!Терапия бөлімшесіндегі жатқан 30 жастағы науқас әйелде көңіл күйінің төмендігі, ойлаудың баяулауы, қимыл қозғалысында шектеулік байқалады.
Төмендегі синдромдардың қайсысы болуы мүмкін?
+Депрессивті
Астениялық
Маниакальді
Обсессивті
Сандырақтық
#73
*!Қабылдау бөлімінде 17 жастағы науқаста тырысулық ұстамалар дамыды. Ұстамалар бірінен соң бірі жалғасты. Ұстамалардың арасында науқас есін жимады.
Төмендегі психикалық бұзылыстардың қайсысы болуы мүмкін?
Эпилептикалық ұстама
Ұстаманың жиілеуі
Коматозды жағдай
Естің бұзылу синдромы
+Эпилептикалық статус
#74
*!Медицина институтының студенті студенттер емханасының дәрігер терапевтіне мына шағымдармен келді: демалуға қолайлы жағдайдың өзінде мазасыздықпен және тұрақты түрде жұмыс істеуге ұмтылумен қосарланатын жоғары шаршағыштық, айқын әлсіздік,тітіркенгіштік.Сонымен қатар ойын жинақтай алмай,сабаққа кедергі келтіретінін айтады.
Төмендегі синдромдардың қайсысы болуы мүмкін?
Депрессивті
+Астениялық
Маниакальды
Обсессивті
Сандырақтық
#75
*!Ер адам ақырын, баяу, бірақ көпсөзді сөйлейді. Сөздерді қиындықпен таңдайды, детальдарда тұрып қалады, өзі туралы әңгімеде негізгіні анықтай алмайды.
Төмендегі симптомдардың қайсысы болуы мүмкін?
Ойлаудың баяулауы
Шперрунг
Резонерлік
+Патологиялық байыптылық
Паралогиялық ойлау
#76
*!Интоксикация жағдайында, наркотәуелді науқаста қоршаған ортадағы заттардың түсі әдеттегіден ашық болып, олардың арақашықтығы және кейбіреуінің формасы бұрмаланғандай көрінетін сезім туындады.
Төменде аталған симптомдардың қайсысы дұрыс?
Сахналау сандырағы
Метаморфопсия
Көру иллюзиясы
+Дереализация
Деперсонализация
#77
*!Қарау кезінде науқас бағдары дұрыс, сақ тұрады, еріндерін қысып алған, көзінің астымен қарайды. Бірнеше жеңіл жауаптардан кейін біртіндеп өзінің жұмыста болған жағдай туралы егжей-тегжейлі айта бастайды, дұшпандарының қастандықтары туралы айтады. Қолайсыздықтармен байланысты уайымға бейімделген. Кейін анықталғандай, бастығымен ұрысқаннан кейін, кабинетке кіргенде, үстелінің үстінде бірнәрсе қарап жатқан адамды көреді, ол оның құжаттарын ұрлауға әдейі жіберілген деп шешеді
Төмендегі психопатиялардың қайсысы болуы мүмкін?
+Паранойяльды
Шизоидты
Психастениялық
Эпилептоидты
Истериялық
#78
*!Қызбасы бар балада сезім мүшелері тітіркенуінен тыс ойша құрастыратын ертегілік сюжет қалыптасты; қабырғада сызат, түсқағаздағы суреттер қозғалып, жануарлар кейпіне енеді.
Төменде көрсетілген болжама диагноздың қайсысы болуы мүмкін?
Естен тану
+Парейдолиялық иллюзия
Көру галлюцинациялары
Сананың қарауытуы
Аффективті иллюзия
#79
*!Науқас 65 жаста, ұзақ уақыт қант диабетімен зардап шегеді, естің жоғалуымен орталық жүйке жүйесі қызметінің тежелуімен, сыртқы тітіркендіргіштерге жауап бұзылысымен, тыныс алу, қан айналым және басқа да өмірлік маңызды мүшелердің бұзылыстарымен сипатталатын ауыр жағдайда жан сақтау бөліміне түсті.
Жоғарыдағы жағдай сананың өшуінің қай түріне тән?
+Кома
Қарауыту
Делирий
Аменция
Онейроид
#80
*!Науқас 32 жаста, көмір қышқыл газымен уланғаннан кейін токсикологиялық бөлімшеге түсті. Психикалық жағдай психикалық қызметтің қиындауымен, баяулауымен, жұтаңдауымен, белсенді назар аударудың төмендеуімен сипатталады. Сөздік қатынас сақталған,бірақ сұрақ қойылғаннан кейін үзілістен кейін жауап береді. Кейде сұрақты қайталауға тура келеді.Тапсырманы баяу, бірақ дұрыс орындайды. Ауру сезіміне қозғалыс жауабы мақсатқа бағытталған. Науқас енжар, тез шаршайды. Мимика жұтаңдаған. Тұлғасына, орынға бағдары сақталған.
Жоғарыдағы жағдай сананың өшірілуінің қай түріне тән?
Кома
+Қарауыту
Делирий
Аменция
Онейроид
#81
*!47 жастағы ер адамның сөзі басқа, науқастың өзіне ғана белгілі ойлар мен мағыналар қолданатындықтан түсініксіз.
Төмендегі симптомдардың қайсысы болуы мүмкін?
Ойлаудың байымдылығы
+Символикалық ойлау
Сандырақ ойлар
Жабысқақ ойлар
Психикалық автоматизмдер
#82
*!Ер адам 26 жаста, басының ішінде ісіктің өсуі және пульсацияның пайда болуы сезіміне, оның пайымдауынша, ол сезімдер оны аңдушылармен «арнайы жасалған» деп шағымданады.
Төмендегі синдромдардың қайсысы болуы мүмкін?
Ипохондриялық
+Кандинский-Клерамбо
Параноидты
Тактильді галлюциноз
Паранойяльды синдром
#83
*!Әйел 27 жаста қоршаған ортаны қабылдаудың бөтендігіне, өзгергендігіне, шынайы еместігіне шағымданады.
Төмендегі синдромдардың қайсысы болуы мүмкін?
Персеверация
Ментизм
Жабысқақ ойлар
+Дереализация
Көру иллюзиясы
#84
*!Әйел 28 жаста, қарау кезінде басын артқа лақтырып, бетін қолдарымен жабады. Өз жасынан жас көрінеді, сырт келбетін жақсы күтетіні, ашық косметика пайдаланатыны көрініп тұр. Күйеуімен үнемі ұрысатынын, «бұлай өмір сүру мүмкін еместігін» айтады - соңғы осындай ұрыс кезінде бұғана астына бірнеше тілік жасап, айғайлап көршілеріне қарай жүгіреді, жедел жәрдем шақыруларын сұрайды. Өз жағдайы туралы әңгімелеген кезде дәрігердің реакциясын аңдиды, біресе дауысын қатты, біресе бәсеңдетеді.
Төмендегі психопатия түрлерінің қайсысы болуы мүмкін?
Паранойяльды
Шизоидты
Психастениялық
Эпилептоидты
+Истериялық
#85
*!30 жастағы науқасты ойын басқаратындай сезім мазалайды.Олар өз бетінше жүреді, науқастың еркінен тыс, оны басқалар біледі.
Төмендегі симптомдардың қайсысы болуы мүмкін?
Үзілуі
Персеверации
Метафизикалық улану
Жабысқақ ойлар
+Идеаторлық автоматизмдер
#86
*!Науқас 36 жаста, дәрігер-психотерапевтке сексуальді сферадағы мүмкін болатын әлсіздігі жайлы үнемі миынан кетпейтін жаман ойлардан арылу мақсатында көмек сұрап келді.
Төмендегі симптомдардың қайсысы болуы мүмкін?
Персеверация
Ипохондриялық сандырақ
Аса құнды ойлар
+Жабысқақ ойлар
Психикалық автоматизмдер
#87
*!44 жастағы науқас, онкологтың қабылдауында шағымдарын сұрағанда сурет («нүкте және үшбұрыш»), әртүрлі геометриялық фигуралар көрсетеді, «Бәрі сыртында, мен ішіндемін» деп түсіндіреді.
Төмендегі симптомдардың қайсысы болуы мүмкін?
Аутистикалық ойлау
Жабысқақ ойлар
Аса бағалы ойлар
+Символикалық ойлау
Ойлауың үзілуі
#88
*!Ер адам 57 жаста, стенокардиямен зардап шегеді, өз денсаулығына алаңдайды. Алдыңғы қатарға «жүрегі тоқтап қалатындай» қорқыныш сезімі шығады. Соған қарамастан өз жағдайының негізсіз,ақылға қонымсыз екенін түсінеді,бірақ өз еркімен басуға қауқарсыз.
Төмендегі синдромдардың қайсысы болуы мүмкін?
Фобиялық
Истериялық
+Обсессивті-фобиялық
Депрессивті
Сандырақ
#89
*!Науқас клиникалық есі анық кезінде өз бетінше пайда болатын ойлаудың тоқтап қалуына шағымданады,олар ешнәрсеге байланыссыз пайда болады және жоғалады.
Төмендегі симптомтардың қайсысы болуы мүмкін?
Ментизм
Когнитивті атаксия
Ойлаудың ауыспалығы
Абсанс
+Шперрунг
#90
*!Ер адам 46 жаста, терапевт дәрігерге келіп, «барлық планетаның мемлекеттік қауіпсіздік төрағасы»,оған сынақ жүргізілуде екекндігін айтады.
Төмендегі синдромдардың қайсысы болуы мүмкін?
Паранойяльды
Депрессивный
Метаморфоз
+Парафренді
Параноидты
#91
*!Бұрын философияға қызықпаған жасөспірімнің сөздері мағынасыз философиялық терминдер және категориялармен, өнімсіз талқылаулармен ауысты.
Төмендегі жағдайлардың қайсысы болуы мүмкін?
Сандырақ
+Метафизикалық улану
Паралогиялық ойлау
Жабысқақ ойлар
Аутистикалық ойлау
#92
*!Науқас 32 жаста. Сырт келбеті қимыл-қозғалысты, мимкасы бай, тез сөйлейді, сөздері байланысқан, бірақ ойы тез бөлінеді. Оны сыртқы тітіркендіргіштер ойын тез бөледі - «Сіз білесіз бе, мен Ломоносовқа ұқсаймын (суреті көрсетеді), сырт келбетім ғана ұқсамайды. Мен физика және химины өте жақсы көремін, мен өлеңдерді де шығарамын» дейді.
Қандай синдром тән?
Обсессивті
+Маниакальды
Астениялық
Депрессивті
Сандырақтық
#93
*!Терапиялық стационардың қабылдау бөліміне 16 жасар жасөспірім көру галлюцинациямен жеткізілді. Аталған жағдай психоактивті заттармен жедел интоксикация ретінде қабылданды. Төмендегі психоактивті заттардың қайсысын қабылдау осы жағдайды тудыруы мүмкін?
Кодеин
Темекі
Героин
+Циклодол
Метадон
#94
*!34 жастағы АИТВ-жұқтырған, ұзақ уақыт бойы психикалық аурумен сырқаттанған және психиатр тағайындаған дәрілерді қабылдайтын ер адамда, бұлшықеттік құрысу, тремор, гиперсаливация пайда болды.
Төмендегі препараттардың қайсысын тағайындаған тиімдірек?
Галоперидол
Амитриптилин
Реланиум
+Циклодол
Аминазин
#95
*!Төмендегі препараттардың қайсысы сандырақсыз және галлюцинациясыз айқын моторлы және идеаторлы тежелумен депрессияның емінде көрсетілген?
Тизерцин
+Мелипрамин
Амитриптилин
Трифтазин
Реланиум
#96
*!Төмендегі препараттардың қайсысы үлкен тырысулық ұстамалар емінде қолданылады?
Мелипрамин
Амитриптилин
Оланзепин
+Фенобарбитал
Рисполепт
#97
*!Төмендегі препараттардың қайсысы мнестикалық қызметті жақсарту үшін қолданылады?
+Алзепил
Френолон
Амитриптилин
Циклодол
Конвулекс
#98
*!Наркотәуелді 43 жастағы науқас АИТВ-жұқтырғандығы жөнінде хабарды естігенде жедел түрде ауыр тиетін сағыныш, сенімсіздік сезімдерін бастан кешті, көңіл-күйі аса үрейлі болып, қимылы тынымсыз болды, «ұят» туралы ойлардан айыға алмады. Оның өмір сүру салты толығымен өзгерді. Жиі суицидальды ойларды айтты.
Аталған синдромдардың қайсысы дұрыс?
Обсессиялық
Маниакальды
Астениялық
+Депрессиялық
Сандырақтық
#99
*!27 жастағы жыл бойы к/і героин қабылдайтын әйелде , АИТВ-серопозитивтілікті анықтағаннан кейін көңіл-күйі дереу үрей, паникалық шабуылдар түрінде өзгерді және ЖПИТЖ орталығы дәрігерінің кабинетінде қатты дауыс шығара жылаумен көрінді. Активті суицидальды ойлар айтты, өмір сүргісі келмейді, стереотипті түрде, ЖПИТЖ емделмейтінін, жақындарының алдында «ұятқа» қалғандығын айтады.
Аталған симптомдардың қайсысы дұрыс ?
+Ипохондриялық
Маниакальды
Астениялық
Сандырақтық
Депрессиялық
#100
*!25 жастағы ер адам қозған, эйфорияда, көп сөйлейді, ашушаң, кейде агрессивті, тахикардия, қан қысымының жоғарылауы көрінеді.
Осы жағдай қай препаратты қолданғанда шақырылуы мүмкін?
Седуксен
Кофеин
Опий
+Кокаин
Конопля
III деңгей
#101
*!Әйел 32 жаста, жүрек қағысына, бас айналуға, денедегі қалтырауға шағымданады. Анамнезінен: бір ай бұрын күйеуі қайтыс болған. Қарау кезінде: қайғырып, жылай береді. Үнемі қайтыс болған адам туралы естеліктер айтады, күнделікті міндеттерін орындай алмайды. Кінәлау, суицидальды ойлар жоқ. Өз жағдайын дұрыс бағалайды, өзін-өзі қабылдау өзгермеген. Тәбет сақталған.
Қандай болжама диагноз болуы мүмкін?
Ауыр депрессивті эпизод
Органикалық депрессивті бұзылыс
Шизоаффективті бұзылыс, депрессивті тип
Циклотимия
+Қайғы реакциясы
#102
*!Кәрия әйел 68 жаста еш себепсіз көршілерімен ұрысса бастаған. Көршілері оның тұзын ұрлайтынын айтады. Ондай ойларын жоққа шығарғысы келген туысқандарының әрекеті пайдасыз.
Төмендегі диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?
Кандинский-Клеромбо синдромы
Индуцирленген сандырақ
Пик ауруы
Альцгеймер ауруы
+Созылмалы сандырақ бұзылысы
##103
*!Әйел 35 жаста, үй шаруасында, өз күйеуінің досына ғашықтықты бастан кешірді. Күйеуінің жанұясына қамқорлығын жоғары бағалағандықтан, онымен ажырасуға ұмтылмады. Осы фонда күйеуімен жыныстық қатынас кезінде күшейетін бас ауруы, себепсіз естен танулар, жүрек тұсында ауру сезімі пайда болды. Терапевт қарауында патология анықталмады.
Қандай болжама диагноз болуы мүмкін?
Неврастения
+Истериялық невроз
Шизотипиялық бұзылыс
Циклотимия
Қайғы реакциясы
#104
*!Әйел 26 жаста, онкология бөлімшесіне тамағындағы бөгде зат сезіміне, жұтынғандағы жағымсыз сезімге, онкологиялық ауру алдындағы үрейге шағымданып келді. Күйеуімен ұрысқаннан кейін және ажырасамыз дегеннен кейін бір апта өткен соң ауырды. Анамнезінен әрқашан өзін саумын деп есептеді, бірақ мазасызданған кезде ентігу, ауа жетпеу сезімі пайда болады. Сымбатты болу үшін диета ұстады. Обьективті: аңқасы қызарған, тынысы жиі, бүкіл денесінде қалтырау. Гастродуоденоскопияда патология анықталмады. Онкологиялық үрдіс белгілері жоқ.
Осы жағдайда қандай маман кеңесі тиімдірек?
Пульмонолог
Невропатолог
Оториноларинголог
+Психиатр
Кардиолог
#105
*!Студент 22 жаста. Қатты бұлшық еттік ауру сезіміне, іштегі спазмға, құсу, іш өту, терлегіштік, бас ауруына, ұйқысыздыққа шағымданады. Қарап тексергенде: көз алмасының қызаруы, қарашық кеңейген, жас ағу. Шынтақ бүгілісі аймағында көктамыр бойымен қатаюлар анықталады. Мазасыз, ызалы, болмашы себептерге және еш себепсіз аффективті реакция береді. Психомоторлық мазасыздық. Ата-аналарының айтуынша 3-4 ай көлемінде сабақты тастап кетті, үйге масайған күйде келетін болды, асоциальды топтармен байланысты.
Қандай болжама диагноз болуы мүмкін?
ЖРВИ
Шамалы депрессивті эпизод
+Опиоидтар қабылдауды тоқтату нәтижесіндегі жағдай
Тұлға бұзылысы
Бейімделу бұзылысы
#106
*!Жасөспірім 23 жаста, жедел қозумен және мінез-құлқының өзгерісімен милиционермен ұсталды. Бейнеленген із кесушілерден қашып, айғайлап, милиционерге шабуылдады. Ауруханаға барар жолда өз-өзіне келді. Қабылдау бөлімінде аузынан алкоголь иісі анықталды. Өз есімін дұрыс айтады, ұстама кезінде болған жағдайды еске түсіре алмайды.
Қандай диагноз болуы мүмкін?
Онейроид
+Қарауытқан жағдай
Делирий
Эпилептикалық статус
Аменция
#107
*!Әйел 58 жаста. Қызының айтуы бойынша: 10-15 жылдан артық уақыт бойы артериальды гипертензиямен зардап шегеді, кардиолог бақылауымен тұрақты түрде ем қабылдайды. Соңғы 2 жылда ұйқысыздыққа байланысты нозепам қабылдай бастады, басында бір таблетка көмектесті, кейін дозаны 5-6 таблеткаға дейін көтерді. Препарат болмаған кезде тітіркенгіш, мазасыз, бас ауруына шағымданады, ұйықтамайды. Қарау кезінде: қарым-қатынасқа түседі, жағдайды сыни қарайды, жағдай ауырлығын төмендетуге тырысады. Ес, интеллект терең бұзылыстары жоқ.
Осы жағдайда қандай маман кеңесі тиімдірек?
Сомнолог
Невропатолог
Кардиолог
Психолог
+Психиатр
#108
*!Ер адам 55 жаста соңғы жылдары мінез-құлқы өзгерді, сараң, ақшаны қайта-қайта санайды, тез шаршағыштыққа және есте сақтаудың төмендеуіне шағымданады, жылауық болып кетті.
Төмендегі диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?
Шизофрения
Эпилепсия
+ Атеросклероздық кемақылдылық
Алкоголизм
Прогрессивті паралич
#109
*!Әйел 23 жаста, босану үйінен босанғаннан кейін 7 күні шығарылды. Шыққаннан кейін бірден көңіл-күйі төмендеп, өзін кемсіту ойлары пайда болды, назар аударуы бұзылды, сенімсіз, терең қайғыны сезеді. Ойлары өзінің қажетсіздігіне бағытталды. Суыққа сезімталдық, шаршағыштық, терісінің құрғауы, ойлаудың баяулауы, іш қату және сұйықтық іркілуі пайда болды. Қандай диагноз болуы мүмкін?
+Босанудан кейінгі депрессия
Гипотиреоз
Алиментарлы анемия
Шизофрения
Шизоаффективті бұзылыс
#110
*!Ер адам 40 жаста, бас ауруына, жүрек қағуына, шөлдеуге, тәбетінің жоғалуына шағымданады. Қарап тексергенде: пульс 100 соққы/мин, АҚ 150/80, дене температура 36,5. Айқын терлегіштік. Қол саусақтарының треморы. Әңгімелесуде мазасыз, астенизирленген. Ұйқысы қорқынышты түстермен бөліне береді. Анамнезінен: Алкогольді 26 жасынан бастап қабылдайды. Бұрын шараптың 200,0-300,0 мл масаятын, қазір 1,0 -1,5 л дейін арақ ішеді. 7-10 күндеп салынып ішеді, соңғы рет кеше ішті. Әйелі жанжал шығарды, госпитализацияға көндіруде. Уақытша жұмыс жасамайды.
Қандай болжама диагнозх болуы мүмкін?
Бейімделу бұзылысы
Алкогольді интоксикация
Неврастения
+Алкогольді пайдалануды тоқтату нәтижесіндегі жағдай
Тұлға бұзылысы
#111
*!Ер адам 36 жаста. Анамнезінен: 20 жасынан алкоголь қабылдайды, абстинентті синдроммен психикалық, физикалық тәуелділік қалыптасты, патологиялық құштарлық компульсивті сипатта, салынып ішеді. Алкогольды тоқтату фонында делирийді бастан кешірді. Стационарда диазепаммен, дезинтоксикациялық терапия жүргізілді. Уақытша жұмыс істемейді, жұбайымен қарым-қатынасы жақсы емес. Алкоголь қолданудан емделуге ұмтылады.
Науқасты ары қарай қандайжүргізу тиімдірек?
Рецидивке қарсы ем, модитен-депо 1,0 б/е айына бір рет енгізу
+Сүйемелдеуші рецидивке қарсы терапия: десенсибилизирлеуші терапия анонимді алкоголиктермен бірге топтық психотерапиямен бірге
Мәселені қиындататын әлеуметтік және стресстік факторларды анықтау
Толық физикалық тексеру, бауыр, асқазан-ішек жолдарына, нерв жүйесіне көңіл бөлу
Толық психологиялық зерттеу, психопатологияны анықтау
#112
*!Әйел 30 жаста, 5 жыл көлемінде алкоголь қабылдайды, салынып ішеді, соңғы 2 күнде ішкен жоқ, түнімен ұйықтамайды. Еденде ирелеңдеген жыланды көреді, қабырғадағы суреттерді елес деп қабылдайды. Қарап тексергенде: пульс 110 соққы/мин, АҚ 180/100, дене температурасы 37,2, ентігу. Айқын терлегіштік. Бүкіл денесінің треморы анықталады.
Қандай маман кеңесі тиімдірек?
Невропатолог
Кардиолог
+Инфекционист
Психиатр
Пульмонолог
#113
*!Әйел 65 жаста, 2 жыл көлемінде клиникалық көрінісінде «айна синдромына» дейін жететін амнестикалық дезориентировкамен есте сақтау бұзылысы байқалады. Жалпы тұрмыстық және айналаны тану дағдыларын жоғалтумен. Логоклония көріністерімен заттардың атын атау қабілеті бұзылған. Соңғы айда жағдайы маразм жоғарылауымен, сору және ұстау рефлекстерінің болуымен нашарлады.
Қандай болжама диагноз болуы мүмкін?
Пик ауруы
Органикалық когнитивті бұзылыстар
+Альцгеймер ауруы
Қантамырлық деменция
Майера-Гросс функционалды психозы
#114
*!Әйел 65 жаста, ұйқының бұзылуына, тәбет төмендеуіне шағымданады. Науқас айтуынша: соңғы 3-4 аптада тез шаршағыштық, энергия төмендеуі байқалады. Қызы А. сырт келбетіне қызғушылығының жоғалуын, алайда киімдері жинақы, таза боп жүргенін айтады. Қызының шаруаларына, немерелерінің жетістіктеріне қызығушылық танытпайды. Отбасылық қуаныштардан шеткері қалады. Өзін негізсіз кінәлайды, өлім туралы жиі айтады.
Аталған жағдайда қандай препарат топтарын пайдаланған тиімдірек?
Ноотроптар
Психостимулирлеуші
Типтік нейролептиктер
+Антидепрессивті
Атипті антипсихотиктер
#115
*!Босану бөлімшесінде әйел 25 жаста, босанғаннан кейін 3-ші күні түні бойы ұйықтамады, мазасыз және қозған, көңіл-күйі өзгерген, өлім туралы үрейді сезеді. Келесі күні күдікшіл болып кетті, мағынасыз көп сөйледі, баласы мүгедек деген ойға қонымсыз ойлар айтады. Баласына қараудан бас тартады, оған деген махаббат сезінбейді, ол баласын өлтіру керек деген дауыс еститінін айтады.
Қандай диагноз болуы мүмкін?
Шизофрения
Биполярлы аффективті бұзылыс, депрессивті фаза
+Босанудан кейінгі психоз
Шизоаффективті бұзылыс
Органикалық шизофрентәрізді бұзылыс
#116
*!Ер адам 45 жаста, экономист, себепсіз шектен тыс белсенді болып кетті, көтеріңкі көңіл- күйде, әріптестерімен көп әзілдесіп, басшылықпен ара-қатынас сақтамайды, бөтен әйелдермен тез танысқыш, көп сөйлегіш, бір тақырыптан екінші тақырыпқа тез ауысады.
Төмендегі диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?
+ Абстинентный синдром
Шизофрения *Биполярлы аффективті бұзылыс, депрессивті эпизод
Биполярлы аффективті бұзылыс, маниакальды эпизод
Циклотимия
#117
*!21 жасар қыз көшеге шықпайды, ЖОО тастап кетті,ешкіммен сөйлеспейді, көңіл-күйі төмендеген, таңертең ұйқыдан тұрғанда біраз уақыт төсектен тұрмай отырады, кешене жақын көңілі аздап көтеріледі. Қоршаған ортаны сүреңсіз түрде қабылдайды. Кейде өмір сүргісі келмейтінін айтады. Төмендегі диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?
Абстинентті синдром *Жабысқақ жағдай неврозы * +Биполярлы аффективті бұзылыс, депрессивті фаза * Биполярлы аффективті бұзылыс,маниакальды эпизод * Шизофрения
#118
*!Науқас 30 жаста. Өзге планеталықтардың әсер етуші объектісі екендігін айтады. Аталған препараттардың қайсысы көрсеткіш болып табылады?
+Галоперидол
Амитриптилин
Ноотропил
Седуксен
Феварин
#119
*!27 жастағы жыл бойы к/і героин қабылдайтын әйелде , АИТВ-серопозитивтілікті анықтағаннан кейін көңіл-күйі дереу үрей, паникалық шабуылдар түрінде өзгерді және ЖПИТЖ орталығы дәрігерінің кабинетінде қатты дауыс шығара жылаумен көрінді. Активті суицидальды ойлар айтты, өмір сүргісі келмейді, стереотипті түрде, ЖПИТЖ емделмейтінін, жақындарының алдында «ұятқа» қалғандығын айтады.
Төмендегі диагноздардың қайсыс дұрыс?
+Бейімделудің бұзлылысы
Алкогольды интоксикация
Неврастения
Алкогольды қабылдауды тоқтатудан кейінгі жағдай
Тұлға бұзылысы
#120
*!Әйел 54 жаста, бухгалтер, ұзақ уақыт қант диабетімен және созылмалы холециститпен зардап шегеді, күйеуі қайтыс болғаннан кейін бір жылдан кейін тез шаршағыштыққа, есте сақтаудың нашарлауына, бас айналу, эмоциональды лабильділіккке, мазасыздыққа, ұйқының бұзылысына шағымданып келді.
Төмендегі диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?
Бас миының ісігі
+Бас миының дегенеративті ауруы
Бас миының қантамырлық бұзылысы
Прогрессивті паралич
Реактивті психоз
#121
*!Ер адам 45 жаста, ғылыми қызметкер, еш себепсіз мінез-құлқы күрт өзгерді: үнемі жоғары көңіл-күйде жүрді, балалардан, бөтен кісілерден ұялмай өзінің сексуалды қабілетін айтып мақтанды, ол өте зор мөлшердегі байлықтың иесі. Жұмысына үлгермей, ештеңемен айналыспады, өзін ауру деп санамайды.
Төмендегі диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?
+Биполярлы аффективті бұзылыс, маниакальды эпизод
Лакунарлы кемақылдылық
Тотальды кемақылдылық
Концентриялық кемақылдылық
Прогрессивті паралич
#122
*!58 жастағы миокард инфарктымен науқастың психикалық жағдайы өзгерді. Мазасыз бола бастады, қорқыныш сезінеді, ұйқысы бұзылған, уақыт және орынға бағдары сақталған. Науқас қозған, бірдеңеге ұмтылады, сын жоқ. Көру және есту галлюцинациялары бар.
Төмендегі бұзылыстардың қайсысы болуы мүмкін?
Фобиялық синдром
Aментивті бұзылыс
Мусситирлеуші делирий
Делириозды бұзылыстар
+Галлюцинаторлы бұзылыстар
#123
*!Әйел адам 75 жаста, бас ми қантамырларының атеросклерозымен зардап шегеді, жалпы әлсіздікке,бас ауруына,құлақтағы шуға шағымданады. Көңіл-күйі төмендеген,тежелген,өзін «күнәхар,өмір сүруге лайықты емес» деп санайды, райынан қайтпайды. Суицид әрекеттері байқалған. Ипохондриялы, астенизирленген.
Төмендегі диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?
Тотальы кемақылдылық
Бас миының атросклерозы, астениялық синдром
Прогрессивті паралич
+ Бас миының атросклерозы, депрессивті синдром
Реактивті психоз
#124
*!Әйел 59 жаста, экономист, ұзақ уақыт қант диабетімен және гипертониямен зардап шегеді,күйеуі қайтыс болғаннан бір жылдан кейін тез шаршағыштыққа,есте сақтаудың нашарлауына,бас айналуна,кәсіби тұрақсыздыққа,эмоциональды лабильділікке шағымданып дәрігерге қаралды.
Төмендегі препараттардың қайсыс тиімді?
Галоперидол
Амитриптилин
+Ноотропил
Седуксен
Феварин
#125
*!Анамнезінде алкогольды шектен тыс қолданатын науқас психиатриялық стационарға ақылға қонымсыз іс-әрекетімен және бағдарының бұзылысымен госпитализацияланды.
Төмендегі синдромдардың қайсысы болуы мүмкін?
Делирий
Онейроид
Аменция
+Диагноз қоюға мәлімет аз
Сананың қарауытуы
#126
*!Жасөспірім 20 жаста, астениямен пневмонияны бастан өткерген. Үйлену тойында 150 мл арақ ішкен,тез масайды, сөйлеуі дизартриялық, жүрісі шайқалған. Содан кейін сауыққан сияқты үстелден тұрып, сенімді қадаммен бөлмеден шықты, пышақ алып, айғайлай бастады, қонақтарға шабуылдап, пышақпен қорқытты, қарсылық көрсетті. Беті бозарған, қарашықтары кеңейген. 20 минуттан кейін тынышталып, ұйықтап қалды. Таңертең ештеңе есінде жоқ.
Төмендегі диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?
Жай масаюдың орта дәрежесі
Масаюдың патологиялық түрі
Масаюдың дисфориялық түрі
Масаюдың параноидты түрі
+Масаюдың истериялық түрі
#127
*!Науқас 48 жаста, алкогольды шектен тыс қолданады. Контакт толық емес,өзінің паспорттық мәліметтерін дұрыс айтады, бірақ уақыт және орынға бағдарланбаған. Жиі төсегінен секіріп түсіп,жерден бірдеңелерді іздейді,төсектің,шкафтың астына қарап,тышқандарды ұстауға тырысады,түнде қорқыныш сезімі мазалайды.Түнде ұйықтай алмайды.
Төмендегі диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?
Созызмалы галлюциноз
Бас миының қан тамырлық бұзылысы, психоорганикалық синдром
+Алкогольды делирий
Алкогольды параноид
Бас ми ісігі
#128
*!Ер адам 32 жаста жансақтау бөлімшесіне үрейге, айқын қорқынышқа, көз алдына елестеулерге, жүрек айну және құсуға, әлсіздік, жүрек қағуына, АҚ 160/90 мм. с. б. дейін көтерілуіне шағымданып түсті. Туған күн тойлаған кезде, 500 мл арақ ішіп, ет және салат жегеннен кейін ауырды. Анамнезінен: холециститпен, бронхитпен зардап шегетіні анықталды, алкоголь қолданбайды. Қарап тексергенде: артериялық қысым 130/80 мм. с. б., пульс 90 соққы 1 мин., өкпеде везикулярлы тыныс. Үрей, қорқыныш сезеді.
Қандай болжама диагноз болуы мүмкін?
Гипертониялық криз
Жедел бронхит
Жедел холецистит
Алкогольды делирий
+Алкогольды қолданумен жедел интоксикация
#129
*!47 жастағы ер адам емделуге түсті. Шағымы: ұйықтамайды, тәбеті жоқ, жүрегі айныйды, басы ауырады, жүрегі қағады, жүрегі қысып ауырады, көңілі төмен, тітіркенгіштікке шағым айтады, АД 180/100 мм с.б. мұның бәрі алкогольді тоқтатқаннан кейін кейін пайда болған. 10 жылдан аса алкогольді тыс қолданады, соңғы уақытта спирттіліктің үлкен дозасын ішеді, бірақ масаймайды. Жұмысқа бірнеше рет алкогольдің исімен келген.
Төмендегі диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?
Алкоголизмнің 1- сатысы
+Алкоголизмнің 2- сатысы
Алкоголизмнің 3- сатысы
Алкогольдік делирий
Симптоматикалық алкоголизм
#130
*!Ер адам 40 жаста, қолайлы жағдайда тұрады, бүйрек шаншуына ұқсас ауру ұстамаларымен екінші рет терпапия бөліміне келіп түсті. Бел аймағындағы тартып ауру сезімі 4-апта көлемінде сақталған. Тексеру кезінде, УДЗ және рентгенографиямен қоса, бүйрек жағынан патология анықталмады. Спазмолитиктер тағайындау нәтижесіз. Науқас өзінің болашағы туралы уайымдайды, нашар ұйықтайды, таңертең өзін нашар сезінеді, түнде ауру сезімі мүлде болмайды.
Төмендегі диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?
Фобиялық синдром
Шизофрения
+Жасырын депрессия
Неврастения
Анықталмаған мүшелік патология
#131
*!47 жастағы ер адам емделуге түсті. Шағымы: ұйықтамайды, тәбеті жоқ, жүрегі айныйды, басы ауырады, жүрегі қағады, жүрегі қысып ауырады, көңілі төмен, тітіркенгіштікке шағым айтады, АД 180/100 мм с.б. мұның бәрі алкогольді тоқтатқаннан кейін кейін пайда болған. 10 жылдан аса алкогольді тыс қолданады, соңғы уақытта спирттіліктің үлкен дозасын ішеді, бірақ масаймайды. Жұмысқа бірнеше рет алкогольдің исімен келген.
Қандай дәрілер комбинациясын қолданған тиімдірек?
+Физ. ер-ді к/т, «В» тобының витаминдері, аскорбин қышқылы, күкірт қышқылды магнезия, реланиум, сонапакс
Пирацетам, нейролептиктер
Транквилизаторлар
Тетурам, УРТ, «эспераль»
Нейролептиктер, антидепрессанттар
#132
*!Ер адам 37 жаста, соңғы 3 ай көлемінде қозған жағдайда, тежелген, әйелдерге негізсіз комплимент айтады. Үнемі күліп жүреді, анық емес сөйлейді, ретсіз әзілдейді. Қарапайым жағдайда қате жібереді, мақал-мәтелдердің мағынасын дәл айтады. Жағдайына сын жоқ.
Диагнозды нақтылау үшін бірінші кезекте қандай тексеру жүргізген тиімдірек?
Электроэнцефалография
Вассерман реакциясы
+Психологиялық тексеру
Реоэнцефалография
Ультрадыбыстық зерттеу
#133
*!49 жастағы ер адам 20 жыл алкогольді шектен тыс қолданады. Алкогольдің суррогатын қолданады. Соңғы жылдары тәулікте аз мөлшерде бірнеше рет ішеді, табананда ауру сезімінің төмендеуі байқалады, жүрісі бұзылған. Соңғы күндері ұмытшақ бола бастағандықтан туыстары ауруханаға жеткізген. Уақыт мерзімін білмейді, бірнеше минутта болған жағдайды есіне түсіре алмайды.
Төмендегі диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?
Алкогольды делирий
Алкогольды параноид
+Корсаков психозы
Патологиялық мастану
Жай мастану
#134
*!Әйел 59 жаста, экономист, ұзақ уақыт қант диабетімен және гипертониямен зардап шегеді,күйеуі қайтыс болғаннан бір жылдан кейін тез шаршағыштыққа,есте сақтаудың нашарлауына,бас айналуна,кәсіби тұрақсыздыққа,эмоциональды лабильділікке шағымданып дәрігерге қаралды.
Төмендегі диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?
Бас миының дегенеративті ауруы
Реактивті психоз
Прогрессивті паралич
+Бас миының қантамырлық зақымдануы, психоорганикалық синдром
Бас ми ісігі
#135
*!Әйел 26 жаста, онкология бөлімшесіне тамағындағы бөгде зат сезіміне, жұтынғандағы жағымсыз сезімге, онкологиялық ауру алдындағы үрейге шағымданып келді. Күйеуімен ұрысқаннан кейін және ажырасамыз дегеннен кейін бір апта өткен соң ауырды. Анамнезінен әрқашан өзін саумын деп есептеді, бірақ мазасызданған кезде ентігу, ауа жетпеу сезімі пайда болады. Сымбатты болу үшін диета ұстады. Обьективті: аңқасы қызарған, тынысы жиі, бүкіл денесінде қалтырау. Гастродуоденоскопияда патология анықталмады. Онкологиялық үрдіс белгілері жоқ.
Қандай болжама диагноз дұрыс?
Неврастения
+Истериялық невроз
Шизотипиялық бұзылыс
Циклотимия
Қайғы реакциясы
#136
*!36 жастағы ер адам өткір пневмонияны емдеу үшін аурухана түсті. Бұрын ішімдікті көп жыл пайдаланып, алкоголизмнен емделген. Ішімдікті тыйғаннан кейін 3 –тәуліктің кешінде мазасыз, төсекте жата алмай, қорқыныш сезімінде болды. Төсекте көп жылан бар деп, өз үйінде жатырмын деп, терезеден әйелінің даусын естідім деп айтты.
Төмендегі диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?
+Алкогольді делирий
Алкогольді галлюциноз
Алкогольді параноид
Корсаков психозы
Пик ауруы
#137
*!56 жасар науқас ұзақ жылдар бойы ішімдік қабылдайды, әйеліне деген қатынасын бірден өзгерткен: оның іш киімдерін тексере бастады, оның ойынша ол киімдерден жезөкшеліктің белгілерін айқындайтын іздер табады. Өзі шомылып жатқанда, әйелі оның көзіне шөп салатынын айтып, оны ұрады.
Төмендегі диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?
Пик ауруы
+Алкогольдың қызғаныш сандырағы
Созылмалы сандырақ бұзылыстары
Параноидты шизофрения
Альцгеймер ауруы
#138
*!19 жастағы ер адам қозған, эйфорияда, көп сөйлейді, бірақ сөйлеуі анық емес, дөрекі әзілдеп, іс-әрекетінің қимылы бұзылған, көз қарашығы аздап үлкейген, беті аздап қызарған, ішімдіктің исі сезілмейді.
Осы жағдай қай препаратты қолданғанда шақырылуы мүмкін?
Кокаин
+ Барбитураттар
Гашиш
Опий
Тұрмыстық химия заттары
#139
*!Емханаға 32 жастағы әйел жалпы жағдайының нашарлауы, арықтау, еркінің, тәбетінің төмендеуі, іш қатуына шағымданып келді. Кешкі уақытта азаятын көңіл – күйінің тұрақты төмендеуіне, беткей ұйқыға, өзінің келешегінің жоқтығы жайлы ойлар мазалайды. Кейде өмір сүргісі келмейтіндігі туралы ойлар мазалайды. Қандай диагноз дұрыс?
Бас миының жарақаттық ауруы
Бас миы ісігі
+Биполярлы аффективті бұзылыс, депрессивті эпизод
Бейімделудің депрессиялық реакциясы
Церебральды атеросклероз
#140
*!Ішімдікке бірінші патологиялық әуес, спирттік ішімдікке толераннтылығы өскен және сандық бақылауы жоғалған науқас кейде 2-3 күн қатарынан ішеді. Осыдан кейін басы ауырады, кейде жүрегі айнып, құсады. Келесі күні ішкен ішімдігі оның жағдайын жақсартпайды, қайта ұлғайтады.
Төмендегі диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?
Алкоголды тұрмыста шектен тыс қолдану
+Алкоголизмнің 1 сатысы
Алкоголизмнің 2 сатысы
Алкоголизмнің 3 сатысы
Патологиялық маскүнемділік
#141
*!Жасөспірім 16 жаста, оқушы. Пневмонияға байланысты амбулаторлы емделуде, антибиотиктер, сульфаниламидтер қабылдады. Қарап тексергенде тері жабындылары бозарған, Т-37,4. Өкпесінде оң жақта құрғақ және ылғалды сырылдар. Рентгенограммада – оң жақты пневмонияның қалдық көріністері. Орын және уақытқа бағдары бұзылған, өз есімін дұрыс айтады. Айналасына үреймен қарайды. «Көптеген қозғалып жүрген құрбақаларды, жыландарды» көретінін айтады. Үстінен үнемі бірдеңелерді теріп алады.
Төмендегі диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?
Интоксикациялық психоз, галлюцинаторлы синдром
Сананың аментивті жағдайы
Жедел реактивті қозу
+Сананың делириозды жағдайы
Интоксикациялық психоз, параноидты синдром
#142
*!Ер адам 72 жаста, сезіс сферасының лабильділігімен көрінетін эмоционалды әлсіздік байқалады. Оның жағдайы болмашы нәрсеге көңіл-күйінің үнемі ауысуымен сипатталады. Жоғары жылағыштық, ал көңіл-күйі көтерілген кезде – сентиментальдылық байқалады.
Төмендегі диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?
Реактивті депрессия
+Церебральды атеросклероз
Циклотимия
Шизофрения
Сенильді деменция
#143
*!Көмірқышқыл газымен уланудан кейін науқас өткен екі айдағы жағдайларды ұмытып қалды. Қайда жұмыс істегенін, қызметтестері кім екенін, Алматыға қалай келгенін білмейді.
Психикалық қызмет бұзылысының қайсысы болуы мүмкін? Ем тағайындаңыз.
+Ретроградты амнезия - энцефабол, кавинтон,церебролизин
Ретро-антероградты амнезия - ноотропил, церебролизин,сибазон
Антероградты амнезия – глютамин қышқылы, галоперидол
Фиксационды амнезия - аминалон, кавинтон,аминазин
Прогрессирлеуші амнезия - танакан, пирацетам
#144
*!Студент қыз 17 жаста. 2 апта бұрын тұмаумен ауырғаны белгілі.Дене температурасының жоғарылауына, жүрек тұсындағы ауру сезіміне, ентігуге шағымданады. Уақыт және орынға бағдарланбаған. Мазасыз, контактіге түсу мүмкін емес. Қашуға тырысады, ұстап алған жағдайда қарсылық танытады. Анасын шақырып, біреулерге айқайлайды. Өзін біреу аңдып жүргенін, өлтіргіс келетінін айтады. Сын жоқ.
Төмендегі диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?
Шизофрения, параноидты форма
Соматогенді психоз, параноидты синдром
+Интоксикационды психоз, делириозды синдром
Интоксикациялық психоз, аментивті синдром
Соматогенді психоз, психопат тәрізді синдром
#145
*!Бала 11 жаста. Стационарға қозған жағдайда жедел жәрдеммен участкелік милиционермен жекізілді, үйдің жертөлесінен басқа жасөспірімдермен бірге табылған. Дезориентирленген, қабырғадан «мультиктерді» көретінін айтады, қолымен қармау қимылдарын жасайды, қабырғадан бірдеңелерді ұстап алуға тырысады.
Төмендегі препараттардың қайсысын тағайындауға болады?
Транквилизаторлар
+Дезинтоксикационды
Аминазин
Галоперидол
Амитриптилин
#146
*!Ешқандай себепсіз науқаста 2-3 минутқа созылатын қозу ұстамалары пайда болады, мағынасыз қимылдар жасайды, анық емес бірдеңелерді айтады, сұрақтарға жауап бермейді. Бұл ұстамалар толығымен амнезиялайды. ЭЭГда төбе аймағында патологиялық ошақ анықталды.
Төмендегі препараттардың қайсысы көрсетілген?
Аминазин
+Финлепсин
Прозак
Амитриптилин
Рудотель
#147
*!Баласының өлімін бастан кешірген әйел 2 ай бойы ешқайда шықпайды, шашын тарамайды, үйін жинамайды, тамақ дайындамайды. Күні бойы жылайды, баласының өліміне өзін кінәлі санайды, осы үшін оны бәрі жек көреді деп ойлайды. Бұрындары психикалық патология болмаған.
Төмендегі диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?
Биполярлы аффективті бұзылыс, депрессивті эпизод
Рекурентті шизофренияның депрессивті ұстамасы
+Реактивті депрессия
Атеросклеротикалық депрессия
Соматогенді депрессия
#148
*!Бала 11 жаста шет тілінен емтихан алдында кенет көзі көрмей қалды. Таңертең емтиханның орнына окулист кеңесіне әкелді, қарап тексергеннен кейін психиатрға жіберді. Психиатрға келе жатқанда үлкен көше сағатының жанынан өтіп бара жатып, уақыт туралы сұрады. Психиатр қабылдауында айқын оқу және жазу бұзылыстары анықталды.
Баладағы жағдай қалай аталады?
Спецификалық фобия
+Истериялық амавроз
Тауық соқырлық
Бейімделу бұзылысы
Мюнхгаузен синдромы
#149
*!18 жасар қыз, жоғары эмоциональдылық, сезімталдық, демонстративті әрекетке бейімділік, өзіне көңіл аудартуға тырысу сияқты ерекшеліктері бар. Ата-анасымен институттан шығып, асоциальды жүріс-тұрыстағы адамға күйеуге шыққысы келетініне байланысты ұрыстан кейін, бірнеше сағаттан кейін аяқтарында әлсіздік дамыды. Төсектен тұра алмады, тұрғызуға тырысқанда - құлап, аяғы «паралич» екенін айтты.
Төмендегі диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?
Неврологиялық «үнсіз» ми ісігі
Мишықтық атаксия
+Диссоциативті астазия-атазия
Симулятивті әрекет
Бейімделу бұзылысы
#150
*!Қабылдауда ер адам үйден шыққанда газ немесе суды өшіруді ұмытқан сияқты негізсіз ойлар мазалайтынын айтты. Ол кері қайтып бәрі ойдағыдай екеніне көз жеткізеді, бірақ үйден шыққан бойда сол ойлар қайта мазалайды.
Төмендегі диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?
+Обсессивті-компульсивті бұзылыс
Шизоаффективті бұзылыс
Пик ауруы
Неврастения
Сандырақтық қиялдау
#151
*!Жасөспірім 14 жаста. Достарымен кездесуден соң біртүрлі жағдайда оралды. Қарашықтары кеңейген, көздері жайнап тұр, склера гиперемияланған. Анасынан тамақ сұрады, оны дайындап жатқанда асықтырып, салқын сорпа тауып алып қомағайланып ішп алды. Біріншісін жеп болып, қолымен ыдыстағы тамақты жей бастады. Содан кейін өз бөлмесіне барып ұйықтап қалды. Анасы баласының киімінен тәтті иіс шығып тұрғанын байқады. Соңғы 4 күн ішінде тітіркенгіш, әлсіздікке шағымданды. Жасөспірім төмендегі есірткінің қайсысын қабылдаған?
+Марихуана
Героин
Эфедрон
Экстази
ЛСД
#152
*!Бала 13 жаста. Стационарға қозған жағдайда жедел жәрдеммен участкелік милиционермен жекізілді, үйдің жертөлесінен басқа жасөспірімдермен бірге табылған. Дезориентирленген, қабырғадан «мультиктерді» көретінін айтады, қолымен қармау қимылдарын жасайды, қабырғадан бірдеңелерді ұстап алуға тырысады.
Синдромальды және нозологиялық диагноз қандай?
+Онейроидты синдром, шизофрения дебюті.
Ұшқыш заттарды шектен тыс қолдану әсерінен делириозды синдром
Алкогольды галлюциноз
Галлюцинаторлы синдром, шизофрения
Гашишті психоз
#153
*!Жасөспірім 17 жаста. 3 жылдан бері есірткі қолданады. Абстиненция жағдайында келесі симптомдар дамиды: мұрын бітелу, жас ағу, мидриаз, түшкіру, қалтырау, құсу, «үйрек терісі», аяқ қолдарында, мойнында, арқасында, шайнау бұлшық еттерінде ауру сезімі, диспепсиялық бұзылыстар.
Науқас есірткінің қай түрін қолданады?
Гашиш
Галлюциногендер
Экстази
+Опиоидтар
ЛСД
#154
*!Трамвай аялдамасында 17 жасар жасөспірім ес түссіз табылды.Қарап тексергенде: тыныс алу тежелген, қарашықтары «нүктелік», ауру тітіркендіргіштеріне жауап бермейді, брадикардия. Шынтақ бүгілістерінде көктамыр бойымен көптеген қатаюлар және қан құйылулар.
Төмендегі диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?
+Опиаттармен жедел улану
Есірткі қолданумен шақырылған галлюцинаторлы синдром
Каннабиноидтармен жедел улану
Жедел гипогликемиялық кома
Галлюциногендермен жедел улану
#155
*!Науқастың 2 сағат бұрын 100 таблетка белгісіз психоформакологиялық зат қабылдағаны белгілі,бірінші кезекте не жасау керек:
+Асқазанды жуу
Форсирленген диурез жүргізу
Тамыр ішіне күшті стимулдеуші препарат енгізу
Налоксон енгізу
Плазмаферез жүргізу
#156
*!Науқас В 37 жаста. Түскен кездегі психикалық статусы: баяу, сылбыр. Ешнарсеге қызығушылығы жоқ,ешкімге назар аудармайды. Дәрігердің қойған сұрақтарына ұзақ кідіріспен,біртекті жауап береді. Сұрақтарды жоғары дауыспен бірнеше рет қайталауға тура келеді. Жалпы продуктивті байланыс мүмкін емес.Психикалық статусын бағалаңыз. Сіздің болжама диагнозыңыз, зерттеу және ем жоспарыңыз:
Алкогольді делирий, дезинтоксикациялық терапия
+Сананың бұзылу синдромы- есеңгіреу синдромы, анамнез және соматоневрологиялық статус нәтижелері қажет.
Сананың күңгірттену жағдайы, анамнез және соматоневрологиялық статус нәтижелері қажет.
Прогрессивті паралич , тырысуға қарсы препараттар
Галлюцинаторлы синдром, антипсихотикалық препараттар
#157
*!Науқас 58 жаста,балалық шағында бас ми жарақатын алған.Жоғарғы оқу орнын бітіргеннен кейін инженер болып жұмыс істейді.Соңғы айларда тынымсыз еңбектенген, дұрыс ұйқтамаған.Шаршағыштыққа және тітіркегіштікке шағымданады.Интеллектуалды қызметтен тез шаршайды,бас ауруы күшейеді,назары төмендейді.Бір оқиғадан екіншісіне ауысуы қиын.
Төмендегі диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?
Жарақаттық энцефалопатия
Астениялық синдром
Психопат тәрізді синдром
+ Церебрастениялық синдром
Психоорганикалық синдром
#158
*!Зерттелуші 55 жаста. Шаршаңқы, көңілсіз. Әңгімелескенде эмоциональды жанданады, бас ауруына, басындағы шуға, бас айналуына, шаршағыштыққа, еңбекке қабілетінің төмендеуіне, шуды, ыстықты көтере алмауға, ашуланшақтыққа, жылағыштыққа, ұмытшақтыққа, нашар көңіл-күйге шағымданады. Тақырыптың мазмұнына байланыста көңіл-күйі тез өзгереді, күлуден жылауға дейін. Анамнездік мәлімет беруде күннен жаңылысады. Зейнеткерлікке шыққанға дейін жұмыс істеу мүмкіндігін сақтау үшін көмек сұрайды. Психикалық жағдайын бағалаңыз.
Бас миы ісігі
Аментивті синдром
Қарттық ақыл кемдігі
Биполярлы аффективті бұзылыс, депрессивті эпизод
+Астениялық синдром , қан тамырлық негізде пайда болған
#159
*!Науқас 47 жаста, сауыншы.10 жыл бойы бруцеллезбен ауырады.Бас ауруына,жайсыздықа,дене температурасының көтерілуіне,бүкіл денесіндегі ауру сезіміне шағымданады.Қарап тексеруде:тері жабындылары бозғылт,перифериялық лимфа түйіндері,бауыр,көкбауыры ұлғайған.Ірі буындар аймағы ауру сезімді.Науқас әлсіз,көңіл-күйі төмендеген.Бөлме ішінен «өлтірем»деген әйел дауысын естіген,дауыс шынайы әйел дауысы.
Төмендегі диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?
+Интоксикациялық психоз, галлюцинаторлы синдром
Шизофрения,параноидты форма
Реактивті параноид
Интоксикациялық психоз, депрессивті синдром
Интоксикациялық психоз, делириозды синдром
#160
*!Әйел 35 жаста, сатушы. Бала кезінен ұялшақтықпен ерекшеленді. Тапсырмаларға тиянақты емес. Әрқашан еркектермен әңгімелесуден қашады, әсіресе танымайтын. Жұмыста танымайтын еркек қолынан ұстағаннан кейін ”оның тазалығына” күмәнданып, сифилис жұқтырып алу қаупіне дейін күшейді. Өз уайымының негізсіз екенін біледі,бірақ олардан құтылуға қауқарсыз.
Төмендегі диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?
Обсессивті-компульсивті
Шизоаффективті бұзылыс
Пик ауруы
+Неврастения
Сандырақтық қиялдау
#161
*!19 жасар қыз күйеуімен ұрыстан кейін туыстарының көзінше диванға құлады, содан кейін қолдарында 5минутқа созылатын клоникалықпен ауысатын тоникалық тырысулар пайда болды,тілін тістеген жоқ. Еріксіз зәр шығару болған жоқ. Қарашықтың жарыққа реакциясы сақталған. Ұстама кезінде ұрыс жағдайына байланысты сөздерді айтып айқайлады. Ұстама ұзақтығы 30 минут.
Төмендегі диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?
Реакивті депрессия
Шизоаффективті бұзылыс
Эпилептикалық тырысу
+Истериялық тырысу
Астениялық синдром
#162
*!Науқас 45 жаста, сөйлесу процессінде шаршағыштығына, ойлау қабілетінің төмендегеніне және анда санда пайда болатын бет аймағындағы және денесінің жоғарғы бөлігіндегі жағымсыз сезімге шағымданады. Бірінші шымшу сезімі пайда болып, артынан «керілу және бұралу аймақтарының» пайда болуын айтады. Бірнеше минуттан кейін жағымсыз сезімдері жоғалады және науқас дәрігермен сөйлесуін жалғастырады.
Төменде аталған диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?
Шизоаффективті бұзылыс
Реактивті депрессия
Бейімделудің депрессивті реакциясы
+Сенестопатикалық бұзылыстармен бірге жүретін невроз тәріздес синдром
Әлсіз ағымды шизофрения
#163
*!Науқас әйел Д., 40 жаста. Сырт келбеті күтімсіз және жиналмаған. Бет әлпеті мұңлы. Мимикасы мен қол қозғалысы аз. Сөйлесу үрдісі кезінде бір ғана қалыпта отырды, қозғалысы өте аз. Сөйлесу кезінде ықыласын көрсетпейді, жауаптары бір сөзді. Жәй дауыс ырғағымен сөйлейді. Айқындауда өзін нашар көңілкүй, қоршағанға немқұрайлық, жабырқау сезімі, жаман түстер, тәбетінің болмауы мазалайды. Өзін басқалардың зейін аударуына және жан ашуына лайықсызбын деп ойлайды, кінәлімін деп сезінеді. Кешке қарай жабырқау сезімі азаяды да, жалпы жағдайы жеңілдейді.
Психикалық статусын анықтаңыз? Қай диагноз болуы мүмкін?
+Депрессивті синдром, болжамалы эндогенді шығу тегі бар.
Невроз аймағындағы депрессивті синдром
Депрессивті-сандырақтау синдромы
Депрессивті синдром, шубтәрізді шизофрения
Депрессивті синдром, рекуррентті шизофрения
#164
*!Науқас 30 жаста. Күнделікті қарау кезінде, дәрігерге тап беріп сөзін мақтау сөздерден бастап: «Керемет көрінесіз дәрігер, жейдеңізде ең керегі! Дәрігер. мен сізге жақсы галстук пен қара күзеннен бас киім силаймын. Менін әпкем базарда сауда сатады емес пе! Маған электрокардиограмма жасауға бола ма? Жоқ!? Бекерге сізді қинап қайтем! Мені шығару керек. Мен былай саумын. Әскерде штангамен айналыстым. Ал мектепте ансамбльде билегем. Ал сіз, дәрігер, балетті жақсы көресіз бе? Мен сізге балетке билет сыйлаймын! Менде барлық жерде таныстар бар...».
Психикалық статусын анықтаңыз? Қай диагноз болуы мүмкін?
+Биполярлы аффективті бұзылыс, маниакальды эпизод
Психоорганикалық синдром кемақылдылықпен
Ызалы мания
Маниакальды-сандырақтық синдром, шизофрения
Гебоидты синдром
#165
*!Науқас К., 57 жаста. Өзі жайлы былай айтады: “ Мен кім болып жұмыс істемедім. Мен санитар бола аламын және бәрі бағытпен орындалады. Бала болдым, орындық жасадым және профессормен бірге обходқа да қатыстым. Барлығы отырады, ал мен айтамын менда бәрі бірқалыпты болады. Барлығы айтады: шетел бізге көмектеседі, ал мен акушер болып та мұнда жұмыс жасай аламын. Ал даяршы да жасай алады, ол да керек, ғылым- үрдіске жету жолы...”. Психикалық статусты анықтаңыз. Сәйкес диагноз.
Биполярлы аффективті бұзлыс, маниакальды эпизод
+Ойлаудың үзілуімен дефектті жағдай (шизофазия)
Маниакальды-сандырақтық синдром, шизофрения
Пик ауруы
Қарттық кемақылдылық
#166
*!45 жастағы науқас әйел өзінің ауруханада екенін, құжаттық мәліметтерін біледі. Көңілінің төмендегенін, түнімен ұйықтамайтындығын,бір орында тұра алмайтындығын айтады, мазасыз,үрей кезінде «баларымның алдында кінәлімін, олардың үмітін ақтамадым»дейді.Суицидалды ойлары бар.Ұсынылатын препараттар:
Аминалон, церебролизин
Реланиум, кавинтон
Пирацетам, алзепил
+Амитриптилин, тизерцин
Галоперидол, аминазин
#167
*!Науқас 19 жаста бағдары дұрыс.Өзін жоғары ұстайды, көп сөйлейді, сөйлеуі пафоспен, сөзі «монолог» ретінде. Өзін «әлемнің президентімін, Марста болдым, Венераға ұшамын» деп айтады. Ойлау қабілеті шашыранды, резонерлік. Мына психотропты заттардың ішіндегі қайсысы маңыздырақ;
Мажептил
Сонапакс
+Галоперидол
Тизерцин
Хлопротиксен
#168
*!Ер адам 20 жаста. Госпитализацияға түсер алдында ешқандай себепсіз көңіл-күйі төмендеген, сабаққа бармады. Тамақтан бас тартты, өйткені «перитониттің дамуынан» қорықты, «асқазаным жоқ, тамақ ішіме түсіп кетеді» деп қорықты, тез арықтады. Тексеруден мүлдем бас тартты, өлімін күтті. Препараттардың комбинациясының қайсысы маңыздырақ:
Аминазин, галоперидол
Амитриптилин, литий карбонаты
Галоперидол, циклодол
+Галоперидол , амитриптилин
Рисполепт-конста, диазепам
#169
*!Науқас 25жаста, бір ай бұрын ауыр депрессияны басынан өткізген, стационарда емделген. Туыстарының айтуы бойынша, соңғы үш күнде тынымсыз, белсенді, керек емес заттарды сатып алып, көп ақша жұмсаған.Түнімен ұйықтамайды, үйіне жөндеу жұмыстарын бастаған. Науқастың биполярлы аффективті бұзылыстардан емделетінін ескере отырып, көрсетілген препаратты тандаңыз:
Галоперидол
Клозапин
Ламотриджин
+Литий карбонаты
Нозепам
#170
*!Науқас 70 жаста, сенильді деменциямен зардап шегеді. Соңғы 3-4 күнде көңіл-күйі төмендеген, тұйық, нашар ұйықтаған,тамақтан бас тартқан. Аурудың соматикалық жағдайы жас шамасына сәйкес келеді. Қандай ем қолданамыз:
Элениум
Фенобарбитал
Литий карбонаты
D)+ Аз мөлшердегі антидепрессанттар
Аминазин
#171
*!Ер адам 30 жаста, ауыр инфекциялық аурумен интоксикация нәтижесінде кеңістік және уақыт бойынша бағры бұзылған. Кешкі уақытта үрей, мазасыздық күшейеді, науқастың жүріс-тұрысына әсер ететін жарқын, сахна тәрізді галлюцинация байқалады. Ұйықтамайды, мазасыз, медперсоналдың үнемі бақылауын қажет етеді. Күндізгі уақытта тәртібі түзеледі, бірақ кешке қарай қайта басталады.
Мүмкін болатын диагноз?
Шизофрения, параноидты форма
+Инфекциялық психоз, делириозды синдром
Интоксикациялық психоз, аментивті синдром
Соматогенді психоз, психопат тәрізід синдром
Соматогенді психоз, параноидты синдром
#172
*!Ер адам 32 жаста, аурухананың қабылдау бөлімшесіне жеткізілді. Қарап тексергенде: пульс 100 соққы /мин, АҚ 170/90, дене температурасы 36,8. Айқын терлегіштік. Бүкіл денесінің треморы. Науқас анамнезін айтқан кезде қиналады, екі күн бойы түнде ұйықтамағандығы анықталды, «түсқағаздар қозғалатын, шамда аңдар, маймыл сияқты» байқады. Алкогольды 20 жасынан қабылдайды. Бұрын 200,0 мл шарапқа мас болатын, енді 1,0 л араққа дейін ішеді. Салынып ішеді. Соңғы 3 күнде ішпеді. Отбасында жанжал. Уақытша жұмыс істемейді.
Төмендегі диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?
Бейімделу бұзылысы
Алкогольды интоксикация
+Алкогольды делирий
Атиптік психоз
Патологиялық масаю
#173
*!15 жасар жасөспірімде үш жыл бұрынғы бас ми жарақатынан кейін тез шаршағыштық, әсіресе сабақ кезінде, оқу материалдарын есте сақтаудың қиындығы, агрессивтілік белгілері байқалды. Бас ауруына, бас айналуына шағымданады. Ыстықты, транспортты көтере алмайды, бір істен екіншісіне ауысу кезінде қиындық сезінеді.
Диагнозды атаңыз?
Бас миының дегенеративті ауруы
Реактивті психоз
+БМЖ нәтижесінде бас миының органикалық зақымдануы, церебрастениялық синдром
Прогрессивті паралич
Ми ісігі
#174
*!Ер адам 38 жаста, әскери қызметкер, анамнезінде эмоциональды бұзылысы жоқ, авиа ұшу кезіндегі қорқынышқа шағымданады. Авиакатастрофаларды көргеннен кейін ұшуға қорқады. Ұшу алдында айқын үрей дамиды, «ауа жетпеумен» жүреді. Ұйқысыздық, қызметтік міндеттерін орындай алмайды. Ұшқаннан кейін жағдайы жақсарады.
Төмендегі диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?
+Паникалық бұзылыс
Бейімделудің депрессивті реакциясы
Неврастения
Прогрессивті паралич
Реактивті психоз
#175
*!5 жасөспірім тобы қиғаш жанған темекі тартады. 10 минут кейін көңілді, қатты күледі, жанынан өткен адамдардың таңғалып қарауына қарамастан, бет аузын тыжырайтады, секіреді. Ағаштан түскен бұтақтарды үлкен кесілген ағаш секілді көреді, осы нәрсе оларды қатты күлдіртеді. Жасөспірімдер қандай наркотикалық затты қолданғанын анықтаңыз:
Героин
+Гашиш
«Экстази»
Барбитураттар
Алкоголь
#176
*!Ер адам 39 жаста алкогольды 18 жасынан қолданады. Соңғы 3 жылда күнделікті ішеді. Төзімділік тәулігіне 800 мл араққа дейін өсті. Масаюдың амнестикалық түрі байқалады. Алкогольды мәжбүрлі ішпеген жағдайда мазасыз, түнде нашар ұйықтайды, АҚ жоғарылайды.
Төмендегі диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?
Дені сау
Алкоголизм I сатысы
+Алкоголизм II сатысы
Алкоголизм III сатысы
Симптоматикалық алкоголизм
#177
*!Көп профильді аурухана қабылдау бөліміне панкреатитпен зардап шегетін науқас келді. Әңгімелесі кезінде өзін біртүрлі сезінетін жағдай болатынын, "біржерге жүгіреді, сұрақтарға дұрыс емес жауап береді, бір күні кездескен адамға шабуылдағанын" айтады. Мұның барлығын туысқандары айтады, науқас өзі ештеңе білмейді.
Науқас анамнезінде қандай ауру болуы мүмкін?
Психопатия
Фобиялық невроз
+ Эпилепсия
Шизофрения
Посттравматикалық энцефалопатия
#178
*!39 жастағы әйел адам, 25 жастан бастап алкогольге әуестенген. Алкоголь суррогаттарын қабылдайды, соңғы жылдары жалғыз өзі тәулік бойы аз мөлшерде жай-жай бөліп ішеді. Табанында аурулық сезімталдық төмендеген, жүрісінің бұзылысы байқалады, ұмытшақ бола бастаған, өз-өзіне қарауды қойған. Жұмысын және жанұясын жоғалтқан. Осындай жағдай қайсысына тән:
+Алкоголизмнің 3-сатысына (энцефалопатиялық)
Алкоголизмнің 2-сатысына (толық)
Алкоголизмнің 1-сатысына (бастапқы)
Патологиялық масаюға
Корсаков психозына
#179
*!Ер адам, 39 жаста, ауруханаға жедел пневмонияны емдеу үшін түсті. Бұрын біраз жыл алкогольды шектен тыс қабылдаған, алкоголизмнен емделген.3-ші тәулікте кешке қарай мазасызданып,төсекте тағат таппайды.Төсегінің айналасында тышқандар жүгіріп жүргенін айтады.Үйінде отқанын,әйелі мен баласының дауысын еститінін айтады.
Төмендегі диагноздардың қайсысы дұрыс?
+ Алкогольды делирий
Алкогольды галлюциноз
Алкогольды параноид
Алкогольды қызғаныш сандырағы
Корсаков синдромы
#180
*!Ер адам, 37 жаста, 17 жасынан алкогольды шектен тыс қолданады.Тұрақты алкогольге құштарлықты сезінеді. Екі күн бұрын кешке оны масаюын кінәлайтын,оның қылықтарын өзара талқылайтын дауыстарестіген.Күндізгі уақытта,әсіресе,науқас жұмыста болғанда дауыстар жоғалған,бірақ кешке қайта пайда болады.
Төмендегі диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?
Абстинентті синдром
Алкогольды қызғаныш сандырағы
+Алкогольды галлюциноз
Эпилепсия
Параноидты шизофрения
Страница
